ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 8-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8-тарау. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқарудың
тәртібі мен шарттары
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 43-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
43-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу орны
1. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар жазаны оларға қадағалауды қылмыстық-атқару инспекцияларының жүзеге асыруы жағдайында тұратын жері бойынша өтейді.
2. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары қылмыстық-атқару инспекцияларына бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбекке орналастырылып, тұрмыстық жайластырылуына жәрдемдесуге міндетті.
44-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдарды жазасын өтеу орнына жіберу
1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған сотталған адамдар күзетте ұстаудан босатылады және жазасын өтеу орнына мемлекет есебінен өздері барады. Түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталған адамға оны есепке қою үшін қылмыстық-атқару инспекциясына бару бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазаны өтеу орнына бару туралы нұсқама береді.
2. Сотталған адам жазасын өтеу орнына белгіленген мерзімде барып жетпеген жағдайда ішкі істер органдары оны іздестіруді жүзеге асырады.
3. Сотталған адам ұсталғаннан кейін бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін материалдар оның ұсталған жеріндегі сотқа беріледі.
45-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімін есептеу
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімі қылмыстық-атқару инспекциясының үкімді орындауға қабылдаған кезінен бастап есептеледі.
2. Сотталған адамның жұмыста немесе тұрғылықты жерінде бір тәуліктен артық өз бетімен болмаған уақыты жаза мерзіміне есептелмейді.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
46-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтейтін адамдар қадағалауда болады және:
қылмыстық-атқару инспекцияларының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарынан туындайтын талаптарды орындауға;
қылмыстық-атқару инспекциясының рұқсатынсыз жұмыс, оқу орнын және тұрғылықты жерін ауыстырмауға;
оқудан жәңе жұмыстан бос уақытта тұратын жерінде болуға;
қылмыстық-атқару инспекциясы белгілеген мерзімде тіркелу және тәрбиелік іс-шаралар өткізуге қатысу үшін қылмыстық-атқару инспекциясына келуге;
жұмыс немесе оқу кестесінің өзгеруі туралы қылмыстық-атқару инспекциясын жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге;
жеке басын куәландыратын құжатты өзімен бірге алып жүруге міндетті.
2. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші сотталған адамдарға жазаны өтеу орны бойынша облыс шегінде орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқуға рұқсат етіледі. Сотталған адам қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен өзге жерде орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқи алады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 47 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
47-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдардың еңбек жағдайлары
1. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбегі, осы Кодекспен белгіленген ережелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
2. Сотталған адамды басқа жұмысқа, оның ішінде басқа жерге ауыстыру қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен жүзеге асырылады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 48 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
48-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие жұмысы
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие жұмысын жүргізеді.
2. Сотталған адамдардың тәрбиелік сипатта жүргізілетін іс-шараларға белсенді қатысуы көтермеленеді және түзелу деңгейін анықтаған кезде ескеріледі.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 49- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
49-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы жазаны өтеудің белгіленген тәртібін адал орындағаны үшін сотталған адамдарға мынаДай көтермелеу шараларын:
алғыс жариялау;
бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бүрын алу;
демалыс және мереке күндерін тұратын жерінің шегінен тыс жерлерде өткізуге рұқсат беру;
демалысын тұратын жерінің шегінен шығып өткізуге рүқсат беру шараларын қолдана алады.
2. Тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысатын және жәбірленушінің денсаулығына, мүлкіне келтірген залалды және мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеу жөнінде шаралар қолданатын және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін сотталған адамдарды сот осы Кодексте көзделген тәртіппен шартты түрде мерзімінен бұрын босата, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыруға ұсына алады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 50 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
50-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын жазалау шаралары
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы жазаны өтеу тәртібін бүзушы сотталған адамдарға мынадай жазалау шараларын:
сөгіс беру;
демалыс және мереке күндерінде тұратын жерінің шегінен шығуға бір айға дейінгі мерзімге тыйым салу;
бас бостандығын шектеудің бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы мүмкін екендігі туралы ескерту шараларын қолдана алады.
