3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті деңгейде медициналық көмекке қол жетімдігі.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерінде медициналық көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстардың бюджеттеріне, Астана қаласының бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттер аудару: Денсаулық сақтау объектілерінің уақтылы іске қосылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстарының және Астана қаласының әкімдіктері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 15 объектіні пайдалануға беру және жұмыс істеуі, оның ішінде облыстар бойынша:
Ақмола облысы - Көкшетау қаласындағы Қ.Құрманбаев атындағы облыстық туберкулез диспансерінің 70 төсектік балалар бөлімшесінің корпусы;
Ақтөбе облысы - Байғанин ауданының Байғанин ауылында ауысымда 200 адам қабылдайтын емханасы бар 60 төсектік Байғанин аудандық орталық ауруханасы және Шалқар ауданының Шалқар қаласында балалар және әйелдер консультациясы, 30 төсектік күндізгі стационары мен балалар сүтханасы бар ауысымда 250 адам қабылдайтын аудандық орталық емханасы;
Батыс Қазақстан облысы - Зеленов ауданының Дарьинск селосында 50 төсектік туберкулез ауруханасы және Ақжайық ауданының Чапаев селосында 50 төсектік туберкулез ауруханасы;
Жамбыл облысы - Мойынқұм ауданының Мойынқұм ауылында 40 төсектік туберкулез ауруханасы және Рысқұлов ауданының Құлан ауылында 40 төсектік туберкулез диспансері;
Қостанай облысы - Қостанай ауданының Затобол кентінде 100 төсектік туберкулез ауруханасы;
Қызылорда облысы - Жаңақорған кентінде 190 төсектік аудандық орталық аурухана және Арал қаласында ауысымда 300 адам қабылдайтын емхана;
Маңғыстау облысы - Қарақиян ауданының Жетібай ауылында 100 төсектік Жетібай аудандық ауруханасы;
Оңтүстік Қазақстан облысы - Сайрам ауданының Ақсу кентінде 80 төсектік туберкулез ауруханасы және Отырар ауданының Шәуілдір ауылында 50 төсектік туберкулез ауруханасы;
Астана қаласы - Орынбор көшесінде орналасқан амбулаториялық-емханалық кешен (ауысымда 350 адам қабылдайтын ересектер емханасы, ауысымда 150 адам қабылдайтын балалар емханасы), Оңтүстік-Шығыс ауданында амбулаториялық-емханалық кешен (ауысымда 350 адам қабылдайтын ересектер емханасы, ауысымда 150 адам қабылдайтын балалар емханасы).
Түпкі нәтиже: жергілікті деңгейде медициналық көмекке қол жетімділікті қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2007 жылы іске қосуға көзделіп отырған амбулаториялық-емханалық корпусының жұмыс істеуіне жұмсалатын орташа шығыстар - 55906,0 мың теңге, туберкулез ұйымдарының - 13619,3 мың теңге, орталық аудандық аурухананың - 5279,4 мың теңге және емхананың - 1460,9 мың теңге.
Уақтылығы: әкімнің шешіміне сәйкес іске қосу.
Сапасы: аталған өңірдегі халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасын ұлғайту.
