Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының ғылыми мүмкіндіктерін жоғарылату және отандық, шетелдік кітапханалық қорға қызмет көрсету және сақтау жағдайын жақсарту үшін объектілерді пайдалануға беру.
Уақтылығы: бекітілген келісімдерге сәйкес жұмыс өндіру графигі бойынша жұмыстар көлемін атқару.
Сапасы: Қазақстан Республикасы территориясында іске асырылатын құрылыс нормалары және ережелеріне байланысты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
244-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 407716 мың теңге (төрт жүз жеті миллион жеті жүз он алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 19, 24, 31-баптары; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4 , 5 ,26-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан ғылыми қауымдастығының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту; ақпараттық қызмет көрсетулердің жаңа деңгейін ұсыну; практикалық қызметке ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін практикалық енгізуге ықпал ету; ғалымдардың жетістіктерінің ақпараттық қызмет жүйесін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республикадағы ғылыми қоғамдардың білім беру қажеттіліктерін және отандық ғылым жетістіктерін насихаттау үшін ақпараттық кеңістікке қолжетімділігін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету | Ғылыми-техникалық, ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету. (Пайдаланушылардың ағымдағы ақпараттық сұраныстары мен Қазақстан экономикасының даму перспективаларын ескере отырып, кітап қорын толықтыруды ұйымдастыру және кітапхана әрі кітап қорымен жұмыс істеу). Күрделі жөндеу жүргізу үшін Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының трансферттер аударуы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес негізгі құрал жабдықтарды сатып алуға күрделі трансферттерді Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасына және Орталық ғылыми кітапханасына аудару. Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасына активтер (бағалық ұсыныстар мен жазылу басылымдарын) сатып алу. Ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті "Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана" мемлекеттік мекеме |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- кітапхана қызметін пайдаланған азаматтардың орташа жылдық саны кем дегенде 184 164 адам;
- кітапхана қорының жаңа өзекті басылымдармен және әдебиеттермен толығуы кем дегенде 152 280 дана;
- Ғалымдар үйімен 120 іс-шара өткізу;
Республикалық ғылыми-техникалық кітапханалардың Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарындағы филиалдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Түпкі нәтиже:
- оқырмандар сұраныстарын, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғалымдар мен мамандардың өздерін қызықтыратын ғылым салаларының әлемдік ғылыми жетістіктері туралы көкейкесті әрі жедел ақпаратқа деген сұраныстарын қанағаттандыру;
- Электрондық кітапхананың үлгісі мен қорын құру және толықтыру;
- жиынды ақпараттық ресурстарды толықтыру, сондай-ақ кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- насихаттау жөніндегі бір іс-шараны өткізу құны - 41,1 мың теңге;
- бір оқырман шығындарының құны - 2 214,0 теңге.
Сапасы: ғалымдардың, оқытушылардың, оқитындардың рухани, зияткерлік білімге деген қажеттіліктерін жоғарылату.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
245-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Мемлекеттік сыйлықтар және стипендиялар"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 86727 мың теңге (сексен алты миллион жеті жүз жиырма жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 290 қаулысы; "Ғылым мен техниканы дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарды және талапты жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 тамыздағы № 1063 қаулысы; "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысы; "Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 мамырдағы № 477 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 1) әлеуетті сақтау және ғылыми қызметтер саласына жастардың келуін қамтамасыз ету;
2) жыл бойындағы неғұрлым маңызды ғылыми нәтижелерді анықтау және бағалау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: отандық ғылым мен техниканың дамуына үлкен үлес қосқан жас дарынды ғалымдарды әлеуметтік қолдау; ғылыми-техникалық қызметті материалдық ынталандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асы жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Мемлекеттік сыйлықтар және стипендиялар | Мынадай конкурстар өткізу: - мемлекеттік ғылыми стипендиялар үшін; Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлық Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық Д.Қонаев атындағы сыйлық М.Әуезов атындағы сыйлық Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық Күл-Тегін атындағы сыйлық Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларына сәйкес сыйақылар төлеу. Академиялық стипендиялар мен ғылыми стипендияларды ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға, дарынды жас ғалымдарға төлеу. Лауреаттарды марапаттауды ұйымдастыру, дипломдар мен құрмет белгілерін тапсыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
53 академикке
ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан 75 ғалымға
150 дарынды жас ғалымға стипендия төлеу
- мемлекеттік сыйлық төлеу - 20
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
Академиктерге 65 520 теңге мөлшерде стипендия; ғылымды дамытуға үлес қосқаны үшін стипендия 10 920 теңге мөлшерінде;
Жас ғалымдарға - 7 644 теңге; төрт бірінші сыйлық мөлшері - 218 400 теңге;
Үш екінші сыйлық мөлшері - 163 800 теңге; алты үшінші сыйлық мөлшері - 54 600 теңге;
алты Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығы мөлшері - 18 000 000 теңге.
Уақтылығы: стипендияларды ай сайын төлеу, сыйлықтар - 25 қазан, 16 желтоқсан
Сапасы: отандық ғылым мен техниканы сапалы дамыту үшін жаңа білімдер алуға ынталандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
246-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және байқаудан өткізу,
білім беру саласында қызмет көрсететін республикалық ұйымдар және шетелдегі қазақ диаспорасы
үшін оқу әдебиетін шығару және жеткізу"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 191463 мың теңге (бір жүз тоқсан бір миллион төрт жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 18, 20, 30-баптары; "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау арқылы түзету туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Шет елде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 1673 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындаудың және басып шығарудың мақсатты бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі № 1173 қаулысы; "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оқушылар мен тәрбиеленушілерді, мұғалімдерді сапалы оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету арқылы жоғары білікті мамандарды дайындауға ықпал ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: оқу әдебиетіне қол жеткізуші оқушылар мен тәрбиеленушілердің, мұғалімдердің пайызын көтеру. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасымен қанағаттандырылған мұғалімдердің пайызын арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және байқаудан өткізу, білім беру саласында қызмет көрсететін республикалық ұйымдар және шетелдегі қазақ диаспорасы үшін оқу әдебиетін шығару және жеткізу | Арнаулы (түзету) білім беру мекемелері үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерін жасау және аудару. Электрондық оқулықтарды әзірлеу. Мектепке дейінгі 5-жастағы балаларға арналған оқу-әдістемелік кешендерді басып шығару, тәжірибеден өткізу және тасымалдау. Білім беру саласында қызмет көрсетуші республикалық ұйымдар және шет елдегі қазақ диаспорасы үшін оқулықтар мен қазақ оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығару және тасымалдау. 12-жылдық мектептерге оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, басып шығару, тәжірибеден өткізу және тасымалдау. Оқу әдебиеттеріне сараптама жасау. "Өзін өзі тану" пәні бойынша оқу әдебиеттерін әзірлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. Арнаулы (түзету) ұйымдары үшін:
- 0,1-9 сыныптары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жасау - 18 атау;
- 0, 1, 4 сыныптары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер аудару - 8 атау.
2. 1 сыныптары үшін орысша және қазақша тілдерде электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленген - 10 атау.
3. Мектепке дейінгі 5-жастағы балаларды дайындау үшін оқу-әдістемелік кешендер басып шығарылған, тәжірибеден өткізілген және тасымалданған - 52 атау.
4. 2007-2008 оқу жылында 7, 11 сынып оқушыларын оқу әдебиетімен қамтамасыз ету:
- республикалық білім беру ұйымдары:
7-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 46 атау;
орыс тілінде - 47 атау;
11-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 134 атау;
орыс тілінде - 126 атау;
- шетелдегі қазақ диаспорасы бойынша:
11-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 102 атау.
5. 12-жылдық мектептерге 4, 5-сыныптары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленген:
4-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 16 атау;
орыс тілінде - 16 атау;
5-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 46 атау;
орыс тілінде - 47 атау;
12-жылдық мектептер үшін 4, 5-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін басып шығарылған, тәжірибеден өткізілген және тасымалдаған:
4-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 42 атау;
орыс тілінде - 42 атау;
5-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 46 атау;
орыс тілінде - 47 атау.
6. Оқу әдебиеттеріне сараптама жасау 1179 атау.
7. "Өзін өзі тану" пәні бойынша:
- 5-10 сыныптар үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленген - 21 атау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Жоспарланған оқу әдебиетінің орташа бағасы:
1. Арнаулы (түзету) ұйымдары үшін 1 басымдылық парағының орташа бағасы:
- оқулықтарды әзірлеу - 30000 теңге;
- оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу - 22000 теңге;
- оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді аудару - 18000 теңге.
2. 1-сыныптар үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу 1 оқу әдебиетінің бағасы - 1500000 теңге.
3. Мектепке дейінгі 5-жастағы балаларды дайындау үшін оқу-әдістемелік кешендердің 1 экземпляр басып шығару - 430.
4. 2007-2008 оқу жылында республикалық білім беру ұйымдары және шетелдегі қазақ диаспорасы үшін 7, 11 сынып оқушылары үшін оқу-әдістемеліктің 1 экземпляры:
- оқулықтар - 430 теңге;
- оқу-әдістемелік кешендер - 200 теңге.
5. 12-жылдық мектептерге 4, 5-сыныптары үшін:
- оқулықтың 1 басымдылық парағын әзірлеу - 24000 теңге, оқу-әдістемелік кешендердің 1 басымдылық парағын әзірлеу - 18000 теңге;
- оқулықтың 1 экземплярын басып шығару - 430 теңге, оқу-әдістемелік кешендердің 1 экземплярын басып шығару - 200 теңге.
6. Оқу әдебиетін сараптау - 4658 теңгe.
7. "Өзін өзі тану" пәні бойынша:
- оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің 1 басымдылық парағын әзірлеу - 19393 теңге.
Түпкі нәтиже:
білім деңгейін көтеру үшін оқушылар мен оқытушылардың оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сұраныстарын қамтамасыз ету.
Уақтылығы: республикалық жалпы орта білім беру ұйымдары және шетелдегі қазақ диаспорасын оқу жылының басына қарай оқу әдебиетімен қамтамасыз ету - 100 пайыз.
Сапасы: мемлекеттік сараптаманың болымды қорытындысымен оқу әдебиетін дайындау, аудару және басып шығару.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
247-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1485895 мың теңге (бір миллиард төрт жүз сексен бес миллион сегіз жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 24, 36, 37-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі; "Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бүгінгі өркениеттің түбегейлі жаңару жағдайында ойлау мен іс-әрекетке қабілетті жан-жақты дамыған, үйлесімді адамды тәрбиелеу, дарынды балаларды әлеуметтік, құқықтық және парасаттық жағынан қорғау, парасаттық мүмкіндікті қалыптастыруға ықпал жасау, республиканың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға халықты қанағаттандыру үшін оқушыларға тереңдетілген және жоғары деңгейдегі білім беруге себеп жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан келген дарынды балаларды оқыту. Оқушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламалар бойынша бейімдік пәндер арқылы тереңдете даярлау. Адамның жеке бейімділігін, шығармашылық қабілетін дамыту және азаматтыққа тәрбиелеу. Дарынды балаларды табуға қажетті жағдайлар жасау. Оқушыларды олимпиадаларға, жоғары оқу орындарына түсуге іріктеу және даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу | Оқу процесін бейімдік пәндерді тереңдете оқытатын Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес өткізу, мектеп-интернаттар бойынша басты құралдар сатып алу және күрделі жөндеу жүргізу: - әскери мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқыту; - музыка мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқыту; - мемлекеттік тілі мен әдебиетін тереңдете оқыту және дамыту; - жаратылыс-математика ғылымын тереңдетіп оқу; Балалардың сауықтандыру, демалыс кезінде жалпы білім бағдарламаларын жүргізу. "Өзін-өзі тануы пәні бойынша эксперимент жүргізумен жалпы білім бағдарламаларды өткізу. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бекіткен тізімге сәйкес "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығына басты құралдар алуға күрделі трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты, Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты, Б.Момыш-ұлы атындағы республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрліігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. Оқушылардың орташа саны: мемлекеттік мекемелерде - 3036, оның ішінде: әскери мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқыту бойынша - 1350, музыка мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқыту бойынша - 480, мемлекеттік тілі мен әдебиетін тереңдете оқыту бойынша - 370, жаратылыс-математика ғылымын тереңдетіп оқу бойынша - 836.
"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының оқушыларының саны - 560.
"Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығының бір кіруі - 288 құрайды.
2. Басты құралдар алу:
1) 6 республикалық мемлекеттік мекемелер үшін, оның ішінде:
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы республикалық Шымкент әскери мектеп-интернатына 9-дан кем емес (қыздыратын электр пеші - 1 дана, су өлшейтін прибор - 2 дана, жылу энергиясын өлшейтін прибор - 3 дана, электр энергиясын өлшейтін прибор - 2 дана, физика кабинеті- 1 комплект);
Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернатын 9-ден кем емес (кондиционер - 6 дана, күзет жүйесінің байқау бейнесі - 1 дана, физика кабинеті - 1 комплект, компьютерлік класс -1 комплект);
Б. Момышұлы атындағы республикалық мамандандырылған Алматы әскери мектеп-интернатына 6-дан кем емес (цифрлік фотокамера - 1 дана, физика кабинеті - 1 комплект, үрлеп ойнайтын музыкалық аспаптар оркестрі - 4 дана);
Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатына 13-тен кем емес (музыкалық аспаптар - 11 дана, комплектелген эстрадалық соқпалы аспабы - 1 комплект, сипау сырғанағы - 1 дана);
Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатына 6-дан кем емес (асханалық жабдықтар - 4 дана, күрестік кілемге арналған төсеу - 1 дана, физика кабинеті - 1 комплект);
О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатына 2-ден кем емес (физика кабинеті - 1 комплект, биология кабинеті - 1 комплект);
2) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығына, "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығына 75-тен кем емес.
3. 5 республикалық мектеп-интернаттарға күрделі жөндеу жүргізу, оның ішінде:
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты, Б. Момышұлы атындағы республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты, Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты, Республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты.
Түпкі нәтиже:
оқушыларға тереңдетілген және жоғары деңгейдегі білім беруде халықты қанағаттандыру үшін республиканың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру. Мектеп-интернаттарды басты құралдармен қамтамасыз етудің үлесі сұраныстың 20 пайызын құрайды, мемлекеттік мекемелерді күрделі жөндеуден өткізудің үлесі сұраныстың 10 пайызын құрайды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
Бір оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің бір жылдық құны (күрделі шығындарды қоспағанда):
1) мемлекеттік мекемелерде - 295,47 мың теңге;
2) мемлекеттік кәсіпорындарында - 71,92 мың теңге.
Уақтылығы: оқу бітіруші оқушылардың іс жүзіндегі саны 850 адамнан кем емес.
Сапасы: республикалық мемлекеттік мекемелерді "жақсы" және "өте жақсы" бағалармен аяқтаған оқушылардың үлесі 65 пайыздан кем емес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
248-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстарды, республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды өткізу"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 370801 мың теңге (үш жүз жетпіс миллион сегіз жүз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 18, 19, 24, 36, 37-баптары; "Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.