2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 450-қосымша)
(үзінді)
Осы редакция 2007 жылғы 13 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
450-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
450-ҚОСЫМША
690 - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Сайлау өткізуді ұйымдастыру»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4448781 мың теңге (төрт миллиард төрт жүз қырық сегіз миллион жеті жүз сексен бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы» 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты штатының саны туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қазандағы № 1108 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының, мәслихаттар депутаттарының және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын өткізуді ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Парламент депутаттарының, мәслихаттар депутаттарының және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізуді іске асыру, сайлау өткізу кезінде аумақтық, округтік және учаскелік комиссияларға басшылықты жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Сайлау өткізуді ұйымдастыру | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Республика аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, оның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету. Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру, Парламент Сенаты депутаттарының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасау. Сайлау комиссияларына сайлау жөнінде басшылық жасауды жүзеге асыру, олардың арасында сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген республикалық бюджет қаражатын бөлу. | Жыл бойы | Орталық сайлау комиссиясы |
3 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мынадай тақырыптар бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу: - бюджеттеу, жоспарлау және орындалуын бақылау; - мемлекеттік сатып алу; - құжаттау, ұйымдардың құжаттамасын басқару және құжаттарын сақтау, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге көшу; - кадр қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және кадр құжаттарын заңгерлік қамтамасыз ету. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету. | Жыл бойы | Орталық сайлау комиссиясы |
4 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Мамандандырылған жабдықтарға, есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсету және жетілдіру. «Сайлау» ААЖ, «Лука бюджет», «Қаржыландыру жоспары», «Бюджеттік процесс мониторингі» ақпараттық жүйелерін техникалық және технологиялық қамтамасыз ету. Желілерді әкімшіліктендіру жөніндегі қызметтерді, «Сайлау» ААЖ деректерін беру желісіне және орталық аппараттың Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін және «Сайлау» ААЖ жұмысын толық қамтамасыз ету үшін қызметтерді сатып алу. Шығыс материалдары мен жиынтықтаушы қосалқы бөлшектерді; техникалық құралдарды (серверлерді); лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу - 1-тоқсан. | Жыл ішінде | Орталық сайлау комиссиясы |
5 | | 100 | Сайлау өткізу | Шығып қалғандардың орнына Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарын сайлауды, мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру, соның ішінде: сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның қызметіне, үй-жайларды жалға алуға, іссапар шығыстарына, консультанттарға, сарапшыларға еңбекақы төлеуге; кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздеріне; сайлау алдындағы көпшілік шараларын өткізуге; көлікке жұмсаған шығындарын жабу. Сайлау комиссияларының мүшелерімен сайлауды әзірлеу мен өткізу жөнінде екі семинар және оқу өткізу. | Жыл бойы | Орталық сайлау комиссиясы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- Қазақстан Республикасында сайлау туралы заңнаманың бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету;
- Орталық сайлау комиссиясы аппаратының қызметкерлері мен мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру;
- саны 30 аппарат қызметкеріне мемлекеттік тілді, саны 20 адамға ағылшын тілін оқыту.
Түпкі нәтиже:
- сайлауды сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өткізу;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырудағы қажеттілікті - 8 пайызға, мемлекеттік тілді оқытудағы қажеттілікті - 59 пайызға, ағылшын тілін оқытудағы қажеттілікті 39 пайызға қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- бюджет қаражатын сайлауды өткізу жөніндегі іс-шараларға жұмсалатын қаржы қаражатын тиімді пайдалану;
- бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығындар - 50,4 мың теңге;
- бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 53,0 мың теңге;
- бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 16,5 мың теңге;
- бюджет қаражатын уақтылы және толық игеру.
Уақтылығы:
- іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес жүзеге асыру.
Сапасы:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық сайлау және сайлану құқығын іске асыруын қамтамасыз ету;
- қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес сайлау комиссиясы мүшелерінің, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру;
- мемлекеттік тілді үйрену курсынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 20 пайыз іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін болады;
- ағылшын тілін үйрену курсынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 10 пайыз ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін болады;
- біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің 10 пайыз жоғары кәсібилікпен жұмыс істейтін болады.