Сапасы: "Байқоңыр" ғарыш айлағы жер үсті инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша басқару шешімдерін қабылдау және ғарыштық бағдарламаларды іске асыру үшін ақпараттық негіз алу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
290-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес"
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5809 мың теңге (бec миллион ceгіз жүз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлық пен есірткіге тәуелділіктің таратылуының алдын алу, мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі өзара іс-қимылын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы әлеуметтік емдеуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру; салауатты өмір сүруді насихаттау, есірткіге тәуелді адамдарды сауықтыруға және оңалтуға бағытталған іс-шаралар өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында шығарма жазу конкурсын өткізу. Есірткіге тәуелді адамдарды ескерту, емдеу және оңалту саласындағы үкіметтік емес, оның ішінде жастар бірлестіктерін қолдау бойынша іс-шаралар өткізу. Педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік педагогтар үшін есірткіге қарсы күрес тақырыбы бойынша оқыту циклдерін өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: балалардың жасөспірімдер мен жастардың салауатты өмір салты мен иммунитеттерін қалыптастыру.
Түпкі нәтиже: Республикадағы білім беру мекемелері оқушыларының арасындағы есірткіге тәуелді адамдардың санын қысқарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджет қаражатын тиімді қолдану.
Уақтылығы: бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: оқушылардың, жастардың есірткі құралдарын пайдалану салдарынан келген нашақорлықтың залалын түсінуі.
Есірткі заттарын заңсыз пайдалану деңгейін төмендету және Қазақстан Республикасының 45 пайызға оқушылары мен студенттерінің салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
291-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту"
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 616871 мың теңге (алты жүз он алты миллион сегіз жүз жетпіс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамуы мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамының құрылуы туралы" 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті жою.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: нормативтік құқықтық және әдістемелік базасын құру, тұрғындарға электрондық білім қызмет көрсетуді құру, қалыптастыру және дамыту, тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту нәтижелерін мониторлау, ақпараттық технология және менеджмент саласында қашықтықтан және күндізгі білім беру оқыту-консалтингі орталықтарын құру туралы жобаға дейін жұмыс жүргізу, ақпараттың, білімнің, қызмет көрсетудің, өнімнің бағдарламалық қамтамасыз етілуіне жаңа экспорттық мүмкіндіктерді енгізу; ақпараттық-коммуникациялық технология сервистерін ұсыну, тұрғындарды ақпараттық қоғамға, сондай-ақ қашықтан оқытуға, Интернетке қосылуға жалпы мүмкіндік алу мен тұрғындарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға жаппай үйрету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Тұрғындарға компьютерлік білім беру және сертификациялау үшін қашықтан оқыту және оқытушыларды даярлау орталығын құру. Тұрғындарға компьютерлік білім беру және сертификациялау үшін қашықтан оқыту және оқытушыларды даярлау орталығына негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу. Тұрғындарға компьютерлік білім беру және сертификациялау үшін қашықтан оқыту және оқытушыларды даярлау орталығын негізінде тұрғындарға компьютерлік білім беруші оқытушыларға тренингтік курстар өткізу. Тұрғындарды компьютерлік білімге оқытуға арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік нұсқаулықтарын әзірлеу және тираждау. Тұрғындарды компьютерлік білімге оқытуға арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық оқу бағдарламасын әзірлеу және тираждау. Тұрғындардың компьютерлік білімін сертификациялау жүргізуге мемлекеттік және орыс тілдерінде тесттер әзірлеу. Тыңдаушылардың мемлекеттік және орыс тілдерінде компьютерлік білім беру курсының бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу. Мектеп, лицей, профмектеп және колледж оқушыларын және ЖОО студенттерін тестілеу. Қазақстандық білім беру веб-порталын құру және актуализациялауды қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: тұрғындарға компьютерлік білім беру және сертификациялау үшін қашықтан оқыту және оқытушыларды даярлау орталығын және 15 аймақтық орталықтарын құру, қазақша және орысша тілдерінде оқулық-әдістемелік пособия, электрондық оқыту бағдарлама, тест, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, білім порталын құру.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында тұрғындардың компьютерлік білім алу көрсеткіштерін жоғары деңгейге жеткізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: орта есеппен алғанда жобаланған шығыс оқулық - әдістемелер пособия - 1500 мың теңгені, электрондық оқыту бағдарлама - 9 000 мың теңге, тест - 5 000 мың теңге, бағдарламалық қамтамасыз етуді - 3000 мың теңге әзірлеуіне құрайды.
Уақтылығы: іс-шаралардың орындалуы бекітілген мерзімдерге сай келісіммен жүзеге асырылады.
Сапасы: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздігін азайту және компьютерлік білім тұрғындардың санын алған 20%-ға дейін ұлғайту.
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздіктің азаюына септігін тигізетін компьютерлік кластарға келушілерге Интернет ақы ұсыну және үйрету.