«Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың
2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1243 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар:
1) Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін.
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жылына екі рет, 30 шілдеге және 30 желтоқсанға қарай Бағдарламаны іске асыру барысы туралы жарты жылдықтың қорытындылары бойынша ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жыл сайын, 20 тамызға және 20 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы
23 желтоқсандағы
№ 1243 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың
2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Патенттік жүйенің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту проблемалары
3.1. Зияткерлік меншікті қорғау саласындағы әлемдік жүйенің жағдайы және оның даму үрдістері
3.2. Қазақстанның патенттік жүйесінің даму тарихы мен проблемалары
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері
1. Зияткерлік меншік объектілерін патенттеу рәсімдерін жаңғырту
1.1 Өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу
1.2 Өнеркәсіптік үлгілерді патенттеу
1.3 Тауар таңбаларын және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеу
1.4. Қорғау құжаттарын беру мерзімін қысқарту
2. 3ияткерлік меншік объектілерін қорғау саласын кеңейту және жетілдіру
2.1 Қызметтік өнеркәсіптік меншік объектілері
2.2 Құпия өнеркәсіптік меншік объектілері
2.3 Селекциялық жетістіктер
2.4 Дәстүрлі білімдер, генетикалық ресурстар және фольклор
3. Патенттік-ақпараттық қамтамасыз ету
4. Зияткерлік меншік нарығын дамыту
4.1 Өнеркәсіптік меншік объектілерін шетелде патенттеу
4.2 Өнеркәсіптік меншік саласындағы лицензиялық қызмет
4.3 Зияткерлік меншікті бағалау институтын дамыту
4.4 Патенттік сақтандыру
4.5 Өнертапқыштық қызметті қолдау және ынталандыру
4.6 Патенттік қызметтің инфраструктурасын дамыту
4.7 Конференцияларды, семинарларды, жәрмеңкелерді, көрмелерді және зияткерлік
меншік объектілерін жарнамалау мен сату жөніндегі басқа да шараларды өткізу
5. Зияткерлік меншікті заңсыз пайдалануға қарсы күрес
6. Зияткерлік меншікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
7. Кадрлармен қамтамасыз ету
8. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
9. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
10. Күтілетін нәтижелер
8. Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007- 2011
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары
Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін
дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған
бағдарламасы
Әзірлеуге негіздеме Қазақстан Республикасының Президентінің
2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы
"Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдің қатарына кіру
стратегиясын" атты Қазақстан халқына
Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
жалпы ұлттық жоспары және 2006 - 2008
жылдарына арналған Қазақстан Республикасы
Үкіметінің бағдарламасы 2006 жылғы 31
наурыздағы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің № 222 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006
жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына
Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
жалпыұлттық шаралар жоспарын және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасын орындаудың желілік
кестесі.
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
әзірлеуші
Бағдарламаның Ұлттық патенттік жүйенің тиімділігін арттыру
мақсаты
Бағдарлама 1. Өнеркәсіптік меншік объектілерін
міндеттері патенттеу рәсімін жаңғырту, оның ішінде
патенттік өтінімнің сараптамасын уақтылы
қамтамасыз ету, қорғау құжаттарын беру
мерзімін қысқарту және олардың сенімділігін
арттыру.
2. Зияткерлік меншік объектілерін қорғау
саласын кеңейту және жетілдіру.
3. Толыққанды патенттік-ақпараттық
ресурстарды құру.
4. Патенттік қызмет инфрақұрылымының
институционалдық негіздерін жасау.
5. Өнертапқыштық және патенттік-лицензиялық
қызметті жандандыру және қолдау.
6. Ішкі нарықты жалған тауарлардан қорғауға
ықпал ету және өнеркәсіптік меншік
объектілерін заңсыз пайдаланудың жолын кесу
жөніндегі шараларды жетілдіру,
контрафактілік өнім деңгейін қысқарту.
Бағдарламаны іске 2007-2011 жылдар
асыру мерзімдері Бірінші кезең: 2007-2009 жылдар
Екінші кезең: 2010-2011 жылдар
Қажетті ресурстар Бағдарламаны қаржыландыруды республикалық
және қаржыландыру бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асыру
көздері жоспарлануда.
Бірінші кезең:
2007 жылға республикалық бюджеттен қаржы
шығындары талап етілмейді.
2008 жылы - 668,27 млн. теңге.
2009 жылы - 876,65 млн. теңге.
Барлығы бірінші кезеңде - 1 544,92 млн. теңге
Екінші кезең:
2010 жылы - 653,607 млн.теңге
2011 жылы - 166,02 млн. теңге
Барлығы екінші кезеңде - 819,627 млн. теңге
Республикалық бюджеттен қаржы шығындарының
жалпы көлемі - 2364,547 млн.теңге
Бағдарламаны іске асыру бойынша
қаржыландыру көлемдері тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджетті
қалыптастыру кезінде нақтыланатын
болады.
Күтілетін "Қазақстан Республикасының патенттік
нәтижелер жүйесін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға
арналған бағдарламасының" ойдағыдай іске
асырылуы - тиімді ұлттық патенттік жүйенің
құрылуын қамтамасыз етеді, оның ішінде:
- алдын ала патентті жою, өнертабыс пен
өнеркәсіп үлгілерді бір қадамдық патенттеу
жүйесін құру, инновациялық патентті енгізу
жолымен өнеркәсіптік меншік объектілерін
патенттеу рәсімі жаңғыртылады;
- өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер және
пайдалы модельдерге қорғау құжаттарын беруге
өтінімдердің сараптама жасау мерзімі орташа
есеппен 20% қысқартылады;
- халықтың өнертапқыштық белсенділігі арта
түседі және өтінімдер саны ең аз дегенде 50%
өседі;
- барлық облыс орталықтарында
патенттік-лицензиялық қызметтің және
патенттік клиникалардың желісі құрылады;
- ең аз дегенде, әлемнің 11 елінің және 3
халықаралық ұйымының патенттік құжаттары
сақталатын патенттік ведомство үшін
патенттік-ақпараттық ресурстардың
сараптамалық қоры қалыптастырылады;
- өнеркәсіптік меншік объектілеріне
электрондық өтінім беру жүйесі енгізеді;
- өнеркәсіптік меншік объектілеріне
лицензиялық шарттардың орташа есеппен 1,5
есе өсумен лицензиялық қызмет
жандандырылады;
- мемлекеттік патенттік сарапшылардың корпусы
орташа есеппен 50% артады;
- зияткерлік меншік саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау жүйесі құрылады;
- қызметтік және құпия өнеркәсіптік меншік
объектілері саласындағы құқықтық
қатынастарды реттеу туралы мәселелер
шешіледі;
- қазақстандық өнеркәсіптік меншік
объектілерін шетелдерде патенттеудің
деңгейі ең аз дегенде 100% артады;
- зияткерлік меншікті бағалау стандартталады;
- контрафактілік өнімдер орташа есеппен 10%
қысқарады;
- Қазақстан зияткерлік меншік объектілерін
қорғау саласындағы алты халықаралық шартқа
қосылады.
2. Кіріспе
Әлемдік тәжірибе тәуелсіздікті және тұрақты экономикалық өсімді дамыған жоғары зияткерлік индустрия болған кезде ғана қамтамасыз етуге болатындығын куәландырып отыр. Барлық дамыған елдердің ұқсас салыстырмалы нарықтық тетіктері мен заңдары бар, олар дегенмен де технологиялық басымдылықтың кепілі болып табылмайды. Табысқа жетуге қажетті және жеткілікті талап - барлық нарық құралдары жинағының болуы, сонымен қатар ғылыми мектептермен және қазіргі кездегі технологиялармен сабақтасқан зияткерлік меншікті патенттік қорғаудың тиімді жүйесінің болуы.
Жиырмасыншы ғасырда зияткерлік меншік, көбінесе технологияны немесе жаңа өнімді көшіруден қорғау құралы ретінде қаралған. Аз ғана уақыт өтісімен, зияткерлік меншікке жай ғана құқықтық функция ретінде қарауға болмайтындығы айқын болды. Білімнің белсенді қалыптасып келе жатқан экономикасы мүлдем жаңа бәсекелес ортаны тудырып отыр, онда ноу-хау мен өнертабыстардың айрықша құқықтарын иелену үшін күрес жүргізіледі, онда болашақ байлық тұқымы табиғи ресурстар емес, зияткерлік меншік болып табылады.
Бұрын бәсекелес артықшылықтардың негізін қол жетімді табиғи ресурстар, арзан жұмыс күші, өндіріс ауқымының факторын қолдану, ал кейінгі уақытта - жақсы бедел және клиенттермен бірегей тауарлар мен қызметтерді саралау негізінде тығыз байланысты қамтамасыз ететін күшейтілген маркетингілік қызмет құрады. Жаңа жағдайларда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елдерінің компаниялары ноу-хауға, өнертабыстарға, тауар белгілеріне және салалық стандарттарға ерекше құқықтарды алдын ала алу және виртуозды пайдалану негізінде бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізуге ұмтылады. «Жоғары реттегі бәсекелік артықшылықтарға» қол жеткізуге талаптану - болашақ байлықтың және Қазақстанның өркендеуінің негізі зияткерлік меншік бола алатынын түсінгендіктен туындайды.
Біздің елімізде даму институттарының көмегімен инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады: Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның Даму Банкі, Ұлттық инновациялық қор, Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы жұмыс істейді, бірқатар технологиялық парктер мен бизнес-инкубаторлар құрылған. Бірақ, Қазақстанда ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін құру, қорғау және экономикалық тұрғыда жүзеге асыру жүйесінің нарықтық құралдарының бірқалыпты дамымауы инновациялардың дамуына кедергі келтіретін болады.
Осы жүйе құралдарының жиынтығы, өзінің мәні бойынша, ұлттық патенттермен қорғалған ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін инновациялық өнімдерді кейіннен тауарлар мен қызметтердің нарығына шығара отырып, инновациялық белсенді өндіріске енгізу жөніндегі іске асыру кешені ретінде қызмет етуі қажет. Бұл кешен Ұлттық патенттік жүйе ғылыми-техникалық идеялардың жиынтығын зияткерлік меншік объектілерінің басқарылатын құқықтар жүйесіне сенімді әрі тиімді айырбастайтын бағаны құрудың негізгі буыны болуы қажет.
Қазақстан Республикасының ұлттық патенттік жүйесі маңызды стратегиялық ресурс болып табылады, оның потенциалды мүмкіндіктері шексіз. Әдетте, біздің мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігінің факторы ретінде бағаланатын патенттік жүйе ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық реформаларда маңызды рөл атқаруға тиіс және нарықтық қатынастарды кеңейтіп, елдің зияткерлік әлеуетін арттырудың қомақты факторына айналуы қажет.
Қазақстан Республикасының жаңа жағдайдағы патенттік жүйесінің міндеті «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясынан» туындайды. Бұл міндет Қазақстанда тауарлар мен зияткерлік меншік құқықтары қорғалған тауарлар мен қызметтердің өндірісі үшін қолайлы инновациялық ахуалды қалыптастырудың қажетті әрі жеткілікті патенттік-құқықтық, патенттік-ақпараттық және институционалдық шарттармен қамтамасыз етуге және жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының, халықаралық экономикалық қатынастардың тең құқылы және бәсекеге қабілетті әріптесі ретінде өз орнын алуға бағытталған.
3. Патенттік жүйенің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту
проблемалары
3.1 Зияткерлік меншікті қорғау саласындағы әлемдік жүйенің
жағдайы және оның даму үрдістері
Жүз жылға жуық тарихы бар әлемдік патенттік жүйені құру адамзаттың ең керемет жетістіктерінің бірі деп айтуға әбден болады. Қазіргі өнертабыс патенттерінің алғы үлгісі болып табылатын бірінші факультативтік артықшылықтардың пайда болуы орта ғасырлардың соңына келеді. XVIII ғасырдың соңынан басталған патенттік құқықтың дамуындағы жаңа кезең бірінші облигаторлық патенттердің пайда болуымен сипатталады. Осы кезеңнің эволюциясы, шын мәнінде, патенттік жүйенің негізгі қағидаларын белгілейтін, өнертапқыш пен мемлекет арасындағы мәмілені құрайтын 1877 жылғы герман Патент Заңының шығуымен аяқталды, оған сәйкес өнертапқыш өзі шығарған, жалпы жұрттың назарына жарияланатын жаңалығының мәнін ашады және осылайша ғылыми-техникалық прогресті ынталандырады. Оның орнына мемлекет өнертапқышқа осы жаңалықты белгілі бір мерзімде, белгіленген бір аумақта пайдалануға монопольдық құқық береді.
Әлемдік патент жүйесінің ХХ-ХХІ ғасырлардағы ең жаңа тарихында басқа мемлекеттерде кейіннен шыққан заңдар әлде де классикалық патент құқығының қалыптасқан нормаларын түбегейлі өзгерте алатындай ешбір жаңа идеяны енгізген жоқ. Осыған қарамастан, әлемдік патенттік жүйе Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясын қабылдаған сәттен бастап даму жолында және бүгінгі таңда барынша жаһанданған болып табылады.
Өнеркәсіптік меншік және авторлық құқық саласындағы 20-дан астам келісім қазіргі заманғы халықаралық зияткерлік меншік жүйесінің негізі болып табылады, олардың ішіндегі мейлінше маңыздылары мыналар:
1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж Конвенциясы;
1944 жылғы 15 сәуірдегі Зияткерлік меншік құқықтарының сауда-саттық аспектілері жөніндегі келісім (бұдан әрі - ТРИПС Келісімі);