134. Мемлекеттік мекеменің төлеуге берілетін шотының атқарылу күні бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бекіткен 5-15 "Мемлекеттік мекеменің төлемдерін жүргізу жөніндегі күнделікті үзінді көшірме" нысанындағы есепке бекітілген төлеуге берілетін шотты енгізген күні болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 135-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
135. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі және қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеме арасындағы кассалық шығыстарды салыстыру бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен бекітілген 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысаны бойынша тоқсанның соңғы айынан кейінгі келесі айдың бірінші күні жүргізіледі. Нысан аумақтық қазынашылық бөлімшелері және оның құрылымдық бөлімшелері басшыларының, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшылары және бас бухгалтерінің қолдарымен, және олардың елтаңбалы мөр таңбаларымен расталады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 5-34 "Тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының ахуалы туралы есеп" нысаны бойынша тиісті жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарды ай сайын тексеруді жүргізеді.
19-тарау. Төлеуге берілетін шотты ресімдеу тәртібi
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 136-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
136. Төлеуге берілетін шот былайша толтырылады:
"N төлеуге берілетін шот" тор көзінде мемлекеттік мекеменің жеті санды кодынан тұратын, төлем мен ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екі саны бөлшек сызығы арқылы, дефис арқылы - төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірінен тұратын төлеуге берілетін шоттың нөмірі көрсетіледі;
"Күні" жолында төлеуге берілетін шот үзінді көшірмесінің күні көрсетіледі;
"Мемлекеттік мекеме" бөлімінде:
"Бюджеттік шот" тор көзінде Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің жеті белгіден тұратын коды көрсетіледі;
"Атауы" тор көзінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес келетін мемлекеттік мекеменің толық атауы көрсетіледі;
"СТН" тор көзінде салық қызметі органы мемлекеттік мекемеге беретін салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
"АҚБ" тор көзінде мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететін аумақтық қазынашылық органының атауы көрсетіледі;
"БСК" тор көзінде 195301070 көрсетіледі;
"ЖСК" тор көзінде мыналар:
мемлекеттік мекеменің қаржыландыру көзіне қарай республикалық бюджетке (облыстық бюджетке (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджетіне) не аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін түсімдер;
мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін түсімдері және олар бойынша жүргізілген төлемдер;
мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер және олардың есебінен жүргізілетін төлемдер;
олар бірінші талап ету бойынша немесе қандай-да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліктермен, алдын ала келісілген үстемақымен немесе онсыз, тікелей жеке немесе заңды тұлғалар немесе тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге берілуі тиістігіне қарамай атаулы мәнде оларды қайтарымды шартта мемлекеттік мекемеге жеке немесе заңды тұлға беретін ақша бойынша операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шотының тиісті жеке сәйкестендіру коды;
сайлауды қаржыландыруға арналған шоттар;
нысаналы қаржыландыру шоттары көрсетіледі;
"Қаржыландыру көзі" тор көзінде қаражатының есебінен төлем мен ақшаны аудару жүзеге асырылатын қаржыландыру көзінің түрін білдіретін нышан көрсетіледі:
1 - үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражатының есебінен;
2 - үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатының есебінен;
3 - мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның есебінен;
4 - демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдердің қаражаты есебінен;
5 - жеке немесе заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттік мекемеге беретін ақшаның есебінен;
8 - ерекше шығындардың есебінен;
"Бюджет түрі" тор көзінде қаражатының есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін нышан көрсетіледі:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық (республикалық маңызы бар қала (астана)) бюджет;
03 - аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті,
"Шығыстардың БСК" тор көзі бюджет қаражатының немесе мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның есебінен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде ғана толтырылады; онда кезектілікпен үш белгіден бюджеттік бағдарлама әкімшісінің, бюджеттік бағдарлама, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелігі кодтарын білдіретін он екі белгіден тұратын код көрсетіледі,
"Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды" мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның есебінен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезінде оларды сатудан түскен ақша мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалатын, олар сататын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды көрсетіледі,
"Ақшаны алушы" бөлімінде:
"Атауы" тор көзінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес келетін ақшаны алушының атауы,
"CTH" тор көзінде - салық қызметі органы ақша алушыға берген салық төлеушінің тіркеу нөмірі,
"Банк" тор көзінде ақшаны алушыға қызмет көрсететін банктің атауы көрсетіледі,
"БСК" тор көзінде ақшаны алушы банкінің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі,
"ЖСК" тор көзінде банктегі ақшаны алушының ағымдағы шотының нөмірі көрсетіледі,
"Делдалдың БСК, ЖСК" тор көзінде қызмет көрсететін банк шотының нөмірі, банктік сәйкестендіру коды, делдал банктің жеке сәйкестендіру коды көрсетіледі,
"Түсімдер БСК" тор көзінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша төлем жүргізілетін түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды көрсетіледі (бюджетке төлемдерді жүзеге асыру кезінде ғана толтырылады),
"Төлем мәртебесі" тор көзінде "ағымдағы" немесе "түпкілікті" көрсетіледі,
"Төлемнің тағайындалуы" тор көзінде: төлемді тағайындау, негізінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын құжаттың атауы, нөмірі мен күні (шот немесе хабарлама-шот немесе шот-фактура немесе орындалған жұмыстардың актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа құжат) және қосымша:
тіркелген шарттар (қосымша келісімдер) жөніндегі төлеуге берілетін шоттар бойынша - хабарламаның нөмірі мен күні;
төлем жүзеге асырылатын кезең;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ осы аударымдар жүзеге асырылатын міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде мемлекеттік мекеменің заңды тұлға болып табылатын құрылымдық бөлімшелердің атауы мен СТН, "Тауардың (жұмыстың, қызметтердің) атауы" тор көзінде сатып алу тіркелген шарттың талаптарымен шартталған немесе шарт жасаусыз негізінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жүзеге асырылатын құжатты көзделген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) түрі немесе тобы көрсетіледі.
"Өлш. бірл" тор көзінде сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір түрінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
"Саны" тор көзінде бірлікте сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір түрінің саны көрсетіледі;
"Бағасы" тор көзінде теңгемен тауардың (жұмыстың, қызметтің) әрбір түрінің бір бірлігі үшін баға көрсетіледі; ҚҚС салынатын тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алу кезінде осы тор көзде жеткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасы ҚҚС сомасының ескере отырып келтіріледі;
"Сомасы" тор көзінде теңгемен тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір түрі бойынша жалпы құны көрсетіледі;
"Төлеуге берілген жиыны" тор көзінде сандармен төлеуге берілетін шоттың қорытынды сомасы көрсетіледі;
"Жазумен сомасы" тор көзінде сандармен берілген қорытынды сомаға сәйкес келетін жазумен берілген төлеуге берілетін шоттың қорытынды сомасы көрсетіледі,
"Бюджеттік бағдарламаның паспортынан іс-шаралар" тор көзінде бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары тармағының атауы көрсетіледі,
"М.О." тор көзінде мемлекеттік мекеменің гербтік мөрінің бедері қойылады,
"Басшының аты-жөні Қолы" тор көзінде орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығына сәйкес бірінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеме уәкілетті тұлғасының аты-жөні толығымен көрсетіледі. Қолтаңба қолтаңбалар мен мөртаңба үлгілері бар құжатқа сәйкес қойылады.
"Бас бухгалтердің аты-жөні Қолы" тор көзінде орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеме уәкілетті тұлғасының аты-жөні толығымен көрсетіледі. Қолтаңба қолтаңбалар мен мөртаңба үлгілері бар құжатқа сәйкес қойылады.
"КОд", "КБе", "КНП" тор көздерін толтыру Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
137. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы, басқа да ақшалай төлемдер, жеке тұлғаларға стипендиялар мен төлемдер бойынша төлемдерді олардың сомасын қарт-шоттарға немесе ақша алушылардың жинақ ақша шоттарына есептеу жолымен жүргізуге арналған төлеуге берілетін шоттардағы "Ақшаны алушы" бөлімінде ақша алушы карт-шот немесе ақша алушының жинақ ақша шотын ашқан банктің деректемелері көрсетіледі.
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақыны, басқа да ақшалай төлемдерді, жеке тұлғаларға стипендияларды және төлемдерді төлеуге арналған чектер бойынша банктің берген сомасын қалпына келтіруге арналған төлеуге берілетін шоттағы "Ақшаны алушы" бөлімінде мемлекеттік мекеме, аумақтық қазынашылық бөлімшесі шарт жасасқан банктің деректемелері көрсетіледі.
138. Төлеуге берілетін шоттың "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) коды" тор көзінде мемлекеттік мекеме өзінің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түсетін ақшаның есебінен төлемді жүзеге асырған жағдайда ғана толтырылады.
139. "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы", "Өлш. бірл.", "Саны", "Бағасы", "Сомасы" тор көздері тіркелген шарттың талаптарына сәйкес немесе негізінде мемлекеттік мекеме шарт жасаусыз тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуды жүзеге асыратын құжатқа сәйкес, бюджет қаражатының және мемлекеттік мекеменің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есебінен тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) төлеуге берілетін шотта ғана толтырылады.
Түрлерінің тізбесі екі бірліктен асатын тауарларды сатып алу кезінде немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) бірыңғай өлшеуіш болмаған кезде "Өлш. бірл.", "Бағасы", "Сомасы" тор көздері толтырылмайды, "Саны" тор көзіне бірлік қойылады, "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы" тор көзінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) топтарының атауы көрсетіледі.
Аванстық (алдын ала) төлемді жүргізген кезде төлеуге берілетін шотта "Өлш. бірл.", "Бағасы", "Сомасы" тор көздері толтырылмайды. Бұл ретте "Төлемнің тағайындалуы" тор көзінде мәтіні: "_____N______ шарт сомасының _____ % мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлем, ____ хабарламаның N _____ және күні.".
140. Төлеуге берілетін шотта төлемнің "ағымдағы" немесе "түпкілікті" мәртебесі көрсетіледі.
"Ағымдағы" мәртебесі бар төлеуге берілетін шот - тіркелген шарттың талаптарына сәйкес тауарларды беруге (орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) аралық төлемді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұсынатын төлеуге берілетін шот.
"Түпкілікті" мәртебесі бар төлеуге берілетін шот - тіркелген шарттың талаптарына сәйкес тауарларды беруге (орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) түпкілікті төлемді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұсынатын төлеуге берілетін шот.
Шарт жасасу талап етілмейтін және шартты аумақтық қазынашылық бөлімінде тіркеу талап етілмейтін шығыстардың экономикалық сыныптамасының шығыстары түрлері бойынша төлеуге берілетін шотта "түпкілікті" мәртебесі көрсетіледі.
Еңбекақы бойынша аванстық төлемдерді жүргізу ерекше жасалады, онда төлеуге берілетін шотта төлемнің "ағымдағы" мәртебесі көрсетіледі, ал өтеген кезеңі үшін еңбекақы бойынша төлемдерді жүргізген кезде - "түпкілікті" мәртебесі көрсетіледі.
Қаржы жылының ішінде үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатының есебінен төлемдерді жүргізу кезінде төлеуге берілетін шотта "ағымдағы" мәртебесі, ал ағымдағы қаржы жылының түпкілікті сомасына төлеуге берілетін шотты жүргізу кезінде "түпкілікті" мәртебесі көрсетіледі.
Төлеуге берілетін шоттарда төлем мәртебесі мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемелерге арналған демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотынан (бұдан әрі - ҚБШ) (бұдан әрі - демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ) төлемдер мен ақшаны аударуды жүргізген кезде, олар бірінші талап ету бойынша немесе қандай-да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліктермен, алдын ала келісілген үстемақымен немесе онсыз, тікелей жеке немесе заңды тұлғалар немесе тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге берілуі тиістігіне қарамай атаулы мәнде оларды қайтарымды шартта мемлекеттік мекемеге жеке немесе заңды тұлға беретін (бұдан әрі - жеке және заңды тұлғалардың уақытша ақша орналастыру ҚБШ-сі).
141. Төлеуге берілетін шотта:
біржолғы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын төлеуді қоспағанда, салықты және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеу;
міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару жөніндегі төлемдерді жүргізу кезінде сома бүтін теңгемен толық көрсетіледі.
Тиындармен түпкілікті есеп айырысу жылына бір рет желтоқсан айында жүргізіледі.
Осы тармақта көрсетілмеген төлемдердің басқа түрлері бойынша төлеуге берілетін шотты беру тиынмен жүзеге асырылады.
20-тарау. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы мен басқа ақша төлемдерін, жеке тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, стипендияларды төлеу тәртібi
142. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне барлық төлемдер қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады, бұл ретте мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемдер төлеу олардың сомасын ақша алушының таңдауы бойынша банкте ашылған карт-шоттарға немесе жинақ ақша шотына есептеу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемдер төлеу мынадай жағдайларда:
төлем карточкасын дайындау;
төлем карточкасын дайындау кезеңінде төлем карточкасының әрекет ету мерзімі өткен немесе оны жоғалтқан;
банк жоқ болған немесе мемлекеттік мекеменің орналасқан орнынан шалғай болған;
сайлау комиссиялары мүшелерінің, консультанттардың, сарапшылардың, сараптамалық лингвистикалық комиссия мүшелерінің және Қазақстан Республикасының сайлау жөніндегі заңнамасына сәйкес сайлауды өткізуге қатысатын басқа тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау жөніндегі заңнамасында көзделген жалақыны өтеу үшін олардың негізгі жұмыс орны бойынша мәслихат кандидаттарының, депутаттарының қарт-шоты немесе жинақ ақша шоты болмаған жағдайларда мемлекеттік мекеменің кассасы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету пункттері және құрылғылары болмаған кезде қолма-қол ақшаны тізбесін және мөлшерін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің чектері бойынша алуға жол беріледі.
143. Ақша алушы банкпен осы Ережеге 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның жинақ ақша шоты шартын немесе 39-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің қызметкеріне банк карточкасын беру және оған қызмет көрсету туралы шартты (бұдан әрі - салым шарты) дербес жасасады.
144. Ақша алушы мемлекеттік мекемеге банкте ашылған салымдар бойынша қарт-шоттың немесе жинақ ақша шотының нөмірін, салым шартының нөмірі мен күнін және банк деректемелерін көрсете отырып, ақша төлемінің тиесілі сомасын аударуға өтініш береді.
145. Мемлекеттік мекеме ақша алушылар салым шартын жасасқан әрбір банкпен осы Ережеге 40-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік қызмет көрсету шартын жасасады және оларға қолтаңбалар мен мөртаңбалар үлгілері бар құжатты береді.
Қолтаңбалар мен мөртаңбалар үлгілері бар құжатты мемлекеттік мекеме ҚР ҰБ белгілеген нысан бойынша және тәртіппен береді.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 146-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
146. Мемлекеттік мекемелер жалақыны төлеуге арналған төлеуге берілетін шоттарды есептіден кейінгі айдың бесінші күніне дейін, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында жиырмасыншы күніне дейін қазынашылық аумақтық органдарына береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жалақыны төлеуге арналған төлеуге берілетін шоттарды ұсынуды мемлекеттік мекеме орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен белгіленетін оларды төлеу мерзіміне және кезеңділігіне сәйкес жүзеге асырады. Еңбекақыны төлеу мерзімі мен кезеңділігін аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесін әзірлеу кезінде ескеруі тиіс.
147. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендияларды, төлемдерді олардың карт-шоттарына немесе салымдар, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша банкте ашылған жинақ ақша шоттарына аудару жөніндегі төлемдерді жүргізу үшін төлеуге берілетін шоттармен бірге мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ҚБЕО белгілеген форматта электрондық тасығышта береді.
148. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдерді, жеке тұлғаларға стипендияларды, төлемдерді карт-шоттарға немесе міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды ақша алушылардың жинақ ақша шоттарына аудару жөніндегі төлемдерді жүргізгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы 5-15a нысан бойынша ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме (бұдан әрі - үзінді көшірме) қалыптастырады. Үзінді көшірме операциялық күн жабылғаннан кейін қалыптастырылады. Үзінді көшірменің әрбір беті төлем жүргізу күнін көрсете отырып, жауапты орындаушының қолымен және мөртабанымен расталады және осы ереженің 132-тармағында көзделген құжаттармен бірге мемлекеттік мекемеге беріледі.
149. Үзінді көшірмелер мемлекеттік мекеме олардың негізінде ақша алушылардың тізімін және тиісінше ақша алушылардың карт-шоттарға немесе жинақ ақша шоттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған соманы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемдер бойынша бастапқы құжаттардың деректерімен жолма-жол салыстырып тексеруді жүзеге асыратын құжаттар болып табылады. Үзінді көшірмелерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үзінді көшірмелер деректерінің бастапқы құжаттардың деректерімен сәйкес келмеуі болған кезде мемлекеттік мекеме есептелген және аударылған сома бойынша алшақтық туралы ақпаратты бере отырып, аумақтық қазынашылық органына түсінік алу үшін жазбаша өтініш жасайды. Үзінді көшірмелерді мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа ақшалай төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемдер бойынша бастапқы құжаттармен бірге тігеді және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде сақталады.
150. Осы Ереженің 142-тармағында көзделген ақшаны мемлекеттік мекеменің кассасынан төлеу үшін банктің кассасынан чектер бойынша қолма-қол ақшаны алу үшін мемлекеттік мекеме банкті дербес таңдайды. Мемлекеттік мекеме, тың аумақтық қазынашылық бөлімшесі және банк осы Ережеге 41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кассалық қызмет көрсетуге шарт жасасады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі банкпен қосымша Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес чектерді пайдалану туралы шарт жасасады.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03. № 283 Қаулысымен 151-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
151. Чек кітапшалары банкте мемлекеттік мекемелердің ақшасы есебінен аумақтық қазынашылық бөлімшесі арқылы сатып алынады және орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы немесе өзі өкілеттік берген тұлғаның сенімхаты негізінде қол қою арқылы мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасына беріледі.
152. Банк чектер бойынша мемлекеттік мекемеге берілген қолма-қол ақшаны есепке алуды жүргізу үшін республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін жеке тиісті баланс шотында банкішілік шоттар ашады.
Банкте ашылған банкішілік шоттардың ерекшелігі әрбір операциялық күннің аяғында банкішілік шоттардың қалдықтары нөл болуы тиіс.
153. Мемлекеттік мекемелер банк кассасынан қолма-қол ақша алуына аумақтық қазынашылық бөлімшесі банкке қолдар мен мөртабандардың үлгілері бар құжатты екі данада банкке береді. Қолдар мен мөртабанның үлгілері бар құжат Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген нысан бойынша және тәртіппен ресімделеді.
154. Мемлекеттік мекеме чектер бойынша қолма-қол ақша алғанға дейін бір жұмыс күні бұрын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 42-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкте алған қолма-қол ақшаны қалпына келтіруге арналған төлеуге берілетін шотты, банк қызметтеріне төлемді, чекті, қолма-қол ақша алуға арналған өтінімді қоса бере отырып, төлеуге берілетін шоттардың тізілімін береді.
Төлеуге берілетін шоттар шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша жеке беріледі.
Чек мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғасына және банктің кассасынан қолма-қол ақша алуға арналған төлеуге берілетін шоттардың жалпы сомасына ресімделеді. Чек мемлекеттік мекеменің қолдарынсыз және мөртабандарысыз беріледі.
155. Аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары қол қойған және елтаңбалы мөрдің таңбасымен бекітілген мемлекеттік мекемелердің чектері кассалық қызмет көрсетуге арналған шартта белгіленген мерзімде банкке беріледі. Чектер банкке осы Ережеге 43-қосымшаға сәйкес 5-55 нысан бойынша мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны алуға арналған чектердің тізілімімен бірге республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер бойынша жеке және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер бойынша жеке беріледі.
156. Қолма-қол ақшаны беруді банк мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақша алуға арналған чектердің тізілімі және атына чек берілген мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғаға тікелей чек түскеннен кейін келесі жұмыс күніне банк жүргізеді.
157. Банк кассалық қызмет көрсетуге арналған шартта белгіленген мерзімде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 44-қосымшаға сәйкес нысанда төленген чектердің тізілімін береді.