Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 744 Қаулысы
(2013.29.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекітуді және оларды әділет органдарында тіркеуді;
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балаларды қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі ҚР Үкіметінің 2013.29.04. № 411 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)