7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды медициналық жабдықтармен жабдықтауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді уақытында аудару.
Түпкі нәтиже: медициналық ұйымдардың медициналық жабдықтармен жарақталуын ең төменгі нормативтерге кезең-кезеңмен жеткізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: материалдық - техникалық жарақтандыруға жұмсалатын орташа шығыстар -032 461,7 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жергілікті деңгейде нығайту.
Ескерту:* республикалық бюджеттің трансферттерін игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын іске асыру, сандық және сапалық көрсеткіштер жөніндегі іс-шаралардың тізбесі тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
326-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орта кәсіптік білім беру ұйымдарына оқыту құнын ұлғайту және қосымша қабылдау бойынша шығыстарды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 039 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 114369 мың теңге (бір жүз он төрт миллион үш жүз алпыс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 24, 43, 44-баптары; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 18, 48-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау саласын орта медициналық және фармацевтикалық білім бар білікті мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандар даярлауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 039 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орта кәсіптік білім беру ұйымдарына оқыту құнын ұлғайту және қосымша қабылдау бойынша шығыстарды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер аудару. Медицина колледждеріне мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу құнының өсуіне, сондай-ақ әрбір облыс пен Алматы және Астана қалалары үшін 19 адамнан қабылдаудың өсуіне байланысты шығыстарды төлеуді қамтамасыз ету. | Ай сайын Ай сайын | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қалаларының әкімдері Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 7894 орташа жылдық арналған оқу құнының өсуіне және жергілікті деңгейдегі медицина колледждеріне қабылдаудың өсуіне байланысты шығыстарды жабу, оның ішінде: Ақмола - 343. Ақтөбе - 452, Алматы -275, Атырау - 324, Шығыс Қазақстан - 652, Жамбыл -709, Батыс Қазақстан - 457, Қарағанды - 376, Қостанай - 425, Қызылорда - 574, Маңғыстау - 292, Павлодар - 401, Солтүстік Қазақстан - 213, Оңтүстік Қазақстан - 1306, Алматы қаласы бойынша - 442 және Астана қаласы бойынша - 653.
Түпкі нәтиже: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандар даярлау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын 1 білім алушыны даярлауға жұмсалатын орташа шығысты республикалық орта деңгейіне дейін жеткізу - жылына 125,6 мың теңге.
Уақтылығы: денсаулық сақтау саласының орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар білікті мамандарының күтілетін бітірушілер саны кемінде 2000 адам.
Сапасы: медицина колледжін «жақсы» және «үздік» деген үлгеріммен бітірген кәсіптік білімді бітірушілердің күтілетін үлесі орташа есеппен алғанда 78 пайыз.
Ескерту:
*) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелер сипатталатын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
327-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне медицина кадрларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердің біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 040 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 247114 мың теңге (екі жүз қырық жеті миллион бір жүз он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 27, 35, 43, 44-баптары; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 18, 48, 51-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы;»Қазақстан Республикасында «ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: саланы жоғары білікті және бәсекеге қабілетті бастапқы медициналық-санитарлық көмек мамандарымен және денсаулық сақтау саласындағы менеджерлермен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 040 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне медицина кадрларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердің біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын медицина кадрларының және денсаулық сақтау, ресурстарды басқару және саланы қаржыландыру саласында менеджерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз ету. Мамандарды оқыту мерзімі 1 айдан 10 айға дейін. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстық, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: орта есеппен 727 жалпы практика дәрігерінің және денсаулық сақтау саласындағы менеджмент бойынша 573 маманның біліктілігін арттыру және қайта даярлау, тиісінше, облыстар бойынша мыналардан кем емес: Ақмола 49 және 44; Ақтөбе 60 және 7; Алматы 69 және 38; Атырау 35 және 41; Шығыс Қазақстан 37 және 26; Жамбыл 41 және 44; Батыс Қазақстан 41 және 45; Қарағанды 88 және 44; Қостанай 10 және 44; Қызылорда 49 және 44; Маңғыстау 47 және 40; Павлодар 53 және 11; Солтүстік Қазақстан 25 және 26; Оңтүстік Қазақстан 49 және 44; Алматы қаласы бойынша 41 және 31, Астана қаласы бойынша 33 және 44.
Түпкі нәтиже: денсаулық сақтау саласын жалпы практика дәрігерлерімен және денсаулық сақтау менеджерлерімен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бастапқы медициналық-санитарлық көмектің 1 маманының біліктігін арттыруға жұмсалатын облыстар және Астана қаласы бойынша орташа шығыс - 80, 9 мың теңге, қайта даярлауға - 536,5 мың теңге, денсаулық сақтау саласындағы 1 менеджердің біліктігін арттыруға жұмсалатын облыстар және Астана қаласы бойынша орташа шығыс - 81, 0 мың теңге, қайта даярлауға - 755,0 мың теңге, бастапқы медициналық-санитарлық көмектің 1 маманының біліктілігін арттыруға жұмсалатын Алматы қаласы бойынша орташа шығыс - 22,1 мың теңге, қайта даярлауға - 214,3 мың теңге, денсаулық сақтау саласындағы 1 менеджердің біліктілігін арттыруға жұмсалатын Алматы қаласы бойынша орташа шығыс - 22,1 мың теңге, қайта даярлауға - 221,4 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
328-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде қан орталығын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 041 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1121700 мың теңге (бір миллиард бір жүз жиырма бір миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5 , 6 , 8-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдары үшін дайындалатын қан мен оның компоненттерінің қауіпсіздігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға ағымдағы нысаналы трансферттер аудару.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 041 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде қан орталығын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыстық, Астана және Алматы қалаларының қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес жергілікті деңгейдегі қан орталықтары үшін қанды, оның компоненттерін және препараттарды карантиндеу үшін жабдықтар сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: облыстық және қалалық қан орталықтарына кем дегенде 184 бірлік жабдық сатып алу.
