7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: оқушылар жетістіктерін өлшеу жүйесінің ғылыми-әдістемелік негіздерін, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер жағдайында психологиялық-педагогикалық диагностиканың ғылыми-әдістемелік негіздерін, арнайы мектепке дейінгі білімнің ғылыми-әдістемелік негіздерін, арнайы (түзету) ұйымдарында ғылыми негізінде оқыту, 12 жылдық білімді, мектепке дейінгі білімді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
"Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығына" мемлекеттік мекемеге 5 бірліктен кем емес құралдар сатып алынады.
"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығына 8 бірліктен кем емес құралдар сатып алынады.
Түпкі нәтиже: 12-жылдық мектепте, арнайы (түзету) - білім беру ұйымдарында, республиканың жоғарғы оқу орындарында мектепке дейінгі балалар ұйымдарында оқу процесін жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 ғылыми бағыттың шығыны - 46041 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: жыл бойы келісім-шарттарға сәйкес.
Сапасы: қолданбалы зерттеу есептемесінің нәтижесін пайдалану деңгейі - 100 пайыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
253-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім
беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен
жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2457650 мың теңге (екі миллиард төрт жүз елу жеті миллион алты жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдаудың іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазіргі материалдық-техникалық база құру және оны қамтамасыз ету нормативтік талаптарға сәйкестендіру, мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттарына сәйкес мемлекеттік орта білім стандарттарына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының оқу үрдісін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін мемлекеттік жалпы орта білім беру ұйымдарының физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жарақтандыру үшін қаржылай қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелерінің физика кабинеттерін оқу құралдарымен жарақтандыруға Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер аудару. Сапалы және уақытымен мемлекеттік орта жалпы білім беру мекемелерінің физика бөлмелерін оқу құралдарымен қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
2007 жылы 581 физика кабинеттерімен қамтамасыз етіледі, соның ішінде:
Ақмола облысы - 67 бірліктен кем емес;
Ақтөбе облысы - 55 бірліктен кем емес;
Алматы облысы - 67 бірліктен кем емес;
Шығыс Қазақстан облысы - 76 бірліктен кем емес;
Жамбыл облысы - 29 бірліктен кем емес;
Батыс Қазақстан облысы - 42 бірліктен кем емес;
Қарағанды облысы - 47 бірліктен кем емес;
Қызылорда облысы - 15 бірліктен кем емес;
Қостанай облысы - 20 бірліктен кем емес;
Павлодар облысы - 43 бірліктен кем емес;
Солтүстік Қазақстан облысы - 58 бірліктен кем емес;
Оңтүстік Қазақстан облысы - 62 бірліктен кем емес.
Түпкі нәтиже:
- халықтың барлық жіктер үшін сапалы білім алу қол жетімділігін қамтамасыз ету;
- физика кабинеттерін оқу құралдары жоқ мектептер санын азайту;
- материалдық-техникалық қамтамасыз ету және нормативтік талаптарға сәйкес жарақтандыру;
- білім беру үрдісін оқу әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру;
- мемлекеттік жалпы орта білім беру ұйымдарында оқыту сапасын арттыру;
Мемлекеттік жалпы орта білім ұйымдарындағы физика кабинеттермен жарақтандыру қажеттіліктің 100 пайызын құрайды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 физика кабинетінің жоспарланып отырған орташа құны - 4230,0 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес физика кабинеттермен қамтамасыз ету.
