Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегi
№ 1481 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 285 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.06.07. № 574 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңдарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуға лицензиялар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 1481 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 479-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта:
"сатуға лицензиялар беру ережесін" деген сөздер "сатуды лицензиялауға қойылатын біліктiлiк талаптарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сатуға лицензиялар беру ережесi" деген сөздер "сатуды лицензиялауға қойылатын біліктілiк талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттік тiлдегi мәтiнде "жүргiзуге" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сатуға лицензиялар беру ережесінде:
тақырыбында "сатуға лицензиялар беру ережесi" деген сөздер "сатуды лицензиялауға қойылатын біліктiлiк талаптары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттік тiлдегі мәтiнде "жүргiзуге" деген сөз алынып тасталсын;
1-тармақ және 1, 3, 4-бөлiмдер алынып тасталсын;
"Бiлiктiлiк талаптары" деген 2-бөлiмде:
тақырыбы алынып тасталсын;
"15" және "16" тармақтар "1" және "2" тармақтар болып саналсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д: Ахметов |