Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы
2003 ж. 3 маусымдағы № 423-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2007.07.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын айқындайды.
1-тарау.
Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1 ) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
1) агент банк - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе ұйым;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері - осы Заңда көзделген жағдайларда өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушіге және осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдарға төленетін ақша сомасы;
2) кепілдік төлемі - "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттармен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) міндетті сақтандыру шарты - Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заң актісі негізінде сақтанушының сақтандыру ұйымымен жасасқан шарты;
4) қатысу шарты - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен сақтандыру ұйымының арасында осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттармен жасалған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) қосымша жарна - осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі түріндегі ақша сомасы;
5) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісімен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы;
6) кредитор - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кепілдік төлемін алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы);
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7 ) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
7) өтемақы төлемдері - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторымен жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақылары төлеміне орай қатысушы-сақтандыру ұйымына төленетін ақша сомасы;
8) міндетті жарналар - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтін, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары бөлігі түріндегі ақша сомасы;
9) міндетті сақтандыру - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандыру ұйымының міндетті қатысуын көздейтін, Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген міндетті сақтандыру түрі;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) жәбірленуші - өзге тұлғаның көлік құралын пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген тұлға;
10) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын, өзіне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген сақтандыру ұйымы;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) зиянды өтеу резерві - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры бастапқы біржолғы жарналар мен қосымша жарналар есебінен қалыптастыратын, тек қана осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшін пайдаланылатын ақша сомасы;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред . қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві - міндетті жарналар, сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол мәжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымынан алған және кепілдік, өтемақы төлемдерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын, келтірілген зиян мөлшерін анықтауға байланысты шығыстар мен кепілдік және өтемақы төлемдерін және осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша есебінен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы;
12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі - осы Заңда көзделген, қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;
13) қатысушы-сақтандыру ұйымы - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы;
14) меншікті капитал - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының оның міндеттемелеріне азайтылған активтері мен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві;
15) уәкілетті орган - сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;
16) шартты міндеттемелер - қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарды төлеу үшін ол қалыптастыратын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алдындағы міндеттемелері;
17) төтенше жарналар - осы Заңда көзделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша төлейтін ақша сомасы.
2-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру
қоры туралы заңдар
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру
қорының Қызметін мемлекеттік реттеу және
бақылау
3-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының
қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау
1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі Қор) қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Уәкілетті орган Қорға және оның лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен санкциялар және өзге де ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
1) Қордың және сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін , соның ішінде кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
2) қатысу шартының типтік нысанын бекітеді;
3) Қор активтерін инвестициялау тәртібін белгілейді;
2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) Қордың есептiлiгiнiң (қаржылық есептіліктi қоспағанда) көлемiн, табыс ету тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Қорды құру және оның қызметі
5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары
1. Қор коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады. Қордың ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылады.
2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды; 2007.07.05. № 244-III өзгерістерді қара (2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қордың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкiлеттi органмен келісім бойынша Қордың қаржылық есептiлiгiнiң көлемiн, табыс ету тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды.
2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
3. Қордың қызметіне жалпы басшылықты бес адамнан тұратын директорлар кеңесі жүзеге асырады. Директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның бір өкілі, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарынан бір өкіл, құрылтайшының бір өкілі, Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асыратын, құрылтайшы тағайындайтын Қордың бас директоры және Қордың бір өкілі кіреді.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4 тармақ жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
4. Қордың банк шоттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылады. Кепілдік төлемдерін жүзеге асыру үшін, сондай-ақ Қордың ағымдағы қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру мақсатында Қордың банк шоттары екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Қордың директорлар кеңесінің құзыреті
Қордың жарғысында белгіленген шекте Қордың директорлар кеңесінің құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
1) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және төтенше жарналарының, сондай-ақ осы Заңда көзделген қосымша жарналардың ставкаларын, қатысушы-сақтандыру ұйымдары Қорға төлеуге тиісті төтенше жарналардың мөлшерін белгілеу;
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер мөлшерін белгілеу;
2) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны тоқтата тұруды немесе қайтарып алуды қоса алғанда, сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарда көзделген қатысушы-сақтандыру ұйымына инспекторлық тексеру жүргізу және (немесе) оған шектеулі ықпал ету және санкциялар шараларын қолдану туралы уәкілетті орган алдында өтініш жасау жөнінде шешім қабылдау;
3) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы-сақтандыру ұйымының кредиторларына өтем төлеу туралы шешім қабылдау;
4) агент-банкті таңдау;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) тартылатын заемдардың және Қордың қарызға алуларының шекті мөлшерлерін белгілеу;
5) осы Заңға және Қор жарғысына сәйкес өзге де өкілеттіктер.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7 - бап жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
2007.07.05. № 244-III өзгерістерді қара (2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-бап. Қордың кепілдіктері
Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқанда (толық немесе ішінара) не толық көлемде оны жүзеге асырмағанда, оның ішінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияны кері қайтарып алғанға және соттың оны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енгенге дейінгі кезеңде міндетті сақтандыру шарттары бойынша барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Қор кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Қордың негізгі міндеттері және функциялары
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қордың негізгі міндеттері:
1) қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) осы Заңда көзделген жағдайларда көлік оқиғасы нәтижесінде өзге тұлға өміріне, денсаулығына зиян келтірген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қор негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды:
1) осы Заңға сәйкес кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыруды;
2) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарын тартуды;
3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қосымша жарналарын тартуды;
4) осы Заңға сәйкес жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен инвестициялық қызметті жүзеге асырады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3 тармақпен толықтырылды
3. Өз функцияларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қор өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.
Алынған мәліметтер одан әрі жариялауға жатпайды.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4 тармақпен толықтырылды
4. Қор қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін жауапты болады.
4-тарау. Қорға қатысу тәртібі
9-бап. Қатысу шартын жасасу
1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, соған сәйкес сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін Қорға қатысуы қажет болғанда, өтініш беруші Қормен қатысу шартын жасасуға тиіс.
2. Өтініш беруші қатысу шартын жасасу үшін Қорға нотариатта куәландырылған мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
2) өтініш берушінің статистикалық карточкасының көшірмесі;
3) өтініш беруші жарғысының көшірмесі.
3. Қатысу шартының нысаны, мазмұны және талаптары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және осы Заңның талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Қатысу шартының міндетті талаптары
Қатысу шартында:
1) тараптардың толық атауы, олардың орналасқан жері және банктік деректемелері туралы мәліметтер;
2) шарттың осы Заңға сәйкес келетін нысанасы туралы нұсқама;
3) тараптардың осы Заңға сәйкес келетін құқықтары мен міндеттері;
4) міндетті және төтенше жарналарды төлеу, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыру тәртібі;
5) кредиторға кепілдік төлемінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру талаптары мен тәртібі;
6) осы Заңның 16-бабының талаптары сақталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларымен міндетті сақтандыру шарттарын жасасу тәртібі мен талаптары;
7) 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред . қара)
8) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелерін орындайтын Қорға кредитор құқығының өтуі туралы талаптар;
9) қатысу шартын тоқтату талаптары;
10) тараптардың қатысу шартын бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы талаптар;
11) Қордың өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі болуға тиіс.
Қатысушы-сақтандыру ұйымында көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензия болғанда, қатысу шартына мынадай талаптар:
1) қосымша жарналарды төлеу тәртібі;
2) тараптардың жауапкершілігі міндетті түрде енгізілуге тиіс.
11-бап. Қатысу шартын тоқтату
Қатысу шарты:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген жалпы негіздерде;
2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес сақтандыру ұйымына Қорға қатысу және міндетті сақтандырудың осы түрлері бойынша жасалған міндетті сақтандыру шарттарының қолданылуын тоқтату міндеті жүктелген міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымы тоқтатқан жағдайда тоқтатылады.
12-бап. Міндетті және төтенше жарналар, оларды төлеу тәртібі.
Қордың қарыз алуы
1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы қатысу шартына сәйкес міндетті және төтенше жарналарды төлеуге міндетті.
Міндетті жарналардың ставкасын Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымдары бойынша өткен қаржы жылы үшін сақтандырудың міндетті түрлері бойынша орташа айлық сақтандыру төлемдерінің ең жоғары мөлшері негізінде Қор жыл сайын айқындайды.
Міндетті жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
2. Міндетті жарналардың мөлшері сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру ұйымы есептеген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі және міндетті жарналардың ставкасы негізге алына отырып есептеледі.
2007.07.05. № 244-III өзгерістерді қара (2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін резерв жетіспеген жағдайда Қор өзінің меншікті капиталын пайдаланады. Бұл ретте Қордың сақтандыру төлемдеріне кепілдік беретін резервтен асатын кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстары қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарының есебінен олардың шартты міндеттемелері шегінде өтелуге тиіс.
4. Қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері ағымдағы есепті кезеңде сақтандырудың міндетті түрлері бойынша Қорға барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлеміндегі ол жасаған міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесіне бара-бар айқындалады.
Төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
5. Кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру үшін Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, өзге де ұйымдардан заемдар тартуға не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасынан аспайтын ставка бойынша олардың кепілдік беруімен қарыз алуға құқылы. Қарыздар қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге тиіс.
6. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын міндетті және төтенше жарналар төлеуден босатпайды.
7. Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап ол міндетті және төтенше жарналар төлеуден босатылады.
13-бап. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру
1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы шартты міндеттемелерді қалыптастыруға және олардың есебін жүргізуге міндетті.
Шартты міндеттемелердің мөлшерін Қорға қатысушы сақтандыру ұйымы сақтандырудың міндетті түрлері бойынша оның сақтандыру сыйлықақысының көлемін және шартты міндеттемелер ставкасын негізге ала отырып есептейді.
2. Шартты міндеттемелердің ставкасын Қорға барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары бойынша өткен қаржы жылындағы сақтандырудың міндетті түрлері бойынша айлық сақтандыру сыйлықақыларының ең жоғары мөлшері негізінде Қор жыл сайын айқындайды.
Шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, оларды қалыптастыру және есепке алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау
1. Міндетті немесе төтенше жарналарды төлемеген, уақтылы төлемеген не толық көлемінде төлемеген жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
2. Уәкілетті орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы хабарлама алған жағдайда мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де
қорғау шаралары
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
15-бап. Кепілдік беру төлемін жүзеге асыру негіздері және
тәртібі
1. Қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап кредитордың Қордан кепілдік төлемін жүзеге асыру жөнінде талап ету құқығы туындайды.
Кепілдік төлемін алуға кредиторлар:
1) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не оны толық көлемде жүзеге асырмағанда, міндетті сақтандыру шарттары бойынша оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі кезеңде барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша;
2) сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, сақтанушының басқа қатысушы-сақтандыру ұйымымен міндетті сақтандырудың жаңа шартын жасасқан күнге дейінгі, бірақ мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі айдан аспайтын кезеңде басталған сақтандыру жағдайлары бойынша құқылы.
2. Кредитордың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздерде Қордан талап ету құқығы туындаған жағдайда, растайтын құжаттар болғанда, кредитор қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде Қорға кепілдік төлемін жүзеге асыру жөнінде жазбаша өтініш беруге құқылы.
Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, оларды алу үшін кредитор мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде өтініш (шағым) беруге құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кредитор сақтандыру (кепілдік) төлемін жүзеге асыру жөніндегі талаппен тікелей Қорға не Қордың қатысушысы-сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
Кредитордың талабын алғаннан кейін қатысушы - сақтандыру ұйымы не Қор міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін анықтау жөніндегі жұмысты жүргізеді.
4. Кредитор не қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын табыс еткеннен кейін Қор кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы не кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.