Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 574 Қаулысы
(2012.19.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 121 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 121 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 121 Қаулысымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 1481 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 41, 479-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 1481 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 285 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 13, 151-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі № 779 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №31, 414-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Ереже. ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 121 Қаулысымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 121 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 6 шілдедегі № 574 қаулысымен
бекітілген
Геодезиялық және картографиялық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын
біліктілік талаптары
1. Геодезиялық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
1) заңды тұлғалар үшін:
штатында геодезия саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның;
штатында картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір маманның;
2) жеке тұлғалар үшін:
геодезия саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл өтілінің;
картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл өтілінің болуын қамтиды;
3) геодезиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін аспаптардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың меншікті немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете отырып аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жиынтығы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;
4) деректерді өңдеу үшін меншікті немесе жалға алынған бағдарламалық кешендердің не бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар ұйыммен қызметтер көрсетуге арналған шарттың;
5) Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдары болып табылатын аспаптар мен құрал-саймандарды тексеру туралы сертификаттардың;
6) өлшемдер құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген және Қазақстан Республикасында қолдануға жіберілген аспаптардың, жабдықтар сертификаттарының болуын қамтиды.
2. Картографиялық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
1) заңды тұлғалар үшін: штатында картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл өтілі бар кемінде екі маманның;
2) жеке тұлғалар үшін:
картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
3) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін аспаптардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың меншікті немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете отырып аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жиынтығы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;
4) деректерді өңдеу үшін меншікті немесе жалға алынған бағдарламалық кешендердің не бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар ұйыммен қызметтер көрсетуге арналған шарттың;
5) Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдары болып табылатын аспаптар мен құрал-саймандарды тексеру туралы сертификаттардың;
6) өлшемдер құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген және Қазақстан Республикасында қолдануға жіберілген аспаптардың, жабдықтар сертификаттарының болуын қамтиды.