«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 және
2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 1230 қаулыларына толықтырулар мен
өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 176 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 26 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
1 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
01 «Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар» кіші функциясында:
120 «Облыс әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«117 Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау»;
121 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«117 Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау»;
7 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
02 «Коммуналдық шаруашылық» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалары мен бюджеттік кіші бағдарламалары бар бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
"279 Облыстың Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті (басқармасы)
001 Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің (басқармасының) қызметін қамтамасыз ету
003 Жергілікті органдардың аппараттары
007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
008 Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайларын және құрылыстарын күрделі жөндеу
009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру
002 Ақпараттық жүйелерді құру
003 Коммуналдық шаруашылықты дамыту үшін кредит беру
004 Елді мекендерді газдандыру
006 Сумен жабдықтау жүйесін дамыту
004 Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру
011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен іске асыру
015 Бағдарламаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру
008 Сумен жабдықтау жүйесін дамыту үшін кредит беру
012 Коммуналдық шаруашылық объектілерін дамыту
011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен іске асыру
015 Бағдарламаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру
100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
106 Жергілікті атқарушы органның табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу
108 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау
109 Қазақстан Республикасы Yкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу
113 Жергілікті бюджеттерден бөлінетін трансферттер
115 Жергілікті атқарушы орган резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау";
458 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша 008 «Коммуналдық шаруашылықты дамыту үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын;
8 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында:
02 «Спорт» кіші функциясында:
271 «Облыстың құрылыс департаменті (басқармасы)» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша 034 «Аудандар (облыстық пайызы бар қалалар) бюджеттеріне дене шынықтыру және спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«034 Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне дене шынықтыру және спорт объектілерін дамытуға бөлінетін нысаналы даму трансферттері»;
9 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында:
09 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер» кіші функциясында:
231 «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«117 Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау»;
мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламасы мен бюджеттік кіші бағдарламалары бар бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«279 Облыстың Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті (басқармасы)
007 Жылу-энергетика жүйесін дамыту
011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен іске асыру
015 Бағдарламаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру»;
10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
06 «Жер қатынастары» кіші функциясында:
463 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«003 Елді мекендерді жер-шаруашылық орналастыру»;
12 «Көлік және коммуникация» функционалдық тобында:
09 «Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер» кіші функциясында:
215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«117 Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау»;
шығыстардың экономикалық сыныптамасында:
1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
1 «Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар» сыныбында:
130 «Тауарлар сатып алу» ішкі сыныбында 133 «Қосалқы бөлшектер, жинақтаушы бұйымдар және құрылыс материалдарын сатып алу» ерекшелігі алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 1230 қаулысында:
2-тармақтың 1) тармақшасында «өз кесімдерін» деген сөздердің алдынан «бекітілген штат санының лимиті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |