Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1243 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 162 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1324 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1243 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Патенттік қызметтің инфраструктурасын дамыту» деген 4.6-бөлімнің жетінші және сегізінші абзацтары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |