5) 11-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі арқылы» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта:
«Сақтандыру полисі» деген сөздер «Сақтандыру шарты» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Сақтандыру полисі бланкісін дайындауға және оның телнұсқасын ресімдеуге» деген сөздер «Сақтандыру шартының телнұсқасын ресімдеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 10) тармақшасындағы «сақтандыру полисінің» деген сөздер «сақтандыру шартының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 13-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «тоқтатылған жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады.» деген сөздер «тоқтатылған;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшеріндегі сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады.»;
7) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Сақтандыру сомасы
1. Сақтандыру сомасы жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартымен айқындалады, бірақ ол жұмыс берушінің міндетті сақтандыру шартын жасасқан кездегі барлық қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорынан кем болмауға тиіс.
2. Сақтандыру сомасы сақтандыру төлемі мөлшерінің сомасына кемиді.
3. Сақтандыру сомасы қызметкерлер еңбекақысының жылдық қоры өзгерген жағдайда өзгеруі мүмкін.»;
8) 17-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы баптың 2-тармағында белгіленген, персоналдың тиісті санаты бойынша еңбекақы төлеу қорына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде тараптардың келісімімен айқындалады. Алынған сомалар қосылуға тиіс.
Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекақы төлеу қоры өзгерсе, онда тараптардың келісімі бойынша негізгі шарттың қолданылу кезеңіне қосымша келісім жасасу (сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) арқылы сақтандыру шартына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Сақтандыру сыйлықақысы еңбекақы төлеу қорының өзгеру сомасы және негізгі шарттың аяқталуына дейінгі қалған мерзім негізге алына отырып есептеледі. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне барабар есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданысы ішінде персоналдың санаттары мен қызметкердің кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген жағдайда, сақтандыру сыйлықақысы жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін қалған мерзімге барабар қайта есептеледі.»;
9) 18-бапта:
тақырыптағы «сақтандыру жағдайын және» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айрылуына» деген сөздер «оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Зиян мөлшерін анықтау тәртібі. Жұмыс берушінің
жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
бойынша сақтандыру төлемі
1. Қызметкердің қайтыс болуына немесе оған кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесінің белгіленуіне байланысты жалақыдан (кірістен) айрылуына байланысты зиянның мөлшері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес айқындалады.
2. Қызметкерге бір жылдан аспайтын немесе одан астам мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленген жағдайда, оның денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстардың, сондай-ақ қызметкерді жерлеуге жұмсалған шығыстардың мөлшерін
сақтандырушы осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде айқындайды.
Жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
3. Қызметкерге бір жылдан аспайтын мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (кірісінен) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемін сақтандырушы Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалған мөлшерде дербес жүзеге асырады.
4. Сақтандырушы қызметкерге бір жылдан аспайтын кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты, сондай-ақ денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес ресімделген құжаттардың негізінде кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеген кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде төлейді.
Жәбірленуші қызметкер осы тармақта көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алушы болып табылады.
5. Жерлеуге жұмсалған шығыстарды шеккен тұлға қызметкерді жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемін алушы болып табылады.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сақтандырушы қызметкердің не қызметкерді жерлеуге жұмсалған шығыстарды шеккен тұлғаның жазбаша өтініші бойынша өтініш берушінің болашақта жұмсалатын шығыстарының есебіне сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
7. Қызметкердің бір жыл және одан астам мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты не қызметкердің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың
жалақысынан (кірісінен) айрылуына байланысты зиянды өтеу ретінде тиесілі сақтандыру төлемі осы Заңның 23-бабына сәйкес сақтанушымен жасалған аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшеріне тең мөлшерде жүзеге асырылады.
Қызметкердің бір жыл және одан астам мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты не қызметкердің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың жалақысынан (кірісінен) айрылуына байланысты зиянды өтеу бойынша сақтандыру төлемі пайда алушы таңдаған аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, онымен сақтанушы аннуитет шартын жасасуға міндетті сақтандыру ұйымына аударылады.
8. Қызметкердің қаза болуына немесе оның денсаулығының зақымдануына байланысты зиян үшін сақтандыру төлемі нақты зиян мөлшерінде, бірақ жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде төленеді.
Егер осы баптың 7-тармағына сәйкес айқындалған сақтандыру төлемінің мөлшері аннуитет шартын жасасу үшін жеткіліксіз болса, аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымына сақтанушының есебінен айырмасы төленеді.
9. Сақтандыру төлемін аударуға байланысты шығыстар сақтандырушының есебінен жүргізіледі.»;
11) 20-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтандыру шартының көшірмесі;»;
2) тармақша «фактісін және» деген сөзден кейін «жәбірленуші» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы туралы қорытындысының көшірмесі.»;
12) 21-баптың 2-тармағы «сақтанушы» деген сөзден кейін «, жәбірленуші қызметкер» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыс беруші осы Заңның 19-бабы 7-тармағының талаптарын ескере отырып, қызметкердің бір жыл және одан астам мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда қызметкердің не қызметкердің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғаның пайдасына аннуитет шартын жасасуға міндетті.».
17. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 13, 84-құжат):
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қоғамдардың сақтандырудың міндетті түрлері жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.»;
2) 10-баптың 4-тармағындағы «21» деген цифрлар «22» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) 13-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «1)» деген цифрдан кейін «өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 18-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жалпы жиналыстың шешімі қабылданған кезде қоғамның әрбір мүшесі қоғам мүлкіндегі өз үлесінің шамасына қарамастан, бір дауысқа ие болады.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 11-тармағының 3), 5), 8) және 9) тармақшаларын;
2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 12-тармағы 10) тармақшасының он екінші абзацын;
3) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-бабының 12-тармағы 1) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтарын, 19) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
2. Қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін атқаруы кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды және (немесе) өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.
3. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде:
1) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасының қатысушысы болуға және өкілдер кеңесінің құрамына кіруге;
2) астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы;
3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны қайта ресімдеуге міндетті.
4. Осы Заңның 1-бабы 12-тармағының 10) тармақшасына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасуға көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасының қатысушысы болып табылатын және өкілдер кеңесінің құрамына кірген көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары ғана құқылы.
5. Осы Заңның 1-бабы 12-тармағының 10) тармақшасына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуды мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырады.
6. Сақтандыру ұйымдары осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган оларды көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды, қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды және өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясынан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен айыруға құқылы.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2007 жылғы мамырдың 7-сі.
№ 244-III ҚРЗ