Сапасы: жаңа информациялық және денсаулық сақтайтын оқыту технологиясын енгізу негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жетілдіру жолымен білім алу үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
254-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті
атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орындарында
оқитын студенттердің стипендияларын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1433979 мың теңге (бip миллиард төрт жүз отыз үш миллион тоғыз жүз жетпіс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 36-бабы; "Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау және төлеудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кәсіптік орта оқу орындарындағы білім алушы оқушыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде кәсіптік орта оқу орындарында білім алушы студенттер стипендияларын төлеуге стипендия мөлшерін нормативке жеткізу жолымен қаржылай көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу ор дарында оқитын студенттердің стипендияларын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде кәсіптік орта оқу орындарында білім алушы студенттерге стипендияларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің нысаналы трансферттер белгілеген мөлшерінде төлеуге арналған нысаналы ағымдағы трансферттер аудару. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде облыстардың, кәсіптік орта оқу орындарында білім алушы студенттер стипендияларын төлеуге қаржылай көмекті уақтылы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде кәсіптік орта оқу орындарында білім алушы студенттер стипендияларын төлеуге стипендия мөлшерін нормативке жеткізу жолымен қаржылай көмек көрсету.
Облыстар бойынша ортажылдық стипендиаттардың контингенті - 42420, оның ішінде: Ақмола - 2029, Ақтөбе - 2000, Алматы облысы - 2007, Атырау - 1425, Шығыс Қазақстан - 3179, Жамбыл - 2512, Батыс Қазақстан - 1392, Қарағанды - 5930, Қостанай - 2918, Қызылорда - 1503, Маңғыстау - 1524, Павлодар - 2286, Солтүстік Қазақстан - 2162, Оңтүстік Қазақстан - 4474, сонымен қатар Алматы қаласы - 4404, Астана қаласы - 2675.
Түпкі нәтиже: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде орта кәсіптік оқу орындарында білім алушылардың оқу үлгерімдерінің көрсеткіштерін көтеру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: стипендияның ай сайынғы төлеу айырмасы 1 оқушыға 2817 теңгені құрайды.
Уақтылығы: жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде орта кәсіптік оқу орындарында білім алушылардың стипендиясының айырмасын уақтылы төлеу.
Сапасы: барлық оқушылардың 84 пайызын стипендиямен қамтамасыз ету.
*) республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
255-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Мәдениет пен өнер саласында үзіліссіз оқуды қамтамасыз ету"
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1684939 мың теңге (бір миллиард алты жүз сексен төрт миллион тоғыз жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 9 , 13, 15, 25, 26, 30, 36, 40, 44, 46-баптары, "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақ ұлттық музыка академиясын ашу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 31 наурыздағы № 269 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1782 қаулысы; "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 29 маусымдағы № 892 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1619 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық мәдениет мұқтаждықтарын өнер мен мәдениет саласындағы кәсіптілігі жоғары мамандармен: концерттік ұйымдарда, оқу, мәдени-ағарту орындарында орындаушы-солистік жұмыстар үшін музыканттармен, музыкалық театрлар оркестрлерінің әртістерімен, дирижерларымен, композиторларымен, музыкалық фольклор мамандарымен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: музыкалық білімнің бастауыш, орта және жоғары буындарын әдістемелік біріктіру; үлгі және икемді эксперименттік оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде үздіксіз оқу процесін қамтамасыз ету; атқарушы және педагогикалық мектептерді, баршаға ортақ буындар жүйесін қалыптастыру; оқытудың жаңа прогрессивтік әдістерін әзірлеу және енгізу; ғылыми-зерттеу және ғылыми әдістемелер жұмыс; музыкалық мәдениет, педагогика проблемаларының іргелі әзірлеушілерін жүзеге асыру; музыкалық тану әдебиетін басып шығару; Қазақстан аумағында тұратын халықтардың музыкалық мәдениетімен байланысты халықтық-дәстүрлік жанрлар мамандықтарын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Мәдениет пен өнер саласында үзіліссіз оқуды қамтамасыз ету | Өнер мен мәдениет саласындағы мамандарды білім берудің мемлекеттік жалпы білім стандарттарына сәйкес даярлау. Негізгі құралдарды сатып алу және Қазақ ұлттық музыка академиясын және Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын күрделі жөндеуден өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ ұлттық музыка академиясы, Т.К. Жүрген ов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
білім алушылардың орташа жылдық контингенті - 2785;
негізгі құралдарды сатып алу:
Қазақ ұлттық музыка академиясының негізгі кұралдарды сатып алуы кемінде: концерттік шағын рояль - 10 дана; үш секциялы диван - 3 дана; дыбыс шығару құралы - 1 дана; типография - 1 комплект; дәрі-дәрмектерге арналған шкаф - 1 дана; лазерлі терапия аппараты "Рикта" - 1 дана; дәрігердің чемоданы - 1 дана, ксилофон - 2 дана, маримба - 1 дана, оркестр қорнарлары - 1 дана, вибрафон - 1 дана, үлкен концерттік барабаны - 1 дана, үлкен шеру барабаны - 3 дана, шағын концерттік барабаны - 3 дана, шағын шеру барабаны - 3 дана, оркестр қақпақысы - 2 комплект, тыбыс құрлыма - 3 дана, Там-Там - 1 дана, туба - 14 дана, эйфониум - 4 дана, сузафон - 4 дана, саксафон альт - 9 дана, саксафон тенор - 11 дана, саксафон баритон - 7 дана, саксафон сопрано - 7 дана, электргитара - 1 дана, басгитара - 1 дана, қақпақысы - 1 комплект, комбокөбейткіш бас - 1 дана, комбокөбейткіш гитарасы - 1 дана, бонго - 1 дана, конго - 1 дана, перкуссияға арналған үстел - 1 дана, труба - 4 дана, трамбон тенор - 4 дана, арфа - 4 дана.
Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының негізгі құралдарды сатып алуы кемінде: микшерлік пульт - 1 дана, жарық түсіргіш құралдарын басқару пульті - 1 дана, софитті көтергіштерді басқару пульті - 1 комплект, қадағалау пушкасы - 4 дана, шкаф - 1 комплект, ұсталық әмбебап станогы - 2 дана, театрлық проекциялық құрал - 4 дана, күшті көбейткіш - 1 дана, дыбыс қатайтқыш күшейткіші - 4 дана, фортепиано - 3 дана, тігін машинкелер - 2 дана, вибрафон - 1 дана, капсулды вокалды радиомикрофон - 2 дана, екі жолды акустикалық жүйе - 2 дана, электрлік урмалы бұрғы - 2 дана, дробилка - 1 дана, комбокөбейткіш бас-гитарасы - 2 дана, компрессор ксимбао - 1 дана, конги (музыкалық аппараты) - 1 дана, маримба (музыкалық аппараты) - 1 дана;
- екі мекеменің ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеуден өткізу.
Түпкі нәтиже:
- мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жоғары кәсіптік білімді мамандарға деген 2007 жылғы қажеттіліктен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша өнер және мәдениет саласында жоғары кәсіптік білім алғандар үлесі - 75 пайыз;
- екі жоғары оқу орнының күрделі жөндеу бойынша қажеттілігін республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету дәрежесі - 29 пайыз;
- 2007 жылғы қажеттіліктен республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орындарын жарақтандыру - 67 пайыз.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- бір студентке жұмсалатын орташа ағымдағы шығыстар (күрделі жөндеусіз) - 506,1 мың теңге.
Уақтылығы:
өнер және мәдениет саласында жоғары кәсіптік білім алған азаматтар саны - 409.
Сапасы:
- білім алушылардың жалпы санынан оқудан шығарылған студенттердің үлесі 9 пайыздан артық емес;
- бітірушілердің жалпы санынан жоғары оқу орындарын үздік бітірген жоғары кәсіптік білімді бітірушілердің үлесі кемінде 10 пайыздан.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
256-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Ұшқыштарды бастапқы даярлауды қамтамасыз ету"
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 65463 мың теңге (алпыс бес миллион төрт жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мемлекеттік авиациялық орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру және маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 қарашадағы № 1085 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтық авиация, Қазақстан Республикасының Қарулы күштер және басқа да күш құрылымдарындағы ұшқыштар құрамының дайындық сапасын көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Азаматтық академия авиациясында және басқа да мемлекеттердің авиациялық оқу орындарында ары қарай дайындау үшін Қазақстанның азаматтық авиациясындағы ұшқыштар құрамының және Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының әскерге дейінгі тұлғалардың бастапқы дайындығының сапасын жоғарылату және ұшу дайындығымен байланысты басқа да қызмет, әуе кеңістігінде ұшуды орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Ұшқыштарды бастапқы даярлауды қамтамасыз ету | Алғашқы ұшқыштардың ұшу дайындық процесін өткізу. Алғашқы ұшқыштардың ұшу дайындығы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік авиациялық орталыққа мемлекеттік басқару органы бекіткен тізімге сәйкес негізгі құралдарды сатып алуға күрделі трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мемлекеттік авиациялық орталық" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 50 курсант - орташа жылдық контингентін оқыту.
Мемлекеттік басқару органы бекіткен тізбеге сәйкес Мемлекеттік авиациялық орталыққа негізгі құралдарды алу.
Түпкі нәтиже: Қазақстанның азаматтық авиациясындағы ұшқыштар құрамының және Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтында және басқа мемлекеттердің әуе оқу мекемелерінде азаматтық авиация академиясында оқу үшін бастапқы азаматтық ұшқыштық дайындық.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 курсантқа бір айдағы орташа оқу құны (күрделі қаржы шығындарды есептемегенде) 71,4 мың теңге құрайды.
Уақтылығы: ұшу дайындықты өткізу оқу бағдарламасын орындау. Негізгі құралдарды жеткізу планына сәйкес.
Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияның ұшқыштық құрамының сапасын жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 220 қаулысына
257-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Балаларды оңалту"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 263377 мың теңге (екі жүз алпыс үш миллион үш жүз жетпіс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері жөнінде" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11, 13-баптары; "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 37-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: балалардың денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан келген әлсіз және ауру балалар, жетім балаларды, республиканың экологиялық қолайсыз аймақтарынан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы от басынан шыққан балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды, дамуында проблемалары бар балаларды тексеру және кеңес беру. Дамуында проблемалары бар балаларға туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін түзету-оңалту көмек көрсету. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың интеллектуалды және психофизиологиялық мүмкіндіктерін дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Балаларды оңалту | Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан келген жетім балаларды, республиканың экологиялық қолайсыз аймақтарынан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру. Дамуында проблемалары бар балаларды табу және іріктеу; диагностикалық тексерулерді, оңалту сабақтарын өткізу. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес басты құралдар сатып алу. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізім бойынша "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы үшін негізгі құралдар алуға күрделі трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының әртүрлі ойыстарынан келген жетім балаларды, экологиялық қолайсыз аймақтардан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы от басынан шыққан балаларды, дарынды балаларды оңалту, балалардың саны 5921. Дамуында проблемалары бар балаларды табу және іріктеу; диагностикалық тексерулерді, оңалту сабақтарын өткізу, балалар саны орта есеппен 1418.
"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы үшін 45-тен кем емес негізгі құралдар алынады.
Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы үшін 12-ден кем емес негізгі құралдар алынады.
Түпкі нәтиже: балаларды салауатты өмір сүруге және өзінің денсаулығы мен өзгелердің денсаулығына қамқорлықпен қарауға үйрету.
Емдеу профилактикалық және сауықтыру шараларды жетілдіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жетім балаларды, экологиялық қолайсыз
аймақтарынан келген балаларды, аз қамтамасыз етілген және көп балалы от басынан шыққан балаларды, дарынды балаларды сауықтыру, оңалтудың және олардың демалысын ұйымдастырудың құны айына 1 балаға орта есеппен шаққанда (капиталды шығыстарды ескермегенде) 2804 теңгені құрайды;
диагностика жасау, тексеру, оңалту сабақтарын өткізудің құны айына 1 балаға орта есеппен шаққанда 3163 теңгені құрайды.