Түпкі нәтиже: жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарды қанмен, оның компоненттерімен және препараттармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: шығыс материалдарын есепке ала отырып, сатып алынған бір бірлік жабдықтың орташа құны - 6096,1 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: жергілікті деңгейде дайындалатын қанның сапасын жақсарту. Ескерту:
*) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, республикалық бюджеттен трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
329-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетінің алдын алу және қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 045 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 250600 мың теңге (екі жүз елу миллион алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: АҚТҚ/ЖҚТБ-ның қарқынын бәсеңдету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: АҚТҚ инфекциясының алдын алу, АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың желісін кеңейтуге жағдай жасау, халықтың АҚТҚ/ЖҚТБ туралы ақпараттық - білім беру материалдарына қол жеткізуін қамтамасыз ету, халықтың әлжуас топтары арасында зияндылықты азайту бағдарламасын іске асыру үшін медициналық ұйымдарын және ұтқыр сенім пункттерінен тыс орналасқан стационарлық сенім пункттерінің желісін кеңейту, халықтың әлжуас топтарындағы жыныстық жолмен берілетін жұқпалы ауруларды диагностикалау мен емдеуге қол жеткізуін қамтамасыз ету, жүкті әйелдер арасында АҚТҚ-инфекциясын жедел диагностикалауды; АҚТҚ жұқтырған жүкті әйелдер және нәрестелерді алдын алу вирусқа қарсы емдеумен, халықтың байланыста кейін АҚТҚ бар ересектер мен балалардағы оппортунистік аурулардың, антиретровирустық алуды қамтамасыз ету, туберкулезді химиялық алдын алуды енгізуді қамтамасыз ету, АҚТҚ мен өмір сүретін адамдардың антиретровирустік аралас емге және ұсынылған дәрілік препараттардың ассортиментіне қол жеткізуін қамтамасыз ету, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстық ЖҚТБ орталықтарын ем тағайындау және оның тиімділігінің мониторингі кезінде вирустық жүктемені анықтауға арналған жабдықтармен толықтыру, АҚТҚ бар адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі жобаларды енгізу, АҚТҚ/ЖҚТБ-ны шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу, Қарағанды, Павлодар, Орал, Шымкент, Алматы қалаларының тірек базаларындағы шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау нәтижелері бойынша қанның құрғақ тамшысының теріс үлгілерінің 10 % верификациясын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 045 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетінің алдын алу және қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне АҚТҚ инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі індетке қарсы және профилактикалық іс-шараларды өткізуге ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. АҚТҚ инфекциясын шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүргізу. АҚТҚ жұқтырған жүкті әйелдер мен жас нәрестелерді алдын ала вирусқа қарсы емдеумен, халықтың байланыста кейін АҚТҚ бар ересектер мен балалардағы қайталама, оппортунистік аурулардың антиретровирустық, химиялық алдын алуға жеткізуін, АҚТҚ-сы бар адамдағы туберкулезді химиялық алдын алуды енгізуді қамтамасыз ету, АҚТҚ инфекциясы бар адамдардың антиретровирустік аралас емге қол жеткізуін және дәрілік препараттардың ассортиментімен, АҚТҚ инфекциясы бар адамдардың антиретровирустік аралас емге қол жеткізуін және дәрілік препараттардың ассортиментімен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) жабдықтар сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламаны» 2007 жылға арналған іс-шараларды іске асыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттерді уақтылы аудару.
Түпкі нәтиже: АҚТҚ инфекциясының таралуын оның генерализденген сатыға ауысуына жол бермей, шоғырланған сатыда тұрақтандыру, АҚТҚ/ЖҚТБ өмір сүруші адамдар арасында өлім-жітімді азайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір шараны іске асыруға жұмсалатын орташа шығыс - 16706,6 мың теңге.
Уақтылығы: бекітілген жоспарға сәйкес індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларды орындау.
Сапасы: халықтың АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша хабардар болу деңгейін көтеру және халықтың әлжуаз топтары арасында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, толыққанды тиімді антиретровирустық ем, оппортунистік аурулардың алдын алу.
*) Ескерту:
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асыру жөніндегі іс-шаралардың тізімі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
330-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7740 мың теңге (жеті миллион жеті жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 Жарлығы, «Қазақстан Республикасында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорларды жария айналымнан жасырын айналымға ауысуына жол бермеу арқылы нашақорлықты алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтау жүйесінде есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мамандар үшін оқу семинарларын өткізу және оларға анықтамалықтар тарату.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың пайдаланылуы мен сатылуын бақылауды жүзеге асыру бойынша оқу семинарын өткізу қызметіне ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салауатты иммунитетін қалыптастыру.
Түпкі нәтиже: денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды төмендету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджет қаражатын тиімді
жұмсау.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды төмендету, соған сәйкес құқық бұзушылықтарға тосқауыл қоюға және нашақорлықты емдеуге арналған бюджет қаражатын бөлуді тиісінше қысқарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
331-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 111270 мың теңге (бір жүз он бір миллион екі жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы медициналық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтаудың ақпараттық-танымдық порталын құру; медициналық тақырыпты порталда орналастыру және оны ұсыну.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Жобаның техникалық міндетін әзірлеу. Техникалық құралдарды сатып алу. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. Денсаулық сақтау саласында ақпараттық-танымдық веб-порталын құру, орналастыру және жаңғырту | Қаңтар -маусым Қыркүйек-қараша Қыркүйек-қараша Шілде-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: