«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 және
2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 1230 қаулыларына толықтырулар мен
өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 176 Қаулысы
(2009.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 1230 қаулысында:
2-тармақтың 1) тармақшасында «өз кесімдерін» деген сөздердің алдынан «бекітілген штат санының лимиті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |