Облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының басшылары меншiк нысанына қарамастан, тиiстi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері филиалдарының, салалық өртке қарсы қызметтiң және өртке қарсы ерiктi құралымдардың басшыларына қатысты аға жедел бастық болып табылады.
Өрттердi сөндiру кезiнде келтiрiлген материалдық залал қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс. Өртке қарсы қызметтiң жеке құрамы, аса қажет болған жағдайларда өрт сөндiруге қатысқан өзге де адамдар келтiрiлген залалды өтеуден босатылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары және қорғаныс, авиация, темір жол, теңіз және өзен көлігі, орман шаруашылығы объектілеріндегі өрттерді сөндіру өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы мен тиісті заңды тұлғалары арасындағы келісімдермен регламенттеледі.
Апаттарды, дүлей зілзалаларды және өрт сөндіруге байланысты емес өзге де төтенше жағдайларды жою кезінде өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары (ақшалай қаражаттан басқа) оларды жою жөніндегі басшының қарамағына көшеді.
Өрт сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің:
1) өрт сөндіру үшін өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын, көлік және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тартуға;
2) өртті сөндіру және жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде цехтар мен объектілердің жұмысын тоқтатуға, қажет болғанда қауіпті аймақтан адамдарды және материалдық бағалы заттарды көшіруге нұсқау беруге;
3) өрт кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың жекелеген учаскелерге, аумақтарға, ғимараттардың үй-жайларына кірулерін шектеуге немесе оған уақытша тыйым салуға;
4) өрт кезінде азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және азаматтарды құтқаруға, оттың таралуын болдырмауға және өртті жоюға бағытталған шараларды қабылдау үшін азаматтардың тұрғын үй және өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесілі жер учаскелеріне, дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа аумақтар мен үй-жайларға кедергісіз кіруге;
5) қажет болған жағдайларда жабық есіктер мен терезелерді, сондай-ақ адамдарды құтқару мен өрт сөндіруде кедергі болатын құрылыстарды бұзып ашуға;
6) адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда өртті сөндіру және жою кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын, көлікті, егер залал келтірілген болса, оны иелеріне өтеу арқылы пайдалануға құқылы.
ҚР 16.07.99 ж. № 437-1 Заңымен 17-бап толықтырылды
17-бап. Өрт сөндiру - техникалық өнiмдi өндiру
Өрт сөндiру - техникалық өнiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiпте шарттық негiзде, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен жүзеге асырылатын тәртiпте өндiрiледi.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өрт сөндіру-техникалық өнімінің түрлерін өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.
16.07.99 ж. № 437-1; 02.07.03 ж. № 454-II; 2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды
орындау мен қызметтер көрсету
Қазақстан Республикасында өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн мемлекеттік емес ұйымдар құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн, оларға мыналар жатады:
- мемлекеттік мекемелер болып табылмайтын ұйымдарды өрттен қорғау;
- өрт сөндiру-техникалық өнiмiн өндiру, оны сынықтардан өткізу, сатып алу және жеткiзiп беру;
- жобалау iздестiру жұмыстарын атқару;
- ғылым-техникалық кеңес беру және жобалардың мемлекеттік сараптамасының ерекше құзыретiне жатқызылатын сараптау жұмыстарын қоспағанда, сараптама жүргiзу;
- заттардың, материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және конструкциялардың өрт қауiпсiздiгiн сынау;
- халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету;
- өртке қарсы насихатты жүзеге асыру, арнайы әдебиет пен жарнама өнiмiн басып шығару;
- оттан қорғау және мұржа-пеш жұмыстары;
- өрт саймандарын, өрттердi сөндiрудiң бастапқы құралдарын өндiру, оларды жөндеу және қызмет көрсету, отты сөндiретiн заттардың сапасын қалпына келтiру;
- өртке қарсы қызметтiң ғимараттары мен құрылыстарын салу, қайта құру және жөндеу;
- өрттен қорғау жүйелерi мен құралдарын өндiру, монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
- тiзбесiн өртке қарсы қызмет органдары белгiлейтiн өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар мен қызметтер жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
19-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы білімдердi
насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы білімдердi насихаттауды өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары мен қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады. Бiлiмдердi насихаттау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануы мүмкiн.