2. Қылмыстық-атқару инспекциясы жазасын өтеуден қасақана жалтарушы адамдарға қатысты бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселелерді шешу үшін сотқа материалдарды табыс етеді.
51-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану тәртібі
1. Көтермелеу және жазалау шаралары жазбаша түрде қолда-нылады.
2. Жазалау шараларын қолдану кезінде құқық бұзушылық жасалған мән-жайлар, сотталған адамның жеке басы мен оның теріс қылық жасағанға дейінгі мінез-құлқы ескеріледі. Тағайындалатын жаза сотталған адам жасаған теріс қылықтың сипаты мен ауырлығына сәйкес болуға тиіс. Жаза теріс қылық анықталған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер теріс қылыққа байланысты тексеру жүргізілсе - оның аяқталған күнінен бастап, бірақ теріс қылық жасалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей тағайындалады. Жаза жиырма төрт сағат ішінде, ал ерекше жағдайларда - ол тағайындалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей атқарылады.
3. Осы Кодексте көзделген көтермелеу және жазалау шараларын қолдану қүқығын қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы немесе оның орнында қалған адам толық көлемде пайдаланады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 52 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
52-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны
өтеуден қасақана жалтару және бас бостандығын
шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен
шарттарын бұзу
1. Кейін жасалған әрбір тәртіп бұзушылық алдыңғысына жаза тағайындалғаннан кейін жасалған жағдайда тұрғылықты жеріне, жұмыс немесе оқу орнына келудің белгіленген кестесін бұзу, өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару, сондай-ақ сол үшін әкімшілік жаза қолданылған сотталған адамның қоғамдық тәртіпті бұзуы жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзушылық болып табылады.
2. Еңбек демалысынан немесе демалыс және мереке күндері демалыс өткізу орнынан дәлелсіз себептермен дер кезінде келмеу, қылмыстық-атқару инспекциясы қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тарту, сондай-ақ тұрғылықты жерінен, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетінше кетіп қалу бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару болып табылады.
3. Тұрғылықты жерінен, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетінше кетіп қалған сотталған адамдарға қатысты қылмыстық-атқару инспекциясы бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздеу жариялау туралы ұсыным енгізеді.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 53 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
53-бап. Сотталған адамдарды қадағалау және бас бостандығын шектеутүріндегі жазаны өтеу тәртібін бұзушылықтың алдын алу шаралары
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушілерді қадағалауды қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады және сотталған адамдарға олардың тұратын жері мен жұмыс орны бойынша, сондай-ақ жұмыстан бос уақытында байқау мен бақылау жасауды қамтамасыз етеді. Қадағалауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік қүқықтық актілермен белгіленеді.
2. Сотталған адамға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде оны ішкі істер органдары прокурордың санкциясымен жазаны өтеуден жалтарудың жолын кесу және материалдарды сотқа беру мақсатында он тәулікке дейінгі мерзімге үстауы мүмкін.
3. Жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталған адамды ішкі істер органы жалтару себептерін анықтау үшін прокурордың санкциясымен он тәулікке дейінгі мерзімге үстауы мүмкін. Қажет болған жағдайда ішкі істер органы үсталған адамды жазаны өтеу орнына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар үшін белгіленген тәртіппен жібереді және жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны туралы деректер болған жағдайда, сотталған адамның бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін материалдарды сотталған адамның ұсталған жері бойынша сотқа береді.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңына сәйкес 8-ші бөлімінің жаңа редакциясында 54-ші, 55-ші баптар берілмеген (бұр. ред. қара)
9-тарау. Қосымша жазаларды атқару
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 53 - бап өзгертілді
56-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру туралы сот үкімін атқару
1. Сотталушыны арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан айыру туралы үкiм шығарған сот үкiм заңды күшiне енген соң оның көшiрмесiн сотталушыға атақты, сыныптық шендi, дипломатиялық дәреженi, біліктілік сыныбын берген лауазымды адамға жiбередi.
2. Лауазымды адам белгiленген тәртiппен тиiстi құжаттарға сотталушыны арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден біліктілік сыныбынан айыру туралы жазба жасайды, сондай-ақ оны тиiстi атағы, шенi, дәрежесi, сыныбы бар адамдар үшiн көзделген құқықтар мен жеңiлдiктерден айыру жөнiнде шаралар қолданады.
3. Запастағы әскери қызметшi жөніндегі сот үкімінiң көшiрмесi оның әскери есепке алынған орны бойынша жергілікті әскери басқару органына жiберiледi.
4. Лауазымды адам үкiмнiң көшiрмесiн алған күннен бастап бiр айдың iшiнде үкiмдi шығарған сотқа оның орындалғаны туралы хабарлайды.
5. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 50-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес сотталушыны құрметтi атақтан, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан немесе мемлекеттік наградадан айыру туралы шешiм қабылдаған кезде тиiстi мемлекеттік орган осы баптың 2-тармағында көрсетiлген шараларды қабылдайды. Мемлекеттік наградаларды оларға қоса берiлген құжаттармен бiрге алып қоюды өкілетті орган белгілейтін тәртіппен олар болатын жердегi қылмыстық-атқару инспекциясы жүргiзедi.
ҚР 23.06.00 ж. № 57-II; 24.12.01 ж. № 276-II Заңдарымен 57-бап өзгертілді
57-бап. Мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкімін атқару тәртібі
1. Сотталушының мүлкiн тәркiлеу туралы үкiм шығарған сот ол заңды күшiне енген соң атқару парағын, мүлiк тiзiмiнiң көшiрмесiн және үкiмнiң көшiрмесiн атқару үшiн сот атқарушысына жiбередi, бұл туралы уәкiлеттi мемлекеттік органға хабарлайды. Iсте сотталушы мүлкiнiң тiзiмi болмаған жағдайда мүлiк тiзiмi жүргiзiлмегенi туралы анықтама жiберiледi.
2. Мүлiктi тәркiлеу түріндегі жазаны орындауды мүлiктiң тұрған жерi бойынша сот атқарушысы жүргiзедi.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 58-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
58-бап. Тәркiлеуге жататын мүлiк
1. Сотталушының мүлкi, соның iшiнде оның ортақ немесе бiрлескен меншiктегi үлесi, ақшасы мен бағалы қағаздары, сотталушының банктердегi салымдары мен кез келген меншiк нысанындағы активтерге өзге де салымдары сот үкімі бойынша тәркiленуге жатады. Сондай-ақ қылмыстық іс-әрекет объектісі, қылмыс жасау қаруы немесе қүралы, айналымнан алынып қойылған зат болып табылатын мүлік сот үкімі бойынша тәркіленуге жатады.
2. Сотталушының сот үкімі бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiктiң Тiзбесiнде аталған мүлкi тәркiленуге жатпайды (қоса тiркеледi).
3. Соттың үкімі бойынша тәркiленуге жататын мүлiктiң кiмге тиесiлi екендiгi туралы даулар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен шешiледi.
59-бап. Сот атқарушысының мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкімін атқару жөніндегі iс-әрекетi
1. Сот атқарушысы атқару парағын алған соң дереу тiзiмде көрсетiлген мүлiктiң бар-жоғын тексередi, тәркiлеуге жататын басқа мүлiктi анықтайды, сөйтiп оны тiзiмге кiргiзедi. Егер мүлiктiң тiзiмi жүргiзiлмеген болса, сот атқарушысы сотталушының тәркiленуге жататын мүлкiн анықтауға шара қолданады, сөйтiп оны тапқан жағдайда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сол мүлiктiң тiзiмiн жасайды.
2. Тiзiмде әрбiр заттың толық және дәл атауы, оның айырым белгiлерi, соның iшiнде түсi, мөлшерi, тозу дәрежесi мен жеке сипаттамасы көрсетiледi. Тiзiмделген заттар сүргiленедi, мөрленедi және сақтауға берiледi, бұл туралы тiзiмге белгi соғылады.
3. Сот атқарушысы тәркiленуге жататын және тiзiмге алынған мүлiктi сақтауға қажеттi шаралар қолданады.
4. Мүлiктiң сот атқарушысы жасаған тiзiмiн судья бекiтедi.
5. Сотталушының ортақ және бiрлескен меншiктегi үлесiн сот атқарушысының ұсынуы бойынша сот атқарушысының өзi тұратын сот азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен анықтайды.
23.06.00. № 57-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 2006.22.06 № 147-III ҚР Заңдарымен 60-бап өзгертілді
60-бап. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттік органға беру
1. Сотталушының тәркiленген мүлкiн уәкiлеттi мемлекеттік органға беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған қойылатын барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн жүргiзiледi. Тәркiленген мүлiк есебiнен қанағаттандыруға жататын талаптар жөнiнде мемлекет оны сатудан немесе одан әрі пайдаланудан алынған қаражат шегiнде жауап бередi.
2. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттік органға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
ҚР 23.06.00 ж. № 57-II 24.12.01 ж. № 276-II Заңдарымен 61-бап өзгертілді
61-бап. Тәркiленуге жататын мүлiкке байланысты үшiншi тұлғалардың мiндеттерi
1. Өзiнде сот үкімімен тәркiленуге жататын мүлiк бар ұйымдар мен азаматтар бұл туралы сотқа немесе уәкiлеттi мемлекеттік органға хабарлауға мiндеттi.
2. Аталған мүлiктiң жасырылуына, бүлiнуiне немесе ұрлануына кiнәлiлер заңға сәйкес жауапқа тартылады.
62-бап. Үкiмдi атқарудан кейiн анықталған мүлiктi тәркiлеу
Үкiм барлық мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде атқарылып, бiрақ айыптау үкімін атқарудың заңмен белгiленген өтеу мерзiмдерi бiткенге дейiн сотталушының оған үкiм шығарылғанға дейiн немесе үкiм шығарылғаннан кейiн ол тәркiлеуге жататын қаражатқа сатып алған тәркiленбеген мүлкi табылған жағдайларда, үкiм шығарған сот немесе үкiмдi атқару орны бойынша сот, егер мүлiк заң бойынша тәркiленуi мүмкiн болса, сот атқарушысының ұсынуымен табылған мүлiктi тәркiлеудi атқаруға жiберу туралы қаулы шығарады.
3-Бөлім. Қамау түріндегі жазаны атқару
10-тарау. Қамау түріндегі жазаны атқарудың
тәртібі мен ережелері
63-бап. Қамау түріндегі жазаны өтеу орындары
1. Қамауға сотталған адамдар жазаны соттау орны бойынша қамау үйлерiнде өтейдi.
2. Сотталушы жазаның бүкiл мерзiмiн, әдетте, бiр қамау үйiнде өтейдi.
3. Қамауға сотталушы бiр қамау үйiнен екiншiсiне көшiруге ол ауырған жағдайда не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ сотталушының сол қамау үйiнде одан әрi болуына кедергi жасайтын өзге де ерекше мән-жайлар кезiнде жол берiледi.
64-бап. Қамау түріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен ережелерi
1. Қамауға сотталғандар қатаң оқшаулау жағдайында ұсталады. Күзетпен ұсталатын адамдардың өзге санаттарынан еркектер, әйелдер, кәмелетке толмағандар, сондай-ақ бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген және соттылығы бар адамдар бөлек орналастырылады.
