7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: медицина ғылымының 5 басым бағыты мен жүргізіліп жатқан 30 бағдарламасы бойынша ағымдағы жылға арналған ғылыми-техникалық бағдарламаның негізгі міндеттері мен көрсеткіштеріне сәйкес іс-шаралар жоспарын орындау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіле отырып сатып алынатын жабдықтардың тізбесіне сәйкес ғылыми ұйымдар үшін кемінде 108 бірлік медициналық және медициналық емес жабдық сатып алу. Мемлекеттік ведомстволық емес сараптама қорытындысына сәйкес Акушерлік, гинекологиялық және перинаталогия ғылыми орталығына және Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығын күрделі жөндеу жүргізу.
Түпкі нәтиже: жаңа әдістер мен технологияларды әзірлеу және практикалық денсаулық сақтау саласына енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір ғылыми-техникалық бағдарламаның орташа құны - 22 800 мың теңге. Сатып алынатын бір бірлік жабдықтың орташа құны - 6685,2 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: ғылыми зерттеулер нәтижелерінің республика халқының денсаулығына әсері.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
300-ҚОСЫМША
226-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9312707 мың теңге (тоғыз миллиард үш жүз он екі миллион жеті жүз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектер мен оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 11-бабы; «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 21-бабы; «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 17-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 5 , 7 , 16, 17, 18, 24, 29, 53-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасында шұғыл медициналық көмек қызметін құру туралы» Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 қыркүйектегі № 1068 қаулысы; «Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің көлемінің 2006-2007 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылға 28 желтоқсандағы № 1296 қаулысы; «Бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының шығындарын өтеу және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету ережелері мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтерден түскен қаражатты пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 965 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету жолымен сырқаттардың денсаулықтарын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: азаматтарға республикада және шетелде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; психикалық аурулардан, алапестен зардап шегушілерге, сондай-ақ Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық және орталық клиникалық госпитальдердің контингентіне, мамандандырылған медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, амбулаториялық, емдік-диагностикалық және оңалту іс-шараларын орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету | Диагностика мен емдеудің аса күрделі әдістерін, сондай-ақ бірегей медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететін аурулар кезінде мынадай 16 бейін бойынша: хирургиялық, кардиохирургиялық, травматологиялық, урологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, офтальмологиялық, онкологиялық, радиологиялық, терапиялық, кардиологиялық, неврологиялық, тері-венерологиялық, наркологиялық және профпатологиялық, психиатриялық жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша мынадай медициналық ұйымдар үшін: Онкология және радиология ҒЗИ, Көз аурулары ҒЗИ, Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығына, Травматология және ортопедия ҒЗИ, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ҰО, А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ҰҒО, Тері-венерология ҒЗИ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Жарбосынов атындағы Урология ҒО, Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа, Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығына, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (емдік және диагностикалық) және медициналық емес жабдық, мамандандырылған автокөлік сатып алуға күрделі трансферттер аудару. Республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін: бүйрек кемістігі бар сырқаттарға арналған дәрілік заттар, шығыс материалдары бар диализаторлар, бүйрегін ауыстырып қондырған науқастар үшін дәрілік заттарды; онкологиялық науқастарды емдеу үшін химиялық препараттарды сатып алу. Бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға және мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес мынадай мемлекеттік кәсіпорындарға: Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ҒО, Көз аурулары ҒЗИ, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Травматология және ортопедия ҒЗИ, Онкология және радиология ҒЗИ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ҰҒО ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеу жүргізуге күрделі трансферттер аудару. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде жіберілетін науқастардың емі мен жолақысын және бірге жүретін адамдарға ақы төлеу. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін шетелден мамандарды тарту жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес Республикалық аллергология орталығына медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық жабдықтар, медициналық емес жабдықтар және автокөлік сатып алуға күрделі трансферттер аудару. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық жабдықтар, медициналық емес жабдықтар, мамандандырылған автокөлік сатып алу. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық жабдықтар, медициналық емес жабдықтар, мамандандырылған автокөлік сатып алу. Бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға және мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальді күрделі жөндеуді аяқтау, Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталін және Қазақ республикалық лепрозорийін күрделі жөндеу жүргізу. Туберкулезбен ауыратын сырқаттар үшін туберкулезге қарсы препараттарды, оның ішінде туберкулездің мультирезистентті нысанын емдеу үшін резервтік қатарын сатып алу. М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының жанындағы кардиохирургиялық орталықты жарақтандыруға күрделі трансферттер аудару. Сенімгерлік басқару бойынша шетелдік компанияның қызметіне ақы төлеу. | Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы | Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтын (бұдан әрі - ҒЗИ), Көз аурулары ҒЗИ, Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы ҒЗИ, Травматология және ортопедия ҒЗИ, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығы (бұдан әрі -ҰО, А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ҰО, Тері-венерология ҒЗИ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ҒО, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, Медициналық жедел жәрдем ҒЗИ, Радиациялық медицина және экология ҒЗИ, Семей мемлекеттік медицина академиясы, Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі. Республикалық аллергология орталығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь, Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухана, Қазақ республикалық лепрозорий, Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Апаттар медицинасы орталығына. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь, Қазақ республикалық лепрозорий, Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының азаматтарына диагностика мен емдеудің күрделі әдістерін жүргізуді қажет ететін аурулар кезінде қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалана отырып, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету (жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша болжамды орташа жылдық емдеуге жатқызудың саны кемінде 34 476); белгілі бір контингентке мамандандырылған медициналық көмек көрсету (орташа жылдық болжаммен емдеуге жатқызу: Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханаға - 927, Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальге - 1189, Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальге - 4200, Қазақ республикалық лепрозорийіне - 700).
