Түпкі нәтиже: картография, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру, бақылау, төтенше жағдайлар зардаптарын алдын алу мен болдырмау, инфрақұрылым және өндіріс нысандарын салу мен іске қосу, қозғалмайтын мүлікке бақылау (есепке алу және салық салу үшін), жер мен орман пайдалану (есепке алу, жоспарлау және бақылау), ауылшаруашылығын жоспарлау, есепке алу мен бақылау, экологиялық бақылау, тәжірибе-құрылымдық жұмыстарды жүргізу үшін және ғарыш техникасын дамытудың негізгі бағыттарын негіздеу бойынша жүйелі зерттеулер жүргізу және ғарыш қызметі саласындағы жұмысшылар үшін әлеуметтік жағдай жасау үшін инфрақұрылымды дамыту мақсатында Жер бетіндегі үрдістер мен нысандар туралы жиілік негізде жедел ақпараттар алу есебінен мемлекеттік басқару органдары мен коммерциялық ұйымдардың шешім тиімділігі мен қабылдау жылдамдығын арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ғарыш түсірімдерін 10-20 пайызға төмендету, өзін-өзі өтеуі - спутниктерді пайдалана бастағаннан 4,2 жылда, жерді қашықтықтан зондпен тексеру технологиясын экономиканың түрлі салаларына ендірудің жоғарғы экономикалық тиімділігі, елдің экспорттық әлеуетінің жоғарлауын тұрақтандыру, Қазақстан Республикасы ғарыш саласы мамандарының ғылыми әлеуетін арттыру.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасы Жерді қашықтықтан зондпен зерттеудің ғарыштық жүйесін құру бойынша жұмыс кестесі және жасаған шарттарға сәйкес.
Сапасы: түсірілімдердің келесі түрлері өткізу мүмкіндігі: 1м ж 6,7м мүмкіндікті көріну диапазонды панхроматикалық, 4 м ж 28м мүмкіндікті көріну диапазондағы көпбағытты, 30 м мүмкіндікті орташа және алыс ИК диапазондағы инфрақызылды, 30 м мүмкіндікті гиперспектралды; жоғарғы мүмкіндіктегі түсірілімдерді 24-тен 3-5 тәулікке дейін алудың жеделдігі артуда, "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
284-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Техникалық және қызмет көрсету мамандарын даярлау және қайта даярлау"
деген 049 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 37415 мың теңге (отыз жеті миллион төрт жүз он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 13, 33, 37-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйені жетілдірудың Тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 17 сәуірдегі № 594 қаулысы; "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысы; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеке тұлғаның таңдаған мамандығында орта кәсіптік білім және біліктілік алу жолымен интеллектуалдық, мәдени және рухани даму қажеттілігін қанағаттандыру, техникалық және қызмет көрсететін еңбек мамандарымен қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: кәсіптік орталықтарында елімізге аса маңызды мәні бар мамандарды даярлау және қайта даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 047 | | Техникалық және қызмет көрсету мамандарын даярлау және қайта даярлау | Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу процестерін жүргізу. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін техникалық және қызмет көрсету мамандарын даярлауға мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес оқушыларды қабылдау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 2007-2008 оқу жылына 250 оқушылар қабылдау.
Түпкі нәтиже: Атырау облысында мұнай газ саласы үшін техникалық және қызмет көрсету еңбек мамандарын даярлау және қайта даярлау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жылына бір оқушыны дайындауға кететін орта шығын (күрделі шығынды қоспағанда) - 149,66 мың теңге.
Уақтылығы: білім жоспарына сәйкес білім бағдарламаларының орындалуы.
Сапасы: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлаудың жоғары деңгейі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
285-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Сенім артқан агенттер қызметіне ақы төлеу"
деген 050 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 66670 мың теңге (алпыс алты миллион алты жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" 2005 жылғы 21 қазандағы Заңы; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексі; "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қызмет көрсетулерді қамтамасыз ету және сенімді тұлғаларға (агенттерге) бюджеттік кредиттердің тиімділігін арттыру және қайтарылмай қалу қаупін төмендету мақсатында оларды қайтару, сондай-ақ бюджеттік кредит банк-агентінің қызмет көрсетуі.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бюджеттік кредит беруге байланысты тапсырмаларды орындағаны үшін сенімді тұлғаларға (агенттерге) сыйақы төлеу, Банк-агентке бюджеттік кредитке агенттік қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 050 | | Сенім артқан агенттер қызметіне ақы төлеу | Тапсырманы орындағаны үшін сенім білдірілген өкілге (агентке) сыйақы төлеу және Банк-агентке "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру" республикалық бюджеттік инвестициялық жобаға агенттік қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сенімді тұлғаға (агентке) мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік кредиттерді қайтару және қызмет көрсету жөнінде жұмысты жүргізгені үшін сыйақылар төлеу және Банк-агентке "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру" республикалық бюджеттік инвестициялық жобаға агенттік қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы төлеу.
Түпкі нәтиже: қарыз алушылардың алған бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша міндеттерін орындаудың толықтығы мен уақытылығы, "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек ғарыштық зымыран кешенін құруға байланысты іс-шаралардың орындалуы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: сенімді тұлғалар (агенттер) қызмет көрсететін кредиттерді толық қайтару, республикалық бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру сапасын көтеру.
Уақтылығы: сенімді тұлғалар (агенттер) алдындағы міндеттемелердің орындалу уақтылығы.
Сапасы: агенттік келісім мен кредиторлық шарттың талаптарына сәйкес есептер мен ақпаратты тапсырудың нақтылығы, уақыттылығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
286-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Алматы қаласы бюджетіне 2007 жылы "А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ
орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік білім мекемесінің жұмыс істеуіне
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 051 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 163366 мың теңге (бip жүз алпыс үш миллион үш жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 24, 36, 37-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі; "Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бүгінгі өркениеттің түбегейлі жаңару жағдайында ойлау мен іс-әрекетке қабілетті, жан-жақты дамыған, үйлесімді адамды тәрбиелеу, дарынды балаларды әлеуметтік, құқықтық және парасаттық жағынан қорғау, парасаттық мүмкіндікті қалыптастыруға ықпал жасау, республиканың интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруға халықты қанағаттандыру үшін оқушыларға тереңдетілген және жоғары деңгейдегі білім беруге себеп жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дарынды балаларды оқыту. Оқушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламалар бойынша бейімдік пәндер арқылы тереңдете даярлау. Адамның жеке бейімділігін, шығармашылық қабілетін дамыту және азаматтыққа тәрбиелеу. Дарынды балаларды табуға қажетті жағдайлар жасау. Оқушыларды олимпиадаларға жоғары оқу орындарына түсуге іріктеу және даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 051 | | Алматы қаласы бюджетіне 2007 жылы "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік білім мекемесінің жұмыс істеуіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | 2007 жылға Алматы қаласының бюджетіне жұмыс істеуге арналған мемлекеттік білім беру мекемесі "А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған қазақ орта мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты" республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен аудару. Оқу процесін сапалы өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау мемлекеттік жалпыміндеттік білім беру стандарттарына сәйкес. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Алматы қаласының әкімі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: музыка мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқытудың оқушылардың орташа саны - 450.
Түпкі нәтиже: оқушыларға тереңдетілген және жоғары деңгейдегі білім беруде халықты қанағаттандыру үшін республиканың интеллектуалдық потенциалын қалыптастыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің бір жылдық құны (күрделі шығындарды қоспағанда) - 282,7 теңгені құрайды.
Уақтылығы: оқу бітіруші оқушылардың іс жүзіндегі саны 25 адамнан кем емес.
Сапасы: Республикалық мемлекеттік мекемелерді "жақсы" және "өте жақсы" бағалармен аяқтаған оқушылардың үлесі 65 пайыздан кем емес.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
287-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Қостанай облысының облыстық бюджетіне көлік коммуникация саласының техникалық және
қызмет көрсету персоналы кадрларын даярлау және қайта даярлау өңіраралық орталығының
материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 052 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14449 мың теңге (он төрт миллион төрт жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 8 , 13, 33, 37-баптары; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі 6-бабы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; "Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасалу мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өңіраралық кәсіптік орталығын материалдық-техникалық базасын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қостанай облысының бюджетіне өңіраралық кәсіптік орталығын материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қаржылық қолдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 052 | | Қостанай облысының облыстық бюджетіне көлік коммуникация саласының техникалық және қызмет көрсету персоналы кадрларын даярлау және қайта даярлау өңіраралық орталығының материалдық-техникалық базасын нығайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансф ерттер | Республикалық бюджеттен Қостанай облысының бюджеттеріне материалдық-техникалық базасын нығайтуға техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын дайындау және қайта даярлау көлік-коммуникациялық саласы жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығына ағымдағы нысаналы трансферттерді Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес аудару. Өңіраралық кәсіптік орталығын материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы мамандардың сапалы дайындығына ие болу үшін қолайлы жағдайлар жасау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қостанай облысының әкімі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын дайындау және қайта даярлау көлік-коммуникациялық саласы жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығына оқу-зертханасы сатып алынады - 48 атау кем емес.
Түпкі нәтиже: техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын дайындау және қайта даярлау көлік-коммуникациялық саласы жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығының процесіне оқу-зертханасы енгізіледі, қолданыстағы (Санитарлық ережелер және Құрылыстық нормалар және ережелер) нормаларына сәйкес білім алушыларға тиесілі жағдай жасалды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: оқу-зертхана құралдарының 1 атауының орташа құны - 301,0 мың теңге.
Уақтылығы: шарттарда көрсетілген мерзімге сәйкес материалдық-техникалық базаны жаңа оқу жылында нығайту.
Сапасы: білім алушылардың білім сапасын арттыру және жаңа технологияларды білім процесіне енгізу.
* республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын іс-шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
288-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
""Ғылым қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру"
деген 053 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1873791 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз жетпіс үш миллион жеті жүз тоқсан бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасында ғылымды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 наурыздағы № 2895 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Еліміздегі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытуға ықпал ету. Ғылымды дамытуға жеке және кәсіпкерлік сектордың қатысуын ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ізденушілік, бастамашылық және тәуекелдік сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізу;
ғылыми зерттеулерді іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және жобалық ұйымдардың тиімді әрекет ететін жүйелерінің элементтерін дамыту.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жекеше қаржыландыруға ынталандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 053 | | "Ғылым қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру | "Ғылым қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толықтыру үшін: ізденушілік, бастамашылық және тәуекелдік сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; ғылыми зерттеулерді іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстарды жеке тұлғалармен қаржыландыруды ынталандыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуы.
Түпкі нәтиже: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жеке тұлғалармен және кәсіпкерлік сектормен қаржыландыруды ынталандыру.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды күнтізбелік жоспарға сәйкес орындау.
Сапасы: еліміздегі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
289-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
"Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешені
объектілерін және кешенін түгендеу және қайта бағалау"
деген 054 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1220000 мың теңге (бip миллиард екі жүз жиырма миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартын ратификациялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2195 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Байқоңыр" ғарыш айлағы объектілерінің пайдаланылу келешегін және "Байқоңыр" кешеніндегі қазақстандық меншіктің рыноктық құнын анықтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: "Байқоңыр" кешені объектілері мен мүліктерінің техникалық жағдайын кешенді бағалау мен пайдаланылу келешегіне байланысты зерттеулік жұмыстарды аяқтау, және 2007 жылғы түгендеу барысында Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешені объектілері мен мүліктерін қайта бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 054 | | Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешені объектілерін және кешенін түгендеу және қайта бағалау | 1. Функцияналдық бағыт бойынша "Байқоңыр" кешені объектілерінің жалпы техникалық жағдайын бағалау 2. Ғарыш айлағының толық және оның жекелеген элементтерінің даму келешегіне болжаулық маркетингтік талдау 3. "Байқоңыр" ғарыш айлағы объектілерінің инвестицияға тартылуын қаржылық талдау 4. "Байқоңыр" ғарыш айлағын Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі тұрғысынан талдау және оның саяси мүдделерін қамтамасыз ету 5. "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы жалға берілген мүліктерді түгендеу және бағалау бойынша кешенді жұмыстар жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының мүддесіндегі "Байқоңыр" кешені объектілері мен мүліктерінің техникалық жағдайын бағалау мен пайдаланылу келешегін анықтау; рыноктік экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешенінің негізгі қорларының құнын анықтау.
Түпкі нәтиже: "Байқоңыр" кешені ғылыми-техникалық әлеуетін бағалау және оның алдағы уақытта дамуының техникалық саясатын әзірлеу; ұлттық заңнамаға және бухгалтерлік есеп саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес "Байқоңыр" кешені активтерінің жүйелік есебі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: "Байқоңыр" кешені құрылымын және ұстауға арналған шығыстар мен ғарыштық бағдарламаларды іске асыру барысында ғарыш айлағы объектілерін пайдалануды оңтайландыруға мүмкіндік береді;
"Байқоңыр" кешенінің жалға берілген объектілерін пайдалану кезінде келтірілген залалды қалпына келтіру жөнінде ресей тарабының алдына мәселелер қоюға негізделген, және "Байқоңыр" ғарыш айлағы инфрақұрылымын дамытудағы инвестицияны тарту үшін қаржылық құралдар алуға мүмкіндік береді.
Уақтылығы: зерттеу жұмыстарының нәтижесі қазіргі уақытта әзірленген "Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін 2020 жылдарға дейін дамыту" Мемлекеттік бағдарламасына негіз үшін қызмет етеді; "Байқоңыр" кешені объектілерін сақтау және пайдалану жағдайларын Қазақстан Республикасы жағынан бақылау тәртібі туралы 1995 жылғы 18 тамыздағы Келісімге сәйкес "Байқоңыр" кешенінің жалға берілген мүліктерін кезекті түгендеу 2007 жылы, ал келешектегісі тек 2011 жылы өтеді.