баптың 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезден бастап бір жыл ішінде қойылады.
4. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талап ету құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамға (адамдарға)
көшеді.
5. Қор жәбірленушіні жерлеген адамға осы Заңның 17-2-бабы 2-тармағының 1), 4), 6), 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген жазбаша өтініштің негізінде Қордың директорлар кеңесі белгілеген мөлшерден аспайтын жерлеуге жұмсалған нақты шығыстарды өтейді.
17-2-бап. Қордың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған
шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруы
1. Жәбірленуші не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдар зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, тікелей Қорға не қатысушы-сақтандыру ұйымына өтініш беруге құқылы.
2. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайдың басталу фактісін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) жәбірленуші алған жарақат пен мертігулердің сипаты, диагнозы, уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңі көрсетіле отырып, жәбірленушіге көлік оқиғасы нәтижесінде денсаулығына келтірілген зиянға байланысты медициналық көмек көрсетілген денсаулық сақтау ұйымы қорытындысының көшірмесі;
3) медициналық-әлеуметтік немесе сот-медициналық сараптама мекемелері қорытындысының көшірмесі;
4) жәбірленушінің қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес зиянды өтету (жәбірленуші қайтыс болған жағдайда) құқығына ие адамның құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
6) жерлеуге нақты жұмсалған шығындарды растайтын құжаттар не олардың көшірмелері;
7) жеке куәліктің көшірмесі.
3. Жәбірленуші не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдар не қатысушы-сақтандыру ұйымы зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толық топтамасын
табыс еткеннен кейін Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру туралы не оларды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
4. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешімді осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қабылдайды. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған
шығыстарды өтеу бойынша төлемді зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлем жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
5. Қор осы баптың 3-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шығыстарын нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ бес айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтейді.
6. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдердің шекті мөлшерін Қордың директорлар кеңесі айқындайды.
7. Зиянды өтеу бойынша төлем моральдық зиянның, сондай-ақ мүлікке келтірілген зиянның, жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4-тармағында көзделген адамдардың жіберіп алған пайдасының, қоршаған ортаға келтірілген залалдың орнын толтырмайды.
8. Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді тікелей Қор немесе агент-банк арқылы, сондай-ақ жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың банк шоттарына қолма-қол емес нысанда
қатысушы-сақтандыру ұйымы жүзеге асырады.
9. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерден мынадай жағдайларда:
1) жәбірленушінің іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қасақана жасалған қылмыс немесе көлік оқиғасымен себепті байланыста болған әкімшілік құқық бұзушылық деп танылса;
2) Қорға немесе қатысушы-сақтандыру ұйымына осы Заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезден бастап бір жыл өткеннен кейін жүгінгенде;
3) көлік оқиғасы еңсерілмейтін күштің салдарынан, яғни ядролық жарылыс, радиация немесе радиоактивті улану, әскери іс-қимылдар, азаматтық соғыс, жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер сияқты төтенше және осындай алдын алуға болмайтын жағдайлар кезінде басталған болса, бас тартуға құқылы.
Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болған кезде, Қор құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесі бар жазбаша нысандағы хабарлама жіберуге міндетті.
10. Қор осы Заңмен жүктелген функцияларды орындау үшін осы Заңға сәйкес Қордың төлемдерді жүзеге асыруы үшін негіз болған оқиғалармен байланысты ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдерін белгілейтін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен ақпарат
алмасу туралы келісімді жасасады.
17-3-бап. Зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы
Қордың жәбірленушінің не осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген адамдардың зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талабын қарауға байланысты Қордың шеккен шығыстарын ескере отырып, зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер шегінде жәбірленушіге зиян келтірген адамға кері талап қою құқығы бар.
17-4-бап. Зиянды өтеу резервін құру
1. Қор зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін осы Заңда көзделген тәртіппен пайдаланады.
2. Уәкілетті орган белгілеген мөлшердегі бастапқы біржолғы жарналар және Қормен жасалатын қатысу шартына сәйкес сақтандырушылар төлейтін қосымша жарналар зиянды өтеу резервін қалыптастыру көздері болып табылады.
Қосымша жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3. Қосымша жарналардың мөлшері қатысушы-сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есептеген сақтандыру сыйлықақылары мен қосымша жарналар ставкаларының көлемін негізге ала отырып
есептеледі.
4. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын қосымша жарналарды төлеуден босатпайды.
5. Қатысушы-сақтандыру ұйымы өзін мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қосымша жарналарды төлеуден босатылады.
17-5-бап. Қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерді
орындамау немесе тиісінше орындамау
1. Қосымша жарналарды төлемеген, уақтылы төлемеген не толық көлемде төлемеген жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
2. Уәкілетті орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының қосымша жарналарды төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы хабарлама алған кезде мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген санкцияларды және өзге де ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.».
12. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат):
1) 1-бап:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
1 тармақшаның үшінші және бесінші абзацтары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі
«5-1) тәуелсіз сарапшы - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өзі белгілеген тәртіпке сәйкес аккредиттеген, бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) тікелей реттеу - көлік оқиғасында жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді жәбірленушімен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемін жүзеге асыру тетігі;»;
2) 7-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік «жол полициясының қызметкерлеріне» деген сөздерден кейін «және көлікті бақылау органдарының лауазымды тұлғаларына» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «жол полициясы бөлімшелерінің» деген сөздер «жол полициясы бөлімшелері және көлікті бақылау органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейін сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға:
1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен аталған Қордың қатысушысы болуға;
2) осы Заңда және өкілдер кеңесі бекіткен сақтандыру омбудсманының ішкі ережелерінде айқындалған тәртіппен және жағдайда өкілдер кеңесінің құрамына кіруге;
3) оның астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдары және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.»;
5-тармақ алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-баптармен толықтырылсын:
«8-1-бап. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі
деректер базасы
1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейін осы Заңда айқындалған тәртіппен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі деректер базасының (бұдан әрі - деректер базасы) қатысушысы болуға міндетті.
2. Деректер базасы - сақтанушы, сақтандырылушы және сақтандырушы туралы ақпараттың жиынтығы.
Сақтандыру есебі - деректер базасындағы ақпаратты толық немесе ішінара беру нысаны.
Сақтанушы мен сақтандырылушы деректер базасының субъектілері болып табылады.
3. Деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушылардың кемінде жетпіс проценті болып табылатын
қатысушылары бар ұйым ғана жүзеге асыруға құқылы.
Ұйым деректер базасын қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңда көзделген талаптарды іске асыру функцияларын сапалы әрі уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.
Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауаптылықта болады.
5. Деректер базасын қалыптастыру үшін:
1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылар;
2) ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттардың негізінде өзге де тұлғалар ақпаратты жеткізушілер болып табылады.
6. Ақпаратты жеткізуші:
1) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан берілген ақпаратты осы Заңға сәйкес пайдалануды талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпаратты беру және (немесе) алу туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
7. Ақпаратты жеткізушілер:
1) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасуға;
2) осы Заңда және ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда айқындалған көлемде әрі тәртіппен деректер базасын қалыптастыру үшін деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ақпарат беруге;
3) деректер базасы субъектісінің талап етуі бойынша деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға берілген ақпаратқа түзетулер енгізуге;
4) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға деректер базасының субъектісі туралы қолдағы мәліметтерге дәл сәйкес келетін ақпаратты беруге;
5) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;
6) өз қаражаты есебінен ақпаратты алу мен өңдеудің тиісті талаптарын қамтамасыз етуге міндетті.
8. Мыналар:
1) сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылар;
3) деректер базасының субъектілері;
4) сақтандыру және актуарийлік есептеулер саласында консультациялық қызметтер көрсететін консалтингтік және ғылыми-зерттеу ұйымдары;
5) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.
Осы тармақта көрсетілмеген өзге тұлғаларға ақпарат ұсынуға жол берілмейді.
9. Осы баптың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар тек қана өздері туралы сақтандыру есебін алуға құқылы.
Осы баптың 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақыларының көлемі, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары (мүлік пен денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) бойынша жиынтық ақпаратты қамтитын сақтандыру есебін ғана алуға құқылы.
10. Ақпарат алушы сақтандыру есебін алуға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
Осы баптың 8-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар:
1) ақпарат алушы ретінде тіркелген кезде өздері ұсынған мәліметтердің өзгеруі туралы хабарлауға;
2) алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
3) алынған ақпаратты тек осы Заңда көзделген мақсаттар үшін пайдалануға;
4) деректер базасы субъектісінің талабы бойынша оны ақпараттың мазмұнымен таныстыруға не оған ақпарат алушының ішкі ережелеріне сәйкес оның көшірмесін беруге;
5) тиісті шартпен айқындалған тәртіппен және мөлшерде деректер базасынан ақпаратты беру жөнінде көрсетілген қызметтің ақысын төлеуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
8-2-бап. Деректер базасын қалыптастыру үшін ұсынылатын ақпарат
1. Осы Заңның 8-1-бабының 5-тармағында көрсетілген ақпаратты жеткізушілер және осы Заңның 8-1-бабының 8-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар ақпаратты беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау және сақтандыру есептерін алу мақсатында деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға міндетті.
2. Сақтандырушылар ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімдерде және көлемде әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша, сақтандыру сыйлықақыларының көлемі, сақтандыру жағдайлары туралы, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары (мүлік пен денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) туралы ақпарат береді.
3. Осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген ақпарат тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету біріктірген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық түрде беріледі.
4. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым сақтандырушыларға деректер базасының ақпараттық ресурстарын құруда және оған қол жеткізуде тең жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.»;
5) 9-бапта:
1-тармақта:
«органдарының жол полициясы бөлімшелері» деген сөздер «органдары» деген сөзбен ауыстырылсын;
«өкілдеріне» деген сөзден кейін «, сондай-ақ сұратуы бойынша сақтандыру ұйымдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
«сақтандыру жағдайының» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ көлік оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген жағдайдың» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
«органдарының жол полициясы бөлімшелері» деген сөздер «органдары» деген сөзбен ауыстырылсын;
«сақтандырушы» деген сөзден кейін «және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» деген сөздермен толықтырылсын;
«ақпаратты» деген сөзден кейін «жазбаша нысанда, мөрмен куәландырып» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 10-баптың 5-тармағының екінші бөлігі «сақтанушының» деген сөзден кейін «мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін» сөздермен толықтырылсын;
7) 16-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасында:
«сақтандырушы немесе» деген сөздер алып тасталсын;
«сақтандыру төлемі» деген сөздердің алдынан «сақтандырушы жүзеге асырған» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
3) тармақша «сақтандыру жағдайының» деген сөздердің алдынан «көлік оқиғасының және» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) көлік оқиғасы жасалған кезде кідіріссіз, бірақ уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша жолдамасын алған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуге;»;
8) 17-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көлік оқиғасының себептерін және өзге де мән-жайларын анықтауға;»;
4) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы Заңда белгіленген мерзімде сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің өтініші бойынша зақымдалған (жойылған) мүлікке тәуелсіз сарапшыда бағалау жүргізуді ұйымдастыруға және бағалау туралы есепті пайда алушыға танысу үшін ұсынуға;»;
9) 18-баптың 1-тармағында:
2) тармақшадағы «сақтанушымен (сақтандырылушымен) көлік құралы иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшада:
«сақтандырушы немесе» деген сөздер алып тасталсын;
«сақтандыру төлемі» деген сөздердің алдынан «сақтандырушы жүзеге асырған» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған көлік құралының тіркелген жеріне, көлік құралының түріне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына және жүргізу стажына, көлік құралының пайдаланылу мерзіміне, сақтанушының (сақтандырылушының) және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шартының қолданылу кезеңінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған тұлғалардың кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай осы баптың 3 - 10-тармақтарында белгіленген коэффициенттер («бонус-малус» жүйелері) қолданылады.
Көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайларда тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.
2. Базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
3. Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы | Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициент мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін) |
1 | 2 | 3 |
1. | Алматы облысы | 1,78 |
2. | Оңтүстік Қазақстан облысы | 1,01 |
3. | Шығыс Қазақстан облысы | 1,96 |
4. | Қостанай облысы | 1,95 |
5. | Қарағанды облысы | 1,39 |
6. | Солтүстік Қазақстан облысы | 1,33 |
7. | Ақмола облысы | 1,32 |
8. | Павлодар облысы | 1,63 |
9. | Жамбыл облысы | 1,00 |
10 | Ақтөбе облысы | 1,35 |
11 | Батыс Қазақстан облысы | 1,17 |
12 | Қызылорда облысы | 1,09 |
13 | Атырау облысы | 2,69 |
14 | Маңғыстау облысы | 1,15 |
15 | Алматы | 2,96 |
16 | Астана | 2,2 |
4. Осы баптың 3-тармағында аталған облыстардағы өзге де қалалар мен елді мекендер үшін жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін 0,8 мөлшеріндегі түзету коэффициенті қосымша пайдаланылады.
5. Көлік құралының түрі бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с | Көлік құралының түрі | Көлік құралының түрі бойынша коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1 | Жеңіл автомобильдер | 2,09 |
2 | Жолаушылар орны 16-ға дейін қоса алғанда автобустар | 3,26 |
3 | Жолаушылар орны 16-дан артық автобустар | 3,45 |
4 | Жүк автомобильдері | 3,98 |
5 | Троллейбустар, трамвайлар | 2,33 |
6 | Мотокөлік | 1,00 |
7 | Тіркемелер (жартылай тіркемелер) | 1,00 |
6. Жеке тұлғалар үшін жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с | Жасы және жүргізу стажы | Жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1. | 25 жастан кіші/жүргізу стажы 2 жылдан аз | 1,10 |
2. | 25 жастан кіші/жүргізу стажы 2 жылдан астам | 1,05 |
3. | 25 жас және одан үлкен /жүргізу стажы 2 жылдан аз | 1,05 |
4. | 25 жас және одан үлкен /жүргізу стажы 2 жылдан астам | 1,00 |
7. Заңды тұлғалар үшін осы баптың 6-тармағында көзделген коэффициент 1,2 мөлшерде белгіленеді.
8. Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:
Р/с | Көлік құралының пайдаланылу мерзімі | Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициент мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1. | 7 жылға дейін, қоса алғанда | 1,00 |
| 7 жылдан жоғары | 1,10 |
10 тармақшаның 12 абзацы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді
9. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шартының қолданылуы кезеңінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған тұлғалардың кінәсінен сақтандыру жағдайлары болғанына немесе болмағанына қарай («бонус-малус» жүйелері) коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:
Сақ- тан- дыру- мер- зімі бас- тал- ған- дағы- сынып | Коэффи- циент мөлшері | Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының болғанын ескере отырып, сақтандыру мерзімінің аяқталуы бойынша сынып |
0 сақ- тандыру жағдайы | 1 сақтан- дыру жағдайы | 2 сақ- тандыру жағдайы | 3 сақ- тандыру жағдайы | 4 және одан көп сақтан- дыру жағдайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
М сы- ныбы | 2,45 | 0 | М | М | М | М |
0-сы- нып | 2,30 | 1 | М | М | М | М |
1-сы- нып | 1,55 | 2 | М | М | М | М |
2-сы- нып | 1,40 | 3 | 1 | М | М | М |
3-сы- нып | 1,00 | 4 | 1 | М | М | М |
4-сы- нып | 0,95 | 5 | 2 | 1 | М | М |
5-сы- нып | 0,90 | 6 | 3 | 1 | М | М |
6-сы- нып | 0,85 | 7 | 4 | 2 | М | М |
7-сы- нып | 0,80 | 8 | 4 | 2 | М | М |
8-сы- нып | 0,75 | 9 | 5 | 2 | М | М |
9-сы- нып | 0,70 | 10 | 5 | 2 | 1 | М |
10- сынып | 0,65 | 11 | 6 | 3 | 1 | М |
11- сынып | 0,60 | 12 | 6 | 3 | 1 | М |
12- сынып | 0,55 | 13 | 6 | 3 | 1 | М |
13- сынып | 0,50 | 13 | 7 | 3 | 1 | М |
10. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының жиілігіне қарай оған сынып беріледі.