2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 қаулысына 89-100-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2007 жылғы 6 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
89, 90, 91, 92 (құпия), 93, 94, 95, 96, 97, 98, 98-2, 99, 100-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
89-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 89-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
90-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 90-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
91-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 91-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
92-ҚОСЫМША (құпия)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
93-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 93-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
94-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 94-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
95-ҚОСЫМША
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Полигондарды жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарға
сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу және жөндеу»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2843100 мың теңге (екі миллиард сегіз жүз қырық үш миллион бір жүз мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Қорғанысы мен Қарулы күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Әскери доктринаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 299 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қару-жарақты, әскери, өзге техниканы және жабдықтарды техникалық жарақтандыру және техникалық жай-күйін жақсарту, техникалық дайындық коэффициентін арттыру, тұрақты әскери дайындықта ұстау және полигондарды жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының міндеттемелері мен мүдделердің орындалуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
1) әскерді қару-жарақпен, әскери және өзге техникамен, оқ-дәрілермен, зымырандармен, әскери-техникалық мүлікпен, өлшем құралдарымен және жабдықпен қамтамасыз ету;
2) қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық жағдайы мен әскери дайындығы деңгейінің төмендеуінің алдын алу, озық технологияларды қолдану.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламаның атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | 1. Полигондарды жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарға сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу және жөндеу | Ресей Федерациясымен уағдаластық шарттарында қару-жарақтар, әскери және өзге техникалар сатып алу (полигондарды жалдау есебінен өтемақы негізінде). | жыл бойында | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: полигондарды жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарға сәйкес қару-жарақты, әскери және өзге техниканы жеткізу және жөндеу.
Түпкі нәтиже: Ресей Федерациясымен уағдаластық шарттарына сәйкес қару-жарақ, әскери және өзге техниканы сатып алу (полигондарды жалға беру есебінен өтемақы негізінде).
Қаржылық-экономикалық нәтиже: әскери-сынақ полигондарының 1 ш.м жалға берудің орташа құны 30,1 мың теңгені құрады.
Уақтылығы: ҚР екіжақты шарттар, келісімдер мен шешімдер бойынша міндеттемелерін бекітілген мерзімде орындау.
Сапасы: азаматтардың Қарулы Күштердің қойылған міндеттерді дербес шешу қабілетіне қанағаттанды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
96-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 96-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
97-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 97-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
98-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 98-қосымшаға өзгеріс енгізілді
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 98-2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
98-2-ҚОСЫМША
98-2-қосымша қызмет бабында пайдалануға арналған және Деректер базасына енгізілмейді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
99-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 99-қосымшаға өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
100-ҚОСЫМША
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 111861 мың теңге (бір жүз он бір миллион ceгіз жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде компьютерлік сауатсыздықты жою.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметшілерін дербес компьютерді, Интернетті, электрондық үкімет бағдарламасы ұсынатын қызметтерді пайдаланудың деректі элементтеріне оқыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | | 116 | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | 1. Компьютерлік сыныптарға жиһаз сатып алу. 2. Сыныптарды телефондар және кондиционерлермен жабдықтау. 3. Жаттығу процесстерін қамтамасыз ету үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу. 4. Компьютерлік сыныптарда Интернетке рұқсат етуді қамтамасыз ету. 5. Оқу процессін қамтамасыз ету. | жыл бойында | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық гарнизондарында ашық тағайындалған әскери бөлімдерде 68 компьютерлік сыныптарын құру;
Әскери қызметшілерге компьютерлік оқыту процессін ұйымдастыру;
Ірі елді мекен олардың қашықтығына қарамастан барлық оқулық компьютерлік сыныптарда Интернет желілігін пайдалануды ұйымдастыру.
Түпкі нәтиже:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің компьютерлік білімсіздігін жою;
Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде Қазақстан Республикасының Стратегиясының іс-шараларын орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
Оқулық компьютерлік сыныптарын жабдықтауға 9 701 мың теңгені құрайды;
Жаттығуды ұйымдастыруға 102 160,1 мың теңгені құрайды.