21-бап. Спорт резервiн әзiрлеу
Спорт резервiн әзiрлеу мақсатында балалар мен жастардың мамандандырылған спорт оқу орындары жүйесi құрылады. Ол балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiн, олимпиадалық резерв спорт мектептерiн, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарды, жоғары спорт шеберлiгi мектептерiн, олимпиадалық резерв әзiрлеу орталықтарын және олимпиадалық әзiрлiк орталықтарын қамтиды.
Балалар спорт мектептерi арнайы бағдарламалар негізiнде қосымша білім берудi жүзеге асыратын мектептен тыс ұйымдар болып табылады және заңдарға сәйкес олардың қызметiн ұйымдастыратын кәсiподақ ұйымдары, ерiктi спорт қоғамдары, федерациялары, спорт клубтары, жеке адамдар құрады.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Спортта тыйым салынған тәсiлдер, әдiстер мен құралдар
1. Спорттық нәтижелерге жету үшiн спортшыларға, жаттықтырушылар мен спорт төрешiлерiне:
Халықаралық Олимпиадалық Комитет, спорт түрлерi бойынша халықаралық және ұлттық федерациялар тыйым салған тәсiлдердi, әдiстердi, медициналық және биологиялық препараттарды пайдалануға;
қандай түрдегі болса да сатып алушылықты, бопсалауды, қоқан-лоққы мен күш қолдануды пайдалануға тыйым салынады.
2. алынып тасталды
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 22-1 баппен толықтырылды
22-1-бап. Спорттық сыныптама
1. Спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтарды дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге белгiлеген біліктiлiк талаптарына сәйкес бередi.
Жаттықтырушыларға, нұсқаушыларға, әдiскерлерге, төрешiлерге санаттар дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген біліктiлiк талаптарына сәйкес берiледi.
2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақтар мен разрядтар берiледi:
1) спорттық атақтар:
"Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы;
"Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметтi атағы;
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi;
Қазақстан Республикасының спорт шеберi;
2) спорттық разрядтар:
Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгіне кандидат;
1-разрядты спортшы;
2-разрядты спортшы;
3-разрядты спортшы;
жасөспiрiмдер арасындағы 1-разрядты спортшы;
жасөспiрiмдер арасындағы 2-разрядты спортшы;
жасөспiрiмдер арасындағы 3-разрядты спортшы.
3. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдiскерлер мен нұсқаушыларға мынадай біліктiлiк санаттары берiледi:
біліктiлiгі жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
біліктiлiгі жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
біліктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
біліктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы.
4. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі жаттықтырушыларға мынадай біліктiлiк санаттары берiледi:
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы;
біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
біліктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы.
5. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегі төрешiлерге мынадай біліктiлiк санаттары берiледi:
жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi;
ұлттық спорт төрешiсi;
бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
спорт төрешiсi.
4-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқару
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
23-бап. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару, үйлестіру және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
2) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
3) ведомстволық статистикалық есептілікті жүзеге асырады, спорт ұйымдарынан статистикалық ақпарат алады;
4) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
5) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
5-1) спорт түрлерi, соның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт, бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық және халықаралық жарыстар өткiзедi;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық спорт жарыстарына дайындауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
7) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру мен спорт практикасын енгізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
8) спортта допингке қарсы шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
9) спорт ғимараттарын салуға арналған жобалық құжаттаманы келiседi және спорт құрал-сайманын шығару кезiнде әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
10) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласындағы сертификаттауға және стандарттауға қатысады;
11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысады;
12) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорт шараларында Қазақстан атынан өкілдік етеді;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
13) дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық және өңірлік қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (федерациялардың), жоғары санаттағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың қызметін лицензиялауды, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;
14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды бередi:
"Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы, "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi;
15) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
16) тұрғын аудандардың, әкімшілік үйлердің, мектеп жасына дейінгі мекемелер мен оқу орындарының қолданылып жүрген қала құрылысы нормалары негізінде спорт ғимараттарымен қамтамасыз етілу нормативтерін әзірлейді;
17) спорт ғимараттарын пайдалану нормалары мен ережелерін, спорт ғимараттарына техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану жөніндегі нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
18) спорттық iс шараларды қамтамасыз етудiң және республикалық спорттық шараларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары көрсеткiштерi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiн көтермелеудiң нормативтерiн әзiрлейдi;
19) спорт жарыстарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолдану тәртібін айқындайды, спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде "Қазақстан Республикасының құрама командасы" деген атауды пайдалануға рұқсат береді;
20) спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды беру тәртібін айқындайды.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 23-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
23-1-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың дене шынықтыру
және спорт мәселелерi жөніндегі құзыретi
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган:
1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;
2) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жарыстар өткiзедi;
3) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;
5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi;
7) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
8) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: спорт шеберлiгiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
9) облыстық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткізудi үйлестiредi;
12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi, соның iшiнде статистикалық деректердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органға табыс етедi;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
13) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секцияларының және басқа да ұйымдардың, бірінші, екінші және үшінші санаттардағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың) қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы орган:
1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;
2) спорт түрлерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде жарыстар өткiзедi;
3) спорттың әр түрi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады;
5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
6) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бiрiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi;
7) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткізудi үйлестiредi;
10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi, соның iшiнде статистикалық деректердi талдап, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органға табыс етедi.
3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорт мекемелерiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн қолдайды және оған жәрдем көрсетедi.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
24-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктер
1. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктер осы Заңға және Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарына сәйкес құрылып, жұмыс істейді.
2. Спорттың әрбір түрі бойынша тек бір республикалық қоғамдық бірлестік аккредиттелуі мүмкін, ол Қазақстан Республикасының атынан дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық бірлестіктерге қатысушы болуы мүмкін.
Аккредиттеудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктер спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын, оның ішінде халықаралық шараларды ұйымдастыруды және өткізуді дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып жүзеге асырады.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау
1. Жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметі, білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, лицензиялауға жатады.
2. Лицензиялау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 24-2-баппен толықтырылды
24-2-бап. Мемлекеттік бақылау
1. Мемлекеттік бақылауды дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорт объектілерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі стандарттардың, ережелер мен нормалардың сақталу нысанасына тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік бақылауды жүргізуге анонимді өтініштерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері немесе ресми хабарламалардың басқа да нысандары, сондай-ақ заң бұзушылықты жоюға және дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды орындауға бағытталған іс-шараларды жүргізу негіз болып табылады.
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жылына бір реттен жиі болмайтындай етіп жүргізіледі.
5-тарау. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру,
материалдық-техникалық жағынан және кадрлармен
қамтамасыз ету
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
25-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздерi
1. Мемлекет Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру мен спортты дамытуды бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етедi, дене шынықтыру мен спорт қозғалысының индустриясы мен инфрақұрылымын дамыту үшiн мемлекеттік қолдау көрсетедi.
2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
4. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
5. Халықаралық жарыстарға әзiрлену кезеңiнде және оларға қатысу кезiнде Қазақстан Республикасының құрама командаларының мүшелерi тегiн медициналық қызмет көрсетумен және емдеумен қамтамасыз етiледi.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі спорттық iс-шараларды материалдық қамтамасыз ету және республикалық спорттық iс-шараларға қатысушылар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткiзгенi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн көтермелеу нормативтерiн бекiтеді.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II (бұр. ред. қара) ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы демеушiлiк және кәсiпкерлiк қызмет
1. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардан басқа, жеке және заңды тұлғалар спорт клубтарының, мектеп-интернаттарының, спорт мектептерінің, командаларының немесе спорт шараларының демеушілері бола алады. Демеушілер мен спорт клубтары (мектеп-интернаттар, спорт мектептері, командалар, шараларды ұйымдастырушылар) арасындағы қатынастар шарт негізінде белгіленеді. Демеушілер спорт шараларын қаржыландыра отырып, оларды демеушілердің немесе олардың өнімдерінің белгісімен (эмблемасымен) өткізу құқығына ие болады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру, спорт ұйымдарына және жеке адамдарға қызмет көрсету бойынша кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы, дене шынықтыру-спорт тауарлары мен ілеспе тауарлар шығаруы, дене шынықтыру мен спортты жарнама қызметiне пайдалануы мүмкiн. Спорт бiрлестiктерiнiң эмблемалары мен атаулы нышандары олардың меншiгi болып табылады және сол бiрлестiктердiң келісімiмен ғана пайдаланылуы мүмкiн.
3. Мемлекет материалдық-спорт базасын кеңейту, сондай-ақ спортшыларды, осы саланың мамандарын, дене шынықтыру-спорт қызметiнiң басқа да субъектiлерiн моральдық және материалдық жағынан көтермелеу арқылы дене шынықтыру мен спортты дамытуды ынталандырып отырады.
27-бап. Спорт ғимараттары
1. Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасы әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне жататын дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының барлық түрлерiнен құралады.
Бiрегей спорт объектілерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша жекешелендiрiледi.
2. Спорт ғимараттары орналасатын аумақтарды құзыреттi мемлекеттік органдар аталған ғимараттарды болашақта салуға арналған жердi ағымдағы игеру және келешектегi резервте ұстау үшiн нормативтік бөлу арқылы анықтауы мүмкін.
Тұрғын үй аудандарының спорт ғимараттарымен қамтамасыз етiлу нормативтерi Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес белгiленедi.
3. Қамтамасыз ету нормативтерiнде, құрылыс нормалары мен ережелерiнде көзделген спорт ғимараттарынсыз тұрғын үйлер алабын, әкiмшiлiк, мектепке дейiнгi мекемелер мен оқу орындарының үйлерiн салуға жол берiлмейдi.
28-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар даярлау және дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерiне қойылатын кәсiби талаптар
1. Дене шынықтыру оқу орындарында және дене тәрбиесi факультеттерiнде оқыту, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі педагогтiк қызметке жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бiтiрген адамдар жiберiледi.
3. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерiне қойылатын кәсiби талаптар заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілетiн арнаулы біліктiлiк нормаларымен анықталады.
4. Спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларының төрешілігіне дене шынықтыру-спорт ұйымдарында арнайы даярлықтан өткен және белгіленген тәртіппен спорт түрлерінің төрешісі ретінде аттестатталған адамдар жiберiледi.
6-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы жеңілдіктер
және әлеуметтік кепілдіктер
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
29-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңiлдiкпен көрсетiлетiн қызметтер
Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерiн тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайларда пайдаланатын азаматтар санаттарының тiзбесi, сондай-ақ жеңiлдiктердiң мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарымен, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы органның және дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы ұйымдар әкiмшiлiктерiнiң шешiмiмен белгiленедi.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 30-бап өзгертілді
30-бап. Спортшылардың әлеуметтiк қорғалуы
1. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган, дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерi, жергілiктi атқарушы органдар әралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары құрамына кiрген немесе кiретiн "КСРО-ның еңбек сiңiрген спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi", "КСРО-ның халықаралық дәрежедегi спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi" атағы бар аса көрнектi спортшыларға олимпиада чемпиондарына, әлем чемпиондарына, олардың "Қазақстанның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" немесе "КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" атағы бар жаттықтырушыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ заңда тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады.
2. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган, дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерi, жергілiктi атқарушы органдар әралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кiретiн спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойын түрлерi бойынша командалар құрамында өнер көрсететiн спортшыларға, олардың жаттықтырушылары мен клуб командаларының басшыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың қаражаты және заңда тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады.
2-1. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелеріне олар республикалық жарыстарда жарақат алған және мертіккен жағдайда бюджет қаражаты есебінен өтемақы төлеуді жүзеге асырады.
3. Спортшының спорт қызметi туралы келісім-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) немесе шетелдiк дене шынықтыру-спорт ұйымына (шетелдiк спорт клубына) ауысуға құқығы бар.
Егер спортшы басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) спорт қызметi туралы келісім-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін ауысқан немесе келісiм-шарт талаптарында көзделген мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, спортшының дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (спорт клубтарының) өзара келісімiмен ғана ауысуы мүмкiн.
Спортшылардың ауысу тәртібі мен ережелерiн дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган белгiлейдi.
4. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен 30-1-баппен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 30-1-бап өзгертілді
30-1-бап. Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
1. Мемлекет спортшыларға, жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру (бұдан әрі - материалдық қамсыздандыру) түрінде өмірлік әлеуметтік қолдау жасайды, ол осы бапқа сәйкес төлемдер алуға құқығы бар спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін ай сайынғы төлемдер болып табылады.
2. Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының және (немесе) КСРО құрама командаларының құрамында болған және кемінде жиырма жыл еңбек стажы бар спортшыларға, жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртiппен төленедi және мынадай мөлшерде тағайындалады:
1) Олимпиадалық ойындардың чемпиондары және (немесе) жүлдегерлері және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алғандарға және "КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері" және (немесе) "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағы барларға - 8,0 айлық есептік көрсеткіш;
2) "Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы" және (немесе) "КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағы бар және осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген спортшыларды даярлағандарға - 8,0 айлық есептік көрсеткіш.
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген бірнеше негіздер бойынша материалдық қамсыздандыру алуға бір мезгілде құқығы бар адамдарға материалдық қамсыздандыру олардың қалауы бойынша сол негіздердің біреуі бойынша ғана төленеді.
ҚР 04.07.03 ж. № 471-II 31-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара) ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Спортшыларды сақтандыру
Жарыстар, жаттығулар мен жиындар кезінде спортшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру тиісті спорт клубтарының, қоғамдарының және басқа да мүдделі ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерін ресми халықаралық жарыстарға даярлау және қатысу кезінде бюджет қаражаты есебінен сақтандыруды жүзеге асырады.