7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: коммерциялық емес жастар ұйымдарының базасында қосымша 8 әлеуметтік қызметті құру;
республика жастарының көшбасшылық қасиетіне оқытуға және дамытуға бағытталған жалпы республикалық 16 іс-шара өткізу;
жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша жастар ақпараттық бюллетенін, әдістемелік оқу-құралдарын және нұсқамалар шығару;
"Жасыл ел" бағдарламасын іске асыру шеңберінде көгалдандырумен және сәулеттендірумен айналысатын кәсіпорындарда жастарды еңбекпен қамту және олар атқаратын қызметке ақы төлеу - 12 мың сарбаз;
"Жасыл ел" отрядтарының 12 мың сарбазын киім-кешекпен қамтамасыз ету;
"Жасыл ел" жастар еңбек отрядтарының 1 республикалық және 15 облыстық штабтары қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
республиканың 16 қаласында "Жасыл ел" бастамасын түсіндіріп таратуға бағытталған кемінде 45 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізу;
кемінде 8 дөңгелек үстел өткізу;
"Жасыл ел" бастамасын түсіндіріп таратуға бағытталған клипті радио мен теледидарда трансляциялау;
азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жүйесін дамытуға бағытталған 12 республикалық іс-шара өткізу;
экскурсиялық, өлкетану жұмыстары бойынша бағдарламаны әзірлеу;
патриоттық мазмұндағы балалар және жасөспірімдер кітаптарын шығару;
азаматтылық пен патриотизмді қалыптастыру бойынша жастар үшін тақырыптық кездесулер ұйымдастыру;
оқу процесін жастар арасына патриотизм сезімін орнатуға бағытталған жаңа әдістемелермен және материалдармен интеграциялау.
Түпкі нәтиже: еліміздің жастар ұйымдары мен бастамашы топтары көшбасшыларының 80 пайызғы өз жұмысын мемлекеттік-патриоттық негізде құрады;
кемінде 2 млн. жас адамдарды қоғамдық-саяси процеске белсене қатысуға тарту;
жастар ұйымдарының жұмысына кемінде 700 мың жас адам қатысатын болады;
ормандар мен ағаш өсіруді қайта өндіру, орманды сақтау, қорғау және қайта өндіру саласындағы жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған елді мекендерді көгалдандыру және сәулеттендіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға жастарды тарту - 12 мың сарбаз;
қазақстандықтардың Қазақстан Республикасымен азаматтық сәйкестендіру деңгейін көтеру;
азаматтардың патриоттық қозғалысқа қатысу қызығушылығын арттыру;
азаматтардың патриоттық санасын арттыру мемлекеттік саясатын іске асыруды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етуді күшейту;
азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жүйесін дамытуға бағытталған шараларды жандандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық деңгейдегі бір іс-шараны өткізуге арналған орташа шығыстар - 3000,0 мың теңге;
"Жасыл ел" бір сарбазының қызметіне ақы-төлеуге арналған орташа шығыстар - 20,0 мың теңге;
"Жасыл ел" бір сарбазын киім-кешекпен қамтамасыз етуге арналған орташа шығыстар - 8,9 мың теңге;
"Жасыл ел" жастар еңбек отрядтарының бір іс-шарасын өткізуге арналған орташа шығыстар - 1300,0 мың теңге;
Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің бір іс-шарасын өткізуге арналған орташа шығыстар - 3900,0 мың теңге.
Уақтылығы: салалық бағдарламаларының іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізу;
іс-шаралар жоспарының жобасымен белгіленген мерзімдерге сәйкес іс-шараларды өткізу.
Сапасы: жастардың әлеуметтілігі, оқуы және кешенді өзін-өзі ұстау білуі, еліміздегі жастардың кемінде 50 пайызының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени процестерге жауапты азаматтық қатысуын нығайту;
азаматтардың санасы мен ой-өрістерінде патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
278-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
""Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құруға кредит беру"
деген 041 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1270000 мың теңге (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" 2005 жылғы 21 қазандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің "Бәйтерек" Бірлескен Қазақстан - Ресей кәсіпорны" акционерлік қоғамын құру туралы" 2005 жылғы 4 наурыздағы № 207 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды орындау, сол сияқты Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының ұлттық ғарыштық бағдарламаларын іске асыру мақсатында "Байқоңыр" ғарыш айлағы жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілері базасында жаңа экологиялық қауіпсіз "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру және бірлесіп пайдаланудағы тең құқықтық және өзара тиімді ынтымақтастық.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру және коммерциялық ғарыштық ұшырулар мен Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыштық бағдарламалары мүддесіндегі ұшуларды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 041 | | "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құруға кредит беру | "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны акционерлік қоғамына несиелік шартқа сәйкес бюджеттік несие беру | Шілде-қырқүйек | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: коммерциялық ғарыштық ұшырулар және Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыштық бағдарламалары мүддесіндегі ұшулардың орындалуы.
Түпкі нәтиже: зерттеу және ғарыш кеңістігін пайдалану процесінде Қазақстан Республикасының ғарыштық держава ретіндегі "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдалану бойынша екі жақты және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланғаны үшін жалға беру төлемімен бірге, Қазақстан Республикасы осы жоба бойынша ғарыш аппаратының әрбір ұшырылуынан қосымша кіріс алады, сондай-ақ "Байқоңыр" кешенінің негізгі объекттерінде жұмыс істейтін қазақстандық мамандардың санын көбейтуге мүмкіндік болады.
Уақтылығы: 2007 жылдың үшінші тоқсанында "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны акционерлік қоғамына бюджеттік несие аударылатын болады.
Сапасы: "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2004 жылғы 22 желтоқсандағы келісімді іске асыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
279-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
""Байқоңыр" кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі"
деген 042 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 12045 мың теңге (он екі миллион қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақ CCP-і Yкіметінің қарамағына көшуі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 31 тамыздағы № 410 Жарлығы; "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1994 жылғы 14 шілдедегі Келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 14 шілдедегі қаулысы; "Заңды тұлғаларға бекітілмеген мемлекеттік мүлікті бекіту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы № 61 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 563 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешені мүлкінің сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы Үкіметі жалға алған "Байқоңыр" ғарыш айлағы объектілерінің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 042 | | "Байқоңыр" кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешені объектілерінің мүлкін есепке алу және түгендеу бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асыру мақсатында штат саны 15 адам мемлекеттік мекемені ұстау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемесі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: есепке алу және бухгалтерлік есеп жүргізу, Ресей Федерациясы Үкіметі жалға алған және Федералдық ғарыштық агенттіктің ұйымдастыру жүргізуіндегі "Байқоңыр" кешені мүліктері қозғалысының есебі.
Түпкі нәтиже: "Байқоңыр" кешені мүліктерінің сақталуы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік мекеменің бір қызметкерін бір жылға қаржы-шаруашылық ұстауы 718,1 мың теңгені құрайды.
Уақытылығы: "Байқоңырбаланс" Мемлекеттік мекемесінің жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес.
Сапасы: бухгалтерлік есепті жетілдіру және "Байқоңыр" кешені мүліктерін қымқырудан сақтандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
280-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау"
деген 043 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14032 мың теңге (он төрт миллион отыз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкерлеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық коммисия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Федеральды ғарыш агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерінің Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында топтағы арнайы дайындықтан өту тәртібі мен шарттары туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 тамыздағы № 819 қаулысы; "Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында Қазақстан Республикасының ғарышкер-сынаушыларын даярлауға байланысты шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 919 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Халықаралық ғарыш станциясында ұшу және ғарыштық зерттеулер мен тәжірибе жасаудың қазақстандық бағдарламасын орындау үшін Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында (Мәскеу қаласы) Қазақстан Республикасының топтағы екі ғарышкер-сынаушысын даярлауға арнайы дайындық жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: екі ғарышкер-сынаушының Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында (Мәскеу қаласы) болуы және арнайы оқуы жағдайын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 043 | | Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау | Қазақстан Республикасының екі ғарышкер-сынаушы Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында арнайы даярлықтан өткізу үшін, стипендия, іссапар шығыстарын, жатын-орын мен арнайы тамақтану, жеке арнайы киім мен аяқ киім сатып алуға арналған шығыстарды төлей отырып, жағдай жасау | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының екі ғарышкер-сынаушысын Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында арнайы даярлықтан өткізілуі.
Түпкі нәтиже: ғарышкер-сынаушының оқу жоспары мен бағдарламаларын толық көлемде игеруі және олардың Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген Халықаралық ғарыш станциясына өздерінің ұшуы кезінде ғарыштық зерттеулер мен эксперименттердің қазақстандық бағдарламаларын орындауға дайындығы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: топтағы бір ғарышкер-сынаушының арнаулы дайындығына жұмсау қаржысы жыл сайын 7 016,0 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығымен жасалған шартқа сәйкес.
Сапасы: Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерінің арнаулы дайындықтан өту тәртібі және жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Ресей авиация-ғарыш агенттігі арасындағы хаттаманы іске асыру.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
281-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
""Есіл" авиациялық зымырандық-ғарыштық кешенін құру"
деген 044 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 500000 мың теңге (бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Жоспарын бекіту туралы" 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Есіл" авиациялық ракетті-ғарыштық комплексін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін әзірлеу және құру бойынша шараларды қаржыландыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 044 | | "Есіл" авиациялық зымырандық-ғарыштық кешенін құру | Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық экономикалық негіздемеге сәйкес жобаны іске асыру: жұмыстарды орындалу түрге келтіру ұшақтарды МиГ-31Д әзірлеудi | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін жұмыстарды орындалу.
Түпкі нәтиже: шағын өлшемді ғарыш аппараттарын ұшыру үшін "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін іске қосу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасының ғарыш саласындағы ғылыми әлеуетін және материалдық-техникалық базасын арттыру.
Уақтылығы: жұмыс кестелеріне сәйкес жасалынған шарттар келісімімен.
Сапасы: "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
282-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне электрондық үкімет
шеңберінде адами капиталды дамытуға мақсатты берілетін даму трансферттері"
деген 045 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1784242 мың теңге (бір миллиард жеті жүз сексен төрт миллион екі жүз қырық eкі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамуы мен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамының құрылуы" 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті жою.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Орта білім беру ұйымдарына арналған компьютерлік сыныптарды құру тұрғындарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану көптеп оқыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 045 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға мақсатты берілеті н даму трансферттерi | Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мақсатты берілетін даму трансферттерді аудару: - орта білім беру ұйымдарына арналған компьютерлік және ұйымдастырушылық техниканы, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу үшін; - бюджеттік ұйымдар қызметкерлерін, жұмыссыз тұрғындарды, сондай-ақ балалар үйлері тәрбиеленушілерін мектеп негізінде компьютерлік біліміне оқыту үшін; - бюджеттен тыс сала қызметкерлері мен басқа да азаматтарды студенттер күшімен компьютерлік біліміне оқыту үшін; - аймақтарда ақпаратты технология айлықтарын жүргізу үшін аудару. Орта білім беру ұйымдарына арналған компьютерлік және ұйымдастырушылық техниканы, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету. Тұрғындарды компьютерлік біліміне оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана, Алматы қалаларын ың әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
2007 жылы:
- орта білім беру ұйымдарына арналған 600 компьютерлік сыныптары құрылады, соның ішінде: Ақмола облысында - 20, Ақтөбе облысында - 20, Алматы облысында - 75, Атырау облысында- 15, Шығыс Қазақстан облысында - 55, Жамбыл облысында - 50, Батыс Қазақстан облысында - 15, Қарағанды облысында - 75, Қостанай облысында - 30, Қызылорда облысында - 25, Маңғыстау облысында - 20, Павлодар облысында - 20, Солтүстік Қазақстан облысында - 15, Оңтүстік Қазақстан облысында - 130, Астана қаласында - 20, Алматы қаласында - 20;
- 200 000 кем емес адам оқытылады;
- ақпараттандыру технологиялар бойынша айлықтар өткізіледі.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында тұрғындардың компьютерлік білім алу көрсеткіштерін жоғары деңгейге жеткізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір классты құруына орта есеппен алғанда 1 382 мың теңге жоспарлануда, бір тыңдаушыға 3 900 теңге құрайды.
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздігін азайту және компьютерлік білім тұрғындардың санын алған 20 пайызға дейін ұлғайту.
Уақтылығы: іс-шаралардың орындалуы бекітілген мерзімдерге сай келісіммен жүзеге асырылады.
Сапасы: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздіктің азаюына септігін тигізетін компьютерлік кластарға келушілерге Интернет ақы ұсыну және үйрету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
283-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
""Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту"
деген 047 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8224165 мың теңге (сегіз миллиард екі жүз жиырма төрт миллион бір жүз алпыс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Жоспарын бекіту туралы" 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы" 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының ғарыштық қызмет саласындағы ағымдағы, ұзақмерзімді салааралық бағдарламаларын іске асыру үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары тиімді ақпараттық және ғарыштық технологияны жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: "Байқоңыр" кешенінде "Қазғарыш" Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамының арнаулы құрастырушылық-технологиялық бюросын құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 047 | | "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | Байқоңыр қаласында екі тұрғын үй мен ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы ұйымдарына, әкімшілік қызметкерлері үшін ақпараттық есептеу орталығы ғимаратын қайта жабдықтап салуды аяқтау; Байқоңыр қаласында ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы ұйымдары және қызметтік пайдалануға арналған екі тұрғын үйді қайта жабдықтап салу; Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондпен зерттеудің ғарыштық жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізу "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталының толықтырылуы. | Қаңтар-наурыз | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: екі тұрғын үй мен ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы ұйымдары мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қызмет жағдайын жасау үшін ақпараттық есептеу орталығы ғимаратына бір қосымша жай мен екі тұрғын үйді қайта салу жұмыстарын аяқтау, Жерді қашықтықтан зондпен тексерудің ғарыштық жүйесінің жұмыс құжаттарын әзірлеу, жоғары шешімді спутниктің, орта шешімді спутниктің, жердегі басқару кешенінің, жердегі мақсатты кешеннің жұмыс құжаттарын әзірлеу.