Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 Қаулысы
(2011.30.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1716 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.30.11. № 1391 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2011.30.11. № 1391 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында лотереяларды (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 шілдедегі № 939 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 34, 299-құжат);
2) «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерін қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 маусымдағы № 695 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 328-құжат).
3. Осы қаулы ресми, жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Ереже. ҚР Үкіметінің 2011.30.11. № 1391 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.30.11. № 1391 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 551 қаулысымен
бекітілген
Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
1. Осы Біліктілік талаптарында пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ақшалай лотереялар - тек ақша түріндегі ұтысы бар лотереялар;
2) ақшалай-заттай лотереялар - лотереялардың нұсқаулық және әдістемелік материалдарда ақшалай баламада тіркелген ақша және/немесе мүлік (ақшадан басқа) түріндегі ұтысы бар лотереялар;
3) бір сәттік лотерея - ұтыс нәтижесі билет сатып алынғаннан кейін оны дереу тексеру жолымен айқындалатын лотерея;
4) заттай лотерея - лотереялардың нұсқаулық және әдістеме материалдарында ақшалай баламада тіркелген мүлік (ақшадан басқа) түрінде ұтысы бар лотерея;
5) лотерея - оның барысында лотереяны ұйымдастырушы лотерея билеттерінің меншік иелері арасында лотереяның жүлде қорына ұтыс ойының өткізетін ойын, бұл ретте ұтысты лотерея билеттерін айқындау лотерея қызметінің субъектілерінің еркі мен әрекеттеріне тәуелді болмауға тиіс және сәттің кездейсоқтығы болып табылады;
6) лотерея билеті - лотереядағы ұтыстың оған түсу немесе түспеу фактісінің дұрыстығын кәміл айқындау үшін қажетті және лотерея ұйымдастырушының нұсқаулық және әдістеме материалының талаптарына сәйкес келетін ақпаратты қағаз тасығыш, SМS-лотереялар үшін кері SMS-хабарлама лотерея билеті болып табылады;
7) лотерея билеттерін сатуға арналған жабдық - құжаттамасы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен дайындаушы зауыттың көрсетілген сипаттамаларын растайтын, лотерея билеттерін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 90-тарауына сәйкес фискалды режимде тираждық лотереяға қатысушыларға өткізетін жабдық;
8) лотерея жабдығы - құжаттамасы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен дайындаушы зауыттың көрсетілген сипаттамаларын растайтын тираждық лотереяда ұтыс ойынын өткізуге арналған жабдық;
9) ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасында лотереяларды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға;
10) лотерея қызметінің субъектілері - лотерея ұйымдастырушы, оған қатысушы, оның агенті;
11) лотереяда ұтыстарды төлеуге арналған жабдық - құжаттамасы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен дайындаушы зауыттың көрсетілген сипаттамаларын растайтын, төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалуды есепке ала отырып, тираждық лотерея бойынша ұтыстарды төлеуді жүргізетін жабдық;
12) қатысушы — жүлде қорының ұтыс ойынына қатысуға құқық беретін лотерея билетіне ие ұйымдастырушының құрылтайшысы немесе қызметкері болып табылмайтын жеке тұлға немесе SМS-лотереяға қатысу үшін сандарды және (немесе) әріптерді, сандардың және (немесе) әріптердің комбинацияларын сатып алатын жеке тұлға;
13) агент - лотереяларды ұйымдастырушымен жасасқан шарттың негізінде лотерея билеттерін таратуды (сатуды) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға (SМS-лотереялар үшін - ұялы байланыс операторлары);
14) жүлде қоры - лотереяны өткізу бойынша нұсқаулық және әдістемелік материалдарға сәйкес ұйымдастырушы қалыптастыратын және қатысушылар арасына тарататын, құны кемінде лотерея билеттерінің шығарылымын, сандарды және (немесе) әріптерді, сандардың және (немесе) әріптердің комбинацияларын өткізуден алынған қаражаттарының 50 % құрайтын мүліктер жиынтығы;
15) ұтыс - лотерея билетіне лотереяның барлық (немесе бір бөлігінің) жүлде қорының түсу фактісі;
16) ұтыс ойыны - оның барысында ұтыс билеттері айқындалатын лотереялар рәсімі;
17) тираждық лотереялар - өткізу процестері билеттерді сатуға шығарудан бастап лотерея жабдығын пайдалана отырып, жалпы ұтыс ойынын өткізгенге дейін және тираж бойынша ұтыстарды бергенге дейінгі циклдарға бөлінетін теледидардың тікелей эфирінде өткізілетін лотереялар;
18) SМS-лотереялар - лотереяға қатысушы ұтыс ойынында тіркелу және қатысу үшін лотерея ұйымдастырушыға ұялы байланыс операторлары арқылы сандардан және (немесе) әріптерден, сандар және (немесе) әріптер комбинацияларынан (SМS) тұратын қысқа хабарлама жіберу жолымен лотереяға қатысу үшін ставкалардың әралуан түрін жүзеге асыратын тираждық лотереялар. Қатысу кері SМS-хабарламаны (лотерея билеті) жіберумен расталады.
