11. Алғаш көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыға 3-сынып беріледі.
12. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жаңа мерзімге жасасқан кезде көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шартының қолданылуы кезеңінде туындаған сақтандыру жағдайларының санына қарай төменгі сыныптан ең төменгі М сыныбын беру арқылы арттыратын коэффициент немесе сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен сақтандыру жағдайлары болмаған кезде ең жоғары сыныпты беру арқылы төмендететін коэффициент қолданылады.
13. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын он екі айдан аз мерзімге жасасқан кезде көлік құралының бірлігіне сақтандыру сыйлықақыларының мынадай мөлшері белгіленеді:
Р/с | Сақтандыру мерзімі | Сақтандыру сыйлықақы- сының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлық- ақысының проценті есебімен) |
1 | 2 | 3 |
1. | 5 күн | 10 |
2. | 6 күннен - 15 күнге дейін, қоса алғанда | 15 |
3. | 16 күннен - 1 айға дейін, қоса алғанда | 20 |
4. | 1 айдан - 2айға дейін, қоса алғанда | 30 |
5. | 2 айдан - 3айға дейін, қоса алғанда | 40 |
6. | 3 айдан - 4айға дейін, қоса алғанда | 50 |
7. | 4 айдан - 5айға дейін, қоса алғанда | 60 |
8. | 5 айдан - 6айға дейін, қоса алғанда | 70 |
9. | 6 айдан - 7айға дейін, қоса алғанда | 75 |
10. | 7 айдан - 8 айға дейін, қоса алғанда | 80 |
11. | 8 айдан 9 айға дейін, қоса алғанда | 85 |
12. | 9 айдан - 10 айға дейін, қоса алғанда | 90 |
13. | 10 айдан - 11айға дейін, қоса алғанда | 95 |
14. | 11 айдан жоғары | 100 |
14. Кешенді сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлік құралының бір бірлігі үшін төленеді, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдары үшін белгіленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерлерінің ең көп шамасына тең болып айқындалады.»;
11) 20-бапта:
тақырыптағы «және көбейту» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың бірінші бөлігі «мүгедектер» деген сөзден кейін «, зейнеткерлер» деген сөзбен толықтырылсын;
2 және 3-тармақтар алып тасталсын;
12) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
20-1-бап. Сақтандырушы көрсететін қосымша қызметтер
Сақтандырушы сақтанушының келісімі болған кезде сақтанушыға (сақтандырылушыға) зақымдалған көлік құралын жөндеу уақытында көлік құралын беруді, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинау бойынша қызмет көрсетуді, сақтанушыға көмек көрсету үшін сақтандырушы өкілінің (авария комиссарының) көлік оқиғасы орнына баруын қоса алғанда, көлік оқиғасы жағдайында көмек көрсетумен байланысты қосымша ақылы қызмет көрсетуге құқылы.»;
13) 22-бапта:
5, 5-1 және 5-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мүлік зақымдалған кезде келтірілген зиянның мөлшерін тәуелсіз сарапшы бағалайды, оның бағалау нәтижесі сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
5-1. Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері өз бетінше тәуелсіз сарапшының қызметін пайдалануға құқылы. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауға кеткен шығынды сақтандырушы көтереді.
5-2. Сақтандырушы сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері бағалау жүргізуге берген өтініш пен сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттар негізінде үш жұмыс күні ішінде мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін тәуелсіз сарапшының бағалауын өз есебінен ұйымдастырады.
Өзгеше дәлелдеуге құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері үшін бағалаудың нәтижелері міндетті болып табылмайды.
Сақтандырушының пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен бағалау жүргізуге жұмсалған өз шығыстарын ұстап қалуға құқығы жоқ.»;
мынадай мазмұндағы 5-3-тармақпен толықтырылсын:
«5-3. Егер сақтандырушы осы баптың 5-2-тармағында белгіленген мерзімде келтірілген зиянды тәуелсіз сарапшының бағалауын ұйымдастырмаса, онда сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің өз бетінше тәуелсіз сарапшының қызметтерін пайдалануына және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауына болады. Сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің тәуелсіз сарапшы қызметіне жұмсаған шығындарын сақтандыру төлеміне қарамастан өтеуге тиіс.»;
6-тармақтағы «немесе тәуелсіз сарапшыға зақымдалған мүлікті қарау және келтірілген зиянды бағалау үшін» деген сөздер «зақымдалған мүлікті қарауға, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыға келтірілген зиянға бағалау жүргізуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-1-тармақта:
«бағалаған» деген сөздің алдынан «тәуелсіз сарапшы» деген сөздермен толықтырылсын;
«не сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбірленушінің бастамасы бойынша тәуелсіз сарапшы жасаған осындай бағалаудың нәтижелерін алған» деген сөздер алып тасталсын;
«сақтандыру актісін жасап, оны және» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтағы «қылмыстық заңдарына» деген сөздер «Қылмыстық кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
«22-1-бап. Өміріне, денсаулығына зиян келтірілген
жәбірленушілер болмаған жағдайда көлік
оқиғасы басталған кездегі тұлғалардың
іс-әрекеттері
Көлік оқиғасы жасалған кезде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оның қатысушылары мүмкіндік болған кезде орын алған көлік оқиғасы туралы сақтандырушыларды хабардар етуге тиіс.
Сақтандырушылар өз өкілдерін көлік оқиғасы болған орынға жіберуге құқылы.
Көлік оқиғасына қатысушылар болған мән-жайды бағалауға және болжамды мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне өзара келісе отырып, оқиғаның схемасын өз бетінше жасауға және оған қол қойып, оны ресімдеу үшін жақын постқа немесе ішкі істер органдарының бөлімшелеріне баруға құқылы.»;
15) 23-бап алып тасталсын;
16) 24-баптың 1-тармағында:
1) тармақшада:
екінші абзацтағы «600» деген цифрлар «1000» деген цифрлармен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «500» деген цифрлар «800» деген цифрлармен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «400» деген цифрлар «600» деген цифрлармен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «300» деген цифрлар «500» деген цифрлармен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы «300» деген цифрлар «500» деген цифрлармен ауыстырылсын;
сегізінші абзацта:
«200» деген цифрлар «300» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«1,5» деген цифрлар «2» деген цифрмен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «400» деген цифрлар «600» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
«400» деген цифрлар «600» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«1000» деген цифрлар «2000» деген цифрлармен ауыстырылсын;
17) 25-бапта:
2-тармақта:
3) тармақша «жәбірленушінің» деген сөздің алдынан «жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі болған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:
«4-2) бағалау жүргізуге арналған өтініш;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, екі данада анықтама жасауға міндетті.
Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, екінші данасы өтініш берушінің оны алғандығы туралы белгі соғылып, сақтандырушыда қалады.
Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері осы баптың 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды бермеген жағдайда, сақтандырушы оларды үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.»;
18) 26-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
19 тармақша осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
19) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
«26-1-бап. Тікелей реттеу
1. Сақтандыру жағдайы басталған кезде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқылы тұлға,
сақтандыру жағдайына кінәлі тұлғада сақтандыру полисі болған кезде жәбірленуші көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға сақтандыру төлемін алу үшін өтініш жасайды.
2. Сақтандырушы осы Заңның 25-бабы 2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүргізеді.
3. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушы өз шығыстарын өтету үшін сақтандыру жағдайына кінәлі тұлғаның сақтандырушысына өтініш жасайды.
4. Тікелей реттеуді жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
20) 28-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «кетсе, кері талап қоюға құқылы.» деген сөздер «кетсе;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) көлік құралын жүргізген және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландыруға жіберілген тұлға дәлелсіз себептермен мұндай куәландырудан өтпесе, кері талап қоюға құқылы.»;
21) 29-баптың 3-тармағындағы «сақтандырушы талап қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы талап қойған тұлғаға» деген сөздер «сақтандырушы өтінішті және осы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушіге» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) мынадай мазмұндағы 30-1, 30-2, 30-3 және 30-4-баптармен толықтырылсын:
«30-1-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі және оны
сайлау
1. Сақтандыру омбудсманы - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуді
жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға.
2. Сақтандыру омбудсманын сайлауды өкілдер кеңесі жүзеге асырады.
Өкілдер кеңесі:
1) әрбір сақтандырушының;
2) уәкілетті органның бір-бір өкілінен құрылады.
3. Уәкілетті орган сақтандыру омбудсманы лауазымына сайлау үшін кандидатураны ұсынады. Сақтандыру омбудсманы өкілдер кеңесінің көпшілік даусымен сайланады. Өкілдер кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда, уәкілетті орган өкілінің даусы шешуші болып табылады.
4. Сақтандыру омбудсманы екі жыл мерзімге сайланады.
Өкілдер кеңесі сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
Сақтандыру омбудсманының өкілеттігін өзінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату өкілдер кеңесіне жазбаша хабарлау негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру омбудсманының өкілеттігі аталған хабарламаны өкілдер кеңесі алған кезден бастап тоқтатылады.
30-2-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар
1. Сақтандыру омбудсманы болып сайлану үшін:
1) жоғары білімі жоқ;
2) сақтандыру саласындағы жұмыс өтілі үш жылдан кем;
3) өтелмеген не заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар;
4) бұрын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы,
сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ сақтандыру ұйымын немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе оларды банкрот деп тану туралы шешімдер қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру ұйымының немесе басқа да заңды тұлғаның басшы қызметкері болған тұлға ұсынылмайды.
2. Сақтандыру омбудсманының сақтандыру ұйымдарындағы кез келген лауазымды қызметті атқаруға және (немесе) сақтандыру ұйымдарының аффилиирленген тұлғасы болуға құқығы жоқ.
3. Сақтандыру омбудсманының осы бапта көзделген талаптарға сай келмейтіні белгілі болған жағдайда, өкілдер кеңесі сақтандыру омбудсманын қайта сайлауға құқылы.
30-3-бап. Сақтандыру омбудсманының шешім қабылдау тәртібі
1. Сақтандыру омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды, ол сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін сақтандырушының назарына жазбаша нысанда жеткізіледі.
Сақтандыру омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
2. Сақтандыру омбудсманының шешімін сақтандырушы орындауға тиіс.
3. Сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін ол
белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда, сақтандыру омбудсманы бұл
туралы кідіріссіз, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері талаптарының бұзылу фактісін растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
4. Сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда осы шешім бойынша сотқа шағымдануға құқылы.
30-4-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі
1. Сақтандыру омбудсманының қызметі уәкілетті органмен келісілген және өкілдер кеңесі бекіткен ішкі ережелердің негізінде жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру омбудсманы жүктелген функцияларды тиісінше атқару мақсатында өкілдер кеңесінің келісімі бойынша құрылымды және штатты (сақтандыру омбудсманының қеңсесін) құруға құқылы.».
13. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат):
1) 7-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «жол полициясы бөлімшелері» деген сөздерден кейін «және көліктік бақылау органдары» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Тасымалдаушы жасаған көліктегі сақтандыру жағдайы туралы актіде мынадай мәліметтер болуға тиіс:
1) жәбірленушінің тегі, аты, әкесінің аты;
2) көлік түрі;
3) рейс нөмірі, поезд нөмірі, кеменің атауы және т.с.с;
4) жол жүру бағыты;
5) жәбірленушіде болған жол жүру билетінің сериясы және нөмірі;
6) сақтандыру жағдайының басталу орны, күні және уақыты;
7) жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зақымдардың сипаты;
8) жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зақымдардың сипаты;
9) сақтандыру жағдайының мән-жайына қысқаша сипаттама;
10) тексеру жүргізуді жүзеге асыратын құзыретті органның атауы;
11) жәбірленуші жіберілген медициналық мекеменің атауы және орналасқан жері;
12) көлік ұйымы не көлік құралы басшысының тегі, аты, әкесінің аты және қолы;
13) тексеру жүргізуді жүзеге асыратын құзыретті орган өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы;
14) тасымалдаушының мөрі.».
14. «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат):
мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін
міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін Қазақстан Республикасының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құру және оның қызметі туралы заңында айқындалған тәртіппен көрсетілген Қордың қатысушысы болуға міндетті.
2. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында мемлекеттік және орыс тілдерінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жылдық қаржылық есептілікті жариялау тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімдерде жыл сайын өзінің қаржылық есептілігін жариялап отыруға міндетті.
3. Сақтандырушылар туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдері, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері жөніндегі ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы.».
15. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «қаланың» деген сөздің алдынан «облыстық маңызы бар» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-бапта:
3-1) тармақшадағы «әдістемеге» деген сөз «егістің жойылған алқаптарын айқындау әдістемесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша «су тасқыны,» деген сөздерден кейін «су тапшылығы,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) өсімдік шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрі - қоғам) - өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға.»;
3) 2-баптың 1-тармағы «Заңынан,» деген сөзден кейін ««Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 5-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ағымдағы жылы сақтандырылуға тиіс өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тізбесін ұсынады;»;
5) мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын:
«5-2-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды
жүзеге асырудың ерекшеліктері
1. Осы Заңда қамтылған ережелер қоғамдарға олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
Қоғам мүшелерінің мүліктік мүдделерін сақтандыру өзара сақтандыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қоғам мүшелері болып табылатын өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілер сақтандырушыда міндетті сақтандыруға жатпайды.
3. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушының астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.
4. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.»;
6) 9-бапта:
2-тармақта:
үшінші бөліктегі «сақтандырушы мен» деген сөздер «сақтандырушының немесе қоғамның және» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік «сақтандырушының» деген сөзден кейін «немесе қоғамның» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Егістер толық жойылған жағдайда, сақтандырушы осы Заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды сақтандырушы алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде сақтанушыға толық көлемде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндетті.»;
7) 12-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі «сақтандырушыларға» деген сөзден кейін «және қоғамдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың төртінші бөлігі «сақтандырушыларға» деген сөзден кейін «және қоғамдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 13-бапта:
1-тармақ «сақтандырушы» деген сөзден кейін «немесе қоғам» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
үшінші абзацта:
«телнұсқасы» деген сөз «көшірмесі» деген сөзбен ауыстырылсын;
«сақтандырушының мөрімен расталған шығыс ордерінің телнұсқасы» деген сөздер «сақтандырушының немесе қоғамның мөрімен расталған шығыс ордерінің көшірмесі немесе инкассалық өкімнің түпнұсқасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац «сақтандырушы» деген сөзден кейін «немесе қоғам» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «сақтандырушыға» деген сөзден кейін «немесе қоғамға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Агент жүргізілген сақтандыру төлемін өтеуді осы Заңға сәйкес сақтандырушымен жасалған сақтандыру төлемдерін ішінара өтеу тәртібі мен талаптары туралы шарт негізінде жүзеге асырады.»;
3-тармақ «сақтандырушыға» деген сөзден кейін «немесе қоғамға» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «Сақтандырушы» деген сөзден кейін «немесе қоғам» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 14-бапта:
1-тармақтың соңғы абзацындағы «айқындауға құқылы» деген сөздер «айқындауға;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«сақтанушы міндетті сақтандыру шартын жасасудың осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген мерзімін бұзған жағдайда, бұл шартты жасасудан бас тартуға құқылы.»;
2-тармақтың үшінші абзацы «қолайсыз» деген сөздің алдынан «сақтанушымен осы Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген мерзімде міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 16-бапта:
2-тармақта:
төртінші абзац «бөлігін» деген сөзден кейін «сақтандырушыға, қоғамға» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші абзац «сақтандырушымен» деген сөзден кейін «, қоғаммен» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
«сақтандырушыларға» деген сөзден кейін «, қоғамдарға» деген сөзбен толықтырылсын;
«сақтандырушы», «сақтандырушының» деген сөздерден кейін «, қоғам», «, қоғамның» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 17-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Міндетті сақтандыру шарты кемінде бес ай және он екі айдан аспайтын мерзімге екі дана етіп жазбаша нысанда жасалады.»;
3-тармақтағы «егіс аяқталғаннан кейін» деген сөздер «осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындаған егіс мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат):
1) 1-бапта:
6) тармақшадағы «еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айрылуға» деген сөздер «кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айрылуына» деген сөздер «кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) сақтандыру жағдайы - қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі;»;
2) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті
сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
1. Сақтандырушының астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдары және (немесе) сақтандыру агенттері болуға міндетті.
2. Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушыға басқалары алдында негізсіз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне
қысым жасалуына бағытталған қызметке жол берілмейді.»;
3) 8-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) заңды тұлға және дара кәсіпкер мемлекеттік тіркелген кезден бастап он жұмыс күні ішінде сақтандырушымен жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) персоналдың санаттары мен қызметкердің (қызметкерлердің) кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген кезден бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге;»;
4) тармақшадағы «сақтандыру жағдайының» деген сөз «жазатайым оқиғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-баптың 2-тармағының 1), 8) тармақшалары алып тасталып, 7) тармақшасындағы «жүзеге асыруға;» деген сөздер «жүзеге асыруға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылсын;