ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12) әлеуметтiк мәнi бар облысаралық қатынастарды айқындау;
13) ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiм қабылдау;
15) тасымалдауды шектеу туралы, Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багаж, жүк және жүк-багаж әкелуге, әкетуге, транзиттiк тасымалдауға тыйым салу туралы шешiм қабылдау.
16) ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды
17) темір жол көлігіндегі техникалық реттеу объектілеріне және оның өмірлік циклінің процестеріне техникалық регламенттерді бекіту;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бекіту жатады.
2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) темір жол желісін және темір жол көлiгiн дамыту жөніндегі тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзiрлеу;
2) темір жол көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн заң актілерін және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) магистралдық темір жол желісінiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi станциялық жолдардың, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред .қара)
4) жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау ережелерiн бекіту;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) жылжымалы құрамды тiркеу тәртібін белгiлеу;
7) тасымалдауды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтердi орындауға жасалған шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын белгiлеу;
8) жүру қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi сай келмейтiн магистралдық темір жол желісінiң, темір жолдар мен жылжымалы құрамның объектiлерiн пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9) темір жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң тiзбесiн бекіту;
10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
11) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12) темір жол көлiгi қызметкерлерiн кәсiби ерекшелiк белгiсiмен марапаттау тәртібін бекіту;
13) жүру қауiпсiздiгi талаптары бұзылуының мемлекеттік статистикалық есептілігiн жүргiзу;
14) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәселелердi қарау;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред .қара)
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) экспедиторлар қызметiнiң тәртібін айқындау;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды
17) вагондар (контейнерлер) операторлары қызметiнiң тәртібін айқындау;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) локомотивтiк тартқыш қызметтерiн көрсетудi ұсыну тәртібін айқындау;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) ортақ пайдаланылатын кiрме жолдарға қойылатын талаптарды айқындау;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) магистралдық темір жол желісінде көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды
22) 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды
23) тасымалдаушылардың магистралдық темір жол желісінде көрсетiлетiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізу ережелерiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды
24) бәсекелес кiрме жолы жоқ тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушiлердiң, контрагенттердiң және басқа тұлғалардың кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кемсiтусiз қол жеткізу ережелерiн табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша бекіту;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды
25) кiрме жолдардағы жұмыс ережелерiн бекіту;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды
26) қорғау аймақтары жерiнiң көлемiн, оны пайдалану режимiн айқындау және жердi бөлiнген белдеуде темір жол көлiгiнiң қажетi үшiн пайдалану жөніндегі ережелердi бекіту;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды
26-1) жеке және заңды тұлғалардың темір жол көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын мемлекеттік бақылау және оларды бұзушылықты анықтау мен жолын кесу жөніндегі шараларды қолдану;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды
26-2) көлік қызметтерін көрсету саласындағы лицензиялық ережелердің сақталуын мемлекеттік бақылау;
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды
27) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындау жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының темір жол көлiгi саласындағы құзыретiне:
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешiмдi тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешiм қабылдау;
2) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалдауды уақытша тоқтату туралы шешiм қабылдау жатады.
15-бап. Ұлттық темір жол компаниясы
1. Ұлттық темір жол компаниясы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Ұлттық темір жол компаниясы магистралдық темір жол желісі операторының функциясын орындайды.
3. ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Ұлттық тасымалдаушы
1. Ұлттық тасымалдаушы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi; соның iшiнде арнайы және әскери жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсетедi.
16-бап. Тасымалдау процесiн басқару
1. Магистралдық темір жол желісінiң операторы тасымалдау процесiн орталықтандырылған басқаруды және ұйымдастыруды жүзеге асырады, магистралдық темір жол желісін пайдалану ережелерiне сәйкес тасымалдаушылармен шарттар жасасады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред .қара)
2. Магистралдық темір жол желісінiң операторы қауіпсіздік талаптарына және техникалық пайдалану ережелеріне сай келмейтін жылжымалы құрамды магистралдық темір жол желісіне жiбермеуге мiндеттi.
17-бап. Темір жол станциясы
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Тасымалдаушы поездарды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызметтер көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөніндегі тиiстi операцияларды жүргiзу үшiн ашық темір жол станцияларының арасында тасымалдауды жүзеге асырады.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшiн темір жол станциялары жұмыс режимiнiң талаптарын, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртібін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елдi мекендердiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарымен келісім бойынша уәкiлеттi орган айқындайды.
3. Шекара, кеден, ветеринария, фитосанитария органдары және басқа органдар темір жол станциясы аумағындағы өз қызметтерiн темір жол станциясының жұмыс режимiнде жүзеге асырады.
4. Темір жол станцияларының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау жөніндегі операцияларды, сондай-ақ жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру және беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жөнiндегі қызмет көрсетулеріне тасымалдаушылардың тең дәрежеде қол жеткізуi қамтамасыз етiлуге тиiс.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Темір жол станциялары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай жолаушылар, жүк, сұрыптау станциялары, учаскелiк және аралық станциялар болып бөлiнедi.
3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған
жер және қорғалатын аймақтар
18-бап. Темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер
1. Тасымалдаушыға немесе тасымал процесiне қатысушысына өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн жер темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер болып табылады.
2. Темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге мынадай темір жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен ғимараттарға:
1) магистралдық жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен құрылыстарға (темір жол төсемi, көпiрлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтiк-техникалық ғимараттар);
2) кiрме жолдарға;
3) энергетика, локомотив, вагон, жол және жүк шаруашылықтарының, сумен қамтамасыз ету және канализация ғимараттарымен, құрылыстарымен, қорғаныш және бекiткiш екпе ағаштарымен, арнаулы темір жол көлiгiне қызмет көрсетуге арналған қызметтiк және басқа да объектiлерiмен бiрге темір жол станцияларына бөлiнген жерлер жатады.
3. Темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жер уәкiлеттi мемлекеттік органдар белгiлеген қала құрылысын салу мен экология талаптарына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес келуге тиiс.
4. Тасымал процесiне қатысушылар өздерiнiң кiнәсiнен қоршаған ортаға келтiрген зияны үшiн, сондай-ақ темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi тиiсiнше күтiп-ұстамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
19-бап. Темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi бөлу мен пайдалану тәртібі
1. Жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жер учаскелерi темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау-техникалық құжаттамасы мен бас схемаларына сәйкес, уәкiлеттi органмен келiсе отырып белгiленген тәртiппен бекітілетiн нормативтер бойынша берiледi.
3. Бөлiнген белдеудегi темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жердi пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.
20-бап. Темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары
1. Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге бөлiнген белдеуге жанасатын жер учаскелеріндегі объектiлердi қауiпсiз пайдалану мақсатында, жер пайдаланудың ерекше жағдайларымен қорғалатын аймақтар белгiленедi, олардың шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарымен сыйыспайтын қызмет түрлерiне шек қойылады немесе тыйым салынады.
2. Темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарына көлiк құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, берiктiгiн әрi орнықтылығын қамтамасыз етуге қажеттi қорғаныш орман аймақтары, жер учаскелерi, сондай-ақ темір жол көлiгiне бөлiнген белдеуге жанасатын, сел қаупi, көшкiн қаупi және басқа да қауiптi жағдайлар болатын аймақтардағы және өңiрлердегi жер учаскелерi жатады.
3. Темір жол көлiгi қорғалатын аймақтарының жерi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың иелiгiнен алынбайды және олар бұл жердi белгiленген шектеулердi сақтай отырып пайдаланады.
21-бап. Қорғалатын аймақтардағы жерлердi пайдалануды шектеу
1. Темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарында:
1) темір жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге iргелес жатқан учаскенiң меншiк иесiнiң немесе оны пайдаланушының жазбаша келісімiнсiз тұрақты және уақытша сипаттағы құрылыс, монтаждау және тау-кен жұмыстарын жүргiзуге;
2) көшкiннiң, шөгiндiнiң, сел тасқынының, сай-жыраның пайда болуына, сусымалы құмдардың, қар үйiндiлерiнiң, көшкiнiнiң туындауына, өзге де осындай зардаптарға әкелiп соғатын тәсiлдермен ағаштарды кесуге және өсiмдiк қабатын бұзуға тыйым салынады.
2. Қорғалатын аймақтар жерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушылары темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарындағы жерлердi пайдаланудың режимiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылықта болады.
4-тарау. Темір жол көлігі қызметкерлерінің еңбек
қатынастарын реттеу ерекшеліктері
22-бап. Темір жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастарын реттеу ерекшелiктерi
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Темір жол көлiгi қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, осы Заңмен, бас келісіммен, салалық (тарифтiк) келісімдермен, еңбек және ұжымдық шарттармен реттеледi.
2. Темір жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерi кәсiби даярлығы мен денсаулығы жөнiнен уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сай болуға тиiс.
3. Темір жол көлiгiнiң поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерi жұмыс режимiнiң ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
23-бап. Темір жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетудiң қосымша негiздерi
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негiздемелерден басқа уәкiлеттi органның, магистралдық темір жол желісі операторының талап етуi бойынша жұмыс берушi мынадай жағдайларда:
1) магистралдық темір жол желісі диспетчерлiк қызметiнiң, операторының тасымалдау процесi мен поездар жүрiсiн басқаруға байланысты нұсқауларын орындамағаны үшiн;
2) жұмыс уақытының режимiн бұзғаны үшiн темір жол көлiгiнiң қызметкерiн жұмыстан шеттетуге мiндеттi.
2. Жұмыстан шеттетiлген кезеңге жалақы сақталмайды.
Қызметкердi жұмыстан шеттету осыған негiз болған себеп анықталғанға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн.
24-бап. Нысанды киім және айырым белгiлерi
Темір жол көлiгiнiң жолаушыларға, жүк жөнелтушiлерге және жүк алушыларға қызмет көрсетуге байланысты, сондай-ақ поездар қозғалысына тiкелей байланысты қызметкерлерiне жұмыс берушiнiң есебiнен тиiстi айырым белгiсi бар нысанды киім берiлуге тиiс.
5-тарау. ҚР 08.05.03 ж. № 414-1 Заңымен алып тасталды
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-тарау. Темір жол көлігі саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
30-бап. Жалпы ережелер
1. Темір жол көлігі, темір жолдар, темір жол станциялары, вокзалдар және темір жол тасымалдарымен байланысты тасымалдау процесіне қатысушы өзге де объектілер, сондай-ақ олардың өмірлік циклінің процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
2. Тасымал процесіне қатысушылар техникалық регламенттер де белгіленген қауіпсіздік талаптарын орындауға және адамның өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жолда жүруі үшін қауіпсіз жағдайларды, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Қозғалыс қауіпсіздігі адамның өмірі мен денсаулығын сақтау ға, қоршаған ортаны қорғауға, тасымалдау процесіне қатысушылардың авариясыз жұмыс істеуіне жағдайлар жасауға, магистральдық темір жол желісін, темір жолдың жылжымалы құрамын, құрылыстарды, жабдықтады, механизмдер мен тетіктерді ақаусыз ұстауға, сондай-ақ болуы ықтимал авариялар салдарын жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз eтіледі.
4. Темір жолдармен қиылысатын немесе оларға тікелей жақын орналасқан газ, мұнай құбырларын және басқа да құрылыстар салу мен пайдалану кезінде белгіленген нормативтердің сақталмағаны үшін, сондай-ақ аталған құрылыстарды пайдалану қауіпсіздігі үшін олардың меншік иелері мен иелері ортақ жауаптылықта болады.