2. Өтініш берушіге қойылатын бүкіл ұтыс ойыны бойы өзгермейтін біліктілік талаптары:
1) мынадай:
лотереялардың түрі;
лотереяны ұйымдастыру технологиясы;
лотереяның жүлде қорын қалыптастыру мен бөлу тәртібі;
ұтыс ойындарының саны;
сериясы мен нөмірлері көрсетіле отырып (SМS-лотереяларда ұтыс ойынының саны көрсетіледі), әрбір ұтыс ойынындағы лотерея билеттерінің саны;
бір лотерея билетінің (SМS-лотерея үшін - SМS-хабарламаның) құны;
жүлде қорының мүліктерінің атаулары, саны мен құны;
ұтыс ойындарына қатысудың, мерзімдері мен нәтижелерін көрсете отырып, ұтыстарды алудың негізгі қағидалары туралы лотереяға қатысушыларды хабардар ету тәртібі;
ұтыстарды (оның ішінде ақшалай баламада алу мүмкіндігін көрсете отырып, заттай ұтыстарды) алу тәртібі мен мерзімдері;
ұтыс ойынын өткізу мүмкін болмаған жағдайда лотереяға қатысушыларға лотерея билеттерінің (бір сәттік лотереялардан басқа) толық құнын қайтару тәртібі;
лотереялардың (бір сәттік лотереялардан басқа) ұтыс ойынын өткізу күні мен орны;
алынбаған ұтыстарды сақтау мерзімдері (ұтыс ойыны өткізілген сәттен бастап кемінде 3 ай);
сатуға шығарылатын, сатылған және сатылмаған билеттердің есебін жүргізу, сондай-ақ ұтыс ойынында ұрланған билеттердің қатысуын болдырмау тәртібі;
сатылмаған билеттерді жою тәртібі;
алынбаған ұтыстарды сақтау тәртібі және ұтыстарды алу мерзімі аяқталғаннан кейін оларды талап ету тәртібі;
лотерея билеттерін есепке алу және сақтау тәртібі туралы мәліметтерді қамтитын лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық және әдістемелік материалдардың болуы:
«2) Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңының 11-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және қабылданған ішкі бақылау қағидаларының болуы;
3) өтініш берушіде лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге;
ұтыс ойынының өзін (бір сәттік лотереяларды қоспағанда) өткізуге қажетті материалдық-техникалық базасының;
лотерея билеттерін, лотереяның ақша қаражатын және жүлде қорын сақтау үшін меншік құқығында ұйымдастырушыға тиесілі ғимараттың (ғимарат бөлігінің, үй-жайдың) болуы;
меншік құқығында болатын, лотерея билеттерін сатуға арналған жабдықтың (тек лотерея билеттерін аталған жабдық арқылы өткізу кезінде);
меншік құқығында болатын, лотереядағы ұтыстарды төлеуге арналған жабдықтың (тек ұтыстарды жабдық арқылы беру кезінде);
ұтыс ойының болжамды өткізу уақыты мен күні көрсетіле отырып, теледидарда тікелей трансляциялау туралы шарттың (бір сәттік лотереяларды қоспағанда);
лотерея билеттерін сату агенттерімен жасасқан үлгілік шарттың (SМS-лотереяларды қоспағанда) болуы;
4) қолдан жасаудан (SМS-лотереяларды қоспағанда) қорғау дәрежесін аша отырып, лотерея билеттерінің үлгілері болуы, онда мемлекеттік және орыс тілдерінде:
лотерея билетінің құны туралы;
лотерея өткізу шарттары туралы;
тікелей трансляциялау мерзімі мен орны туралы (бір сәттік лотереяларды қоспағанда);
ұтыстарды алу мерзімдері мен орындары туралы;
лотерея билетінің сериясы мен нөмірі туралы;
жүлделердің атаулары және саны туралы;
лотерея ұйымдастырушының мекенжайы, телефоны, сайты туралы ақпарат қамтылады;
5) лотереяға қатысушыларға кері SМS-хабарламаны жіберу жөніндегі міндеттемені көздейтін SМS-лотереяларды өткізуге (тек SМS-лотереялар үшін) ұялы байланыс операторларымен жасасқан шарттың болуы, онда:
хабарламаның тіркеу нөмірі (лотерея билетінің) нөмірі туралы;
тікелей трансляциялаудың мерзімдері мен орны туралы;
ұтыстарды алу мерзімдері мен орны туралы;
лотерея ұйымдастырушының мекенжайы, телефоны, сайты туралы;
тегін Call-орталығы телефонының нөмірі туралы мәліметтерді қамтиды;
6) лотерея билеттерін (SМS-хабарламаларын) күзетуді және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен шарттың болуы.