«Қазақстан Республикасы Yкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204
қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 195 Қаулысы
(2007.24.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қызылорда облысында Сырдария өзеніндегі жағалаулық қорғау бөгеттерінің бұзылуы салдарын жою үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 2007.24.11. № 1127 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне дүлей зілзала салдарын жоюға Қызылорда облысының әкіміне бөлу үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен көзделген жалпы сомасы 678881000 (алты жүз жетпіс сегіз миллион сегіз жүз сексен бір мың) теңге нысаналы трансферттер бөлінсін.
ҚР Үкіметінің 2007.24.11. № 1127 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Көрсетілген қаражат:
64681000 (алпыс төрт миллион алты жүз сексен бір мың);
71000000 (жетпіс бір миллион) теңге - жарылыс жұмыстарын жүзеге асыру, зардап шеккен халықты көшіру, көшіру жұмыстарына қатысушыларды көлікпен, байланыс құралдарымен, жанар-жағар май материалдарымен материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі іс-шараларға, азық-түлікке;
543200000 (бес жүз қырық үш миллион екі жүз мың) теңге - зардап шеккендерге саяжай алабы құрылыстарының, жер учаскілері мен екпелердің құнын өтеуге бөлінеді деп белгіленсін.
3. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II «Шығындар» бөлімінде:
02 «Қорғаныс» функционалдық тобында:
202 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
«100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу»;
02 «Қорғаныс» функционалдық тобында 02 «Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру» ішкі функциясында 202 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» әкімшісі бойынша 100 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша шығындар 927200000 (тоғыз жүз жиырма жеті миллион екі жүз мың) теңге сомасына көбейтілсін.
13 «Өзге де» функционалдық тобында, 09 «Өзге де» ішкі функциясында 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бағдарламасында 100 «Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Yкіметінің төтенше резерві» кіші бағдарламасында шығындар 927200000 (тоғыз жүз жиырма жеті миллион екі жүз мың) теңге сомасына азайтылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Қызылорда облысының әкімі 2008 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жөнінде есеп ұсынсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | К. Мәсімов |