Азаматтарды оқытып-үйрету мектепке дейiнгi және жалпы орта білім беру мекемелерiнде, жұмыс орны мен тұрғылықты жерi бойынша ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету - кәсiптiк-техникалық, арнаулы орта және жоғарғы білім беру, кадрлардың біліктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау мекемелерiнде, өрт қауiпсiздiгi саласындағы iс-әрекеттерге әзiрлеу жөніндегі орталықтарда, жұмыс орны бойынша ұйымдарда жүргiзiледi.
Бағдарламалар мазмұнына қойылатын талаптарды және өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету тәртібін өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы белгiлейдi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратқа
халықтың құқығы
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ақпаратты ұйымдар қызметiнiң қауiп-қатер деңгейi және басым өртену қауiптiлiгi, қажеттi қауiпсiздiк, өрттердiң салдарлары, олардан сақтандыру және оларды жою жөніндегі шаралар туралы мәлiметтер құрайды. Ақпарат ашық және жариялы болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануға жатады.
Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде өздерi қабылдаған шешiмдер туралы халықты хабардар етуге және өрттен қорғау - техникалық білімдердi таратуға жәрдемдесуге тиiс.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ; 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Өрттердi және олардың салдарын мемлекеттік есепке алу
Өрттердi және олардың салдарларын мемлекеттік есепке алуды Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі уәкілетті органымен келісім бойынша өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар, меншiк нысанына қарамастан ұйымдар өртке қарсы қызмет органдарына өрттер және олардың салдарлары туралы есептер ұсынады.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Өрт қауiпсiздiгiн ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз етудi ғылыми-зерттеу ұйымдары және оқу орындары жүзеге асырады.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы ғылыми-техникалық талдамаларды қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерi есебiнен жүзеге асырылады.
Ғылыми зерттеулердi үйлестiру өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органына жүктеледi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
23-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы лицензиялау және
сәйкестікті растау
Өрт қауіпсіздігі саласындағы лицензиялау және сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды
4-1-тарау. Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары
23-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу
объектілерi
Өнім және оның өмірлік циклінің процестері өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу объектілері болып табылады.
23-2-бап. Жобалау, салу, реконструкциялау және өндіру
кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Техникалық реттеу объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау және өндіру кезінде:
1) объектілерді орналастыру;
2) объектілерді пайдалану;
3) объектілерді өрт-техникалық тұрғыдан жіктеу;
4) объектілерді өрт депосы ғимараттарымен және құрылыстармен қамтамасыз ету;
5) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) өрттің таралуын болғызбау;
7) өртті сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
8) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі талаптар сақталуға тиіс.
23-3-бап. Пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және өткізу
кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Техникалық реттеу объектілерін пайдалану, сақтау, тасымалдау, қолдану және өткізу кезінде:
1) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;
2) адамдарды эвакуациялау жолдары;
3) өрт шыққан жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мен іс-қимыл тәртібін қамтамасыз ету;
4) инженерлік жүйелермен жарақталуы және олардың жұмыс жағдайына келтірілуі;
5) өрт автоматикасы жүйесімен жарақталуы және оның жұмыс жағдайына келтірілуі, оған қызмет көрсету және қызмет көрсететін қызметкерлер ұдайы болатын орындарға шығару;
6) өрт техникасымен жарақталуы және оның жұмыс жағдайына келтірілуі;
7) өрттің таралуын болғызбау;
8) өртті сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
9) аумақтарды, ғимараттар мен құрылыстарды, объектілердің үй-жайларын күтіп-ұстау;
10) өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі талаптар сақталуға тиіс.
5-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы
құқықтар мен міндеттер
24-бап. Азаматтардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы
құқықтары мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасы азаматтарының:
- өрттер болған жағдайда өздерiнiң өмiрiн, денсаулығын және жеке мүлкiн қорғауға;
- Қазақстан Республикасы аумағындағы белгiлi бiр жерде болғанда өздерi ұшырауы мүмкiн өрт қаупi туралы және қажеттi қауiпсiздiк шаралар туралы хабардар болуға;
- өрттер салдарынан өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалды қолданылып жүрген заңдармен белгiленген тәртiппен өтеттiруге;
- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, соның iшiнде белгiленген тәртiппен қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiктерi қызметiне қатысуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының азаматтары:
- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;
- өрттердi байқаған жағдайда өртке қарсы қызметтi дереу хабардар етуге;
- өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi келгенге дейiн азаматтарды, мүлiктi құтқару және өрттердi сөндiру жөнiнде қолдан келген шараларды қолдануға;
- өрттi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметке көмек көрсетуге;
- өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен өртке қарсы қызметi органдарына өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын бақылау және олардың бұзылуына жол бермеу мақсатында өздерiне тиесiлi өндiрiстiк, шаруашылық, тұрғын үйлердi және өзге де үй-жайлар мен құрылыстарды тексеруге және қарап шығуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.