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық кәсіпорындар мен Республикалық аллергология орталығы үшін кемінде 984 бірлік медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық, медициналық емес жабдықтар, мамандандырылған автокөлік сатып алу. Мемлекеттік мекемелер үшін кемінде 317 бірлік медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық және медициналық емес жабдықтар, мамандандырылған автокөлік сатып алу.
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының жанындағы кардиохирургиялық орталықты жарақтандыру үшін кемінде 120 бірлік медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық, медициналық емес жабдықтар сатып алу.
Республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін: бүйрек кемістігі бар сырқаттар үшін дәрілік заттар, шығыс материалдары бар диализаторлар, бүйрегін ауыстырып қондырған сырқаттар үшін дәрілік заттарды (бүйрегін ауыстырып қондырған сырқаттардың болжамды саны - 30, бүйрек кемістігі бар сырқаттар - 90); онкологиялық сырқаттарды емдеу үшін химиялық препараттарды (сырқаттардың болжамды саны - 1450);
Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханадағы туберкулезбен ауыратын сырқаттар үшін, туберкулезге қарсы препараттарды, оның ішінде туберкулездің мультирезистентті нысанын емдеу үшін резервтік қатарын сатып алу.
Астана қаласында медициналық кластер құру жөніндегі шараларды орындау.
Түпкі нәтиже: емделген сырқаттардың денсаулығының жақсаруы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жағдайында бір сырқатты емдеу үшін орташа шығыстар жылына 104,7 мың теңге; мемлекеттік мекемелерде - 68,4 мың теңгеден 574,9 мың теңгеге дейін; сырқатты шетелде емдеуге орташа шығыстар - 2 854,5 мың теңге; 1 сырқатқа және алып жүретін адамдардың жолына ақы төлеудің орташа шығыстары - 157,1 мың теңге; бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға және Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес көлемде күрделі жөндеу жүргізуді орындау.
Сатып алынатын бір бірлік жабдықтың орташа құны - 2485,6 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: негізделген шағымдардың болмауы; диагностика мен емдеудің мерзімдік медициналық-экономикалық хаттамаларына сәйкес емдік көмек көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 каулысына
301-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Туберкулезбен ауыратындарға мамандандырылған және санаторий-сауықтыру медициналық көмек көрсету»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 953503 мың теңге (тоғыз жүз елу үш миллион бес жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 16, 17, 18-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11, 22-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында туберкулезден халықты қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің көлемінің 2006-2007 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1296 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулықты нығайту, халықтың жұқтыруларын азайту, сырқаттану көрсеткіштерін тұрақтандыру, туберкулез бойынша өлім-жітімді, мүгедектікті азайту, туберкулезбен ауыратын балалар мен ересектерді оңалту мен сауықтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: туберкулезбен ауыратын науқастарға мамандандырылған жоғары білікті емдік-диагностикалық көмек көрсету. Туберкулезбен ауыратын науқастарға организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге көмектесетін емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іе-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Туберкулезбен ауыратындарға мамандандырылған және санаторий-сауықтыру медициналық көмек көрсету | Туберкулезбен ауыратын сырқаттарға мамандандырылған емдеу-диагностикалық көмек көрсету. Туберкулезбен ауыратын сырқаттарға санаторий-сауықтыру (оңалту) медициналық көмегін көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық, диагностикалық, зертханалық, медициналық емес жабдық және арнайы автокөлік сатып алу. Туберкулезбен ауыратын сырқаттарға, оның ішінде қордан туберкулездің мультирезистентті нысанын емдеу үшін және диспансерлік (виражды, гиперсезімталды, жанаспалы) топтағы балаларға химиялық алдын алу жүргізу үшін туберкулезге қарсы препараттарды сатып алу. Жобалық-сметалық құжаттар мен Мемсараптама қорытындысына сәйкес «Бурабай» республикалық туберкулез санаторийіне, «Бурабай» республикалық балалар-жасөспірімдер туберкулез санаторийіне күрделі жөндеу жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Туберкулез Проблемалары ұлттық орталығы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Бурабай» республикалық балалар-жас өспірімдер туберкулез санаторийі; «Бурабай» республикалық туберкулез санаторийі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Бурабай» республикалық балалар-жасөспірімдер туберкулез санаторийі; «Бурабай» республикалық туберкулез санаторийі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: кем дегенде 5180 сырқатқа Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығының емдеу-диагностикалық көмегін көрсетуі және «Бурабай» республикалық балалар-жасөспірімдер туберкулез санаторийінің және «Бурабай» республикалық туберкулез санаторийінің санаторий-сауықтыру, (оңалту) көмегін көрсетуі, оларды туберкулезге қарсы және патогенетикалық препараттармен қамтамасыз ету (сырқаттардың болжамданған орташа жылдық саны - 1495). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес кем дегенде 54 бірлік медициналық, диагностикалық, зертханалық және медициналық емес жабдық және арнайы автокөлік сатып алу. «Бурабай» республикалық туберкулез санаторийі» ММ, «Бурабай» республикалық балалар - жасөспірімдер туберкулез санаторийі» ММ күрделі жөндеу жүргізу.
Түпкі нәтиже: жоғары білікті медициналық көмек пен санаторийлік ем алған сырқаттардың арасында аурушаңдық, мүгедектік және өлім-жітім бойынша көрсеткіштерді жақсарту; жаңадан анықталған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын сырқаттарды сауықтыру көрсеткішінің өсуі және туберкулезге қарсы күрес шеңберінде басқа адамдарға туберкулез микробактериясының тұрақты штамдарының берілу қауіпінің азаюы. Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір сырқатты емдеуге жұмсалатын туберкулезге қарсы препараттарды сатып алудың орташа шығыстары 27,7 мың теңге, бір бірлік жабдық сатып алудың орташа құны 455,1 мың теңге.
Уақтылығы: мамандандырылған стационарлық және оңалту медициналық көмегін уақтылы және сапалы көрсету.
Сапасы: негізделген шағым жоқ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
302-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ана мен баланы қорғау»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5246446 мың теңге (бес миллиард екі жүз қырық алты миллион төрт жүз қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 25, 26-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 12, 13-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2006-2007 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1296 қаулысы,«Азаматтардың дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 962 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ана мен баланың денсаулығын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әйелдерге, балалар мен жасөспірімдерге, оның ішінде республика өңірлеріне мамандардың барып жоғары мамандандырылған, консультативтік-диагностикалық, ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуі; балаларға санаторийлық, оңалту, сауықтыру көмегін көрсету; ана мен баланың денсаулығын сақтау саласында диагностиканың, емдеу мен оңалтудың тиімді әдістерін әзірлеу және енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Ана мен баланы қорғау | Мынадай 3 бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету: педиатриялық, балалар хирургиясы, акушерлік-гинекологиялық. Балаларға және тікелей балаға күтім жасауды жүзеге асыратын ананың (әкенің) немесе өзге адамның болуы бойынша санаторийлік, оңалту және сауықтыру көмегін көрсету («Алатау» балалар клиникалық санаторийінде 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, Республикалық балаларды оңалту орталығында 11 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына, «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасына, «Алатау» балалар клиникалық санаторийіне медициналық жабдықтар (емдеу және диагностикалық) мен медициналық емес жабдықтар, автокөліктер сатып алуға күрделі трансферттер аудару және жобалық-сметалық құжаттамалар мен мемлекеттік сараптаманың қорытындыларына сәйкес Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының, «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасының, «Алатау» балалар клиникалық санаторийінің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізуге күрделі трансферттер аудару. Балалардың сал ауруымен ауыратын балаларға оңалту көмегін көрсету және тікелей сырқат балаға күтім жасауды жүзеге асыратын ананың (әкенің) немесе өзге адамның болуы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес медициналық (емдеу және диагностикалық) және медициналық емес жабдықтар сатып алу. Жиынтық шығыс материалдары бар диализаторлар мен иммундық- супрессивтік препараттарды сатып алу. Бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар науқастарды, сондай-ақ бүйрек ауыстырып салынған науқастарды иммундық-супресивтік препараттармен қамтамасыз ету. Жіті және созылмалы бүйрек қызметінің жетіспеушілігі бар науқастарға гемодиализ сеанстары мен иммундық-супрессивтік терапия жүргізу. Лейкемиямен ауыратын балаларға химиялық терапия жүргізу үшін дәрілік заттар сатып алу. Сенімгерлік басқару бойынша шетел компанияларға қызметіне ақы төлеу. | Жыл бойы | Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы «Алатау» балалар клиникалық санаторий Республикалық балаларды оңалту орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |