2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының сапалы медициналық көмек алуда тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтауды ақпараттандыру стандарттарын әзірлеу; ақпаратты жинаудың, сақтау мен талдаудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыруды, басқару шешімдерін қабылдау мен медициналық көмек көрсетудің сапасын басқару процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелерін-компоненттерін дамыту және тәжірибелік пайдалануға енгізу, денсаулық сақтау ресурстарын тиімді пайдалану, ақпаратты берудің желілерін ұтымды ету және мерзімдерін қысқарту, ақпаратқа жедел қол жеткізуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін құру | Бағдарламалық қамтамасыз етудің қызметін кеңейту және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру шеңберінде ақпараттық жүйелерді тәжірибелік пайдалануға енгізу. Бағдарламалық кешендерді әзірлеу және оларды денсаулық сақтауды ақпараттандырудың басым міндеттерін шешу үшін енгізу. Денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруды стандарттау жөніндегі жұмыстар. Техникалық құралдарды сатып алу. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. Серверлік жабдықтарды, жергілікті есептеуіш желілердің монтажы, бағдарламалық қамтамасыз етуді инсталляциялау. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі пайдаланушылары мен әкімшілерін оқыту. | Қаңтар -желтоқсан Қаңтар -желтоқсан Қаңтар -желтоқсан Мамыр-желтоқсан Мамыр-желтоқсан Наурыз-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Қазақстан Республикасы халқының тең қол жетімді сапалы медициналық көмек алуы; ақпаратқа жедел қол жеткізу, денсаулық сақтау ресурстарын тиімді пайдалану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
310-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7325 мың теңге (жеті миллион үш жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласындағы ақпаратқа қол жеткізу кеңейту арқылы халықтың зияткерлік деңгейін көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: кітапхана қорын сақтау және толықтыру кітапханалық және халыққа ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету | Кітап қорын медицинаның барлық саласы бойынша отандық және шетелдік әдебиетпен толықтыру. Кітап қорын есепке алуды, сақталуын қамтамасыз ету. Республиканың медициналық кітапхана қызметін үйлестіру, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету бойынша оларға баруды ұйымдастыру. Кітап көрмелерін ұйымдастыру. Қалалық абонемент пен оқу залы арқылы денсаулық сақтау ұйымдары мамандарын кітапханамен қызмет көрсету. Есептеуіш техниканы сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми-медициналық кітапханасы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: кітап қорын 1 500 данаға толықтыру. Берілген кітаптарды 45 000 данаға дейін көбейту. Жыл ішінде 65 көрме ұйымдастыру. Астана қаласының медициналық кітапханасына консультациялық көмек көрсету. Кемінде 4 бірлік есептеуіш техниканы сатып алу.
Түпкі нәтиже: денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білім деңгейлерін көтеру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: кітап қоры бірлігін ұстауға және қол жетімділігін қамтамасыз етуге жұмсалатын орташа шығыс - 27 теңге.
Сапасы: денсаулық сақтау саласындағы ғалымдардың оқытушылардың және мамандардың рухани, зияткерлік және білім қажеттілігін қанағаттандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
311-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде
кәсіптік орта оқу орындарында оқитындар үшін жол жүруге өтемақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 34038 мың теңге (отыз төрт миллион отыз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6-бабы; «Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орта кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын оқушыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде орта кәсіптік оқу орындарында білім алушылардың жол жүру өтемақысын төлеу үшін облыстардың және Астана, Алматы қалаларының бюджеттерін қаржылық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орындарында оқитындар үшін жол жүруге өтемақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде орта медициналық кәсіптік оқу орындарында білім алушылар үшін қысқы және жазғы каникулдар кезінде жол жүруге ақшалай өтемақы төлеуге арналған шығыстарды төлеуді қамтамасыз ету. | 1, 2-тоқсан 1, 2-тоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде орта медициналық кәсіптік оқу орындарында білім алушылар үшін жол жүруге ақшалай өтемақы төлеуге арналған шығыстарды төлеуге байланысты шығыстарды жабу, контингентке бітірмей тұрғанда және бітірушілерге жыл басында тиесілі облыстар бойынша: Ақмола - 280 және 113; Ақтөбе - 372 және 146; Алматы - 219 және 100; Атырау - 268 және 100; Шығыс Қазақстан - 558 және 175; Жамбыл - 645 және 116; Батыс Қазақстан - 390 және 122; Қарағанды - 278 және 184; Қостанай - 343 және 150; Қызылорда - 477 және 181; Маңғыстау - 236 және 100; Павлодар - 355 және 80;
Солтүстік Қазақстан - 165 және 84; Оңтүстік Қазақстан - 1062 және 475; Алматы қаласы бойынша - 370 және 130 және Астана қаласы бойынша - 585 және 123.
Түпкі нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде орта медициналық кәсіптік оқу орындарында оқу кезінде білім алушыларды әлеуметтік қолдау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жол жүруге арналған өтемақының мөлшері - 2 айлық есептік көрсеткіш.
Уақтылығы: жол жүруге арналған шығыстарды 1, 2-тоқсанда жабу.
Сапасы: білім алушылардың жол жүруіне арналған шығыстарды жабу.
Ескерту:
*) Іске асыру жөніндегі тізбе, республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
312-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
созылмалы ауруларды амбулаториялық емдеу кезінде диспансерлік есепте
тұрған балалар мен жасөспірімдерді дәрілік заттармен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 020 274 мың теңге (бір миллиард жиырма миллион екі жүз жетпіс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7-бабы; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 13-бабы;
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2006-2007 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1296 қаулысы; «Азаматтардың дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 962 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: аурулардың жекелеген түрлері бойынша амбулаториялық емдеудегі диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді уақытында тегін дәрілік қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 022 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне созылмалы ауруларды амбулаториялық емдеу кезінде диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді дәрілік заттармен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді созылмалы ауруларын (темір тапшылығы анемиясы, асқазан-ішек трактісі аурулары (асқазан және ұлтабар ойық жарасы және гастрит, дуоденит), пневмония, созылмалы бронхит, бронх демікпесі) амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік қамтамасыз етуді қамтамасыз ету. | Жыл бойы Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: бекітілген тізбеге сәйкес (орташа жылдық саны 215 630) амбулаториялық емдеудегі диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді уақытында тегін дәрілік қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдердің аурушаңдығы мен мүгедектігінің көрсеткішін төмендету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: диспансерлік есепте тұрған бір бала мен жасөспірімді амбулаториялық емдеуде кезінде дәрілік қамтамасыз етуге орташа шығыстар - 4 732 теңге.
Уақтылығы: аурулардың жекелеген түрлері бойынша амбулаториялық емдеудегі диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді уақытында тегін дәрілік қамтамасыз ету.
Сапасы: негіздемелеген шағымдардың жоқтығы.
Ескерту:
*) Республикалық бюджеттің трансферттерін игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру, сандық және сапалық көрсеткіштер жөніндегі іс-шаралардың тізбесі жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
313-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ауылдық (селолық) жерлердегі денсаулық сақтауда ұтқыр және телемедицинаны дамыту»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 528356 мың теңге (бес жүз жиырма сегіз миллион үш жүз елу алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық медициналық мекемелердің диагностикалық және емдеу мүмкіндіктерін жақсарту, Қазақстанның ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстанның барлық облыстарының перспективалық және орнықты аудандарының орталық аудандық ауруханаларының базасында телемедицина кабинеттерін құру, телемедициналық консультациялар ұйымдастыру үшін облыстық деңгейдегі ауруханалар базасында телемедицина орталықтарын ашу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Ауылдық (селолық) жерлердегі денсаулық сақтауда ұтқыр және телемедицинаны дамыту | «Ұтқыр және телемедицинаны дамыту» жобасын бекітілген техникалық- экономикалық негіздемеге сәйкес мынадай іс-шаралар шеңберінде ауылдық (селолық) жерлерде іске асыру: телемедициналық, телекоммуникациялық, компьютерлік және басқа да жабдықтарды сатып алу, инсталляциялау, телемедицинаны бағдарламалық қамтамасыз етуді инсталляциялау, телемедицинаның клиникалық және техникалық аспектілерін, телемедицинаның бағдарламалық кешенімен жұмыс істеуге оқыту, Оңтүстік Қазақстан облысының 6 ауданы, Батыс Қазақстан облысының 8 ауданы және Шығыс Қазақстан облысының 8 ауданы үшін, сондай-ақ Шымкент, Орал және Өскемен қалаларындағы облыстық деңгейдегі ауруханалар үшін телемедициналық консультациялар өткізу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының перспективалық және орнықты 22 ауданының базасында телемедицина кабинеттерін және Шымкент, Орал және Өскемен қалаларындағы облыстық деңгейдегі ауруханаларының базасында 3 телемедициналық орталық құру;
телемедицина кабинеттері мен телемедициналық орталықтардың қызметкерлер құрамын телемедициналық жабдықтармен, телемедицинаны бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеуге оқыту, қызмет көрсететін техникалық қызметкерлер құрамын оқыту;
нақты уақыт режимінде және «off-line» режимінде телемедициналық консультациялар өткізу.
Түпкі нәтиже: Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл халқын диагностикалауды жақсарту, медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру; жаңа технологияларды енгізу;
медициналық білім беруді жетілдіру.
Уақтылығы: іс-шараларды жасалған шарттарға сәйкес толық көлемде орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір телемедицина торабын құрудың орташа құны 21 134,2 мың теңге.
Сапасы: ауыл халқына медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
314-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық емдеу деңгейінде
жеңілдікті жағдайларда дәрілік заттармен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1580657 мың теңге (бір миллиард бес жүз сексен миллион алты жүз елу жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:«Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 9 , 11 және 23-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2006-2007 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1296 қаулысы; «Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 962 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың жекелеген санаттарының амбулаториялық емдеу деңгейінде денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: аурулардың жекелеген түрлері бойынша диспансерлік есепте тұрған ауруларды амбулаториялық емдеу кезінде жеңілдікті шарттарымен уақтылы дәрілік заттармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық емдеу деңгейінде жеңілдікті жағдайларда дәрілік заттармен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер аудару. Жекелеген нозологиялық нысандардан (артериалды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, ойық жара ауруы және өкпенің жіті қабыну) зардап шегетін ересек адамдарды жеңілдікті шарттармен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: артериалды гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, ойық жара ауруы және өкпенің жіті қабыну ауруларымен диспансерлік есепте тұрған ауруларды амбулаториялық емдеу кезінде жеңілдікті шарттармен уақтылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (аурулардың болжамды саны - 348 085).
Түпкі нәтиже: дерттен жазылу, ремиссияны ұзарту, асқыну санын төмендету, ауруханаға жатқызу санын азайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 ауруды емдеуге жылына орташа есеппен жұмсалатын шығыстар - 4,541 мың теңгені құрайды.
Сапасы: негізделген шағымдардың болмауы.
Ескерту:
*) Республикалық бюджеттің трансферттерін игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі, сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 314-1-қосмышамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
314-1 ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Республикалық балаларды оңалту орталығы» РМК-ның жарғылық капиталын қалыптастыру»
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10920 мың теңге (он миллион тоғыз жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
«Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: »Республикалық балаларды оңалту орталығы» РМК-ның жарғылық капиталын құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: