3) есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға рұқсаты бар адамдарда нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдiкпен ауруының жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың iшiнде жоғарғы қауiп көзiне байланысты кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындысы қажет;
4) есiрткi құралдарын дайындау, ұқсату, зерттеу және сақтау жүргiзiлетiн ұйымдардың учаскелерi мен үй-жайларында бөгде адамдардың болуына рұқсат етiлмейдi;
5) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiк шикiзатын өсiру және жинау өндiрiсiнде тiкелей жұмыс iстейтiн адамдар бес жылда бір рет біліктілігiн арттыру курсынан өтуге тиiс.
85. Жабдықтарға және өндiрiс процесiне қойылатын талаптар.
Өндiрiс жабдықтары және процесi технологиялық регламентке, техникалық шарттар мен жабдықтарды пайдалану төлқұжаттарына сәйкес келуге, сондай-ақ есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың және олардан жасалған дайын өнiмнiң сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.
86. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету.
Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiк шикiзатын өсiрумен, жинаумен және одан әрi ұқсатумен айналысатын ұйым есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттардың жинағы, оның iшiнде, технологиялық регламент, өндiрiс әдiстерiн, техникалық нормативтердi, техникалық құралдарды ФС-i, техникалық шарттары, мемлекеттік стандарттары, технологиялық процестер мен сапаға бақылау жүргiзудiң шарттары мен тәртібін белгiлейтiн болуға тиiс.
9. Бақылауға жататын есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды
және прекурсорларды сақтау тәртібіне қойылатын біліктілік талаптары
87. Жалпы ережелер
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауды заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында және нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiпте техникалық берiктiгi және күзет-өртке қарсы дабылдарымен жарақтанған талаптарға сай келетін арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырады.
88. ІІ тiзiм кестесiнiң есiрткi құралдары, психотроптық заттары арнаулы үй-жайларда (қоймаларда) сақталуға тиiс. Қоймалардың iшiнде қоршаған қабырғаларға түйiсiп тұратын қалыңдығы кемiнде 200 мм темірбетонды сыртқабырға тұрғызылады.
Қоймалар 1 және 2-қабаттарда орналасқан және олар үйдiң сыртқы қабырғаларына түйiскен жерлерде қабырға мен сыртқабырғаның арасында енi кемiнде 900 мм болатын қарап отыратын дәлiз қалдырылады. Қарап отыратын дәлiздер, сондай-ақ, егер қоймаларға түйiскен сыртқы қабырғада балкондар, карниздер және қабырғаларды жасырын бұзуға мүмкiндiк беретiн басқа да құрылыстар болса, олар жоғары қабаттар мен орналастырылған кезде де қалдырылады.
Қоймалардың қабырғалары кемiнде қалыңдығы 380 мм кiрпiшпен салынады. Берiктiгi жағынан кiрпiшпен тең келетiн немесе жоғары болатын темірбетон қабырғаларды қолдануға болады. Күрделi iшкi қабырғалар, сондай-ақ подвалдардағы, үйдiң 3 және одан жоғары қабаттардағы сыртқы қабырғалары қабырғаларды жасырын бұзу мүмкiндiгi жоқ жағдайда, қоймалардың да қабырғалары бола алады.
Қойманың астындағы iргетас монолиттiк бетоннан немесе қалыңдығы кемiнде 600 мм таспен қаланған болуы тиiс. Iргетаспен және темірбетонды сыртқабырғаның арасында гидроизоляцияның көзделуi тиiс. Техникалық подвалдардың немесе қойма астында қандай бір үй-жайлардың орналасуына рұқсат етiлмейдi.
Қойманың жабындысын қоршап жатқан конструкциялар қалыңдығы 200 мм монолиттi iшкi сыртқабырға және жабындының (жамылғының) сыртқы тақтасы болып табылады. Бұл орайда төбенiң темірбетонды сыртқабырғасы үйдiң жабындысынан (жамылғысынан) өзiне салмақ түсiрмеуге тиiс.