Аталған құрылыстардың иелері тасымал процесіне қатысушыларды және мемлекеттік көлік бақылау органдарын қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін аварияның немесе авариялық жағдайлардың туындағаны туралы дер кезінде хабардар етуге міндетті.
5. Қауіпті жүктерді жөнелтетін жөнелтуші (жүк жөнелтуші) және қабылдайтын алушы (жүк алушы), сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдайтын тасымалдаушы олардың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз етуге міндетті, оларда авариялық жағдайларды және олардың салдарын жоюға қажетті құралдар мен жұмылдыру бөлімшелері (оның ішінде шарт бойынша) болуға тиіс.
Қауіпті жүктерді тасымалдау процесінде авариялық жағдайлар туындаған кезде тасымалдау процесіне қатысушылар аталған бөлімшелердің оқиға орнына жедел түрде жіберілуін қамтамасыз етуге міндетті.
ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 31-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
31-бап. Темір жол көлігі мен жабдықтарының нарықтағы айналымы
кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Темір жол көлігі мен жабдықтары, егер олар адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес келмесе немесе тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соқтыратын болса, онда оларды нарықта өткізуге және пайдалануға тыйым салынады.
2. Темір жол көлігі мен жабдықтарын Қазақстан Республикасының нарығына орналастыратын тұлға Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестікті растау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.
3. Темір жол көлігі мен жабдықтарында қауіптілік және қауіпсіз пайдалану шарттары туралы қажетті сақтандыру жазбалары немесе белгілері болуға тиіс.
4. Темір жол көлігі мен жабдығын нарықта орналастырушы тұлға таралып кеткен темір жол көлігі мен жабдықтарының қауіпсіздік талаптарын бұзушылық орын алған болса, ол туралы және оларға қолданылған шаралар туралы уәкілетті органдарды дереу хабардар етуге міндетті.
5. Дайындаушыдан, импортқа шығарушыдан, пайдаланушыдан немесе мемлекеттік бақылау органдарынан темір жол көлігі мен жабдықтарының белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіні туралы ақпарат алған тұлға оларды нарықта орналастырмауға тиіс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды
31-1-бап. Темір жол көлігі мен жабдығын жобалау кезіндегi
қауіпсіздік талаптары
1. Темір жол көлігінің объектілері, сондай-ақ қауіпті жүктерді өндіру, тиеу, түсіру (түсіріп алу), сақтау және тасымалдау жүзеге асырылатын объектілер елді мекендерден, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардан, жеке ғимараттар мен құрылыстардан уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес қажетті қашықтықта аулақ орналасуға тиіс.
2. Жобалау темір жол көлігі немесе жабдығы жобасының темір жол көлігі мен жабдығының жеке түрлеріне арналған Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге тиіс.
3. Темір жол көлігі мен жабдығын жобалау кезінде олардың өмірлік циклінің барлық сатысындағы, соның ішінде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар (істен шығу және сыртқы әсер), қызметкердің қателіктері мен рұқсат етілмейтін пайдалану кезіндегі барлық мүмкін болатын қауіп-қатерлер сәйкестендірілуге тиіс.
4. Темір жол көлігінің, оның тежегіш жабдығының құрылғысы, тежегіш жабдықтарды ауамен қамтамасыз ету қондырғысы, сигнализация және байланыс қондырғылары бақылау-өлшегіш пен электр жабдығын пайдаланудың бүкіл кезеңінде адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
5. Темір жол көлігі мен жабдығының барлық түрлері үшін пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қызметтің белгіленген мерзім (белгіленген ресурс) ішінде өрт, жарылыс, тікелей машинадан, будан немесе басқа да материалдардан туындаған қызып кету қаупі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рұқсат етілген нормаларынан аспауға тиіс.
