6) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өндiрiс мұқтаждарынан артық мөлшерде сақтауға жол берiлмейдi.
56. Үйлерге (үй-жайларға) қойылатын талаптар:
1) өндiрiстiк кәсiпорын өртке қарсы қауiпсiздiк ережелерiнiң санитарлық нормалар мен талаптарына сай келетiн үйлерде орналасуға тиiс;
2) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды өндiрушi-кәсiпорындардың басқа үй-жайлардан оқшауланған өндiрiстiк үй-жайлары, сондай-ақ есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды және олардан алынған дайын өнiмдi сақтауға және сатуға арналған үй-жайлары болуға тиiс;
3) өндiрiстiк үй-жайлар, есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ олардан алынған дайын өнiмдi сақтауға және сатуға арналған үй-жайлар жұмыс аяқталғаннан кейiн жабылып, мөрленуге тиiстi;
4) Тiзiмнiң II кестесiне енгiзiлген есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар мен құрамында жоғарыда көрсетiлген заттар бар дайын өнiм мөрленетiн сейфтерде сақталуға жатады;
5) Тiзiмнiң III кестесiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және құрамында жоғарыда көрсетiлген заттар бар дайын өнiмдi шкафтарда және арнайы жабдықталған сөрелерде сақтауға рұқсат етiледi.
57. Тiзiмнiң II, III және IV Кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды және құрамында жоғарыда аталған заттар бар дайын өнiмдi сақтауға арналған үй-жайлар Мемлекеттік күзет қызметi не Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі (бұдан әрi - ҚР IIМ) берген күзет қызметiмен айналысу құқығына лицензиясы бар мемлекеттік емес күзет құрамалары күштерiнiң күзетiлуiне мiндеттi түрде жатады.
Техникалық берiктiгi және күзет, өртке қарсы және дабыл беру құралдарымен жарақтандырылуы ҚР IIМ нормативтiк кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Өндiрушi-кәсiпорынның аумағын және оған тиiстi темір жолдардың тұйықтарын қоршау объектiлердiң осы санатына қойылатын ҚР IIМ нормативтiк кесiмдерiнiң талаптарына сай келуге тиiс.
Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар өндіру және өңдеу жөніндегі өндірістік үй-жайларын жоспарлау:
қолда бар есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ олардан дайындалған өнiмдi сақтауды;
технологиялық жағынан байланысқан үй-жайлар арасындағы қысқа қашықты процестiң тасқындылығын;
технологиялық тасқындардың жолы кесiлуiн болдырмауды;
тазалығы бірдей дәрежедегi үй-жайларды барынша топтастыруды;
бастапқы шикiзаттың, жартылай өнiмдер мен дайын дәрi-дәрмек құралдарының әр алуан түрлерi мен серияларының араласып кетуiн болдырмауды;
бастапқы шикiзатты, жартылай өнiмдер мен дайын дәрi-дәрмек құралдарын қозғаған кезде ластанудан қорғауды қамтамасыз етуге тиiстi.
58. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды дайындауға, ұқсатуға және сақтауға арналған өндiрiстiк үй-жайларда: желдетудiң, су құбырының, кәрiздiң жеке жүйесi, ауаны жаңарту қондырғылары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар болуға тиiс.
59. Есепке алу және есеп беру:
1) есiрткi құралдары психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында қызметке лицензиясы бар заңды тұлғалар тоқсаннан кейiнгi келесi айдың 5-iне лицензиар органға белгiленген нысан бойынша Айналым туралы есептi (4-қосымша) тоқсан сайын табыс етiп отыруға мiндеттi;
2) Тiзiмнiң II, III, IV Кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар мөлшерiнiң, жәй-күйiнiң өзгеруiне байланысты кез келген операция арнаулы журналда тiркелiп, нөмiрленген, жiппен байланған, лицензиар орган жауапты адамының мөрi мен қолы қойылған арнаулы журналда (9-қосымша) тiркелуге жатады. Есепке алу журналы бір жыл мерзiмге жүргiзiледi және оған соңғы жазба түскен күннен бастап он жыл бойы сақталады;
3) заңды тұлғалар әрбір айдың бірi күнi өздерiнiң қарамағында тұрған есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды түгендеу жүргiзуге мiндеттi. Нақты мөлшерi кiтаптағы қалдықпен тексерiледi және тексеру кесiмi жасалады (10-қосымша). Нәтижелердiң алшақтығы немесе сәйкес келмеуi лицензиардың және жоғары тұрған ведомствоның назарына жеткiзiледi;
4) кәсiпорындағы есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың кiрiсi мен шығысы жөніндегі барлық құжаттар оларды сақтауға жауапты адамда осы құжаттаманың (шот-фактуралары, жүк құжаттары, сенімхаттар және басқалары) толық сақталуына кепiлдiк беретiн жағдайларда болуға тиiс.
60. Қызметкерлер:
1) заңды тұлғаның басшысы лицензия талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде көрсетiлген адамдарды тиiстi тексеруi туралы қорытынды беретiн аумақтық iшкi iстер органдарымен келісіледi;
3) есiрткі құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға рұқсаты бар адамдарға нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдiкпен ауруының жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың iшiнде жоғары қауiп көзiне байланысты кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындылары қажет.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды ұқсатуды, өндiрудi, сақтауды, сатуды жүзеге асыратын өндiрiсте тiкелей жұмыс iстейтiн мамандар бес жылда бір рет біліктілігiн арттыру курсынан өтуге тиiс.
61. Өндiрiс жабдықтарына және процесiне қойылатын талаптар.
Өндiрiс жабдықтары және процесi техникалық регламентке, техникалық шарттар мен жабдықтарды пайдалану паспортына сәйкес келуге, сондай-ақ есiрткi құралдарын, психотроптық заттардың және прекурсорлардың және олардан алынған дайын өнiм сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.
62. Нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету.
Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды дайындаумен, ұқсатумен айналысатын өндiрушi кәсiпорында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттардың жинағы, оның iшiнде, өндiрiс әдiстерiн, техникалық нормативтердi, техникалық құралдарды, технологиялық процестер мен сапаға бақылау жүргiзудiң шарттары мен тәртібін технологиялық регламент, ФС, техникалық шарттар, мемлекеттік стандарттар белгiлейтiн, болуға тиiс.
7. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды
сатуға қойылатын біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінiң 23.05.01 ж. № 695 қаулысымен 63-тармақ өзгертілді
63. Көтерме сатуға қойылатын талаптар.
Жалпы ережелер:
1) көтерме сауда - есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сатып алуға, сақтауға, әкелуге (әкетуге), тасымалдауға, жоюға және көтерме сатуға байланысты қызмет;
2) көтерме сауданы заңды тұлғалар көтерме сауда кәсiпорындары (дәрiхана қоймалары, химреактивтер дүкендерi және басқалары) арқылы жүзеге асырады;
3) көтерме сауда кәсiпорындары есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды тиiстi ведомстволар белгiлеген тiзбеге және бекіткен нормативтерге сәйкес сата алады;
4) көтерме сауда кәсiпорындарының есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында жұмыс iстеу құқығына лицензиясы бар заңды тұлғалар:
өндiрушi ұйымдарға;
көтерме сауда кәсіпорындарына (дәріхана қоймаларына, химреактивтер дүкендерiне және т.б.);
дәрiханаларға, дәрiхана пункттерiне, оның iшiнде мал дәрiгерлiк пункттерге;
ғылыми-зерттеу жұмыстары үшiн ғылыми-зерттеу мекемелерiне;
сарапшылық және криминалистiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға;
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға ғана сатуға құқығы бар.
медициналық ұйымдарға.
64. Сақтайтын үй-жайларға қойылатын талаптар:
1) көтерме сауда жасайтын кәсiпорындарда есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайлары басқа сақтау үй-жайларынан оқшау болуға тиiс;
2) Тiзiмнiң I, II кестелерiне енгiзілген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды сақтауға арналған үй-жайлар iшкi iстер органдары жанындағы Мемлекеттік күзет қызметi бөлiмшелерi күштерiнiң не күзет қызметi құқығына лицензиясы бар мемлекеттік емес күзет құралымдарының күзетуiне мiндетті түрде жатады;
3) Тiзiмнiң III және IV кестелерiне енгiзiлген есiрткі құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайлар iшкi iстер органдары жанындағы Мемлекеттік күзет қызметi бөлiмшелерi күштерiнiң не күзет қызметi құқығына лицензиясы бар мемлекеттік емес күзет құралымдарының мiндеттi түрде күзетуiне жатады.
65. Техникалық берiктiгi және күзет, өртке қарсы және дабыл беру құралдарымен жарақтандырылуы ҚР IIМ нормативтiк кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
66. Тiзiмнiң I, II кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдары және психотроптық заттар сейфтерде сақтауға жатады.
67. Тiзiмнiң III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды жабылатын шкафтарда және арнайы жабдықталған сөрелерде сақтауға рұқсат етiледi.
68. Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар субстанцияларды буып-түйген кезде ыдыстар мен мүкәммалды жуу үшiн жеке үй-жай қосымша көзделуi тиiс.
69. Көтерме сауда кәсiпорындарының аумағын қоршау ҚР IIМ нормативтiк кесiмдерiнiң талаптарына сай келуге тиiс.
70. Есепке алу және есеп беру:
1) есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында қызметке лицензиясы бар заңды тұлғалар есеп беретін тоқсаннан кейінгі келесі айдың 5-іне лицензиар органға белгіленген нысан бойынша Айналым туралы есепті (4-қосымша) тоқсан сайын табыс етуге мiндеттi;
2) Тiзiмнiң I, II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар мөлшерiнiң, жай-күйінiң өзгеруiне байланысты кез келген операция нөмiрленген, жiппен байланған, лицензиар орган жауапты адамының мөрi мен қолы қойылған арнаулы журналда тiркелуге жатады (9-қосымша). Есепке алу журналы бір жыл мерзiмге жүргiзiледi және оған соңғы жазба түскен күннен бастап бес жыл бойы сақталады;
3) заңды тұлғалар әрбір айдың бірi күнi өздерiнiң қарамағында тұрған есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды түгендеу жүргiзуге мiндеттi. Нақты мөлшерi кiтаптағы қалдықпен тексерiледi және тексеру кесiмi жасалады (10-қосымша). Нәтижелердiң алшақтығы немесе сәйкес келмеуi лицензиардың және жоғары тұрған ведомствоның назарына жеткiзiледi;
4) көтерме сауда кәсiпорындардағы есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың кiрiсi мен шығысы жөніндегі барлық құжаттар оларды сақтауға жауапты адамда осы құжаттаманың (шот-фактуралар, жүк құжаттары, сенімхаттар және өзгелерi) толық сақталуына кепiлдiк беретiн жағдайларда болуға тиiс.
71. Қызметкерлер:
1) заңды тұлғаның басшысы лицензия талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде аталған адамдарды тиiстi тексеру туралы қорытынды беретiн iшкi iстер органдарының аумақтық органымен келісіледi;
3) есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға рұқсаты бар адамдарға нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдiкпен ауруының жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың арасында жоғары қауiп көзiне байланысты кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындысы қажет.
72. Жабдықтармен жарақтануы:
1) көтерме сауда жасайтын кәсiпорынның орындайтын мiндеттерiне сәйкес жабдықтары мен мүкәммалы және оған қосымша:
сейфтерi;
жабылатын темір және ағаш шкафтары болуға тиiс.
2) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар субстанцияларды буып-түюге байланысты жұмыстарды орындау кезiнде қосымша:
буып-түю, ұсату, таразыға тарту, өлшеу үшін пайдаланылатын өндірістік жабдықтары болуға;
жұмыс орны кеңейетін шкафпен жабдықталуға тиіс.
73. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету.
Көтерме сауда жасайтын кәсiпорында қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттар болуға тиiс.
74. Бөлшек саудада қойылатын талаптар.