Бір қабатты үйлер үшiн, сондай-ақ қойма үйдiң соңғы қабатына орналасқан кезде қойманың сыртқабатының жоғары тұрған жазық тұсы жабынды (жамылғы) тақтасынан 250 мм жерде тұрады және қойма алдындағы жақтан қарау үшiн ашық болуға тиiс.
Темірбетон жабындылары бар үйлерде осы мекемелерге тиесiлi төмен және жоғары тұрған үй-жайлардың жабындылары бойынша аралас қоймалар қосымша қоршау құрылғыларымен жабдықталмаса да болады. 1-қоймаға кiретiн жер қойма алдынан жүзеге асырылуға тиiс. Қоймаларда терезелердiң болуына жол берiлмейдi.
II тiзiм кестесiнiң есiрткi құралдары және психотроптық заттары фармакологиялық топтары, физикалық-химиялық, уытқұмарлық қасиеттерi бойынша және агрегаттық жай-күйiнiң қасиеттерiне қарай сейфтерде сақталуға тиiс.
89. III тiзiм кестесiнiң есiрткi құралдары, психотроптық заттары күрделi арнаулы жабдықталған үй-жайларда сақталады.
Күрделі (күзет жөніндегі) сыртқы қабырғалар, жабындылар, қалқалар деп қалыңдығы 500 мм кірпіш немесе қаланған тастардан, қалыңдығы кемінде 200 мм бетонды қабырға блоктарынан, қалыңдығы кемiнде 90 мм екi қабат бетон тастардан, қалыңдығы кемiнде 180 мм темірбетон панелдерден тұрғызылған үйлердi санаған жөн.
Күрделi (күзет жөніндегі) iшкі қабырғалар (жабындылар) деп осыған ұқсас күрделi сырт қабырғадан салынған не әрқайсысының қалыңдығы 80 мм қос гипсбетонды панелдерден салынған, олардың арасында диаметрi кемiнде 10 мм металл арматурадан салынған және ұяларының мөлшерi 50 х 150 мм-ден аспайтын немесе қалыңдығы кемiнде 120 мм арматуралы металл торлар болатын, едендерi мен жабындылары берiктiгi жағынан кемiнде 100 мм темірбетонды тақтаға баламалы болып келетiн үйлердi санаған жөн.
Тiзiмнiң II және III кестесiне енгiзiлген есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды сақтауға арналған жоғарыда аталған талаптарға сай келмейтiн үй-жайлардың сыртқы қабырғалары, жабындылары және қалқалары iшкі жағынан барлық аудан бойынша диаметрi кемiнде 10 мм арматуралы металл торлармен және мөлшерi 150 х 150 мм-ден аспайтын ұялармен нығайтылып, содан соң сыланып тасталуға тиiстi. Торлар қабырғаға берiк жасалған тереңдiгi 80 мм диаметрi кемiнде 12 мм болат анкермен (бетон беттерге 4 дюбельмен атқыланып, 100 х 50 х 6 мм металл тiлкемдерден салынатын детальдарға) 500 х 500 мм аспайтындай қадамда пiсiрiлiп дәнекерленедi.
Iшкi жағынан торлар орнату мүмкiн болмаған жағдайда күзет бөлiмшесiнiң келісімiмен сыртқы жағынан торлар орнатуға рұқсат берiледi.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды сақтауға арналған iшкi үй-жайлар басқа ұйымдардың үй-жайларымен, техникалық үй-жайларымен және дәлiздерiмен және т.б. шектесулеуi тиiс.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды сақтауға арналған үй-жайлар басқа ұйымдардың үй-жайларымен (қазандықтармен, бойлерлермен, техникалық подвалдармен, тұрғын үйлердiң подвалдарымен, иесiз құрылыстармен және т.б.) көршiлес болған жағдайда қабырғалар, жабындылар, едендер мен қалқалар iшкi жағынан барлық шектесетiн аудандар бойынша аталған талаптарға сәйкес нығайтылуға тиiс.
Есiрткi құралдары, психотроптық заттар сақталатын объектiлердiң кiретiн есiктерi 6629-88 мемлекеттік стандарт, 24698-81 мемлекеттік стандарт, 14624-84 мемлекеттік техникалық стандарт талаптарына сай келiп, адам күшiмен ықпал жасаған кезде және қарапайым саймандар көмегiмен оларды бұзуға әрекет жасаған кезде жеткiлiктi түрде кедергi келтiретiндей болуға тиiс.
Кiретiн есiктер жөндеу, есiк қорабына кiрiп тұрған, тұтас, қалыңдығы кемiнде 40 мм болуға, бір-бірiнен кемiнде 300 мм аралықта орнатылған ойылған өздігі жабылып қалмайтын екі құлпы болуға тиіс. Орталық кіретін есіктер ойылған өз-өзінен жабылып қалмайтын және сыртқы аспалы құлыптармен жабдықталуға тиіс.
Күзетiлетiн үй-жайларда екi жақтаулы есiк болған жағдайда олар есік төсемінің жоғары және төменгі бөлігіне орнатылған екі стопорлы шпингалеттермен жабдықталуға тиiс. Шпингалеттiң қимасы кемiнде 100 шаршы мм, оған арналған саңылауының тереңдігі кемінде 30 мм.
Аулаға шығатын есiктер, қуыс-қолтықтар, сондай-ақ қосалқы есiктер екi жағынан қалыңдығы кемiнде 0,6 мм қаңылтыр болатпен әдiптелiп, төсемнiң iшкi беткейiне немесе бүйiрiне қатты жабылатындай иiлiп келген болуға тиіс. Қаңылтырлар төсемнiң периметрi мен диагональдары бойынша диаметрi 3 мм, ұзындығы 40 мм және 50 мм-ден аспайтын қадамда шегелермен бекітіледi. Сырт жағынан есiктiң орамдары орналасқан жағдайда есiк олардың орналасқан жағынан бүйiр iлмектер көмегiмен қорғалуға тиiс.
Объектiлер мен үй-жайлардың есiк ойығын (есiк қорабын) жиектеудi болат пiшiммен орындаған жөн. Болат қылтанақтардың (балдақшалардың) көмегiмен бекітілген диаметрi кемiнде 10 мм, ұзындығы кемiнде 120 мм болатын 30 х 40 х 5 мм болат бұрышпен күшейтiлген ағаш қораптарды пайдалануға рұқсат етiледi.
Қоймалардың есiктерi сауытталған ерекше техникалық шарттар бойынша дайындалады. Сауытты есiктен басқа, есiк ойығына iш жағынан ашылатын iшкi торлы металл есiк орнатылады.
Торлы металл есiктер 150 х 150 мм-ден аспайтын ұялар құрап тұратын және әрбір қимасында дәнекерленетiн диаметрi кемiнде 16 мм болат шыбықтардан дайындалады және әрбір қимасында дәнекерленедi. Периметрi бойынша торлы есiк 75 х 75 х 6 мм болат бұрышпен жиектеледi. Жылжымалы металл торлар 180 х 180 мм-ден аспайтындай қималарының тiлкемдерi кемiнде 4 х 30 мм ұялардан дайындалады. Осындай берiктiк сипаттамасы бар өрнектi торларды пайдалануға рұқсат берiледi.
Торлы металл есiктер шыңдалған болаттан дайындалған құлақшалар көмегiмен аспалы құлыппен жабылуы тиiс.
Әйнектi кiретiн есiктер қосымша торлы есiктермен жабдықталады.
Объектiнiң барлық үй-жайларындағы витриналар, терезелер, фрамугалар мен форточкалар әйнектелген және сенімдi, дұрыс жабылатындай болуға тиiс. Әйнектiң саңылаулары берiк бекітілуге тиiс.
Объектiлер мен үй-жайлардың бірiншi қабатының витриналары мен терезе ойықтары 150 х 150 мм-ден аспайтындай ұя құрап тұратын диаметрi кемiнде 16 мм болат шыбықтан жасалған торлармен жабдықталады және әрбір қимасында дәнекерленедi. Тор шыбықтарының ұштары кемiнде 80 мм тереңдiкке кiрiп тұрады және цемент ерiтiндiсi құйылады немесе металл құрылғыларға дәнекерленедi.
Мұны орындау мүмкiн болмаған жағдайда тор 75 х 75 х 6 мм бұрышпен жиектелiп, периметрi бойынша 80 мм тереңдiкте қабырғаға диаметрi кемiнде 12 мм және ұзындығы 120 мм болат шыбықпен (бетон беттерге 4 дюбельмен атқыланып, 100 х 50 х 6 мм металл тiлкемдерден салынатын детальдарға) қорғалатын беткейлермен 500 мм-ден аспайтындай қадамда кiрiгедi. Анкерлердiң ең көп мөлшерi әрбір жаққа кемiнде екеуден болуға тиiс.
Терезе рамаларының қолданылатын құрылғыларына қатысты торлар үй-жайлардың iшкi жағынан да, рамалардың арасында да орнатылады.
Жылжымалы айқара ашылатын торларды 180 х 180 мм-ден аспайтындай ұялары бар қимасы 4 х 30 мм болат тiлкемдерден дайындауға рұқсат берiледi.
Есiктердi, қақпалар мен терезелердi қорғау үшiн тiкесiнен және көлденеңi бойынша 150 мм-ден аспайтындай шыбықтар арасындағы аралыққа диаметрi кемiнде 16 мм түсiрiп қоятын торларды пайдалануға болады. Торлар iшкi жағынан iлмекпен немесе торлар аспалы құлыппен мiндеттi түрде жабылып қалатындай басқа да аспалы құрылғылармен бекітілуге тиiс.
Дәлiздер мен үй-жайлардың үй-жайларға солар арқылы кіруге болатын өртке қарсы күресу баспалдақтарына, биiктiгi әр түрлi құрылыстар төбелерi мен маңдайшаларына шығып тұрған терезе ойықтары қай қабатта екенiне қарамастан, iшкi жағынан ашылатын металл торлармен жабдықталуға тиiс.
Люктердiң есiктерi құрылғылары бойынша iшiнен тарс жабылып қалатын, ал сыртынан амбарлы үлгiдегi аспалы құлыптар тұратын металлмен жиектелген кiретiн есiктердей болуға тиiс.
Люктiң ағаштан жасалған байламасы iргетасқа iшкi жағынан болат құрсаулармен немесе диаметрi кемiнде 16 мм болаттан жасалған қылтанақтармен бекiтіліп, құрылыс құрылғысына кемiнде 150 мм тереңдiкке сiңiрiлуге тиiс.
Шартақтағы люктердiң есiктерi мен қораптары және жайпақ жабынға шығатын тұстар қалың қаңылтыр болатпен жиектелiп, шарт жабылып қалатын және iшiнен берiк құлыптармен, iлмектермен және басқаларымен жабылып қалатындай болуға тиiс.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды сақтауға арналған үй-жайлардың төбесiне шығатын немесе өз қимасымен аралас үй-жайларға шығып тұратын желдеткiш шахталары, желдететiн қорабы және мұржалары осы үй-жайларға кiре берiсте қимасы кемiнде 75 х 75 х 6 мм бұрышпен және диаметрi кемiнде 16 мм арматурамен және 15 х 150 мм-ден аспайтындай ұямен жасалған металл торлармен жабдықталуға тиiс.
Желдеткiш қораптардағы торлар күзетiлетiн үй-жай жағынан қабырғалардың (жамылғылардың) iшкi бетiнен 100 мм-ден аспайтындай қашықтықта тұруға тиiс.
Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды сақтауға арналған үй-жайлардың қабырғаларынан желдеткiш қораптар мен 200 мм-ден аспайтын мұржалар өткен кезде бұл үй-жайлардың қабырғалары iшкi жағынан қораппен шектесетiн барлық ауданда торлармен нығайтылуға тиiс.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды сақтауға арналған үй-жайларға өтетiн желдеткiш қораптар мен диаметрi 200 мм-ден асатын мұржалар осы үй-жайларға кiретiн және шығатын жерде диаметрi кемiнде 10 мм шыбықтан жасалған металл торлармен немесе күзет дабылын қосу үшiн кейiннен жиектелген берiк металл тормен жабдықталуға тиiс.
