7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: барынша күрделі ауруларды диагностикалау мен емдеуде лейкемиямен ауыратын балаларды (болжамды орташа жылдық саны 170) және гемодиализ сеанстарын өткізуге мұқтаж балаларды (болжамды орташа жылдық саны 40) қоса алғанда, емдеуге жатқызудың болжамды орташа жылдық саны 15688, Қазақстан Республикасының әйелдері мен балаларына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; санаторийлік көмек көрсету (болжамды орташа жылдық саны 5 105); БЦС ауыратын балаларға оңалту көмегін көрсету (болжамды орташа жылдық саны 840 және күтіп бағуды жүзеге асыратын 360 адамның болуы); іс-жүзіндегі денсаулық сақтауға диагностика мен емдеудің тиімді әдістерін енгізу. Кемінде 370 бірлік медициналық жабдықтар (емдеу және диагностикалық) мен медициналық емес жабдықтар, автокөліктер сатып алу. Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес «Алатау» балалар клиникалық санаторийіне, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына, «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізу. Астана қаласының медициналық кластерін құру жөніндегі іс-шараларды орындау.
Түпкі нәтиже: жоғары мамандандырылған медициналық, санаторийлік және сауықтыру көмегін алатын ана мен баланың денсаулығын нығайту; созылмалы аурулар кезінде тұрақты оңалуға жету; күрделі аурулар кезіндегі асқынуларды төмендету; әйелдер мен балалардың арасындағы мүгедектікті төмендету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ЖММК бойынша бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 149,5 мың теңге; санаторийлік көмек көрсету бойынша бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 47,0 мың теңгеден 243,0 мың теңгеге дейін; лейкемиямен ауыратын балаларға химиялық терапия жүргізуге бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 2 070,2 мың теңге; бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар науқастарды, сондай-ақ бүйрек ауыстырып салынған науқастарды иммундық-супрессивтік препараттармен қамтамасыз етуге арналған орташа шығыстар - 764,0 мың теңге; «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы бойынша бір емделген жағдайға арналған орташа шығыстар - 89,8 мың теңге. Жабдықтарды сатып алуға орташа шығыстар - 1 849,0 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: негізделген шағым жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
303-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орындарында оқитын студенттердің стипендияларын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 211003 мың теңге (екі жүз он бір миллион үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орта медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында білім алатын оқушыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде орта медициналық кәсіптік оқу орындарында білім алатын оқушыларды стипендияларының мөлшерін нормативке дейін жеткізу арқылы қаржылық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орындарында оқитын студенттердің стипендияларын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде орта медициналық кәсіптік оқу орындарында білім алатын оқушылардың стипендияларының мөлшерін «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативке дейін жеткізу. | Ай сайын Ай сайын | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде орта медициналық кәсіптік оқу орындарында білім алатын оқушыларды стипендияларының мөлшерін нормативке дейін жеткізу. Орташа жылдық стипендиаттардың контингенті - 6242, оның ішінде облыстар бойынша: Ақмола - 274, Ақтөбе - 362, Алматы - 187, Атырау - 259, Шығыс Қазақстан - 587, Жамбыл - 567, Батыс Қазақстан - 366, Қарағанды - 297, Қостанай - 276, Қызылорда - 431, Маңғыстау - 219, Павлодар - 329, Солтүстік Қазақстан - 160, Оңтүстік Қазақстан - 1097, Алматы қаласы бойынша - 309 және Астана қаласы бойынша - 522.
Түпкі нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен орта медициналық кәсіптік оқу орындарында білім алушылар үлгерімінің сапа көрсеткішін көтеру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: орта кәсіптік оқу орны оқушысының стипендиясын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативке - 5147 теңгеге жеткізуге 2817 сомасында айырманы төлеу.
Уақтылығы: оқушылардың ай сайын мемлекеттік стипендия алуын қамтамасыз ету.
Сапасы: оқушылардың үлгерімі республика бойынша орта есеппен алғанда 78 пайыз, оның ішінде облыстар бойынша:
Ақмола - 80 пайыз, Ақтөбе - 80 пайыз, Алматы - 68 пайыз, Атырау - 80 пайыз, Шығыс Қазақстан - 90 пайыз, Жамбыл - 80 пайыз, Батыс Қазақстан - 80 пайыз, Қарағанды - 79 пайыз, Қостанай - 65 пайыз, Қызылорда - 75 пайыз, Маңғыстау - 75 пайыз, Павлодар - 82 пайыз, Солтүстік Қазақстан - 75 пайыз, Оңтүстік Қазақстан - 84 пайыз, Алматы қаласы бойынша - 70 пайыз және Астана қаласы бойынша - 80 пайыз.
Ескерту:
*) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
304-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 670637 мың теңге (алты жүз жетпіс миллион алты жүз отыз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 27, 44-баптары; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 29-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 18, 48, 51-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының сот-сараптама жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика кадрларының кәсіби деңгейін арттыру, олардың кәсіби білімдері мен дағдыларын практикалық денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес тереңдету; саланы аса тапшы мамандықтар бойынша және жаңа технологияларды, емдеу мен диагностиканың әдістерін енгізе отырып, жоғары білікті көмек көрсету үшін білікті мамандармен қамтамасыз ету. Халықаралық стандарттарды фармацевтика саласына енгізу, оның ішінде дәрілік заттарды сараптауды жүзеге асыратын зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу мақсатында фармация саласында қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау | Саланың қажеттілігіне сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мен ведомстволық медициналық-санитарлық қызмет қызметкерлерінің емдік, педиатриялық, стоматологиялық, фармацевтикалық, медициналық-биологиялық, медициналық алдын алу, мейірбикелік бейіндер бойынша, денсаулық сақтау жүйесі менеджерлерінің, медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамының, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. Аса тапшы мамандықтар бойынша медицина кадрларын даярлау, дәрілік заттардың сапа менеджментінің жүйелерін жасау саласындағы мемлекеттік фармацевтикалық сектордың мамандарын және сертификаттау саласындағы мемлекеттік фармацевтикалық сектор мамандарын шетелде даярлау. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін жоғары білікті шетел мамандарын тарту. Сот-сараптама жүйесін реформалау тұжырымдамасының шеңберінде алыс және жақын шетелдерде сот-сараптама жүйесі мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. Мамандарды оқыту мерзімі 2 аптадан 10 айға дейін. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының орта есеппен 14 753 маманының біліктілігін арттыру және қайта даярлау, медицина және фармацевтика кадрларының ел ішінде біліктілігін арттыру мақсатында 10 шетел маманын тарту.
Түпкі нәтиже: денсаулық сақтау саласын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ету; 5 жыл ішінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының барлық мамандарының біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 маманның ел ішінде біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жұмсалатын орташа шығыс 22,1 мың теңге және шетелде - 2 033,7 мың теңге.
Уақтылығы: Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың мерзімдеріне сәйкес (конкурстық рәсімдерге және шарттарға сәйкес).
Сапасы: оқыту нәтижесінде алған кәсіби білімдері мен дағдыларын мамандардың сапалы медициналық көмек көрсету үшін пайдалануы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
305-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Алматы облысының облыстық бюджетіне мемлекеттік тұрғын үй қорын толықтыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 64671 мың теңге (алпыс төрт миллион алты жүз жетпіс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы; «Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы облысының Жаркент қаласындағы перзентхана қызметкерлерінің өмір сүру сапасын арттыру, олардың әлеуметтік салауаттылығын қамтамасыз ету және күш салып еңбек етуге ынталандыру жағдайларын жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Алматы облысының Жаркент қаласындағы перзентхананың қызметкерлері үшін тұрғын үй сатып алуға Алматы облысының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер аудару.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Алматы облысының облыстық бюджетіне мемлекеттік тұрғын үй қорын толықтыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Алматы облысының Жаркент қаласындағы перзентхананың қызметкерлері үшін тұрғын үй сатып алуға Алматы облысының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер аудару. Алматы облысының Жаркент қаласындағы перзентхана қызметкерлері үшін тұрғын үй сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысының әкімі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: салынған 13 үйден тұрғын үй сатып алу.
Түпкі нәтиже: Алматы облысының Жаркент қаласындағы перзентхана қызметкерлерінің өмір сүру сапасын арттыру үшін тұрмыстық жағдай жасауды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: сатып алынатын бір тұрғын үйдің орташа құны 4974,7 мың теңге.
Сапасы: Алматы облысының Жаркент қаласындағы перзентхана қызметкерлерінің өмір сүру сапасын жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
306-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10083377 мың теңге (он миллиард сексен үш миллион үш жүз жетпіс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек бағыттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің сапасы мен мүмкіндіктерін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша халық үшін жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау | «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес сомалар шегінде бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Астана қаласында жедел жәрдем станциясы бар 240 төсектік Жедел медициналық жәрдем ғылыми-зерттеу институтын (бұдан әрі - ҒЗИ), Астана қаласында 300 төсектік Республикалық балаларды оңалту орталығын, Астана қаласында 160 төсектік Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығын, Астана қаласында ауысымына 500 адам қабылдайтын Республикалық диагностикалық орталығын, Алматы қаласында 125 төсектік «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығының демалыс корпусын, Алматы қаласында «Педиатрия және балалар хирургиясы» РМҚК жанында 150 төсектік емдеу корпусын салу, Астана қаласында Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының қабылдау бөлімшесі бар 4 қабатты операция блогының жапсарлас құрылысы, Алматы қаласында Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтын кеңейту және қайта жаңарту жобаларының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік ведомствоаралық сараптамадан өткізу; Астана қаласында 180 төсектік кардиохирургиялық орталықтың, Астана қаласында сот медицинасы орталығы Ақмола филиалының, Павлодар қаласында 50 төсектік Павлодар өңірлік кардиохирургиялық орталығының типтік ғимаратының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік ведомствоаралық сараптамадан өткізу және бастау бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Астана қаласында жедел жәрдем станциясы бар 240 төсектік Жедел медициналық жәрдем ҒЗИ, Астана қаласында 300 төсектік Республикалық балаларды оңалту орталығын, Астана қаласында 160 төсектік Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығын, Астана қаласында ауысымына 500 адам қабылдайтын Республикалық диагностикалық орталықтың, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының, Алматы қаласында 125 төсектік «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығының демалыс корпусын пайдалануға беру; Астана қаласында Травматология және ортопедия ҒЗИ қабылдау бөлімшесі бар 4 қабатты операция блогын жапсарлас құрылысының жобасы бойынша, Алматы қаласында Қазақ көз аурулары ҒЗИ кеңейту және қайта жаңарту жобасы бойынша мемлекеттік ведомствоаралық сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамасы және бекіту; бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Алматы қаласында «Педиатрия және балалар хирургиясы» РМҚК жанынан 150 төсектік емдеу корпусының, Астана қаласында 180 төсектік Кардиохирургиялық орталықтың, Астана қаласында Сот медицинасы орталығының Ақмола филиалының, Павлодар қаласында 50 төсектік Павлодар өңірлік кардиохирургиялық орталығының типтік ғимаратының құрылысы бойынша жұмыстардың көлемін орындау.
Түпкі нәтиже: қол жетімділікті қамтамасыз ету және медициналық көмектің жекелеген түрлерін көрсетудің сапасын арттыру үшін денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беру.
Уақтылығы: қызметтерді жеткізушілермен жасалған шарттарға сәйкес құрылыс бойынша жұмыстардың көлемін орындау.
Сапасы: ҚР ҚНЕ-ге сәйкес денсаулық сақтау объектілерін салу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
307-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Сот-медицина сараптамасы»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1356578 мың теңге (бір миллиард үш жүз елу алты миллион бес жүз жетпіс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарғысы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық, азаматтық іс жүргізу заңнамасымен, соттың уәждемеленген анықтамасымен қарастырылған қылмыстық, әкімшілік немесе азаматтық процестердің қатысушылары болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сот-медициналық сараптамалар жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Сот-медицина сараптамасы | Сот-медициналық сараптамасының өндірісі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицинасы орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Жылына орта есеппен 220 мың сот-медициналық сараптама өндірісі.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтардың кемінде 245 бірлігін сатып алу.
Түпкі нәтиже: қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Сот медицинасы орталығы мен оның аумақтық бөлімшелерінің сот-медициналық сараптамасын жүргізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір зерттеуді өндіруге жұмсалатын орташа шығын - 4,6 мың теңге; жабдық бірлігін сатып алуға жұмсалатын орташа шығын - 1353,5 мың теңге.
Уақтылығы: сот-медициналық сараптаманы тағайындайтын орган белгілейтін мерзімдерге сәйкес.
Сапасы: жүргізілетін сот-медициналық сараптамалардың сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
308-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Денсаулық сақтау саласында тарихи мұра құндылықтарын сақтау»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8609 мың теңге (сегіз миллион алты жүз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: отандық медицина саласында тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мәдени-ағарту жұмыстарын жүзеге асыру мүдделі адамдардың отандық медицина саласындағы тарихи-мәдени құндылықтарды зерделеуге қол жеткізуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Денсаулық сақтау саласында тарихи мұра құндылықтарын сақтау | Бірегей жәдігерлерді мұрағат құжаттарын, көркем қорды сақтау және жаңарту. Жәдігерлерді есепке алуды, ғылыми өңдеуді және сақтауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында медицина мен денсаулық сақтаудың даму тарихы жөнінде экскурсиялар, лекциялар мен іс-шаралар өткізу. Мұражай жинағы негізінде құжаттау. Ақпараттық-библиографикалық және консультациялық көмекті жүзеге асыру. Көрме қызметі Мұражай қорын толықтыру. Негізгі құралдарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |