|
|
Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 Қаулысы ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 200 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Жоспарды орындау үшін жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар: 1) Жоспарды орындау жөніндегі шараларды қабылдасын; 2) жыл сайын, 10 қаңтарға және 10 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын, 20 қаңтарға және 20 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Р/с № № | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзімі | Болжалды шығыстар, мың теңге | Қаржылан-дыру көздері | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 1. Ұйымдастыру іс-шаралары | 1. | Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган - Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық кеңесті құру | Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы | БҒМ | 2007 жылғы І тоқсан | Талап етілмейді | | 2. | Қазақстан Республикасының білім беру органдары мен ұйымдары, әскери бөлімдері, шығармашылық одақтары, үкіметтік емес ұйымдары, бизнес-құрылымдары, консультативтік-кеңес беру органдары өкілдерінің қатысуымен "Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі тетіктері" тақырыбына семинар-кеңес өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жинақтау), МАМ, Қорғанысмині, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 2007 жылғы 20 қаңтар | 2006 жылы - 642,0 | Республикалық бюджет | 3. | Іс-шараларды жастық, әлеуметтік бөлу бөлінісінде өткізілетін азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарларын әзірлеу | БҒМ-ға ақпарат | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын 25 қаңтар | Талап етілмейді | | 4. | Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жария етудің медиа-жоспарын әзірлеу және бекіту | Медиа-жоспар | МАМ, БҒМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | I тоқсан, 2007, 2008 жылдар | Талап етілмейді | |
5. | Патриоттық тәрбие беру жөніндегі ата-аналар қауымдастықтарының, кеңестерінің, комитеттерінің, қорларының қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін республикалық қоғамдық ата-аналар кеңесінің қызметін жандандыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 20 қаңтар, 2007-2009 жылдар | Талап етілмейді | | 6. | Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жұмысында оны жандандыру мақсатында волонтерлік қозғалыс мәселелері бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға талдау жүргізу | Әділетминге ұсыныстар | БҒМ | 2008 жылғы 20 қаңтар | Талап етілмейді | | 2. Ұлттық бірлік | 7. | Қазақстандықтарға патриоттық тәрбие беру жөнінде шаралар әзірлеу мақсатында халықтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне қатынасын зерделеу жөнінде әлеуметтік зерттеу жүргізу | БҒМ-ға ақпарат | МАМ | 10 қаңтар, 2007, 2009 жылдар | 2006 жылы - 1300,0 2008 жылы - 1378,0 | Республикалық бюджет | 8. | Халықтың қалың жігін, үкіметтік емес ұйымдарды, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған Форум өткізу | БҒМ-ға ақпарат | МАМ, БҒМ, СІМ, Қорғанысмині, ІІМ | 2008 жылғы 10 қаңтар | 2007 жылы - 2 000,0 | Республикалық бюджет | 9. | Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау жөнінде республикалық деңгейде дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу | БҒМ-ға ақпарат | МАМ | 2007 жылғы 10 қаңтар | 2006 жылы - 1 000,0 | Республикалық бюджет | 10. | "Қазақстандықтардың патриоттық санасын нығайтудағы мемлекеттік рәміздердің рөлі" атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізу | БҒМ-ға ақпарат | МАМ, БҒМ | 2007 жылғы 10 қаңтар | 2006 жылы - 1 500,0 | Республикалық бюджет | 11. | "Менің Отаным - Қазақстан", "Бұл біздің Ту!", "Бұл біздің Әнұран!", "Қазақ тілі - Ана тілі" акцияларын өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жинақтау), МАМ, Солтүстік Қазақстан облысын қоспағанда облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 20 қаңтар, 20 шілде, 2007-2009 жылдар | 98 647,0 2006 жылы - 5 220,0 2007 жылы - 45 920,0 2008 жылы - 47 507,0 2006 жылы - 5 220,0 2007 жылы - 9 540,0 2008 жылы - 8 030,0 2007 жылы - 36 380,0 2008 жылы - 39 477,0 | Республикалық бюджет Жергілікті бюджет |
12. | Барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін түсіндіру және насихаттау жөніндегі іс-шараларды өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жинақтау), облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 20 қаңтар, 2007-2009 жылдар | Талап етілмейді | | 13. | Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің авторлары" атты безендендірілген кітап-альбомдарын, құттықтау открыткаларын және басқа да баспа өнімін шығару | БҒМ-ға ақпарат | МАМ | 10 қаңтар, 2007-2009 жылдар | 2006 жылы - 5750,0 2007 жылы - 9095,0 2008 жылы - 6461,0 | Республикалық бюджет | 14. | Білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мейрамдарын мерекелеудің бағдарлы сценарийлерін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 2007 жылғы 20 шілде | Талап етілмейді | |
15. | Білім беру ұйымдарында зерделеу үшін қосымша акпараттық материалдарды енгізу мақсатында ұлттық бірлік тақырыбы бойынша қолда бар оқу материалдарына талдау жүргізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне акпарат | БҒМ | 20 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | 2007 жылы - 700,0 2008 жылы - 725,0 | Республикалық бюджет | 16. | Республиканың басқа ұлттары балалары мен жастары арасында мемлекеттік тілді білуге арналған республикалық және өңірлік конкурстарды өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ-ға ақпарат | БҒМ Қызылорда облысын қоспағанда, облыстардың,Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 20 қаңтар,2008, 2009 жылдар 10 қаңтар,2008, 2009 жылдар | 5855,0 2007 жылы - 3530,0 2008 жылы - 2325,0 2007 жылы - 1275,0 | Республикалық бюджет | 2007 жылы - 2 255,0 2008 жылы - 2 325,0 | Жергілікті бюджет | 17. | "Балдәурен» республикалық балаларды сауықтыру лагерінің базасында қазақ тілінің халықаралық жазғы сессиясын ұйымдастыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жинақтау), МАМ | 20 қаңтар 2008, 2009 жылдар | Талап етілмейді | |
18. | Қазақстан халықтарының бірлігі күні шеңберінде Қазақстанда тұратын этностардың салттары мен дәстүрлерін көрсету жөніндегі жастар фестивальдерін өткізу | БҒМ-ға ақпарат | Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясы | 10 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | 2007 жылы - 4980,0 2008 жылы - 5245,0 | Жергілікті бюджет | 19. | Әлеуметтік мониторингті одан әрі жүзеге асыру үшін азаматтық келісім мәселелері бойынша қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында жыл сайынғы әлеуметтік сұрау жүргізуді бастау | ҚазақстанРеспубликасының Үкіметіне есеп | БҒМ | 20 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | 2007 жылы - 1000,0 2008 жылы - 1000,0 | Республикалық бюджет | 20. | Төзімділік сананы қалыптастыруға, діни экстремизмнің алдын-алуға бағытталған өңірлік телебағдарламаларды жасау | Әкімнің шешімі БҒМ-ға ақпарат | Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстаноблыстарын қоспағанда, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері і | 10 қаңтар 2007-2009 жылдар | Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде | Жергілікті бюджет | 21. | Этносаралық өзара қатынастар, еуразияшылдық идеяларын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу | Материадар жинағын басып шығару | БҒМ | II тоқсан, 2007, 2008 жылдар | 2007 жылы - 5711,0 2008 жылы - 5733,0 | Республикалық бюджет | 3. Азамат және мемлекет: өзара жауапкершілік | 22. | Білім беру ұйымдарында құқық қорғау органдарының өкілдерімен тақырыптық кездесулер өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жинақтау), ІІМ | 20 қаңтар, 20 шілде, 2008, 2009 жылдар | Талап етілмейді | | 23. | Алғашқы құжаттарды (негізгі мектепті бітіргені туралы куәлікті, орта білім туралы аттестатты, жеке куәлікті және т.б.) алудың салтанатты рәсімін ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | БҒМ (жинақтау), Әділетмині, Қорғанысмині | 2007 жылғы II тоқсан | Талап етілмейді | | 24. | Студенттік құрылыс және жастардың еңбек жасақтарының республикалық слетін өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 20 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | 2007 жылы - 3000,0 2008 жылы - 3 100,0 | Республикалық бюджет |
25. | Бизнес-қоғамдастықтың өкілдерін тарта отырып, "Біз өз болашағымызды жасаймыз! - Біз - жаңа Қазақстанды құрамыз!" республикалық акциясын өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 20 қаңтар, 2007- 2009 жылдар | 2006 жылы - 6 890,0 2007 жылы - 7 037,0 2008 жылы - 7 260,0 | Республикалық бюджет | 26. | Облыстық /қалалық/ студенттердің құрылыс және жастардың еңбек жасақтары штабтарының қызметін ұйымдастыру бойынша өңірлік іс-шаралар өткізу | БҒМ-ға ақпарат | Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 10 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | 2007 жылы - 70 640,0 2008 жылы - 73 652,0 | Жергілікті бюджет | 27. | Ел өңірлері бойынша халық арасында патриотизмді насихаттау жөнінде үгіт-насихат тобының республикалық турнесін өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 2007 жылғы 20 қаңтар | 2006 жылы - 5 176,0 | Республикалық бюджет |
28. | Патриоттық мазмұндағы балалар мен жасөспірімдер кітаптарын басып шығару | Кітаптар басып шығару | БҒМ | IV тоқсан, 2007, 2008 жылдар | 2007 жылы - 12000,0 2008 жылы - 13000,0 | Республикалық бюджет | 29. | Білім беру ұйымдары мен әскери бөлімдерде ата-аналар үшін жыл сайынғы Ашық есік күнін өткізу | БҒМ-ға ақпарат | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 10 қаңтар, 2007-2009 жылдар | Талап етілмейді | | 30. | Оқушылар, студенттер үшін әкімдермен кездесулер, мемлекеттік басқару органдарына, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға, әскери бөлімдерге экскурсиялар ұйымдастыру | БҒМ-ға ақпарат | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 10 қаңтар, жыл сайын | Талап етілмейді | | 4. Отбасылық, қоғамдық қатынастар: адам, отбасы, білім беру жүйесі, еңбек ұжымы, әскер, тұтастай қоғам | 31. | Студенттер арасында "Отбасылық құндылықтардың менің тағдырымдағы рөлі" тақырыбындағы рефераттардың өңірлік конкурстарын өткізу | БҒМ-ға ақпарат | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 10 қаңтар, 2007-2009 жылдар | Талап етілмейді | |
32. | Педагогтар мен ата-аналар үшін отбасылық тәрбиені жетілдіру жөнінде әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық тренингтер өткізу ("Отбасылық педагогикалық қонақ үй") | БҒМ-ға ақпарат | Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарын қоспағанда, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 10 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | 2007 жылы - 12415,0 2008 жылы - 13031,0 | Жергілікті бюджет | 33. | Қазақстандық қоғамның қазіргі жағдайындағы патриотизм және азаматтық туралы үздік курстық жұмыстардың, рефераттар мен ғылыми баяндамалардың өңірлік конкурстарын өткізу | Өңірлік конкурстар БҒМ-ға ақпарат | Қызылорда облысын қоспағанда облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | II тоқсан, 2007, 2008 жылдар 10 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | 2007 жылы - 7107,0 2008 жылы - 7441,0 | Жергілікті бюджет | 34. | Қазақстанда қазіргі заманғы қоғамдық-саяси қатынастардың қалыптасуына арналған студенттік жұмыстардың республикалық конкурстарын өткізу | Конкурс | БҒМ | IV тоқсан, 2006-2008 жылдар | 2006 жылы - 470,0 2007 жылы - 2298,0 2008 жылы - 2300,0 | Республикалық бюджет | 35. | Балалардың, жасөспірімдердің,жастардың әскери-патриоттық, спорттық, техникалық, компьютерлік оқыту клубтарын, көркем секцияларды, кітапханаларды дамытуға жәрдемдесу | БҒМ-ға ақпарат | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 10 қаңтар, 2007-2009 жылдар | | Бюджеттен тыс қаражат есебінен | 36. | Оқушылар мен студент-жастар конкурстарының, олимпиадаларының жеңімпаздары үшін тәуелсіз Қазақстанның астанасы - Астана қаласы, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары бойынша экскурсиялар ұйымдастыру | БҒМ-ға ақпарат | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 10 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | 2007 жылы - 31391,0 2008 жылы - 33536,0 | Жергілікті бюджет | 37. | Әлеуметтік мәнді бастамалар конкурсы шеңберінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, экскурсиялық, өлкетану жұмысы бойынша бағдарламалар әзірлеу | Экскурсиялық бағдарламалар | БҒМ | II тоқсан, 2007, 2008 жылдар | 2007 жылы - 1500,0 2008 жылы - 1726,0 | Республикалық бюджет | 38. | Қоғамдық пікірдің өңірлік институттарының жұмысын жандандыру (қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі диалог алаңдарының ұлғаюы), олардың қоғамдық маңызды ақпарат көздеріне қол жеткізуіне жағдай жасау | БҒМ-ға ақпарат | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 10 қаңтар, 2007- 2009 жылдар | Талап етілмейді | |
39. | Оқу орындарында соғыс және еңбек ардагерлерімен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған дәстүрлі кездесулер, ерлік сабақтарын өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ (жинақтау), Қорғанысмині, ІІМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 20 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | Талап етілмейді | | 40. | Білім беру ұйымдарында Қазақстан жауынгер-интернационалистерінің мұражайларын, жауынгерлік және еңбек даңқы бұрыштарын құру | БҒМ-ға ақпарат | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 10 қаңтар, 2007- 2009 жылдар | Талап етілмейді | | 5. Қазіргі заманғы табысты қазақстандық-патриоттың портреті | 41. | Шығармашылық, көркем, ғылыми-техникалық, спорт номинацияларында»"Табысты жас қазақстандық" өңірлік жастар сыйлығын бекіту | БҒМ-ға ақпарат | Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 10 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | 2007 жылы -12200,0 2008 жылы -12500,0 | Жергілікті бюджет |
42. | Жазушылар, кинематографистер,суретшілер арасында патриоттық тақырып бойынша үздік туындыларға шығармашылық конкурстар өткізу | БҒМ-ға ақпарат | Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 10 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | 2007 жылы - 6400,0 2008 жылы - 6 600,0 | Жергілікті бюджет | 43. | Жастардың патриоттық бағыттағы өңірлік тақырыптық конкурстарын, олимпиадаларын, көрмелерін өткізу | Өңірлік іс-шаралар БҒМ-ға ақпарат | Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | III тоқсан, 2007, 2008 жылдар 10 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | 2007 жылы - 9979,0 2008 жылы -10724,0 | Жергілікті бюджет | 44. | Теледидарда және басылымдық бұқаралық ақпарат құралдарында»"Табысты замандас" өңірлік бағдарламалары мен айдарларын ашу | БҒМ-ға ақпарат | Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 10 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | 2007 жылы - 26232,0 2008 жылы - 27 642,0 | Жергілікті бюджет |
45. | Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беру және үздік шығармаларды жергілікті газеттер беттерінде жариялау арқылы "Мен табысты адамның бейнесін қандай түрде көремін" тақырыбында оқушылардың шығармалар конкурсын ұйымдастыру | БҒМ-ға ақпарат | Қызылорда облысын қоспағанда облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері | 10 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | 2007 жылы - 4114,0 2008 жылы - 4347,0 | Жергілікті бюджет | 46. | Соғыс ардагерлерімен, халықаралық жарыстарға және конкурстарға қатысушылармен және олардың жеңімпаздарымен жастардың тақырыптық кездесулерін өткізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 20 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | 2007 жылы - 3100,0 2008 жылы - 3 286,0 | Республикалық бюджет | 47. | Қазақстанның зияткерлік дамуына қосқан ерекше үлесі үшін жоғары оқу орнына "Жас талап" зияткерлік сыйлығын бекіту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | БҒМ | 20 қаңтар, 2008, 2009 жылдар | | Бюджеттен тыс қаражат есебінен |
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға арналған болжалды шығыстар көздері Болжалды шығыстар көздері | 2006 жыл | 2007 жыл | 2008 жыл | Республикалық бюджет | 27 948 мың теңге | 58 256 мың теңге | 53 999 мың теңге | Жергілікті бюджет | | 224 093,0 мың теңге | 236 521,0 мың теңге | Бюджеттен тыс қаражат есебінен | | | | Жиыны | 27 948 мың теңге | 282 349 мың теңге | 290 520 мың теңге |
Ескертпелер: аббревиатуралардың толық жазылуы ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі * Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.
|
|