Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 Қаулысы
(2005.25.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне үш вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн.
3. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Iшкi әскерлер комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi туралы ереже және оның құрылымы бекітілсiн.
4. Мыналарға:
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлер комитетiнiң төрағасына бес орынбасары болуына;
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат берілсiн.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 22 маусымдағы
№ 607 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 313 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жүйесiне басшылық етудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы, аудандардағы, қалалардағы, қалалардағы аудандардағы және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ Ішкі әскерлер комитеті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті және Жол полициясы комитеті ведомстволары болады.
2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау, қылмысқа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес, есiрткi мен қару-жарақ айналымын бақылауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық органдарында шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Министрлiкке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Министрлiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi болатын бұйрықтар шығарады.
6. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
7. Министрлiктiң заңды мекен-жайы:
010010, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Манас көшесi, 4.
8. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі" мемлекеттік мекемесi.
9. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
10. Министрлiктiң жалауы, туы және рәмiзi болады.
11. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктiң функциялары мен құқықтары
12. Министрлiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 313 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
қоғамдық тәртiптi, қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты жүргiзудi қамтамасыз етедi;
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтiк құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi;
iшкi iстер органдарының жүйесiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы және iшкi iстер органдарының қарамағына жататын өзге де мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
қоғамдық тәртiпте сақтауды және қылмысқа қарсы күрестi ұйымдастыруды жетiлдiруге бағытталған шараларды әзiрлейдi;
қоғамдық тәртiптi, қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
жеңiл, жүк автомобильдерiн және автобустарды, олардың базасында дайындалған арнайы автомобильдердi, мотоциклдер мен мотороллерлердi, автомобильдермен бiрге қозғалуға арналған тiркемелердi қоса алғанда, мемлекеттік тiркеу, есепке алу және оларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу тәртібін айқындайды;
қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ведомстволық ғылымды дамытудың негiзгi бағыттарын айқындайды;
iшкi iстер органдарының жүйесіндегі мемлекеттік кадр саясатын айқындайды;
мемлекеттік нөмiрлiк тiркеу белгiлерiнiң, көлiк құралдары мен тiркемелердi тiркеу туралы куәлiктердiң, жүргiзушi куәлiктерiнiң және көлiк құралдары мен жүргiзушiлерге жол қозғалысына қатысуға рұқсат беруге қажеттi басқа да арнайы өнiм үлгiлерiн бекiтедi;
ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 313 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
Министрлiк жүйесiнде өзiндiк қауiпсiздiктi, iшкi iстер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасауды, олардың қызметіндегі заңдылықты сақтауды қамтамасыз етедi;
iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру және криминалистикалық қызметтi, анықтау мен алдын ала тергеу жүргiзудi ұйымдастырады;
нашақорлық пен есiрткiнiң заңсыз айналымының алдын алу және оларға қарсы iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердiң арнайы мақсаттағы бөлiмшелерiне басшылық етудi жүзеге асырады;
жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және жолын кесу жөніндегі шараларды әзiрлейдi;
көлiк құралдары жүргiзушiлерiн даярлау және оларды жүргiзу құқығын алу үшiн емтихандар қабылдау тәртібін айқындайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз көшi-қонға қарсы iс-қимыл жасау жөніндегі шараларды әзiрлейдi;
Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше және әскери жағдай режимi енгiзiлген жағдайда, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөнiнде iс-шаралар өткiзген кезде оны қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiмен, басқа да әскерлерiмен және әскери құрамаларымен Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысын жүзеге асыру жөнiнде бiрлескен iс-қимылдарды ұйымдастырады;
iшкi iстер органдарының жұмылдыру даярлығы мен жұмылдырылуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
қоғамдық тәртiптi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметін, мемлекеттік органдарды республикадағы қылмысқа қарсы күрестiң, қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң жай-күйi туралы хабардар етедi;
халықты құқықтық тәрбиелеу жөніндегі шараларды iске асыруды ұйымдастырады, құқықтық тәртiп пен iшкi iстер органдары қызметiнiң жай-күйi туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;
қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ведомстволық ғылымды дамытуды және ғылыми қызметті үйлестірудi қамтамасыз етедi;
азаматтарды қабылдауды, азаматтардың ауызша және жазбаша өтiнiштерiн уақтылы және толық қарауды, олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзiмде шешiмдер қабылдауды және жауаптар жiберудi ұйымдастырады;
арнайы және әскери тасымалдауды ұйымдастырады;
iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердiң материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асырады, оларды соғыс, арнайы және шифрлау техникасымен, байланыс құралдарымен, қару-жарақпен, оқ-дәрiмен және басқа да материалдық-техникалық ресурстармен орталықтандырылған түрде қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
ішкi iстер органдарының қызметкерлерiне және iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне, олармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң қатарындағы зейнеткерлерге медициналық және санаторийлiк-курорттық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердiң мұрағаттық құжаттарын жасақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану жөнiндегі жұмысты ұйымдастырады;
Министрлiк жүйесіндегі мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етедi;
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша жалпы республикалық және өңiрлiк жедел-iздестiру және алдын алу iс-шараларын жүргiзу, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалану жөніндегі оңтайлы шешiмдердi әзiрлеу, бағынысты органдар мен бөлiмшелерге практикалық және әдiстемелiк көмек көрсету, жұмыстың оң тәжiрибесiн қорыту және тарату жөніндегі ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асырады;
ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 313 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік саясатты iске асыруды бақылау жөніндегі функциялар:
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бөлiмшелерiнiң, iшкi әскерлердiң, әскери полиция мен әскери-тергеу органдарының қызметiн бақылауды және үйлестiрудi жүзеге асырады;
iшкi әскерлердiң қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдауылдауын бақылауды жүзеге асырады;
мемлекеттік техникалық байқауды жүргiзудiң, көлiк құралдарын пайдаланатын, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланатын адамдарды тiркеу мен есепке алудың, емтихандар қабылдаудың және көлiк құралдарын басқаруға және троллейбустар мен трамвайларды басқаруға құқық беретiн куәлiктер берудiң ұйымдастырылуын бақылайды;
жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге құқығы бар iшкi iстер органдарының бөлiмшелерi мен қызметкерлерiн бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлерде қоғамдық тәртiптi, қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттік құпияларды қорғау мен құпиялылық режимiнiң сақталуын бақылау жөнiнде шаралар қабылдайды;
лицензиаттардың қызметiн, оның iшiнде олардың ұсынылатын біліктiлiк талаптарына сәйкестiгін бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
4) ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 313 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
13. Министрлiктiң өз құзыретi шегінде заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға;
2) соттарда iшкi iстер органдарының мүдделерiн қорғауды белгiленген тәртiппен ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
3) ?кіметке iшкі iстер органдарын, iшкi iстер органдарының ұйымдары мен мекемелерiн құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
4) қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау мәселелерi жөніндегі халықаралық кездесулерде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiруге, берiлген өкiлеттiктердiң шегінде халықаралық келісімдер жасасуға;
5) iшкi iстер органдарына жүктелген мiндеттердi iске асыруға тiкелей қатысуға оларды төмен тұрған iшкi iстер органдарының орындауын бақылауға, азаматтардың қауiпсiздiк деңгейiне терiс әсер ететiн факторларды жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрлiктiң мүлкi
14. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады.
15. Министрлiкке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
16. Министрлiктiң өзiне бекітілген мүлiктi өздiгiнен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайда және шекте мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
17. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Қазақстан Республикасының Yкіметі Министрдiң ұсынуы бойынша қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары болады.
18. Министр өз құзыретi шегінде шешiм қабылдауда дербес және Министрлiктiң қызметі үшiн дербес жауап бередi.
19. Осы мақсатта Министр мынадай өкілеттiктердi жүзеге асырады:
1) Министрлiктiң қызметiне басшылық етудi жүзеге асырады;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарында және халықаралық қатынастарда Министрлiктiң мүддесiн бiлдiредi;
3) Министрлiктiң құрылымын бекiтедi;
4) өз орынбасарларының, сондай-ақ Комитеттер төрағаларының және Министрлiктің өзге де құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктер шеңберiн айқындайды, жауапкершілiк дәрежесiн белгiлейдi;
5) Министрлiктiң атынан iшкi iстер органдары орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi, сондай-ақ өз құзыреті шегiнде - өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар орындауға мiндеттi кесiмдер шығарады;
6) өз номенклатурасы бойынша iшкi iстер органдары құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары мен қызметкерлерiн қызметтерге тағайындауды және қызметтерден босатуды жүргiзедi;
7) азаматтарды Министрлiктiң кадрына қабылдайды, оларға алғашқы және қоса алғанда кезектi полиция полковнигiне дейiнгi арнаулы атақтарды, сондай-ақ Министрлiктiң әскери қызметшiлерiне қоса алғанда полковникке дейiнгi әскери атақтарды, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне офицерлiк құрамның алғашқы әскери атағын және полковник әскери атағын бередi;
8) Қазақстан Республикасының Президентiне жоғары басшы құрамға арнаулы атақтар және жоғары әскери атақтар беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
9) iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн көтермелейдi және тәртiптiк жаза қолданады, оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға және құрметтi атақтарын беруге ұсынады;
10) өз құзыретi шегiнде заңнамаға сәйкес Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
11) өз құзыретi шегінде заңнамаға сәйкес iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн құрады және таратады, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген штат санының лимиті шегiнде олардың құрылымын, штат санын және бөлiнген бюджет қаражатының шегiнде еңбекақы қорын белгiлейдi;
12) iшкi iстер органдары лауазымдарының санаттары бойынша біліктiлiк талаптарын бекiтедi;
13) республикалық бюджеттен бөлiнген қаржы шегiнде iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердi ұстауға арналған қаржы қаражатын бөледi;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттiктердi жүзеге асырады.
20. Министрлiктiң Министрдің жанындағы консультативтiк-кеңес беру органы болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министр бекiтедi.
5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 22 маусымдағы
№ 607 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 811 қаулысымен тізбе толықтырылды
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң
қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
1. Мемлекеттік мекемелер
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Емханасы бар орталық госпиталi.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Кинологиялық орталығы.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң "Оңтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы.
4. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң "Солтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы.
5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Автокөлiктік қызмет көрсету мекемесi.
6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы.
7. Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы (Астана қаласы).
8. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөніндегі полиция полкi.
9. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Үкiметтік мекемелердi күзету жөніндегі полиция полкi.
10. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Академиясы.
11. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Бәрiмбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институты.
12. Iшкi әскерлер жоғары әскери училищесi (Петропавл қаласы).
13. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Ақтөбе заң колледжi.
14. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Алматы заң колледжi.
15. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Семей заң колледжi.
16. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Бауыржан Момышұлы атындағы Шымкент заң колледжi.
17. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Астана қаласы).
18. Қазақстан Республикасы Iшкi 1стер министрлігінiң училищесi (Ақтөбе қаласы).
19. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің училищесi (Алматы қаласы).
20. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің училищесi (Атырау қаласы).
21. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң училищесi (Өскемен қаласы).
22. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң училищесi (Тараз қаласы).
23. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң училищесi (Теміртау қаласы).
24. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң училищесi (Қызылорда қаласы).
25. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң училищесi (Қостанай қаласы).
26. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң училищесi (Ақтау қаласы).
27. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң училищесi (Павлодар қаласы).
28. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң училищесi (Петропавл қаласы).
29. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің училищесi (Шымкент қаласы).
30. Астана қаласы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы.
31. Ақмола облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
32. Ақтөбе облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталі.
33. Алматы қаласы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы.
34. Алматы облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталі.
35. Атырау облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
36. Шығыс Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
37. Жамбыл облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
38. Батыс Қазақстан облысы Iшкi 1стер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
39. Қарағанды облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
40. Қызылорда облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы.
41. Қостанай облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталі.
42. Маңғыстау облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы.
43. Павлодар облысы Iшкi iстер департаментінің емханасы бар госпиталi.
44. Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
45. Оңтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
46. 3477 әскери бөлiмi.
47. 3502 әскери бөлiмi.
48. 3514 әскери бөлiмi.
49. 3517 әскери бөлiмi.
50. 3650 әскери бөлiмi.
51. 3656 әскери бөлiмi.
52. 3660 әскери бөлiмi.
53. 5449 әскери бөлiмi.
54. 5451 әскери бөлiмi.
55. 5510 әскери бөлiмi.
56. 5511 әскери бөлiмi.
57. 5512 әскери бөлiмi.
58. 5513 әскери бөлiмi.
59. 5514 әскери бөлiмi.
60. 5515 әскери бөлiмi.
61. 5516 әскери бөлiмi.
62. 5517 әскери бөлiмi.
63. 5518 әскери бөлiмi.
64. 5546 әскери бөлiмi.
65. 5570 әскери бөлiмi.
66. 5571 әскери бөлiмi.
67. 5572 әскери бөлiмi.
68. 6505 әскери бөлiмi.
69. 6506 әскери бөлiмi.
70. 6636 әскери бөлiмi.
71. 6637 әскери бөлiмi.
72. 6638 әскери бөлiмi.
73. 6654 әскери бөлiмi.
74. 6655 әскери бөлiмi.
75. 6656 әскери бөлiмi.
76. 6679 әскери бөлiмi.
77. 6697 әскери бөлiмi.
78. 6800 әскери бөлiмi.
79. 7552 әскери бөлiмi.
80. Астана қаласының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
81. Ақмола облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
82. Ақтөбе облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
83. Алматы қаласының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
84. Алматы облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
85. Атырау облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
86. Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
87. Жамбыл облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
88. Батыс Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
89. Қарағанды облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
90. Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы (Жезқазған қаласы).
91. Қостанай облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
92. Қызылорда облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
93. Маңғыстау облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
94. Павлодар облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
95. Солтүстiк Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
96. Оңтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
97. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің «Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы
2. Мемлекеттік кәсiпорындар
1. "Алатау" республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
3. Акционерлік қоғамдар
1. "Қазақстан" санаторийi" акционерлік қоғамы.
2. "Арқа" санаторийi" акционерлік қоғамы.
3. "Арман" санаторийi" акционерлік қоғамы.
4. "Күзет" акционерлік қоғамы.
4. Жауапкершілігі шектеулi серiктестiк
1. "Сақшы-На страже" жауапкершілiгi шектеулi серiктестігі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 22 маусымдағы
№ 607 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 313 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң
аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң
тiзбесi
1. Астана қаласының Iшкi iстер департаментi.
2. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi.
3. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаменті.
4. Алматы қаласының Iшкi істер департаментi.
5. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi.
6. Атырау облысының Iшкi iстер департаментi.