Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық кеңес туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 174 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1.1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңестің құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 11 наурыздағы
№ 174 қаулысымен
Бекітілген
Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық кеңестің құрамы
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға |
Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Өтешев Нұрлан Сүлейменұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры, хатшы |
Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрi |
Жанасаев Болат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Қасымов Құлмұханбет Нұрмұханбетұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрi |
Омаров Қадыр Тоқтамысұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi |
Қожамжаров Темірболат Жанайдарұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетінің төрағасы |
Өтепов Шынтас Сарбасұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі директорының орынбасары -кадр, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бас басқармасының бастығы, генерал-майор |
Черкасов Юрий Петрович | - Қазақстан Республикасының Президентi Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімі меңгерушісінің біріншi орынбасары |
Жолдасбаева Нұрлығайым Шалданқызы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, депутат (келісім бойынша) |
Нөкетаева Динар Жүсіпәлиқызы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, депутат (келісім бойынша) |
Әбенов Мұрат Әбділәмитұлы | Қызылорда облысы әкімінің орынбасары |
Ақсақалов Құмар Іргебайұлы | - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары |
Аманшаев Ермек Әмірханұлы | - Астана қаласы әкімінің орынбасары |
Бекмағанбетов Ғалым Мәдешұлы | - Ақмола облысы әкімінің орынбасары |
Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы | - Қостанай облысы әкімінің орынбасары |
Жұмабекова Рысты Мағауияқызы | Павлодар облысы әкімінің орынбасары |
Қайненов Қилымғали Қайненұлы | Атырау облысы әкімінің орынбасары |
Мұқанов Серік Мейірханұлы | - Алматы облысы әкімінің орынбасары |
Мырзалин Мәлік Кеңесбайұлы | - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Мурзин Алмат Зарлықұлы | Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Мыңбай Дархан Қамзабекұлы | Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Рахымжанов Әмірхан Мұратбекұлы | - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары |
Сейдуманов Серік Тұрарұлы | - Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
Сейітмағанбетова Гүлнар Сүлейменқызы | - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары |
Өтемісов Шавхат Әнесұлы | Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Сәдуақасов Қайрат Құтымұлы | Қазақстан халықтары Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары |
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлерi мен жұмыс берушілері жалпыұлттық одағының басқарма төрағасы |
Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Президенттік мәдениет орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры |
Әбдіманапов Сәрсенғали Әбдіғалиұлы | - Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары кеңесінің төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры |
Хаматдинова Алина Наильевна | - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары |
Жапақов Қуаныш Асылбекұлы | - «Әділет» демократиялық партиясының аппарат басшысы |
Есенғұлов Айтқали Ғұсманұлы | - Қазақстанның патриоттар партиясы төрағасының орынбасары |
Кәрімбаев Нұрсұлтан Тұрлыбекұлы | - Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры |
Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы | - «Жасыл ел» республикалық штабының төрағасы |
Бақытбеков Нағи Қалтайұлы | - Қазақстан студенттері альянсының көшбасшысы |
Палаев Василий Владимирович | - «Қазақстанның ауыл жастары одағы» қоғамдық жастар бірлестігінің төрағасы |
Райымбердиев Талжан Пердешұлы | - Бекзат Саттарханов атындағы «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы |
Тортаев Төлеген Қабдыисламұлы | - «Адам» стратегиялық зерттеулер қоры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы |
Мұқышев Бекболат Бапанұлы | - «Қазақстан Республикасы ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары |
Пашевич Сергей Владимирович | - «Боевое братство» жергіліктi соғыстар мен әскери қақтығыстар ардагерлері (қатысушылары) одағының президентi |
Өтегенов Шәріпбай Әбділмәлікұлы | - Қазақстан Республикасындағы Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері одағының төрағасы |
Костенко Людмила Ивановна | - Ақмола облысы және Астана қаласы жауынгерлерінің аналары комитетінің төрайымы |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 11 наурыздағы
№ 174 қаулысымен
Бекітілген
Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің міндеті мен функциялары
3. Кеңестің міндеті Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру болып табылады.
4. Жүктелген міндетті іске асыру мақсатында Кеңес мынадай функцияларды орындайды:
1) азаматтарға патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды нығайту және кеңейту жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
2) Бағдарламаны тиімді іске асыруға және елдің азаматтарын қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
3. Кеңестің құқықтары
5. Кеңес өзіне жүктелген міндетті іске асыру мақсатында:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін Кеңестің отырыстарына шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша тыңдауға құқылы.
4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
6. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Кеңестің отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және Кеңес әзірлейтін шешімдер үшін дербес жауапты болады.
Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
7. Кеңес хатшысы Кеңестің жұмысын ұйымдастырады, қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады және отырыстардың хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
8. Кеңес отырыстарына материалдар оның өткізілуіне дейін кемінде 3 күн қалғанда Кеңес мүшелеріне жіберіледі. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ оның өткізілетін орны мен уақытын Кеңес мүшелерінің келісімі бойынша Кеңес төрағасы айқындайды.
9. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі. Кеңес мүшелері Кеңес қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
Кеңес отырысы күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама толтырылады.
Кеңес мүшелері айрықша пікір құқығына ие, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қоса тіркелуге тиіс.
10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
5. Кеңестің қызметін тоқтату тәртібi
11. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде тоқтатады.