Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 195 қаулысына өзгерістер енгізу және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қарашадағы № 1127 Қаулысы
«2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 195 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта «927200000 (тоғыз жүз жиырма жеті миллион екі жүз мың)» деген сөздер «678881000» (алты жүз жетпіс сегіз миллион сегіз жүз сексен бір мың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацында «103600000 (бір жүз үш миллион алты жүз мың)» деген сөздер «64681000 (алпыс төрт миллион алты жүз сексен бір мың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшінші абзацында «752600000 (жеті жүз елу екі миллион алты жүз мың)» деген сөздер «543200000 (бес жүз қырық үш миллион екі жүз мың)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен көктемгі су тасқыны кезеңінде бұзылған қорғау бөгеттерін қалпына келтіруге Қызылорда облысының әкіміне бөлу үшін 33160840 (отыз үш миллион бір жүз алпыс мың сегіз жүз қырық) теңге сомасында мақсатты трансферттер бөлінсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |