5. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының осы баптың 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты шығыстарын нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтейді.
6. Кепілдік төлемінің мөлшері міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтандырудың міндетті түрі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады. Кепілдік төлемін жүзеге асырудың тәртібі осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
7. Кепілдік төлемі кредитордың моральдық залалын, алынбаған пайдасын, сондай-ақ міндетті сақтандыру шарты бойынша тұрақсыздық айыбын жаппайды.
8. Кредиторларға кепілдік төлем тараптардың келісімі бойынша тікелей Қордан немесе агент банк арқылы кредитордың банктік шотына қолма-қол емес нысанда не қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
9. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторына кепілдік төлемін жүзеге асырылған күннен бастап кредитордың міндетті сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы жүзеге асырылған кепілдік төлемі көлемінде Қорға ауысады.
Қор кредитордың өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ кепілдік төлемін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талабын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясына (бұдан әрі - тарату комиссиясы) ұсынады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
16-бап. Сақтанушылардың құқықтарын қорғаудың қосымша
тәсілдері
1. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының қолданылу мерзімі аяқталмаған міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушы сот шешімі күшіне енген күннен бастап екі ай мерзімде Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымымен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасалған міндетті сақтандыру шарты қолданыста болуға тиіс қалған уақыт кезеңіне міндетті сақтандыру шартын жасасуға құқылы.
2. Қатысушы-сақтандыру ұйымымен осы баптың 1-тармағында көзделген міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда Қор қатысушы-сақтандыру ұйымына өтемақы төлеуді жүзеге асырады.
3. Өтемақы төлемінің мөлшері міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актіге сәйкес жаңадан жасалған міндетті сақтандыру шартының қолданылу кезеңінің негізінде айқындалады. Өтемақы төлемін жүзеге асыру тәртібі осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
Жаңадан жасалған шарттың қолданылу мерзімі жаңа шартты жасасқан күннен бастап, сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан міндетті сақтандыру шарты қолданыста болуға тиіс мерзім аяқталған кезге дейінгі кезеңді құрайды.
Егер сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын толық төлемесе, Қор сақтанушы төлемеген сақтандыру сыйлықақысының сомасын шегере отырып, өтемақы төлемін жүзеге асыруға құқылы. Бұл жағдайда, міндетті сақтандыру шартын жасасқан қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтанушыдан сақтандыру сыйлықақысының төленбеген сомасын талап етуге құқылы.
4. Қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде қатысушы-сақтандыру ұйымы міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген көлемдегі осындай шарт бойынша жауапты болады.
5. Қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларына міндетті сақтандыру шарты қолданыста болатын аяқталмаған кезеңге міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.
Қордың қатысушысы - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан шарт қолданыста болатын аяқталмаған кезеңге жасасқан шарт бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымы Қорға міндетті жарналар төлемейді, тек шартты міндеттемелерді қалыптастырады.
6. Өтемақы төлемдерін жүзеге асырған күннен бастап жүзеге асырылған өтемақы төлемі көлемінде сақтанушының міндетті сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы Қорға ауысады.
Қор өзіне ауысқан талап ету құқығын, сондай-ақ өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу жөніндегі талабын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тарату комиссиясына ұсынады.
7. Уәкілетті орган дереу, бірақ қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, Қордың қатысушысы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің көшірмесін Қорға жібереді.
8. Қор қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларына басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарламаны, сондай-ақ мекен-жайларын көрсете отырып, сақтанушылар мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарттары бойынша басталған сақтандыру жағдайларында, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының бұрын жасасқан шарттың аяқталмаған қолданылу кезеңіне жаңа міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін өтініш жасауға құқылы қатысушы-сақтандыру ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
17-бап. Қордың кепілдік беруін тоқтату
Қордың кепілдік беруі:
1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемін жүзеге асырған;
2) міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталған;
3) сақтанушы мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен бұрын жасасқан шартының аяқталмаған қолданылу кезеңіне басқа қатысушы-сақтандыру ұйымымен жаңа міндетті сақтандыру шартын жасасқан;
4) мемлекеттік тізілімге мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымын тарату туралы жазба енгізілген жағдайларда тоқтатылады.