Ескертпе:
*) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен түсетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
316-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7598597 мың теңге (жеті миллиард бес жүз тоқсан сегіз миллион бес жүз тоқсан жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 26-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 4 маусымдағы 2003 жылғы Заңы; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысы; «Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2006-2007 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1296 қаулысы;
«Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 962 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың денсаулығын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықты вакциналармен және басқа да медициналық иммундық-биологиялық, туберкулезге қарсы, сусамырға қарсы препараттармен және онкологиялық және онкогематологиялық науқастарды емдеуге арналған химиялық препараттармен, бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар науқастарға арналған шығыс материалдары бар диализаторлармен және бүйрегі ауыстырылып қондырылғаннан кейін науқастарға арналған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; халықтың вакциналауды жұқпалы аурулармен аурушаңдығының алдын алу және азайту, туберкулез ауруы көрсеткіштерін тұрақтандыру мен төмендету; онкологиялық және онкогематологиялық сырқаттардың өмір сүру ұзақтығын және айығуын арттыру және өлім-жітім көрсеткішін азайту; сусамырмен ауыратындардың асқынуларын, мүгедектігі мен қайтыс болу санын азайту; гемодиализ жүргізу жолымен созылмалы бүйрек кемістігі бар науқастардың өмірін ұзарту және операция алдында дайындау; бүйрек кемістігі бар науқастарда ауыстырып қондырылған бүйректің сәйкес келмеуінің алдын алу және толық ремиссияның (айығу) жиілігін арттыру, АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын балаларды вирусқа қарсы профилактикалық емдеумен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | | | |
2 | | 100 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қаласының бюджеттеріне халыққа иммунды алдын алу жүргізу үшін вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. Халыққа иммундық алдын алу жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарын вакциналармен және басқа иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
3 | | 101 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне туберкулезге қарсы препараттарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттерді аудару. Туберкулезбен ауыратын сырқаттар үшін туберкулезге қарсы препараттарды, оның ішінде туберкулездің мультирезистентті нысанын емдеу үшін және диспансерлік топтағы (виражды, гиперсезімталды, байланысты) балаларды химиялық алдын алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
4 | | 102 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне диабетке қарсы препараттарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттерді аудару. Сусамырға қарсы препараттарды, жеткізу құралдарын сатып алуға және олармен сусамырмен ауыратындарды қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
5 | | 103 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне онкологиялық ауруларға химиялық препараттарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттерді аудару. Онкологиялық науқастарды емдеуге арналған химиялық препараттарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
6 | | 104 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бүйрегі жетімсіз ауруларға дәрілік заттарды, диализаторларды, шығыс материалдарының және бүйрегі трансплантацияланғаннан кейінгі аурулар үшін дәрілік заттар сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджетке, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттерді аудару. Бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар науқастар үшін шығыс материалдарымен диализаторларды, жиынтық және иммундық-супрессивтік препараттарды сатып алуға, сондай-ақ бүйректі ауыстырып қондыру операциясы жасалған науқастарды иммундық- супрессивтік препараттармен қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
7 | | 105 | Лейкемиямен ауыратын балалар үшін дәрілік заттарды сатып алуға Қарағанды облысының облыстық бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қарағанды облысының бюджетіне нысаналы трансферттерді аудару. Лейкемиямен ауыратын балалар үшін дәрілік заттарды сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысының әкімі |
8 | | 106 | Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне ВИЧ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауырған балаларды емдеу үшін дәрілік заттар сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын балаларды емдеу үшін дәрілік заттарды сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Оңтүстік Қазақстан облысында АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын балаларды дәрілік заттармен қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 18 жасқа дейінгі балалар мен ересек адамдардың жекелеген санаттарын вакциналауды қамтуды 95%-ға жеткізу; болжамды түрде 4 742 940 адамды вакциналау үшін вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды, 50 351 науқас үшін туберкулезге қарсы препараттарды және 159 893 жасөспірімдер мен балаларға химиялық профилактика жүргізуге; 32 725 инсулинге тәуелді сусамырмен ауыратындарға сусамырға қарсы препараттарды; 6278 онкологиялық науқастар үшін химиялық препараттарды, жіті және созылмалы бүйрек кемістігі бар 1 002 науқас үшін дәрі-дәрмектерді, диализаторлар мен шығыс материалдарын және бүйректі ауыстырып қондырғаннан кейін 203 науқас үшін дәрі-дәрмектерді сатып алуға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді уақтылы аудару, Қарағанды қаласы облыстық балалар ауруханасы онкогематологиялық бөлімшесінде ем алатын лейкемиямен ауыратын 15 бала үшін дәрілік заттарды сатып алу, бұл аталған ауру кезінде балалардың оңалуын арттырып, өлім-жітімді азайта отырып, емдеудің болжамын өзгертуге ықпал етеді, Оңтүстік Қазақстан облысындағы АҚТҚ жұқтырған 100 баланы емдеу ағымдағы нысаналы трансферттерді уақытылы аудару.
Түпкі нәтиже: вакцинамен басқарылатын ауруларды азайту, туберкулезбен, сусамырмен, жіті және созылмалы бүйрек кемістігі бар науқастардың асқынуларын, мүгедектігі мен қайтыс болуын азайту; онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратындардың өмірін ұзарту, АҚТҚ жұқтырылған және ЖҚТБ-мен ауыратын балалардың денсаулығын қолдау және өлім-жітімінің алдын алу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: вакциналар мен басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар 1 вакцина жасауға - 0,2 мың теңгені; 1 науқасты емдеуге арналған дәрілік препараттарды сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар: туберкулезге қарсы - 23,6 мың теңгені, химиялық профилактика жүргізуге - 0,09 мың теңге; инсулинге - 53,9 мың теңге; химиялық препараттарға - 279,8 мың теңгені; жіті және созылмалы бүйрек кемістігі бар науқастар үшін дәрі-дәрмектерді, диализаторлар мен шығыс материалдарын - 742,5 және бүйректі ауыстырып қондырғаннан кейін науқастар үшін дәрі-дәрмектерді сатып алуға орташа шығыстар - 1 713,6 мың теңгені құрайды.