2. Сотталғандарға түрмеде жалпы режим жағдайында бас бостандығынан айыруды өтеушi адамдар үшiн осы Кодексте белгiленген ұстау жағдайлары қолданылады. Адвокаттармен кездесулердi қоспағанда, сотталғандардың кездесуiне болмайды; посылка, сәлемдеме, бандерольдер алуға рұқсат етiлмейдi, бұған олардың бiрiншi кезекте қажеттi заттары мен маусымдық киім-кешек салынғаны қосылмайды. Сотталғандарды жалпы және кәсiптiк оқыту жүзеге асырылмайды; күзетсiз жүруiне рұқсат етiлмейдi. Сотталғандар жеке шотында бар қаражатына ай сайын бiр айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомаға тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға құқығы бар.
3. Сотталғандар күн сайын ұзақтығы бiр сағаттан кем емес, ал кәмелетке толмағандар - бiр жарым сағаттан кем емес сейiлдеудi пайдаланады.
4. Ерекше жеке мән-жайлар кезiнде қамауда ұстауға сотталғандарға жақын туыстарымен /жұбайымен, зайыбымен/ телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етiлуi мүмкiн.
65-бап. Қамау түріндегі жазаны өтеушi адамдарды еңбекке тарту
Қамауды атқарушы қамау үйiнiң әкiмшiлiгi сотталғандарды ұзақтығы аптасына төрт сағаттан аспайтын уақытқа қамау үйлерiне шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға ақы төлемей тартуға құқылы.
66-бап. Қамауға сотталған адамдарға қолданылатын көтермелеу және жазалау шаралары
1. Жақсы мiнез-құлқы үшiн сотталғандарға алғыс, бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алу, телефон арқылы сөйлесуге рұқсат ету түрiнде көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкiн.
2. Жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшiн қамауда ұстауға сотталғандарға сөгiс немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге айыптылық, оқшаулау орнына шығару түріндегі жаза қолданылуы мүмкiн.
3. Қамауда ұстауға сотталғандарға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану тәртібі осы Кодекстiң 110 және 113-баптарымен реттеледi.
67-бап. Қамауға сотталған адамдарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету және оларға медициналық қызмет көрсету
1. Қамауға сотталғандарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жазасын жалпы режимдегi түрмелерде өтеушi адамдар үшiн - белгiленген нормаларға сәйкес, ал кәмелетке толмағандар үшiн тәрбиелеу колониялары үшiн белгiленген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қамауға сотталғандар медициналық көмекпен қамтамасыз етiледi.
4-Бөлім. Бас бостандығынан айыру түріндегі
жазаны атқару
11-тарау. Бас Бостандығынан айыру түріндегі
жазаны атқарудың жалпы ережелері
68-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару орындары
1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазаны қамалғанға дейiн өздерi тұрған немесе өздерi сотталған облыстың Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерiнде өтейдi. Сотталғандардың денсаулық жағдайы бойынша немесе олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн ерекше жағдайларда, сондай-ақ өздерiнiң келісімi бойынша олар жазаларын өтеу үшiн басқа облыстың тиiстi түзеу мекемесiне жiберiлуi мүмкiн.
2. Қамалғанға дейiн тұрған жерi бойынша немесе сотталған орны бойынша тиiстi түрдегi түзеу мекемесi болмаған жағдайда сотталғандар жақын маңайдағы түзеу мекемелерiне жiберiледi.
3. Қылмыстарды өте қауiптi қайталау жағдайында сотталғандар, өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, жазаны түрмеде өтеуге сотталғандар, өлiмге кесу түріндегі жазасы кешiрiм жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар, сотталған әйелдер, сотталған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ сотталған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар жазаны өтеу үшiн тұратын жерi бойынша тиiстi түзеу мекемелерiне жiберiледi.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен ; 10.03.04 ж. № 529-II Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 69 - бап өзгертілді
69-бап. Түзеу мекемелерiнiң түрлерi
1. Түзеу колониялары, тәрбиелеу колониялары, түрмелер түзеу мекемелерi болып табылады. Тергеушiлiк оқшаулау орындары шаруашылықтық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты орындауға қалдырылған сотталғандар жөніндегі түзеу мекемелерiнiң мiндетiн атқарады (осы Кодекстiң 72-бабы).