2007.07.05. № 244-III өзгерістерді қара (2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тарау. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі
қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
18-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері
1. Қор:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен міндетті және төтенше жарналар төлеуді талап етуге;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
2) тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізу туралы уәкілетті органның алдында өтініш жасауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымын тарату ісін жүргізуге қатысуға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
3) тарату комиссиясынан және кредитордан Қордың міндеттерін іске асыруға қажетті ақпарат пен құжаттар беруді талап етуге;
4) уәкілетті органнан қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қаржылық жай-күйі, қатысушы-сақтандыру ұйымы жасасқан міндетті сақтандыру шарттарының саны туралы мәліметті және сақтандыру құпиясын және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, өзге де қажетті ақпаратты сұратуға;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісінде көзделген жағдайларда кредиторға кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
2. Қор:
1) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес Қорға қатысу міндеті жүктелген сақтандыру ұйымымен қатысу шартын жасасуға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен активтерді қаржы құралдарына инвестициялауға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, көлемде және мерзімде уәкілетті органға Қордың қызметі туралы мәліметтер мен есептілікті (Қордың қаржылық есебін қоспағанда) беруге;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
4) қатысушы-сақтандыру ұйымдарына олардың сұрау салулары бойынша қатысу шартына сәйкес айқындалатын көлемде өзінің қаржылық есептілігін беруге;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
5) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мерзімді баспа басылымдарында өзінің жылдық бухгалтерлік балансын жариялауға;
6) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібін, сондай-ақ олардың шартты міндеттемелер қалыптастыруын бақылауды жүзеге асыруға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
7) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелері бойынша кредиторларға осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға;
8) аудит өткізуге;
9) сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарын бұзуының өзіне мәлім болған фактілері жөнінде уәкілетті органды хабардар етуге;
10) кредиторға кепілдік төлемінің жүзеге асырылғаны туралы тарату комиссиясына хабарлауға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
11) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен, мөлшерде және мерзімде өтемақы төлемдерін жүзеге асыруға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
12) өз функцияларын жүзеге асыру процесінде сақтандыру ұйымдарының қызметі туралы өздеріне мәлім болған бүкіл ақпаратты тек қана қызмет мақсаттарында пайдалануға ;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) осы Заңның 15-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шығыстарын өтеуге.
3. Қордың Қазақстан Республикасының заңдарында және қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
19-бап. Қатысушы-сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері
1. Қатысу шартына сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымы:
1) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мерзімді баспа басылымдарында өзінің сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысуы туралы ақпаратты жариялауға;
2) Қордан кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыруға қатысты ақпарат алуға;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
3) Қордың қаржылық есептілігін Қордан талап етуге құқылы;
2. Қатысу шартына сәйкес қатысушы сақтандыру ұйымы:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен міндетті және төтенше жарналарды төлеуге, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыруға;
2) жасалған міндетті сақтандыру шарттарының саны және олар бойынша төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасы туралы ақпаратты Қорға ұсынуға;
3) өзінің төлем қабілетсіздігі басталғаны және уәкілетті органның санкциялар қолдану фактілері туралы Қорға хабарлауға;
4) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес сақтандыру ұйымына Қорға қатысу міндеті жүктелген міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметінің тоқтатылғаны туралы Қорды хабардар етуге;
5) сотқа мәжбүрлеп тарату туралы талап-арыз берілгендігі туралы, сондай-ақ соттың сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаны туралы Қорды хабардар етуге;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді ( бұр. ред . қара)
6) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларымен жасасқан міндетті сақтандыру шарттары туралы ақпаратты Қорға және тарату комиссиясына беруге ;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға.
3. Қатысушы-сақтандыру ұйымының Қазақстан Республикасының заңдарында және қатысу шартында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
20-бап. Тарату комиссиясының құқықтары мен міндеттері
1. Тарату комиссиясы:
1) Қордан мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторларына кепілдік төлемдерін жүзеге асырылғаны туралы хабарлама алуға;
2) қатысушы-сақтандыру ұйымдарынан мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларымен жасасқан міндетті сақтандыру шарттары туралы ақпарат алуға құқылы.
2. Тарату комиссиясы:
1) құжаттардың көшірмелерін және үзінділерін алу құқығын бере отырып, Қордың уәкілетті өкілдерінің тарату процесіне қатысты ақпарат пен құжаттамаға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
2) өзінің кредитор алдындағы міндеттемелерінің тоқтатылғаны туралы Қорға шұғыл түрде хабарлауға;
3) міндетті сақтандыру шарттарын жасасуға қатысты Қор сұратқан ақпаратты және құжаттарды беруге міндетті.
3. Тарату комиссиясының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
21-бап. Кредитордың құқықтары мен міндеттері
1. Кредитордың:
1) Қордан осы Заңда көзделген тәртіппен кепілдік төлемін жүзеге асыруды талап етуге;
2) қатысушы-сақтандыру ұйымдарынан мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымымен жасасқан міндетті сақтандыру шартының аяқталмаған қолданылу кезеңіне міндетті сақтандыру шартын жасасуды талап етуге;
3) тарату комиссиясынан талаптарды Қордан алынған кепілдік төлемінен асатын мөлшерде қанағаттандыруды талап етуге құқығы бар.
2. Кредитор:
1) Қорға Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісінде көзделген, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және міндетті сақтандыру шарты бойынша шығындардың мөлшерін растайтын құжаттарды ұсынуға;
2) Қордың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кредитордың өзіне ауысқан құқықтарын іске асыруына қажетті барлық құжаттарды беруге міндетті.
3. Кредитордың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады.
7-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
22-бап. Қорды тарату
1. Қорды тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Қордың таратылу кезіне қалыптастырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражаты Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының арасында Қорға қатысу үлесіне барабар мөлшерде бөліп беріледі.
3. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік оның құрылтайшысына беріледі.
23-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Қор туралы заңдарының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікте болады.
24-бап. Өтпелі ережелер
1. Қазақстан Республикасының заң актілерімен лицензиаттардың Қорға қатысу міндеті көзделген сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары Қор құрылған күннен бастап бір ай ішінде қатысу шартын жасасуға міндетті.
2. Сақтандыру ұйымдары осы баптың 1-тармағының талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға құқылы.
Қазақстан Республикасының