Желдеткiш қораптар мен мұржалар үшiн саңылауының диаметрi кемiнде 6 мм, дабыл шлейфiнiң сымдарын тарту үшiн 100 х 100 мм ұялары бар металл түтiктен рубкадан жасалған жалған торларды пайдалануға болады.
Есiктерде, терезелерде, люктерде және басқаларында орнатылған жабылып қалатын құрылғылар ретiнде: өз-өзiнен жабылып қалмайтын ойық құлыптар, қосымша аспалы құлыптар (амбарлық бақылаушылық), iшкi iлмектер, iлмешектер, ысырмалар, шпингалеттер және басқалары қолданылады.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды сақтайтын объектiнiң кiретiн есiктерiн, сондай-ақ үй-жайлардың iшкi есiктерiн жабу үшiн жоғары құпиялы құлыптарды пайдалану қажет.
Аспалы құлыптар негiзiнен есiктердi, қақпаларды, терезе қақпақтарын қосымша жабу үшiн пайдаланылуға тиiстi. Бұл құлыптардың шыңдалған болаттан жасалған бiлеу мен қомақты корпусы болуға тиiс. Оларды орнатқан жерлерде жабылатын құрылғыларда құлыптар бiлеулерiн бұрау және егеу мүмкiндiктерiн болдырмау үшiн қорғаныш қаптар, пластиналар және басқа да құрылғылар болуға тиiс.
Тiзiмнiң III кестесiнiң есiрткi құралдары және психотроптық заттары техникалық жағынан нығайтылған үй-жайларда металл шкафтарда сақталуға тиiс. Сейфтер (металл шкафтар) жабық күйде тұруға тиiс. Жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн олар мөрленуге немесе пломбылануға тиiстi. Сейфтiң кiлттерiн, мөр мен пломбирдi материалдық жағынан жауапты адам өзiнде сақтауға тиiс.
Тiзiмнiң III кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды сақтайтын үй-жайлар мiндетті түрде көп шептегi күзет дабылымен және қауiп дабылымен жабдықталып, мiндеттi түрде iшкi iстер органдарының жанындағы күзет қызметiнiң орталық бақылау пультiне қосылып тұруға тиiс.
Есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен операциялар жүргiзетiн қызметкерлердiң жұмыс орындары, сондай-ақ қойма қауiп дабылымен жабдықталады.
Тiзiмнiң III кестесiне енгiзiлген заттар орналасқан үй-жайлар күзет және қауiп дабылымен жабдықталып, iшкi iстер органдарының жанындағы күзет қызметiнiң орталық бақылау пультiне немесе объектiнiң лицензияланған күзет қызметiнiң постысына қосылып тұрады.
90. Тiзiмнiң IV кестесiне кiретiн прекурсорларды сақтау ережелерi.
Прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайлар мынадай талаптарға сай келуге тиiс:
1) сыртқы қабырғалары күрделi болуға тиiс;
2) iшкi қабырғалары қараусыз үй-жайлармен не бөгде ұйымдарға тиесілi үй-жайлармен аралас болмауға тиiс;
3) терезе ойықтары iшкi жағынан торлармен нығайтылуға тиiс;
4) кiретiн есiктерi жөнделген, есiк қорабына жақсы кiрiгетiн, жуан, тұтас, қалыңдығы кемiнде 40 мм болып, бір-бірiнен кемiнде 300 мм аралықта орнатылған өз-өзiнен жабылып қалмайтын екi ойық құлпы болуға тиiс;
5) прекурсорлар орналасқан үй-жайлар күзет және қауіп дабылымен жабдықталып, iшкі iстер органдарының жанындағы күзет қызметiнiң орталық бақылау пультiне қосылып немесе объектiнiң лицензияланған күзет қызметiнiң постысына қосылып тұрады. Өнеркәсiп кәсiпорындарында ҚР IIМ жанындағы Мемлекеттік күзет қызметiнiң бөлiмшелерi берген күзет қызметiмен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиясы бар күзет құрылымдары болған кезде прекурсорларды пломбыланған теміржол вагондарында, контейнерлер мен цистерналарда, теміржол тұйықтарындағы кәсiпорындардың аумағында сақтауға рұқсат етiледi. Кәсiпорындар мен тұйықтардың аумақтарын қоршау ҚР IІМ нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарына сай келуге тиiстi. Күзетiлетiн аумақтың iшкі және сыртқы жарығы болуға тиiс.
