Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi жинауға және дайындауға тек белгiленген квота шегiнде заңды тұлғаларға ғана рұқсат етiледi.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсімдiктердi жинау мен дайындау қызметтiң осы түрiне лицензия болған кезде тек ғылыми, оқу, және прекурсорлар қосымша медициналық мақсаттарға да пайдалану үшiн жүргiзiледi, лицензия беру тәртібін Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен келiсе отырып, белгiленген квота шегiнде Агенттiк белгiлейдi.
Бір заңды тұлғаға берiлген лицензия басқа заңды тұлғаға онда осы қызмет түрiне лицензиясы болуына екендiгiне қарамастан берiлмейдi.
135. Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлардан тұратын өсiмдiктердi жинау мен дайындауға қойылатын талаптар.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi жинау мен дайындау ережелерiнiң орындалуын бақылау заңды тұлғалардың басшыларына жүктеледi.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi жинау мен дайындауға лицензия алу үшiн:
1) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен келісім-хат;
2) бұл жұмыстар ғылыми және оқу мақсаттарында орындалған жағдайда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен келісім-хат қажет.
Агенттiк БҰҰ конвенцияларымен көзделген лицензия беру үшiн қажеттi қосымша құжаттарды талап ете алады.
136. Сақталудың қамтамасыз етiлуiне қойылатын талаптар:
1) есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiк шикiзатын дайындау iшкi iстер органдары жанындағы Мемлекеттік қызметтiк күзет бөлiмшелерiнiң күшiмен күзетiлетiн қарауындағы учаскелерде және үй-жайларда жүзеге асырылуға тиiс.
2) техникалық қуаттылық, оны дайындау кезеңіндегі күзет түрлерi (сыртқы күзет, алқапты күзету) және күзет, өрт құралдарымен және дабыл белгiлерiмен жарақтандырылуы ҚР IIМ нормативтiк құқықтық құжаттарының талаптарына сәйкес келуi тиiс;
3) өсiмдiктердi жинау және дайындау жүргiзiлетiн аумақты қоршау ҚР IIМ-нiң нормативтiк құқықтық құжаттарының талаптарына сәйкес келуi тиiс;
4) есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi дайындауға арналған тұрақты өндiрiстiк үй-жайларда жеке желдету жүйесi, су құбыры, кәрiз, салқындатқыш, санитариялық-тұрмыстық үй-жай болуы тиiс.
137. Есепке алу және есеп беру:
1) есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензиясы бар заңды тұлға тоқсаннан кейiнгi айдың 5 күнi белгiленген нысан бойынша лицензиар органға Айналым туралы есептi (4-қосымша) тоқсан сайын, табыс етуге мiндеттi;
2) Тiзiмнiң I, II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың мөлшерi мен жай-күйiнiң кез-келген өзгерістерi нөмiрленген, бауланған, лицензиар органның жауапты адамының мөрi және қолы қойылып бекітілген арнаулы журналға тiркелуге жатады (9-қосымша). Есепке алу журналы бір жыл мерзiмге жасалады және оған соңғы жазба түскен күннен бастап он жыл бойы сақталады;
3) заңды тұлға өзiнiң иелiгіндегі есiрткi құралдардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың жәй-күйiне әр айдың бірi күнi мүкәммал жүргiзуге мiндеттi. Нақты мөлшерi кiтаптағы қалдық деректермен салыстырылады және тексеру кесiмi жасалады (10-қосымша). Нәтижелердiң алшақтығы немесе сәйкессiздiгi лицензиардың және жоғары тұрған ведомствоның назарына жеткiзiледi.
Есiрткi, психотроптық заттардың және прекурсорлардың барлық кiрiс және шығысы бойынша құжаттары осы құжаттамалардың (шот-фактураның, жөнелтпе құжаттың, сенім хаттың және басқаларының) толық сақталу кепiлдiгi жағдайында олардың сақталуына жауапты адамда болуы тиiс.
138. Қызметкер:
1) заңды тұлғаның басшысы лицензия талаптарының орындалуына бақылаудың жүзеге асырылуына жеке жауапты болады;
2) есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi ұйымның бұйрығымен бекітіледi және тiзiмде көрсетiлген адамдарды тиiстi тексеру туралы қорытынды беретiн аумақтық iшкi iстер органымен келісіледi;
3) есiрткi құралдармен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсатты тек нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдiк ауруы жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың арасында қауiптілігi жоғары көздермен байланысты кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың болмауы туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындысы бар адамдар ғана алуы тиiс.
139. Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi жинау және дайындау жүргiзiлетiн ұйымдардың учаскелерi мен үй-жайларына бөгде адамдардың кіруiне рұқсат етiлмейдi.
140. Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi жинау және дайындау кезiнде пайдаланылатын жабдықтарға қойылатын талаптар:
Өндiрiс жабдықтары мен процесi технологиялық регламентке, жабдықтарды пайдаланудың техникалық шарттары мен паспортына сәйкес келуi, сондай-ақ есiрткi құралдардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың және олардан алынған дайын өнiмдердiң сақталуын қамтамасыз етуi тиiс.
141. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi жинаумен және дайындаумен айналысатын ұйымдарда есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы осы қызметтiң түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттардың жинақтамасы пайдаланылуы және болуы тиiс.
15. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды
сатып алуға қойылатын біліктілік талаптары
142. Жалпы ережелер.
Өнiмдердi сатып алу немесе басқа тауарларға немесе өнімге алмастырып алу (яғни, бартер) сатып алу болып табылады.
Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды сатып алуды есірткі құралдардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызмет түрлерiнiң бірiне лицензиясы бар заңды тұлғалар, сондай-ақ есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды медициналық, мал дәрiгерлiк мақсаттарда, сараптамалық және криминалистiк қызметте (ҚР ӘМ, ҚР ҰҚК сараптамалық бөлiмшелерi, денсаулық сақтау органдары және ҚР IIМ криминалистiк бөлiмшелерi) және жедел-iздестiру қызметiнде пайдаланушы ұйымдар жүзеге асырады.
143. Пайдаланушы ұйымдардың, көтерме сауда (дәрiхана қоймалары, химиялық реактивтер және басқаларын сататын дүкендер) және бөлшек сауда (дәрiханалар, дәрiханалық, оның iшiнде мал дәрiгерлiк, медициналық пункттер) кәсiпорындарының, есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауды, әкелудi және әкетудi жүзеге асыратын кәсiпорында есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды тек есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы тиiстi қызмет құқығына лицензиясы бар заңды тұлғалардан сатып алуға құқығы бар.
144. Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензиясы бар заңды тұлғаның есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды тиiстi ведомстволар белгiлеген тiзбе және бекітілген нормативтер негiзiнде сатып алуға құқығы бар.
145. Есiрткi құралдарды және психотроптық заттарды сатып алу тәртібін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекiткен ережелерге сәйкес жеке тұлғалар белгiлейдi.
Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды сатып алу қызметтiң бастапқы түрi болып табылатындықтан, қызметтiң негiзгi түрiне әзiрленген біліктілік талаптар толық көлемде осы кiшi түрге де (сатып алуға) қатысты болады.
Бір заңды тұлғаға берiлген лицензия басқа заңды тұлғаға онда қызметтiң осы түрiне лицензиясының болуына қарамастан берiлмеуi тиiс.
146. Есепке алу және есеп беру:
1) есiрткi құралдар, психотроптық заттар немесе прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензиясы бар заңды тұлға есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5 күнi белгiленген нысан бойынша Айналым туралы есеп (4-қосымша) тоқсан сайын, беруге міндеттi;
2) Тiзiмнiң I, II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың мөлшерiнiң, жәй-күйiнiң өзгеруiмен байланысты кез келген операция нөмірленіп, бауланып, лицензиар орган жауапты адамының мөрi және қолы қойылып бекітілген арнаулы журналда тiркелуге жатады (9-қосымша). Есепке алу журналы бір жыл мерзiмге жасалады және оған соңғы жазба жазылған күннен бастап он жыл бойы сақталады;
3) заңды тұлғалар өздерiнiң иелігіндегі есiрткi, психотроптық заттардың және прекурсорлардың жәй-күйi бойынша әр айдың бірi күнгi түгендеу жүргiзуге міндеттi. Нақты мөлшерi кiтаптағы қалдықпен салыстырылады және тексеру кесiмi жасалады (10-қосымша). Нәтижелердiң алшақтығы немесе сәйкессiздiгi лицензиардың және жоғары тұрған ведомствоның назарына жеткiзiледi.
Есiрткi құралдардың, психотроптық заттардың және прекурсорлардың барлық кiрiс және шығысы бойынша барлық құжаттар осы құжаттамалардың (шот-фактуралардың, жөнелтпе құжаттың, сенімхаттың және басқаларының) толық сақталу кепiлдiгi жағдайында оларды сақтауға жауапты адамда болуы тиiс.
147. Қызметкер:
1) заңды тұлғаның басшысы лицензия талаптарының орындалуына бақылаудың жүзеге асырылуына жеке жауапты болады;
2) есiрткi құралдармен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде көрсетiлген адамдарды тиiстi тексеру туралы қорытынды беретiн аумақтық iшкi iстер органымен келісіледi;
3) есiрткi құралдармен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсатты тек нашақорлық, уытқұмарлық созылмалы маскүнемдiк ауруы жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың арасында қауiптілігi жоғары көздерде кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың болмауы туралы оларға қатысты психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындысы бар адамдар ғана алуы тиiс.
148. Нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарда есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы осы қызмет түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттар кестесi болуы және пайдаланылуы тиiс.
16. Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және
прекурсорларды жөнелту тәртібіне қойылатын біліктілік талаптары
149. Жалпы ережелер.
Жөнелту - есiрткi құралдардан, психотроптық заттардан және прекурсорлардан тұратын жабық жөнелтілімдердi (орамдарды, бағалы, өте бағалы арнаулы жүктердi) қабылдаумен, тасымалдаумен және жеткізумен байланысты жұмыстардың жиынтығы.
Жөнелту, сондай-ақ осыған қажеттi құжаттарды ресiмдеу тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен, "Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды жөнелту тәртібі туралы" Республикалық арнаулы байланыс қызметiнiң нұсқаулығымен реттеледi.
Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына жөнелту құқығы заңды тұлғаларға олар есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы тиісті лицензияларды алғаннан кейiн берiледi.
Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды пошталық, оның iшiнде халықаралық жөнелтілімдермен жiберуге тыйым салынады.
150. Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды жөнелту тәртібі.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жөнелтілімдердi жөнелту үшiн:
1) есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтiң тиiстi түрiне заңды тұлғаның лицензиясы болуы;
2) заңды тұлғаның (жөнелтушiнiң) және жөнелтілiмдердi жөнелтудi жүзеге асыратын уәкілеттi органның есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жөнелтілімдердi қабылдаудың, тасымалдау мен жеткізудiң талаптары көрсетiлген шарты қажет.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жөнелтілімдердi қабылдау оралған және мөрленген (пломбыланған), қол сұғылмайтындай, бірiншi басшы жасаған және қол қойған тiзiлiм бойынша және заңды тұлғаның мөрi басылған күйде жүргiзiледi.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жөнелтілімдердiң әрбір тапсырылған топтары тiзiлiмiне жөнелтiлетiн заттардың жүкқұжаты және заңды тұлғаның жөнелтушi қол қойған және мөр басылған жөнелтілім жiберiлетiн мекен-жайға есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтiң тиiстi түрiне лицензиясының көшiрмесi қоса тiркеледi.
Есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауды және уақытша сақтауды жөнелтудi жүзеге асырушы ҚР IIМ, санитариялық және техникалық қадағалау, өрт қауіпсіздігі органдары қойған талаптарға сәйкес қауіпсіздік пен бақылау шараларын сақтай отырып, арнайы оқшауланған, күзетілетін үй-жайларда жүргiзiледi.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жөнелтілімдердi тасымалдау өте құнды жөнелтілімдердi тасымалдау мен жеткізудiң шарттары сақтала отырып, арнаулы теміржол вагондарымен, әуе көлiгiмен және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады.
Есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар жөнелтілімдерiн алу тек бұған уәкiлеттi адамның, бірiншi басшының қолы қойылып және жөнелтушiнiң мөрi басылып расталған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады.
151. Қызметкер:
1) есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жөнелтілімдердi жөнелту жөніндегі операциялар есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы күзет қызметiне IIМ органдарының рұқсаты бар күзет қызметiнiң iлесiп жүруi арқылы жүзеге асырылады;
2) есiрткi құралдармен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмысқа рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде көрсетiлген адамдарды тиiстi тексеру туралы қорытынды беретiн аумақтық iшкi iстер органымен келісіледi;
3) есiрткi құралдармен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсатты тек нашақорлық, уытқұмарлық және созылмалы маскүнемдiк ауруы жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың арасында қауiптілігi жоғары көздермен байланысты кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың болмауы туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындысы бар адамдар ғана алуы тиiс;
4) жөнелтілімдi жөнелтуге әзiрлеуге есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлары бар заңды тұлғалар жауапты болады;
5) жөнелту ережесін, оның iшiнде есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жүктердiң сақталуына жөнелтудi жүзеге асыратын орган жауапты болады.
152. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жөнелтудi жүзеге асыратын ұйымдар есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттардың жинақтамасын пайдалануы және болуы тиiс.
153. Есепке алу және бақылау:
1) есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензиясы бар заңды тұлға есiрткi құралдарды, психотроптық заттарды және прекурсорларды жөнелтумен байланысты құжаттамаларды (тiзiлiмдердi, жүкқұжаттарын) 5 жыл бойы қатаң сақтауға міндетті;
2) есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар жөнелтілімдерді жөнелтудi жүзеге асыратын орган құжаттамаларды (заңды тұлғалармен шартты, тізілімдерді, жүкқұжаттарын) ішкі нормативтік кесімдерге сәйкес сақтауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 18.09.03 ж. № 947 қаулысымен 17-бөліммен толықтырылды
17. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне
қойылатын біліктілік талаптар
154. Жалпы ережелер
Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып, Комитет берген Транзитке рұқсаттың негiзiнде жүзеге асырылады (13, 14, 15-қосымшалар).
Транзитке рұқсат - құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi онда көрсетiлген мерзiмде бір рет өткізудi жүзеге асыруға рұқсат беретiн құжат және көлiк құралдары мен жүкке рұқсатсыз қол жеткізуге жол бермеу және тиiстi қауiпсiздiк шараларын жүзеге асыру мақсатында кіру мен шығу пункттерiнде және басқа да кедендiк бақылау аймақтарында коммерциялық тасымалдаушылар мен тиiстi органдар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етуге негiз болады.
Транзитке рұқсатта мыналар көрсетiледi:
1) импорттаушы заңды тұлғаның деректерi;
2) экспорттаушы заңды тұлғаның деректерi;
3) соңғы жүк алушының деректерi;
4) Тiзiмнiң I, II, III және IV кестелерiне енгiзiлген құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң атауы және көлемi. Рұқсат құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, келісім-шартқа енгiзiлген олардың атауларының санына қарамастан, өнiмдердiң бір түрiне берiледi;
5) бағыты (экспорттаушы елден әкету және импорттаушы елге әкелу пункттерi көрсетiледi), көлiк түрi;
6) Транзитке рұқсаттың қолданылу мерзiмi. Егер құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитi көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылмаса, онда рұқсаттың күшi жойылады.
155. Транзитке қойылатын талаптар.
Транзитке рұқсатты ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi Комитетке мыналарды ұсынады:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш (17-қосымша);
2) өтiнiш берушi ұйымның мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiгiнiң нотариальды расталған көшiрмесi;
3) өтiнiш берушi мемлекетiнiң қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтiнiш берушi елiнiң мемлекеттік органы есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке берген лицензияның не сертификаттың нотариальды расталған көшiрмесi;
4) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша кодтары көрсетiлген, транзитке жататын, құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар (табиғи және құндық тұрғысында) бар өнiмдердiң атауы мен көлемi;
5) өтiнiш берушiнiң тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес транзиттi жүзеге асыру кезiнде болуы мүмкiн авариялардан келген залалды өтеу туралы сақтандыру және басқа да қаржылық кепiлдiктердi не өзге де мiндеттемелердi ұсыну;
6) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi пайдаланудың нақты мақсаты туралы соңғы жүк алушының өтiнiшi қоса берiлетiн Қазақстан Республикасында бақылауға жататын құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi жеткізуге арналған келісім-шарттың нотариальды расталған көшiрмесi (16-қосымша);
7) төтенше жағдайларда мәлiмделген транзиттiк тасымалды жүзеге асыру кезiнде болуы мүмкiн аварияның салдарын жоюдың алдын алу және әрекет ету жүйесiнiң дайындығы туралы өтiнiш берушi елдiң құзыреттi ресми органының растамасы;
8) егер құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi жүктi жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, осы жүктi қайта қабылдауға мiндеттемелер туралы жүктi жiберушiнiң растамасы;
9) тасымалдаудың нақты шарттарына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптауға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының бұзылғаны анықталған жағдайда атқарушы органдардың басқа да қажеттi iс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру қажеттiгiне және/немесе жүктiң экспорттаушы мемлекетке қайтарылуына байланысты шығыстарды өтеу туралы өтiнiш берушiнiң растамасы.
156. Егер шет мемлекеттiң мемлекеттік органы өтiнiш берушi болған жағдайда:
осы Ереженiң 155-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;
келісім-шарт (осы Ереженiң 155-тармағының 6) тармақшасы) болмаған кезде бақылауға жататын құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитiн жүзеге асыру қажеттілігiн негiздейтiн өзге де құжаттар ұсынылады.
157. Осы Ережеде белгiленген талаптар ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан, шетелдiктердi қоса, көрсетiлген өнiмдердiң транзитiн жүзеге асыратын барлық заңды тұлғаларға қолданылады.
158. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Ережеде көзделгеннен өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
159. Транзитке берiлген рұқсатты басқа заңды тұлғаға беруге болмайды.
160. Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитiне рұқсат өтiнiш берушiге ол бір транзиттiк операцияны жүзеге асыруы үшiн берiледi. Транзитке рұқсаттың қолданылу мерзiмi ұзартуға жатпайды.
161. Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң транзитiне байланысты iс-қимылдар аяқталған соң транзиттi жүзеге асырған заңды тұлға Комитетке 10 күн мерзiмде транзиттiң аяқталғаны туралы есептi ұсынуы қажет.
162. Егер осы Ереженiң 155-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық жинағы табыс етiлмеген болса, Транзитке рұқсат беруден бас тартылуы мүмкiн.
Транзитке рұқсат беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге заңнамада белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
163. Клиникалық сынақтар жүргізу үшін құрамында ecipткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрi-дәрмек құралдарының үлгiлерiне, сараптама жүргiзуге арналған тест-эталондардың транзитi Комитеттiң Рұқсаты бойынша жүргiзiледi. Транзитке Рұқсатты алу үшiн өтiнiш берушi Комитетке мынадай құжаттарды бередi:
1) өтiнiш (16-қосымша);
2) импорттаушы немесе экспорттаушы елдiң денсаулық сақтау органдарымен толық көлемде клиникалық сынақтар жүргізу үшiн қажеттi құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердiң санын немесе көлемiн көрсете отырып, келісім-хат.
164. Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрi-дәрмек құралдарын сараптамадан өткізу және үлгiлер үшiн, клиникалық сынақтар жүргiзу үшiн тест-эталондардың транзитiн кедендiк ресiмдеу:
1) Комитет берген Тест-эталондар транзитiне рұқсатты;
2) кедендiк жүк декларациясын;
3) дайындаушы зауыттық сапа сертификатын көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
165. Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар транзиттiк өнiмдi Транзитке рұқсатта көрсетiлген Қазақстан Республикасының аумағындағы өткізу пункттерi арқылы нақты әкелу немесе әкету туралы ақпаратты (есептi) тоқсан сайын Комитетке жiберiп отырады (18, 19-қосымшалар).
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң
Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын
бақылау жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасына құрамында есірткі құралдары, психотроптық
заттар және прекурсорлар бар белгілі бір мөлшерде өнім әкелуге (әкетуге)
№ ____ Рұқсат (сертификат)
(беруге жатпайды, көшірмесі жарамсыз)
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
(ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, телефоны, факсі, Е-mail)
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────