Жария мүдделі ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларының күші қолданылмайды.
Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу жəне қаржылық есептілікті жасау шарт негізінде берілген кезде осы Заңның 16-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар сақталуға тиіс.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Бухгалтерлік қызметтің басшысы
Бухгалтерлік есепті жүргізуді, қаржылық есептілік жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететін бас бухгалтер немесе басқа лауазымды адам бухгалтерлік қызметтің басшысы (бұдан әрі - бас бухгалтер) болып табылады.
9-баптың екінші бөлігі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Жария мүдделі ұйымның, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтер тағайындалады.
10-бап. Бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы
1. Басшылық немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар адамдарды анықтайды. Бұл ретте адамның атқаратын лауазымына, ақша сомасының мөлшеріне, операцияның қолданыс аясына және мәніне қарай қол қою құқығының сатылылығы белгіленуі мүмкін.
2. Электрондық қолтаңбаны пайдаланатын дара кәсіпкерлер немесе ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық қолтаңбаны пайдалану және оларға қол жеткізу құқығына қатысты тиісті сақтық және бақылау шараларын белгілеуге тиіс.
11-бап. Бухгалтерлік құжаттарды сақтау
Дара кәсіпкерлер мен ұйымдар бастапқы құжаттарды, қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, қаржылық есептілікті, есеп саясатын, есепке алу деректерін электрондық өңдеу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кезең ішінде сақтауға міндетті.
12-бап. Бухгалтерлік ақпарат құпиясы
1. Бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады, оларға қол жеткізуге басшылықтың немесе дара кәсіпкердің рұқсаты бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына ғана рұқсат етіледі.
2. Аталған құжаттарға қол жеткізе алатын адамдар ондағы ақпаратты олардың иесінің келісімінсіз жария етпеуге міндетті және оны жеке мүддесі үшін пайдалануға құқығы жоқ. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа қол жеткізе алатын адамдар оны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3-тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК
13-бап. Қаржылық есептілік элементтерi
1. Активтер, міндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады.
Активтер - дара кәсіпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар.
Міндеттеме - дара кәсіпкердің немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.
Капитал - дара кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі үлес.
2. Кірістер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып табылады.
Кірістер - есепті кезең ішінде активтердің түсімі немесе өсімі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.
Шығыстар - есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Қаржылық есептілік элементтерін бағалау және есепке алу
1. Қаржылық есептілік элементтерін бағалау - аталған элементтер бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте танылатын және тіркелетін ақша сомаларын анықтау. Бағалауды қолдану әдістері мен тәртібі халықаралық стандарттарға, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
2. Қаржылық есептілік элементтерін есепке алу әдістері және тану тәртібі халықаралық стандарттарға, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
15-бап. Қаржылық есептілік
1. Қаржылық есептілік дара кәсіпкердің немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мыналарды қамтиды:
1) бухгалтерлік баланс;
2) пайда мен зияндар туралы есеп;
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
5) түсіндірме жазба.
Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға, шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің көлемі, оны жасау нысандары мен тəртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы және бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды.
Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне оның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік ұйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды.
Бұқаралық мүдде ұйымының қаржылық есептілігіне басшылық және кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтер қол қояды.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары және Әдеп кодексі
1. Қаржылық есептілікті жасауды ұйымдар халықаралық стандарттар мен шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа сәйкес жүзеге асырады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Халықаралық стандарттар мен шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартты Қазақстан Республикасында оларды ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары қорының жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік тілде жəне қажет болған кезде орыс тілінде жариялауы мүмкін.
Кәсіби бухгалтерлер, бухгалтерлік және кәсіби ұйымдар өз қызметін Әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асыруға міндетті. Әдеп кодексін Қазақстан Республикасында оны ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық бухгалтерлер федерациясының жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік тілде жəне қажет болған кезде орыс тілінде жариялауы мүмкін.
17-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік
Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйымның қызметі жөніндегі қаржылық есептіліктен басқа Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауға және ұсынуға міндетті.
18-бап. Есепті кезең
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Ұйым қаржылық есептілікті ұсынатын кезең есепті кезең болып табылады.
Жылдық қаржылық есептілік үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықтағы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады.
2. Жаңадан құрылған ұйым үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қоса қамтиды.
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Қаржылық есептілікті табыс ету
1. Ұйымдар:
1) құрылтай құжаттарына сәйкес құрылтайшыларға (қатысушыларға);
2) мемлекеттік тіркеу орны бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыреттеріне сәйкес;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4) тізбені, нысандарды және мерзімдерді қоса алғанда, негізгі ұйым айқындайтын тәртіппен өздері еншілес болып табылатын өзінің негізгі ұйымына қаржылық есептілікті ұсынады.
2. Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіліп ұсынылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Осы баптың 3-1-тармағының талаптары қолданылатын ұйымдарды қоспағанда, ұйымдар жылдық қаржылық есептерді келесі жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1-тармақ жаңа редакцияда
3-1. Қаржы ұйымдары (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) жылдық қаржылық есептерін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде ұсынады.
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы Заңның 18-бабында көрсетілген мерзім шегінде құрылтайшылар (қатысушылар) аралық қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін айқындауға және жылына бір реттен сирек болмайтын өзге кезеңділікті белгілеуге құқылы.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Шоғырландырылған қаржылық есептілікке кіретін деректердің айқындығы мен анықтығын қамтамасыз ету үшін негізгі ұйым еншілес ұйымдардың бірыңғай есеп саясатын қолдануы, еншілес ұйымдардың мүлкін түгендеу тәртібін және еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі деректерінің айқындығы мен анықтығына байланысты басқа да мәселелерді айқындауға құқылы.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну осы баптың 1, 2, 3, 3-1 және 4-1-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
6. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен жария мүдделі ұйымдар үшiн депозитарий құрылады, бұл ұйымдар осы депозитарийге уәкілетті орган айқындаған тәртiппен қаржылық есептiлiктi тапсыруға мiндеттi.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
19-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті ұсынуы
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімдерде ұсынады.
4-тарау. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара)
1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және уәкілетті орган жүзеге асырады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген функцияларды орындайды.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органнан басқа, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жəне оның ведомстволарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі жүзеге асырады.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша:
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органда бухгалтерлік есепті жүргізу тəртібін;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарын жəне қаржылық есептілік нысандарын əзірлеу жəне бекіту арқылы жүзеге асырады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тармақтың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
4. Қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
5. Уәкілетті орган:
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) осы Заңның мақсаты мен міндетіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
3) 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасы халықаралық стандарттардың, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандарттың талаптарына қайшы келген жағдайда, консультациялық органның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді;
6) 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) консультациялық органның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу туралы ұсыныстарын қарайды;
10) кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.редқара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидаларын бекiтеді;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) консультациялық органның ұсынымдарын ескере отырып, кəсiби бухгалтерлерге кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекітеді;
13) аккредиттеу ережелері сақталмаған жағдайда, кәсіби ұйымдарға, сертификаттау жөніндегі ұйымдарға ескерту жасайды;
14) кәсіби ұйымды, сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу жөніндегі куәлігінен айыру туралы шешім қабылдайды;
15) 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;
17) 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18-1) 2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) сертификаттың нысанын келіседі.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында және кәсiби ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
21) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) қаржы ұйымдары үшін халықаралық стандарттарда реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептілік стандарттарын, сондай-ақ оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары және Қазақстан Даму Банкі үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
3) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;