91. Есепке алу және есеп беру:
1) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке лицензиясы бар заңды тұлғалар есеп беретiн тоқсаннан кейiнгi айдың 5-iне лицензиар органға белгiленген нысанда Айналым туралы есептi (5-қосымша) тоқсан сайын табыс етуге мiндеттi;
2) Тiзiмнiң I, II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар мөлшерiнiң, жай-күйiнiң өзгеруiне байланысты кез келген операция нөмiрленген, жiппен байланған, лицензиар орган жауапты адамының мөрi мен қолы қойылған арнаулы журналда тiркелуге жатады (9-қосымша). Есепке алу журналы бір жыл мерзiмге жүргiзіледi және оған соңғы жазба түскен күннен бастап бес жыл бойы сақталады;
3) заңды тұлғалар ай сайын өздерiнiң қарамағында тұрған есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды түгендеу жүргiзуге мiндеттi. Әрбір айдың бірi күнi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың нақты мөлшерi кiтаптағы қалдықпен тексерiледi және тексеру кесiмi жасалады (10-қосымша);
4) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың кiрiсi мен шығысы жөніндегі барлық құжаттар сақтауға жауапты адамда осы құжаттаманың (шот-фактуралар, жүк құжаттары, сенімхаттар және өзгелерi) толық сақтауға кепiлдiк беретiн жағдайларда болуға тиiс.
92. Қызметкерлер:
1) заңды тұлғаның басшысы лицензия талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруда дербес жауапты болады;
2) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшеге басшылықты кемiнде үш жыл жұмыс өтiмi, тиiстi білігi бар адам жүзеге асырады;
3) есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде аталған адамдарды тиiстi тексеру туралы қорытынды беретiн iшкi iстер министрлігінiң аумақтық органымен келісіледi;
4) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне байланысты есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға тiкелей рұқсаты болатын адамдарға нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдiкпен ауруының жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың iшiнде кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте жоғары қауiп көзiне байланысты қызметтi орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындысы қажет.
93. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету.
Бөлшек сауда жасайтын кәсiпорынның қызметтiң жүзеге асырылатын түрiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жинақтамасы болуға тиiс.
10. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және
прекурсорларды жоюға қойылатын біліктілік талаптары
94. Жалпы ережелер.
Қазақстан Республикасына әкелiнетiн, республика аумағында өндiрiлетiн, заңды тұлғалар сатып алатын (лицензиялары болған жағдайда) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен сапасы жөніндегі нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкес болуы тиiс.
Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасы өндiрушiнiң тиiстi құжатымен және белгiленген тәртiппен берiлген сертификатпен расталуға тиiс.
Сапасы жарамсыз немесе күмәндi есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өткізудi тоқтату есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiретiн және өткiзетiн кәсiпорындардың жұмысын қадағалайтын және бақылау жасайтын мемлекеттік органдардың мiндетi болып табылады.
95. Сапасы жарамсыз есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды белгiлеуге қойылатын талаптар:
1) меншiк нысандары мен ведомстволық тиесiлiлiгiне қарамастан, дәрiхана қоймаларында, дәрiханаларда, зерттеу ғылыми-зерттеу зертханаларында және фармацевтік өндірістерде жарамдылық мерзiмi өткен есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды анықтаған кезде, сондай-ақ оларды ерiксiз алған және жарамсыз деп тапқанда олар атқарушы, құқық қорғау органдары мен сертификаттау органдары аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiнен, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктiң жергiлiктi атқарушы органдары әкiмдерiнiң жанынан құрылған комиссияның (бұдан әрi аумақтық комиссияның) қатысуымен жойылуға жатады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жойылуға немесе ұқсатуға жататын жарамсыз есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды анықтаған кезде стандарттау және сертификаттау органы оны одан әрi өндiрудiң (өткізудiң) мүмкiн еместiгi туралы дайындаушыға (сатушыға) нұсқама бередi. Аталған орган өткізу мен қолдануға жарамсыз деп таныған есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың жарамсыздығын растайтын құжаттар кестесiн (сынақ хаттамаларын, өткізудi тоқтату туралы нұсқаманы және т.б.) бере отырып, өнiмдi жою және ұқсату жөніндегі аумақтық комиссияны жазбаша хабардар етедi;
3) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сапасы жағынан жарамсыз деп анықтау фактiсi бойынша бақылаушы орган немесе аумақтық комиссия жарамсыз өнiмдi өткізуге тыйым салу кесiмiн толтырады, онда: кесiм жасалған орны мен уақыты, сарапшы және басқа да адамдардың лауазымы, аты-жөнi, топтама, оны буып-түюдiң жай-күйi, iлеспе құжаттардың бар екендiгi, топтаманың жөнелтiлген және келген күнi, тексеру нәтижелерi туралы деректер, зертханалық зерттеуге арналған үлгiлердi таңдап алу туралы деректер көрсетiлуi, қойылған қолдар болуы, тиiс қол қойылған қатарға есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сауда желiлерiнен қайтарып алуға себеп болған мән-жайлар көрсетiледi;
4) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды қолдануға (пайдалануға) жарамсыздық туралы ақпаратты алған аумақтық комиссия қажет болған жағдайда, берiлген құжаттарда жазылған фактiлердi тексеру үшiн жергiлiктi жерде барады;
5) ұсынылып отырған материалдардың және жергiлiктi жерге жүргiзген зерттеу негiзiнде комиссия өнiм иесiнiң өтiнiшiн ескере отырып, қолдануға жарамсыз деп танылған есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды ұқсату немесе жою туралы шешiм қабылдайды.
96. Ұқсату түрлерiне:
1) шикiзат алу мақсатында өнiмдi ұқсату;
2) басқа өнiмдi алу мақсатында өнiмдi ұқсату;
3) өнiмдi қажет етiлетiн нормативтерге дейiн жеткізу мақсатында оны өңдеу жатады.
97. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды ұқсатуға жарамды деп таныған жағдайда тауар иесi ұқсатудың түрiн белгiлеуге байланысты құжаттарды (кәсiпорынмен - ұқсатушымен жасалған шарт) табыс етуге тиiс.
98. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жоюдың тәртібі:
1) материалдарды талдау және оларды қайта тексеру (қажет болған кезiнде) нәтижелерi бойынша есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жою туралы шешiм қабылданған кезде аумақтық комиссия хаттама жасайды, онда: хаттаманың жасалған күнi мен орны, тауар, тиесiлi кәсiпорынның дайындаушы (сатушының) атауы есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар жарамсыз деп танылған көрсеткiштер, жою әдiсi, мерзiмi мен орны; комиссия мүшелерiнiң аты-жөнi мен лауазымы көрсетiледi. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жоюдың орны мен әдiсiн айқындау жөніндегі мәселе Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң аумақтық органдарымен белгiленген тәртiппен келісіледi.
2) меншiк нысанына және ведомстволық тиесілiлiгiне қарамастан, емдеу-профилактикалық ұйымдарында аурулардың туыстары жоюға және жарамсыз деп тануға тапсырған жарамдылық мерзiмi өткен, есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар, сондай-ақ арнайы рецептуралық бланкiлер мен есiрткi құралдарынан босаған бос ампулалар айына бір рет iшкi iстер және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары өкiлдерiнiң қатысуымен жинақталу дәрежесiне қарай емдеу-профилактикалық ұйымның жанынан құрылған комиссияның жоюына жатады.