6. Жұмысқа және техникалық күтім жасауға арналған барлық аймақтарға қауіпсіз кіру құралдары (баспалдақтар, өтпе жолдар) қамтамасыз етілуі қажет.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 31-2-баппен толықтырылды
31-2-бап. Темір жол көлігі мен жабдығын өндіру кезіндегi
қауіпсіздік талаптары
1. Темір жол көлігі мен жабдығын өндіруде темір жол көлігі мен жабдығын дайындау процесінің жобалық құжаттаманың, осы Заңның және темір жол көлігі мен жабдығының нақты түрлеріне арналған техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
2. Темір жол көлігі мен жабдығын өндіруде дайындаушы жобалық құжаттамамен айқындалған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бүкіл шаралар кешенін орындауға және қауіпсіздікке қатысты болатын барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Егер темір жол көлігі мен жабдығын дайындау процесінде немесе одан кейін Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сынақтар жүргізу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындала отырып толық көлемде жүргізілуге тиіс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 31-3-баппен толықтырылды
31-3-бап. Темір жол көлігі мен жабдығын пайдалану (монтаждау
және жөндеу) кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Тасымалдау процесімен байланысты темір жолдар, темір жол станцияларының аумақтары, вокзалдар және тасымалдау процесіне қатысушы басқа да объектілер қауіптілігі жоғары аймақ болып табылады және олардың уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес сигналдық қоршаулары болуға тиіс.
2. Пайдалану (монтаждау және жөндеу) кезінде темір жол көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның қауіпсіздігіне әсер ететін техникалық сипаттамаларды сақтауға қойылатын барлық қажетті талаптар темір жол көлігі мен жабдығына арналған пайдалану құжаттамасында берілуге тиіс.
3. Темір жол көлігі мен жабдығын пайдалануды (монтаждауды және жөндеуді) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар темір жол көлігі мен жабдығына арналған пайдалану құжаттамасының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге тиіс.
4. Тартқыш көлік құралының (локомотивтің) иесі локомотивті тартқыш қызметін көрсету кезінде оның жарамды жай-күйін, соның ішінде пайдалануға технологиялық дайындығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндетті.
5. Магистральдық және маневр жасайтын тепловоздардың зиянды заттары мен пайдаланылған газдарының шығарындылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәннен аспауға тиіс.
6. Темір жол көлігі мен жабдығы өз міндеттерін орындауға, реттеуге және техникалық қызмет көрсетуге, осы операцияларды орындау кезінде адамдарды қауіп-қатерге ұшыратпауға тиіс.
7. Темір жол көлігі мен жабдығын басқару жүйелері жұмыстың барлық көзделген режимінде және пайдалану жағдайларында оларды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
8. Басқару қондырғысы жеңіл ажыратылуға тиіс, ал қажет болған жағдайларда жазбалармен, нышандармен немесе басқа әдістермен белгіленуі керек.
Темір жол көлігі мен жабдығы олардың толық және қауіпсіз тоқтатылуын (сөндірілуін) қамтамасыз ететін қажетті жабдықпен, қондырғымен жабдықталуға тиіс.
Басқару жүйесі, егер шұғыл тежеу және авариялық тоқтату (ажырату) жабдықтарын пайдалану қауіп-қатердің алдын алатын немесе азайтатын болса, оларды қамтуға тиіс.
9. Темір жол көлігі мен жабдығының жүйесін орталықтан басқару пульті жүйенің кез келген бөлігін пайдаланудың бұзылуы туралы ақпаратты бейнелейтін құралдармен, сондай-ақ авариялық тоқтату (сөндіру) құралдарымен жабдықталуға тиіс.
10. Темір жол көлігі мен жабдығын басқарудың таңдалған режимінде авариялық тоқтатудан (сөндіруден) басқа, басқарудың басқа да барлық режимдеріне қатысты басымдық болуға тиіс.
11. Қоректендіру көзінің және басқару сызбасының бұзылуы қауіпті жағдайлардың туындауына әкеп соқтырмауға тиіс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 31-4-баппен толықтырылды
31-4 бап. Темір жол көлігі мен жабдығын тасымалдау және