ҚР 16.07.99 ж. № 437-1 Заңымен 25-бап толықтырылды
25-бап. Ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Өрт қауiпсiздiгi мен өрт сөндiрудi қамтамасыз ету ұйымдардың басшыларына жүктеледi.
Меншiк нысандарына және қай ведомствоға байланыстылығына қарамастан ұйымдардың:
- өз қаржысы есебiнен, соның iшiнде өртке қарсы қызмет органдарымен шарттар жасасу негiзiнде ұстайтын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн белгiленген тәртiппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға;
- мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өкiлдi органдарға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныс енгізуге;
- ұйымдардың объектiлерiнде болған өрттердiң себептерi мен мән-жайларын анықтау жөнiнде жұмыстар жүргiзуге;
- заңдармен белгiленген шекте өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтiк және экономикалық ынталандыру шараларын белгiлеуге;
- өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiнде ақпарат, соның iшiнде белгiленген тәртiппен өртке қарсы қызметтiң басқару органдары мен бөлiмшелерiнен ақпарат алуға құқығы бар.
Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар:
- өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының нұсқамалары мен өзге де заңды талаптарын орындауға;
- өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға;
- өртке қарсы насихат жүргiзуге, сондай-ақ өздерiнiң қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйретуге;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес салалар, ұйымдар және объектілер үшін белгiленген нормаларға сәйкес өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн, соның iшiнде өртке қарсы қызмет органдарымен шарттар жасасу негiзiнде құруға және ұстауға;
- өрт сөндiру жүйелерi мен құралдарын түзу күйiнде ұстауға, олардың мақсатқа сай пайдаланылмауына жол бермеуге;
- өрт қарсы қызметке өрттердi сөндiру, олардың шығу және өршу себептерi мен жағдаяттарын анықтау кезiнде, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуына және өрттердiң шығуына кiнәлi адамдарды анықтау кезiнде жәрдем көрсетуге;
- өрттердi анықтайтын және сөндiретiн автоматты құралдарды енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
- өрт сөндiру жөніндегі жауынгерлiк iс-әрекеттердi атқаруға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi және өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдар аумағында өрттердi сөндiру кезiнде қажеттi күш-құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерi мен тынығу орындарын Үкiмет белгiлеген тәртiппен беруге;
- өртке қарсы қызметi өкiлдерiне олар ұйымдар аумағында қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асырған кезде заңдарда белгiленген тәртiппен жүрiп-тұруын қамтамасыз етуге;
- өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйi туралы, соның iшiнде өздерi өндiретiн өнiмдердiң өртену қаупi туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер және олардың зардаптары туралы мәлiметтер мен құжаттарды өртке қарсы қызметi органдарына беруге;
- өрттердiң шыққаны, өртке қарсы қолда бар қорғану жүйелерi мен құралдарының ақаулары туралы, жолдар мен кiрме жолдардың жай-күйiнiң өзгерiстерi туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлауға мiндеттi.
6-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңдарды
бұзғаны үшін жауапкершілік
26-бап. Өрттердi және олардың зардаптарын тексеру
Өрттердi тексеру және олардың зардаптарын анықтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң бұзылғаны немесе лауазымды адамдар мен азаматтардың әрекетсiздiгi анықталған жағдайда тексеру материалдары кiнәлiлердi жауапқа тарту үшiн тиiстi органдарға берiлуге тиiс.
27-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдарды және өзге де нормативтiк актiлердi бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Өрт қауiпсiздiгi туралы заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
28-бап. Азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге өрт келтiрген залалды өтеу
Өрттердiң салдарынан азаматтардың денсаулығына, мүлкiне қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген залалды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
7-тарау. Қорытынды ережелер
29-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы дауларды шешу тәртібі
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы дауларды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен соттар шешедi.
30-бап. Өртке қарсы қызметтiң жұмысында
заңдылықтың сақталуын қадағалау
Өртке қарсы қызметтiң жұмысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.
31-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда белгiленгеннен өзгеше ережелер көзделсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының