Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
жөніндегі сарапшылық кеңесi туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 12 ақпандағы № 189 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.12.98 ж. № 1354; 09.08.02 ж. № 891 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк қоғамдастыққа одан әрi бiрiгуi, республиканың халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы мәселелерiн үйлестiру және тиiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар алдындағы мiндеттемелерiн сақтауына бақылау жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Мыналар бекітілсiн:
Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесi туралы Ереже (1-қосымша);
Сарапшылық кеңестiң құрамы (2-қосымша).
2. Сарапшылық кеңестiң жұмысына жалпы басшылық жасау осы Кеңестiң функциялары мен жұмысының негiзгi бағыттарын айқындау құқығын оған бере отырып, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне жүктелсiн.
3. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне республиканың халықаралық ұйымдарға кіруi, олардан шығуы жөніндегі, халықаралық ұйымдар алдындағы мiндеттемелерiн орындау жөніндегі, сондай-ақ Сарапшылық кеңесте қарау үшiн халықаралық Конвенцияларға, Шарттарға, Келісімдерге, Пактiлерге қосылу жөнiнде ұсыныстар берiп отырсын;
Сарапшылық Кеңестiң қызметiне оның талап етуi бойынша өздерiнiң халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығына байланысты барлық қажеттi құжаттамалар мен материалдарды қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсiн.
4. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2679 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, Сарапшылық кеңес бұрын қабылдаған халықаралық ұйымдармен Келісімдердiң және Шарттардың барлығына бiр ай мерзiмде түгендеу жүргiзсiн, Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы ұйымдарға мүшелiк жарналарды төлеудi ретке келтiру жөнiнде, сондай-ақ олардың кейбіреуiне Қазақстан Республикасының мүшелiгiнiң дұрыстығы туралы нақты ұсыныстар берсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы
12 ақпандағы
№ 189 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастық жөніндегі сарапшылық кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі Сарапшылық кеңесi (бұдан әрi - Сарапшылық кеңес) Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi, өзге де орталық және атқарушы органдарының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын үйлестiру жөніндегі Қазақстан Республикасының бiрыңғай ведомствоаралық органы болып табылады, халықаралық ұйымдарға кіру, олардан шығу және халықаралық Конвенцияларға, Пактiлерге, Келісімдерге, Шарттарға қосылу тәртібін айқындау мен реттеу мәселелерi жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 19.12.98 ж. № 1354 қаулысымен 2-тармақ толықтырылды
2. Сарапшылық кеңестi Сарапшылық кеңес төрағасының - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Сарапшылық кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң, Қаржы министрлігінiң, Әдiлет министрлігінiң, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң (келісім бойынша) сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң өкiлдерi енгiзiледi.
Сарапшылық кеңес жұмысына қажет болған жағдайда, сондай-ақ басқа ұйымдардың өкiлдерi де, жетекшi ғалымдар мен мамандар iшiнен сарапшылар тартылуы мүмкiн.
3. Өз қызметiнде Сарапшылық кеңес Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкiмдерiн, басқа да нормативтiк актiлер мен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
4. Сарапшылық кеңестiң негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн ескере отырып, республиканың халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының барынша тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету және осы ұйымдарға қатысуға байланысты халықаралық мiндеттемелердi сақтау болып табылады.
ҚР Үкіметінің 19.12.98 ж. № 1354 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Сарапшылық кеңесi:
Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттік комитеттерiнiң, өзге де орталық және атқарушы органдарының көпжақты Конвенцияларға, Пактiлерге, Келісімдерге, Шарттарға қосылуы туралы, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға кіру және олардан шығу туралы ұсыныстарын қарайды, Қазақстан Республикасының Үкіметіне аталған ұсыныстардың дұрыстығы туралы сарапшылық қорытындылар бередi;
Қазақстан үшiн басымдықта болатын халықаралық ұйымдар тiзбесiн айқындайды, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға кіруi, олардан шығуы және көпжақты Шарттарға, Конвенцияларға, Пактiлер мен Келісімдерге қосылуының iшкi процедуралары тәртібін әзiрлейдi;
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелiгiне және олардың халықаралық, оның iшiнде қаржылық мiндеттемелерiн сақтауға байланысты Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттік комитеттерiнiң, өзге де орталық және атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi және талдайды. Жыл сайынғы мүшелiк жарналарды төлеудiң кезектілігi мен мерзiмдiлiгi туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына бередi;
осыған байланысты аталған ұйымдар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне мынадай құжаттарды тапсырады:
а) Қазақстан Республикасының Конвенцияға, Пактiге, Келісімге, Шартқа қосылуы туралы, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға кіруi туралы Сарапшылық кеңес төрағасының атына ұйымның бiрiншi басшысы қол қойған өтiнiм-хат;
б) Конвенцияның, Пактiнiң, Келісімнiң, Шарттың, Жарғының - ұйымның бiрiншi басшысы визасын қойған, мемлекеттік, орыс тiлдеріндегі, сондай-ақ түпнұсқа тiліндегі мәтiнi;
в) қосылудың, енудiң және мүшелiктiң қаржылық шарттары туралы ақпараты бар, Қазақстан Республикасының Конвенцияға, Пактiге, Келісімге, Шартқа қосылуының, халықаралық ұйымдарға кіруiнiң орындылығының негiздемесi бар түсiндiрме жазба, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдарға қатысуы мәселелерi бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн мониторингiн ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеуi мақсатында жыл сайын ақпараттық және басқа да материалдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық ұйымдар жанындағы ұлттық үйлестiрушiлер мен тұрақты өкiлдердiң Қазақстан Республикасынан кандидатуралары туралы ұсыныстарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың қамқорлығымен өткiзiлген халықаралық форумдарға, кеңестерге, конференцияларға Қазақстан Республикасының атынан баратын делегациялардың құрамдары бойынша ұсыныстарды енгiзедi;
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2679 Заң күшi бар Жарлығының 19, 29, 30 және 32-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының кейбір халықаралық ұйымдарға мүшелiгi туралы бұрын қабылданған шешiмдердi қайта қарау мақсатында халықаралық ұйымдармен бұрын жасалған шарттарды, келісімдердi түгендеп, сарапшылық қорытындының жиынтығы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне бередi.
ҚР Үкіметінің 19.12.98 ж. № 1354 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Сарапшылық кеңестiң мәжілістерi жұмыс жоспарына сәйкес үш айда бiр рет өткiзiледi. Сарапшылық кеңесi мәжілістерiнiң аралығында төраға Сарапшылық кеңес хатшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының көпжақты Конвенцияларға, Пактiлерге, Келісімдерге, Шарттарға қосылуы туралы, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға кіруi туралы мәселенi қажет болған жағдайларда жеке шешедi.
7. Егер оларды Сарапшылық кеңес мәжілісiне қатысушылардың жалпы құрамының үштен екiсi көпшiлiк дауыспен қабылдаса, Сарапшылық кеңестiң шешiмдерi өкiлеттi болып саналады. Дауыс тепе-тең бөлiнген жағдайда Сарапшылық кеңес төрағасының даусы шешушi күшке ие болады. Сарапшылық қорытындыға төраға қол қояды, әрi Сарапшылық кеңестiң әрбiр мүшесiнiң қорытындыға айрықша пiкiр жазуға құқығы болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы
12 ақпандағы
№ 189 қаулысына
2-қосымша
ҚР Үкіметінің 19.12.98 ж. № 1354; 09.08.02 ж. № 891 қаулыларымен 2-қосымша өзгертілдi
Сарапшылық кеңестiң құрамы
Тоқаев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қасымжомарт Кемелұлы хатшысы - Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрi, Сарапшылық
кеңестің төрағасы
Шамсутдинов - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-
Ринат Шарафутдинович министрi, төрағаның орынбасары
Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Бақыт Тұрлыханұлы министрлігінің Мемлекеттік бюджет
депертаментiнiң директоры,
төрағаның орынбасары
Сарапшылық кеңестiң мүшелерi
Аманжолова - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Зүлфия Алтайқызы министрлігінің Халықаралық-құқықтық
департаментiнің директоры
Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Қайрат Қуатұлы вице-министрi
Оразбақов - Қазақстан Республикасының Экономика
Ғалым Iзбасарұлы және сауда вице-министрi
Мешiмбаева - Қазақстан Республикасының Стратегиялық
Анар Ертөлеқызы жоспарлау жөніндегi агенттiгi Әлеуметтiк-
экономикалық талдау департаментiнiң
директоры (келісім бойынша)
Мұқашев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Жанат Бәзiкенұлы Министрінің Кеңсесi Сыртқы байланыстар
бөлiмiнің сектор меңгерушiсi
Ахметов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Асқар Әбдiрашитұлы министрлігінің Көп жақты ынтымақтастық
департаментінің арнаулы халықаралық
ұйымдар бөлiмiнiң бастығы, хатшы;