“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы
№ 131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 492 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 316 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 5, 74-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 27-жолдың 5-бағанында "2004 жылдың ІV тоқсаны" деген сөздер "2006 жылдың ІV тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |