2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 41-қосымша)
(үзінді)
Осы редакция 2007 жылғы 10 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
41-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 16 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
41-ҚОСЫМША
203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеуді, бақылауды қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1097797 мың теңге (бір миллиард тоқсан жеті миллион жеті жүз тоқсан жеті мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 147, 147-1, 147-2, 147-3, 147-4, 147-5-баптары, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы; «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13, 14, 17, 18-баптары; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысы; «Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы № 455 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұтынушылардың, мемлекеттің және мемлекеттік және табиғи монополия субъектілерінің мүдделерінің балансына жету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: табиғи және мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеу; табиғи монополиялардың жұмыс істеуіне, тариф түзу мәселелеріне қатысты заңдардың жобаларына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сараптама жүргізуді жүзеге асыру; мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсету тәртібін бақылау; өз қызметін мемлекеттік монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін реттеу мен бақылау; табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін, мемлекеттік органдар көрсететін ақылы қызметтердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу; мемлекеттік мекемелер монополиялық түрде жүзеге асыратын қызметтерге есеп айырысу әдіснамасы мен бағалар белгілеу ережесін жетілдіру; табиғи монополия саласындағы тарифтердің (бағалардың, ставкалардың, алымдардың) немесе олардың шекті деңгейлерінің есеп айырысу әдістемесін жетілдіру; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдар- ламаның (кіші бағдар- ламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеуді, бақылауды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Табиғи монополия субъектісі өткізетін сатып алуды келісу; табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына және мүлікті иеліктен айыруға берілген өтініштерін қарау. Табиғи және мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік және нормативтік құқықтық актілер әзірлеу; тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) есептеудің кемсітпейтін әдістерін әзірлеу; Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркелімін жүргізу. Нормативтік және нормативтік құқықтық актілер әзірлеу жөнінде тәуелсіз сарапшылар мен сараптау ұйымдарының, консультанттардың, қаржылық, техникалық сараптама және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне сараптамалық бағалаулар жүргізу жөніндегі сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу; Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту жөнінде жария тыңдаулар ұйымдастыру және өткізу. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау; Шағын және орта кәсіпкер субъектілеріне кітапшаларды (жадынамаларды) тегін таратуды қамтамасыз ету. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Табиғи және мемлекеттік монополия субъектілеріне тексерулер жүргізу. Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге берілген өтінімдерді қарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркелімін жүргізу. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту жөнінде жария тыңдаулар өткізу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілердің үш тақырып бойынша біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу: 1) "Мемлекеттік басқарудың осы заманғы әдістері мен технологияларына үйрету"; 2) "Құқықтық оқыту"; 3) "Экономикалық жағынан үйрету". Мемлекеттік тілді үйрету. | Қаңтар-қараша | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі |
5 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарын материалдық-техникалық жабдықпен қамтамасыз ету. | Сәуір-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі |
6 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының Интернет пен VPDN желісіне қол жеткізу қызметтері. Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарын есептеу техникасымен және олардың ақпараттық жүйелерін телекоммуникациялық жабдықпен қамтамасыз ету. Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының есептеу техникасы мен телекоммуникациялық жабдығына жүйелі техникалық қызмет көрсету. Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының ақпараттық жүйелері мен төңіректік міндеттерін сүйемелдеу. Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының есептеу техникасы мен телекоммуникациялық жабдығына шығыс материалдары мен жинақтаушы қосалқы бөлшектерімен қамтамасыз ету. | Қаңтар-желтоқсан қаңтар-желтоқсан қаңтар-желтоқсан мамыр-желтоқсан қаңтар-желтоқсан | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Тарифтердің мөлшеріне әсер ететін табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы операцияларын жүргізудегі бұрмалаушылықтарын анықтау; тарифтерде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің шығындарын оңтайландыру.
Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің тұтынушыларға әсер етуіне талдау жүргізу, тарифтер серпінінің халықтың жекелеген салалары мен табыстарына әсер етуіне болжау жасауды жүзеге асыру.
48 адамның, оның ішінде аумақтық органдар қызметкерлерінің 24 адамның кәсіби деңгейін арттыру; 140 адамға, оның ішінде аумақтық органдар қызметкерлерінің 110 адамына мемлекеттік тілді үйрету.
Түпкі нәтиже:
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 17,06 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 17,55 мың теңге.
Уақтылығы:
Жасалған шарттарға сәйкес жыл ішінде.
Сапасы:
Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету тарифтердің (тарифті сметалардың) шығын бөлігіне енгізілетін шығыстар негізділігін анықтау.