2. Түзеу колониялары кәмелетке толып сотталғандардың бас бостандығынан айыру жазасын өтеуiне арналған. Олар жалпы, қатаң және айрықша режимдегi колония-қоныстар, колониялар болып бөлiнедi.
3. Колония-қоныстарда абайсызда жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ сотталғандардың осы Кодекстiң 73-бабының 2-тармағы негiзiнде және сонда белгiленген тәртiп бойынша жалпы және қатаң режимдегi түзеу колонияларынан ауыстырылғандары жазасын өтейдi.
4. Жалпы режимдегi түзеу колонияларында әдейi жасаған кiшiгiрiм немесе орта ауырлықтағы қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу алты айға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар жазасын өтейдi.
5. Қатаң режимдегi түзеу колонияларында аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған, сондай-ақ сотталушы бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген болса, қылмыстар қайталанған жағдайда сотталған еркектер мен қылмыстар аса қауiптi қайталанған жағдайда әйелдер жазасын өтейдi.
6. Айрықша режимдегi түзеу колонияларында қылмыстар аса қауiптi қайталанған жағдайда еркектер, өмiр бойы бас бостандығынан айырылғандар, сондай-ақ өлiмге кесу түріндегі жазасы кешiрiм жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар жазасын өтейдi.
7. Мәжбүрлеп және міндетті емдеудi жүзеге асыратын түзеу мекемелерiнде осы Кодекстiң 16-бабының 1 және 4-тармақтарында аталып өткен сотталғандар жазасын өтейдi.
8. Түрмелерде ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшiн, қылмыстар аса қауiптi қайталанған жағдайда бес жылдан астам мерзiмге сотталған, сондай-ақ жазаны өтеудiң белгiленген тәртібін қасақана бұзып, түзеу колонияларынан ауыстырылған адамдар жазасын өтейдi, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта өздеріне қатысты өлім жазасы туралы үкім күшіне енген адамдар ұсталады.
9. Тәрбиелеу колонияларында бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ жиырма жасқа жеткенге дейiн тәрбиелеу колонияларында қалдырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
2004.29.12 № 25-III ҚР Заңымен 70-бап өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
70-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жазасын өтеуге жiберу
1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар тергеушiлiк оқшаулау орнының әкiмшiлiгi соттың үкімі заңды күшiне енгенi туралы хабарламаны алған күннен бастап он күн мерзiмнен кешiктiрiлмей жазасын өтеуге жiберiледi. Осы мерзiм iшiнде сотталушының туыстарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзiмдi кездесуге құқығы бар. Сотталғандарды түзеу мекемелерiне жiберу тәртібін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлейдi.
2. Тергеушiлiк оқшаулау орнының әкiмшiлiгi сотталушының қалауы бойынша туыстарының бiрiн не заңды өкiлiн оның жазасын өтеу үшiн қайда жiберiлiп отырғаны туралы хабардар етуге мiндеттi.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 71-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
71-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру
1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтеу орнына жiберiледi және бiр жазасын өтеу орнынан екiншiсiне айдап апару арқылы ауыстырылады.
2. Сотталғандарды айдап апару арқылы орнын ауыстыру ұстау ережелерi сақтала отырып: еркектер әйелдерден бөлек, кәмелетке толмағандар - ересектерден бөлек; өлiм жазасына кесiлгендер сотталғандардың басқа санаттарынан бөлек; бiр қылмыстық iс бойынша өтушi тергелiп-сотталғандар - бөлек-бөлек, туберкулезбен ауыратындар немесе соз ауруынан емделудiң толық курсынан өтпегендер, жүйкесi ауыратындар - бiр-бiрiнен бөлек және денi саулардан бөлек, қажет болған жағдайда дәрiгердiң қорытындысы бойынша медицина қызметкерлерiнiң ерiп жүруiмен жүзеге асырылады.
3. Сотталғандарды айдап апару арқылы орнын ауыстыру кезiнде олар қажеттi тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етiледi.