Қарағанды қаласының облыстық балалар ауруханасының онкогематологиялық бөлімшесінде ем алатын лейкемиямен ауыратын балалар үшін дәрілік заттарды сатып алуға жұмсалатын орташа шығыстар - 1 088 мың теңгені құрайды, АҚТҚ жұқтырған бір баланы емдеуге жұмсалатын орташа шығыстарды 1078,5 мың теңге құрайды.
Сапасы: негізделген шағымдардың болмауы.
Ескерту: *) республикалық бюджеттің трансферттерін игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру, сандық және сапалық көрсеткіштер жөніндегі іс-шаралардың тізбесі тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
317-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық санитарлық-эпидемиологиялық орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 029 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1805710 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз бес миллион жеті жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: зертханалық зерттеулер жүргізудің сапасын арттыру, халықтың денсаулық жағдайы мен қоршаған орта факторлары әсерінің арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындау, қазіргі заманғы зерттеу стандарттарын енгізу мен пайдалануға негізделген сапалы жаңа санитарлық эпидемиологиялық сараптау деңгейіне көшу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 029 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық санитарлық-эпидемиологиялық орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге нысаналы ағымдағы трансферттер аудару. Астана мен Алматы қалаларының және Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 36 ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарын жаңғырту | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Астана мен Алматы қалаларының және Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге Астана мен Алматы қалаларының және Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 36 ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарын жарақтандыруға нысаналы ағымдағы трансферттер аудару.
Түпкі нәтиже: Астана мен Алматы қалаларының және Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 36 ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту, кемінде 2082 бірлік медициналық (диагностикалық және зертханалық) жабдық және 36 бірлік санитарлық автокөлік сатып алу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жабдық бірлігінің және санитарлық автокөліктің орташа құны - 852,5 мың теңге.
Сапасы: Астана мен Алматы қалаларының және Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының 36 ауданының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының медициналық (диагностикалық және зертханалық) жабдықпен жарақтандырудың ең аз нормативіне сәйкес қамтамасыз етілуі.
*) Ескертпе:
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі, сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
318-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
бастапқы медициналық санитарлық көмектің медициналық ұйымдарын
штаттық нормативтерге сәйкес медициналық кадрлармен жасақтауға
және жалпы практикадағы дәрігерлердің жүйесін дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5166079 мың теңге (бес миллиард бір жүз алпыс алты миллион жетпіс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 17, 21, 48-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы шілдедегі Заңының 10-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Қазақстан Республикасының халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1304 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бастапқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмекті жақсарту, Қазақстан Республикасының халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК) деңгейінде көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: БМСК-ның медициналық ұйымдарын медицина штат нормативтеріне сәйкес медицина кадрларымен толықтыру және жалпы практика дәрігерлері жүйесін дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 030 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бастапқы медициналық санитарлық көмектің медициналық ұйымдарын штаттық нормативтерге сәйкес медициналық кадрлармен жасақтауға және жалпы практикадағы дәрігерлердің жүйесін дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің медициналық ұйымдарын штаттық нормативтерге сәйкес бейінді мамандармен толықтыру және жалпы практика дәрігерлері жүйесін дамыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: БМСК және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдарды бейінді мамандармен толықтыру және жинақтау (2548,2 бірлік).
Түпкі нәтиже: халықтың БМСК-ге қолжетімділігін қамтамасыз ету, халыққа БМСК деңгейінде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру және жалпы практика дәрігері жүйесін дамыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: дәрігердің бір штат бірлігін толықтыру мен жинақтауға жұмсалатын орташа шығыстар - 337,0 мың теңге.
Уақтылығы: әкімдіктің шешіміне сәйкес.
Сапасы: БМСК және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдардың қызметінің тиімділігін арттыру.
Ескерту:
*) Республикалық бюджеттің трансферттерін игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізбесі, сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
319-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне құрылатын ақпараттық-талдамалық орталықтардың қызметін қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 41447 мың теңге (қырық бір миллион төрт жүз қырық жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласында ақпараттық жүйелерді енгізу және ілестіру үшін өңірлік институттардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.