Жалпы ережелер:
1) бөлшек сауда - бұл бөлшек сауда желісі арқылы (дәрiханалар, дүкендер және т.б.) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды заңды және жеке тұлғаларға сатып алуға, сақтауға және сатуға байланысты жұмыстардың жиынтығы;
2) Тiзiмнiң II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен бөлшек сауда жасауға дәрiгердiң тағайындауымен, дайын дәрi-дәрмектiк нысандар түрiнде, оларды осы мақсаттарда пайдалануға жауап беретiн мөлшерде ғана рұқсат етiледi;
3) Тiзiмнiң IV кестесiне енгiзiлген прекурсорлармен заңнамада белгiленген ережелерге және тiзбеге сәйкес бөлшек сауда жасайтын кәсіпорындар (дүкендер) арқылы бөлшек сауда жасауға рұқсат етіледі;
4) Тiзiмнiң I кестесiне енгiзiлген есiрткi, психотроптық заттармен сауда жасауға тыйым салынады.
75. Yй-жайларға қойылатын талаптар:
1) Тiзiмнiң II кестесiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтау мен сатуға арналған үй-жайлар ҚР IIМ берген күзет қызметiмен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиясы бар Мемлекеттік күзет қызметiнiң күзетуiне мiндеттi түрде жатады;
2) Тiзiмнiң III және IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтау мен сатуға арналған үй-жайлар Мемлекеттік күзет қызметiнiң немесе ҚР ІIМ берген күзет қызметiмен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиясы бар Мемлекеттік емес күзет құрамалары күштерiнiң күзетуiне мiндеттi түрде жатады;
3) техникалық берiктiгi және күзет, өртке қарсы және дабыл беру құралдарымен жарақтандырылуы ҚР IIМ нормативтiк кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс;
4) Тiзiмнiң II кестесiне енгiзілген есiрткi құралдары және психотроптық заттар сейфтерде сақталуға жатады.
76. Есепке алу және есеп беру:
1) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында қызметке лицензиясы бар заңды тұлғалар есеп беретiн тоқсаннан кейiнгi келетiн айдың 5-iне лицензиар органға белгiленген нысан бойынша Айналым туралы есептi (4-қосымша) тоқсан сайын табыс етуге мiндеттi;
2) Тiзiмнiң I, IІ кестесiне енгiзiлгенi есiрткi құралдары, психотроптық заттар мөлшерiнiң, жай-күйiнiң өзгеруiне байланысты кез келген операциялар нөмiрленген, жiппен байланған, лицензиар органның жауапты адамының мөрi мен қолы қойылған арнаулы журналда тiркелуге жатады (9-қосымша). Есепке алу журналы бір жыл мерзiмге жүргiзiледi және оған соңғы жазба түскен күннен бастап бес жыл бойы сақталады;
3) заңды тұлғалар әрбір ай сайын өздерiнiң қарамағында тұрған есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды түгендеу жүргiзуге мiндеттi. Әрбір айдың бірi күнi есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың нақты мөлшерi кiтаптағы қалдықпен тексерiледi және тексеру кесiмi жасалады (10-қосымша);
4) қоймадағы есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың кiрiсi мен шығысы жөніндегі барлық құжаттар оларды сақтауға жауапты адамда осы құжаттаманың (шот-фактуралар, жүк құжаттары, сенімхаттар және басқалары) толық сақталуына кепiлдiк беретiн жағдайларда болуға тиiс.
77. Қызметкерлер:
1) заңды тұлғаның басшысы лицензия талаптарын орындалуына бақылауды жүзеге асыруда жауапты болады;
2) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды сақтау мен сатуды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшеге басшылықты тиiстi білігi, кемiнде үш жыл жұмыс өтілі бар адам жүзеге асырады;
3) есiрткi құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде аталған адамдарды тиiстi тексеру туралы қорытынды беретiн iшкi iстер органдарының аумақтық органымен келісіледi;
4) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне байланысты тiкелей есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға рұқсаты бар адамдарға нашақорлықпен, уытқұмарлықпен, созылмалы маскүнемдiкпен ауруының жоқтығы туралы, сондай-ақ олардың кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте жоғары қауiп көзiне байланысты қызметтi орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқтығы туралы психиатр және нарколог дәрiгерлердiң қорытындысы қажет.
78. Жабдықтармен жарақтануы:
1) бөлшек сауда жасайтын кәсiпорынның орындайтын мiндеттерiне сәйкес жабдықтары мен мүкәммалы және оған қосымша:
сейфтерi;
жабылатын темір және ағаш шкафтары болуға тиiс.
2) дәрi-дәрмектiк құралдарды дәрiхана жағдайларында дайындау, құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар субстанцияларды буып-түюге байланысты жұмыстарды орындау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелері сақталуға тиіс.
79. Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету.
Бөлшек сауда жасайтын кәсiпорында қызметтің осы түрiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тиiстi құжаттардың жинағы болуға тиіс.
8. Құрамында есiрткі құралдары психотроптық заттар және
прекурсорлар бар дәрi-дәрмектiк өсiмдiктердi өсiруге қойылатын
біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 261 қаулысымен 80-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
80. Жалпы ережелер.
1) өсiру - бұл осы өсiмдiктiң технологиялық регламентi негiзiнде өсiмдiктi егуге, өсiруге, дайындауға (жинауға), ұқсатуға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға байланысты жұмыстардың жиынтығы. Технологиялық регламент заңнамада белгiленген тәртiпте бекiтіліп, мынадай мәлiметтердi: құрамында есiрткi құралдары бар өсiмдiк өсетiн жер учаскесінiң көлемi (жер пайдалану кесiмiн);
құрамында есiрткi заттар бар жабайы өсетiн өсiмдiктердi дайындауға рұқсат етiлген жер учаскесiнiң көлемi;
дайындау кезеңiн;
технологиялық өңдеудi;
технологиялық жинауды;
жиналған шикiзатты алғашқы ұқсатуды;
техникалық-экономикалық негiздеменi;
көк массаны есепке алуды (егiннiң есебiн);
шикiзаттың шығуын есепке алуды;
әрбір технологиялық операция кезіндегі шығынның нормасын;
мөлшерлiк құрамды белгiлеу және осы өсiмдiктiң сапасы бойынша сынаулар жүргiзу жөніндегі нормативтiк техникалық құжаттаманы:
кептiруге арналған үй-жайға қойылатын талаптар тәртібін;
есепке алу тәртібін;
буып-түю, таңбалау шарттарын;
сақтауға арналған үй-жайларға қойылатын талаптар тәртібін;
тасымалдау тәртібін;
өткізу тәртібін қамтуға тиiс.
2) құрамында есiрткi құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинауға мемлекет белгiлеген квоталардан аспайтын көлемде заңды тұлғаларға ғана рұқсат етiледi;
3) апиын көкнәрiн, кокаин бұтасы мен қарасораны (каннабисiн) Қазақстан Республикасының аумағында есiрткi дәрi-дәрмек құралдарын дайындау мақсатында өсiру мен жинауға тиiстi лицензиар орган берген осы қызметтiң түрiне лицензия болған кезде ғылыми және оқу мақсаттарында пайдаланудан басқасына, тыйым салынады;
4) құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинауға лицензия беру және оларды тек өнеркәсiптiк және медициналық мақсаттарда ғана пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитеті тиiсiнше Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен немесе Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен келiсе отырып белгiлеген мемлекеттік квоталар шегiнде белгiлейдi;
5) апиын көкнәрiн, кокаин бұтасы мен қарасораны (каннабисiн) есiрткi дәрi-дәрмек құралдарын дайындау мақсатында өсiру мен жинауға тыйым салынады;
6) апиын көкнәрiн, кокаин бұтасы мен қарасорасын (каннабисiн) ғылыми және оқу мақсаттарында пайдалану шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен келiсе отырып белгiлеген мемлекеттік квоталар шегiнде белгiлейдi;
7) есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды белгiленген квотадан асатын мөлшерлерде шоғырландыруға рұқсат берiлмейдi. Лицензияны ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi лицензиарға қолданылып жүрген заңнамада көзделген құжаттарды және, лицензияның көшiрмесiн немесе лицензиар органның қызметтiң негiзгi түрiн жүзеге асыру құқығына рұқсатын қосымша табыс етедi.
Бір заңды тұлғаға берiлген лицензия басқа заңды тұлғаға онда қызметтiң осындай түрiне лицензия болуына қарамастан, берiлмейдi.
81. Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар өсiмдiк шикiзатын өсiруге қойылатын талаптары.
Өсiру, жинау және дайындау, сақтау мен тасымалдау ережелерiнiң орындалуына бақылау жасау заңды тұлғаның басшысына жүктеледi.
Лицензияны алу үшiн өтiнiш берушi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау жөніндегі комитетiне мынадай құжаттарды табыс етедi:
1) өтiнiш;
2) қызметтің негiзгi түрiн жүзеге асыруға лицензияның көшiрмесi немесе уәкiлеттi органның рұқсаты;
3) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен немесе Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен өсiмдiк шикiзатын ғылыми және оқу мақсаттарында не медициналық мақсаттарда пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісім хат табыс етеді;
4) Агенттік лицензия беру қажетті БҰҰ конвенцияларында көзделген қосымша құжаттарды сұратып алуға құқылы.
82. Өсiмдiк шикiзатын сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
1) құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiк шикiзатын дайындау, өндiру және сақтау Мемлекеттік күзет қызметiнiң немесе ҚР IIМ берген күзет қызметiмен айналысу құқығына мемлекеттік лицензиясы бар Мемлекеттік емес күзет құрамаларының күзетiнде болатын учаскелер мен үй-жайларда жүзеге асырылуға тиiс;
2) техникалық берiктiгi, оны дайындау кезеңіндегі күзет түрi (сыртқы күзет, егiстiктердiң күзетi) және оның күзет, өртке қарсы және дабылы беретiн құралдарымен жарақтандырылуы ҚР IIМ нормативтiк кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс;
3) жабайы өсетiн өсiмдiктердi өсiретiн немесе жинайтын аумақты қоршау ҚР IIМ нормативтiк кесiмдерiнiң талаптарына сай келуге тиiс;
4) құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiк шикiзатын ұқсату мен сақтауға арналған стационарлық өндiрiстiк үй-жайлардың желдетудiң су құбырының, кәрiзiнiң, жеке жүйесi, кондиционерлiк қондырғылары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлары болуға тиiс.
83. Есепке алу және есеп беру:
1) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында қызметке лицензиясы бар заңды тұлғалар есеп беретiн тоқсаннан кейiнгi айдың 5-iне лицензиар органға белгiленген нысан бойынша Айналым туралы есептi (4-қосымша) тоқсан сайын табыс етуге мiндеттi;
2) Тiзiмнiң II, III, IV кестелерiне енгiзiлген есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар мөлшерiнiң, жай-күйiнiң өзгеруiне байланысты кез келген операция нөмiрленген, жiппен байланған, лицензиар орган жауапты адамының мөрi мен қолы қойылған арнаулы журналда тiркелуге жатады (9-қосымша). Есепке алу журналы бір жыл мерзiмге жүргiзiледi және оған соңғы жазба түскен күннен бастап он жыл бойы сақталады;
3) заңды тұлғалар әрбір айдың бірi күнi өздерiнiң қарамағында тұрған есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды түгендеу жүргiзуге мiндеттi. Нақты мөлшерi кiтаптағы қалдықпен тексерiледi және тексеру кесiмi жасалады (10-қосымша). Нәтижелердiң алшақтығы немесе сәйкес келмеуi лицензиардың және жоғары тұрған ведомствоның назарына жеткiзiледi;
4) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың кiрiсi мен шығысы жөніндегі барлық құжаттар оларды сақтауға жауапты адамда осы құжаттаманың (шот-фактуралар, жүк құжаттары, сенімхаттар және т.б.) толық сақталуына кепiлдiк беретiн жағдайларда болуға тиiс.
84. Қызметкерлер:
1) заңды тұлғаның басшысы лицензия талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыруда дербес жауапты болады;
2) есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi тiзiмде аталған адамдарды тиiстi тексеру туралы қорытынды беретiн iшкi iстер органдарының аумақтық органымен келісіледi;