3) қоғамның жай акцияларының сауда-саттық көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс;
4) қоғамның акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізімдер санатында болуға тиіс, енгізілуі және онда болуы үшін қор биржасының ішкі құжаттарымен бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне арнайы (листингілік) талаптар белгіленеді не олар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы арнайы сауда алаңдарының тізіміне енгізіледі.
2. Жария компанияның жарғысында:
1) корпоративтік басқару кодексінің;
2) корпоративтік хатшы лауазымының;
3) корпоративтік веб-сайттың;
4) «алтын акцияға» тыйым салудың болуы көзделуге тиіс.
3. Уәкілетті орган қоғамды жария компания деп тануды немесе одан жария компанияның мәртебесін қайтарып алуды қоғамның өтініші негізінде өзі белгілеген тәртіппен жүргізеді.
4. Қоғам мынадай:
1) қатарынан соңғы үш айдың ішінде осы баптың 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларындағы талаптарды сақтамаған;
2) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайларда жария компания мәртебесінен айырылады.»;
3) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
4-1) қоғамның акцияларына айырбастауға жататын қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
4-2) осы Заңға сәйкес қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын белгілеудің әдістемесін бекітеді;»;
4) 14-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «тіркеушіден» деген сөз «қоғамның тіркеушісінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 15-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «тіркеуші мен» деген сөздер «қоғамның тіркеушісіне және» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «тіркеуші» деген сөз «қоғамның тіркеушісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 18-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігінде «, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сату» деген сөздер «не бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында өткізілетін жазылу немесе аукционда сату» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес оған акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды сатып алуға өтініш беру үшін берілген отыз күннің ішінде акцияны немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды иеліктен айырған кезде, егер акцияның бұрынғы иесі мұндай өтініш бермеген жағдайда осы құқық акцияның немесе қоғамның жай акцияларына айналдырылатын басқа бағалы қағазды жаңа иесіне ауысады.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жазылу арқылы қоғам орналастыратын акциялар, акцияларды артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес сатып алатын акционерлерді қоспағанда, осы орналастыру шегінде акцияларды сатып алатын барлық тұлғалар үшін бірдей сату бағасы бойынша сатылуға тиіс.
Акционерлер акцияларды артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген бірыңғай орналастыру бағасы бойынша сатып алады.
3. Акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органы осы орналастыру үшін белгілеген акцияларды орналастыру бағасы осы акциялардың сатылуы мүмкін неғұрлым төменгі бағасы болып табылады.»;
7) 22-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша бағалы қағаздармен дивидендтер төлеуге жол берілмейді.»;
«Төленбеген дивидендтері бар акцияларды иеліктен алу, егер акцияларды иеліктен алу туралы шартта өзгеше көзделмесе, акцияның жаңа иесінің оларды алу құқығымен жүзеге асырылады.»;
8) 23-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер қоғамның жарғысында осындай төлем көзделген болса, қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан немесе жарты жылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу тек қана акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен ғана жүзеге асырылады.»;
үшінші бөлікте «аталған органдары» деген сөздер «акционерлерінің жалпы жиналысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте жария компаниялар осы шешімді өздерінің корпоративтік веб-сайтында да жариялауға тиіс.»;
9) 25-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте жария компанияның акционерлеріне ұсыныс корпоративтік веб-сайтта жариялануға тиіс.»;
10) 26-баптың 1-тармағында «акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен әдістемесіне сәйкес» деген сөздер «осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 27-баптың 1-1-тармағында «акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен әдістемесіне сәйкес» деген сөздер «осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 30-баптың 3-тармағында «проспектісімен белгіленеді» деген сөздер «проспектісінде көрсетіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 33-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
14) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында:
1) қоғамның жылдық қаржылық есептілігі бекітіледі;
2) қоғамның аяқталған қаржы жылы үшін таза кірісін бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшері айқындалады;
3) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселе қаралады.
Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесінің және қоғамның атқарушы органының мүшелеріне сыйақы беру мөлшері және олардың құрамы туралы қоғамның акционерлеріне хабарлайды.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы олар бойынша шешімдер қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған басқа мәселелерді де қарауға құқылы.»;
15) 36-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ оларды өзгертуді айқындау;»;
8) тармақшада «жыл қорытындылары бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
14) тармақшада «әдістемесін бекіту» деген сөздер «әдістемесіне өзгерістерді бекіту (егер оны құрылтай жиналысы бекітпесе, әдістемені бекіту)» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 41-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға не оларға жіберілуге тиіс. Егер компания акционерлерінің саны елу акционерден аспаса, хабарлама акционерге жазбаша хабарлама жолдау арқылы жіберілуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Миноритарлық акционер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде басқа акционерлермен бірігу мақсатында қоғамның тіркеушісіне өтініш жасауға құқылы.
Миноритарлық акционердің өтініш беру және қоғам тіркеушісінің басқа акционерлерге ақпарат тарату тәртібі бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі шартта белгіленеді.»;
17) 43-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде «кешіктірілмей» деген сөзден кейін «немесе осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Күн тәртібінде, «әр түрлі», «өзге», «басқалары» деген сөздерді қоса алғанда, жалпылама ұғымдағы тұжырымдамаларды және осыларға ұқсас тұжырымдамаларды пайдалануға тыйым салынады.»;
18) 44-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) қоғамға аффилиирленгені туралы мәліметтер;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қоғамның директорлар кеңесін (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін) сайлау туралы мәселе енгізілген жағдайда материалдарда мыналар: директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылып отырған кандидат қандай акционердің өкілі болып табылатындығы және (немесе) ол қоғамның тәуелсіз директоры лауазымына кандидат болып табылатын-табылмайтындығы көрсетілуге тиіс.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар акционерлер танысуы үшін қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде жиналыс өткізілетін күннен он күн бұрын дайын әрі қол жетімді болуға тиіс, ал акционердің сауал салуы болған кезде - сауал салу алынғаннан кейін оған үш жұмыс күні ішінде жіберілуге тиіс, егер жарғыда өзгеше көзделмесе, құжаттар көшірмелерін жасауға және құжаттарды жеткізуге кеткен шығыстар акционерге жүктеледі.»;
19) 49-баптың 2-тармағында «Қоғамның» деген сөз «Жария компанияларды қоспағанда, қоғамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 52-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жалпы жиналыста қоғамның директорлар кеңесін (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін) сайлау туралы мәселе қаралған жағдайда жалпы жиналыстың хаттамасында: директорлар кеңесінің сайланған мүшесі қандай акционердің өкілі болып табылатыны және (немесе) директорлар кеңесінің сайланған мүшелерінің қайсысы тәуелсіз директор болып табылатыны көрсетіледі.»;
21) 53-баптың 2-тармағында:
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) корпоративтік хатшыны тағайындау, оның өкілеттік мерзімін айқындау, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысы мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) аудиторлық ұйымның, сондай-ақ қоғамның акцияларын төлеуге берілген не ірі мәміле нысанасы болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау жөніндегі бағалаушының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау;»;
13) тармақшадағы «бекіту (бұған қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында атқарушы орган қабылдайтын құжаттар қосылмайды)» деген сөздер «(бұған қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында атқарушы орган қабылдайтын құжаттар қосылмайды), оның ішінде аукциондар өткізу және қоғамның бағалы қағаздарына қол қою шарттары мен тәртібін белгілейтін ішкі құжатты бекіту» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) қоғамның басқа заңды тұлғалардың акцияларының он және одан да көп процентін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сатып алу туралы шешімдерін қабылдау, сондай-ақ олардың қызметі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;»;
17) тармақшадағы «бұрынғы тіркеушімен» деген сөздер «қоғамның бұрынғы тіркеушісімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) мынадай мазмұндағы 53-1-баппен толықтырылсын:
«53-1-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері
1. Директорлар кеңесінің неғұрлым маңызды мәселелерін қарау және ұсынымдарын дайындау үшін жария компанияларда:
1) стратегиялық жоспарлау;
2) кадрлар және сыйақылар;
3) ішкі аудит;
4) әлеуметтік мәселелер;
5) қоғамның ішкі құжатында көзделген өзге мәселелер бойынша директорлар кеңесінің комитеттері құрылады, ал өзге қоғамдарда құрылуы мүмкін.
2. Директорлар кеңесінің комитеттері директорлар кеңесінің мүшелерінен және нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби білімі бар сарапшылардан тұрады.
Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды.
3. Директорлар кеңесі комитеттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі, сондай-ақ олардың сандық құрамы директорлар кеңесі бекітетін қоғамның ішкі құжатымен белгіленеді.»;
23) 57-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Директорлар кеңесінің отырысын өткізу туралы директорлар кеңесінің мүшелеріне хабарлама жіберу тәртібін - директорлар кеңесі, ал «алтын акция» иесіне хабарлама жіберу тәртібін қоғамның жарғысы айқындайды.»;
24) 58-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Жария компанияның директорлар кеңесінің отырысына міндетті түрде тәуелсіз директорлардың жалпы санының жартысынан кем емес мөлшерде тәуелсіз директорлар ұсынылуға тиіс.»;
25) 59-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Атқарушы органның басшысы не қоғамның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын адам атқарушы орган басшысының не басқа заңды тұлғаның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын адамның лауазымын атқаруға құқығы жоқ.»;
26) 62-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) егер қоғамның ішкі құжаттарында өзгеше белгіленбесе, қоғамның қызметі туралы ақпараттың құпиялылығын, оның ішінде қоғамдағы жұмыс тоқтатылған сәттен бастап үш жылдың ішінде сақтауға тиіс.»;
27) 63-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«63-бап. Қоғамның лауазымды адамдарының жауапкершілігі
1. Қоғамның лауазымды адамдары өздерінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) келтірілген зиян үшін, оның ішінде:
1) қателесуге әкеліп соқтыратын ақпарат немесе көрінеу жалған ақпарат берудің;
2) осы Заңда белгіленген ақпарат беру тәртібін бұзудың нәтижесінде келтірілген зиян үшін қоғам мен акционерлер алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде олардың қоғамға келтірген зиянын не залалын лауазымды тұлғаға өтету туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
3. Қоғамның не акционердің залалға ұшырауына әкеп соқтырған қоғамның органы қабылдаған шешімге қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге қатыспаған жағдайда қоғамның лауазымды тұлғалары жауапкершіліктен босатылады.»;
28) 64-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшада «лауазымды тұлғасы» деген сөздердің алдынан «, тәуелсіз директорды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада:
«қоғамның немесе» деген сөздерден кейін «, тәуелсіз директорды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың ережелері коммерциялық емес ұйым болып табылатын қоғамдарға және кредиттік бюроларға қолданылмайды.
Мыналар:
1) коммерциялық емес ұйымның немесе кредиттік бюроның ірі акционерлері (қатысушылары) болып табылатын тұлғалар;
2) іс-әрекетке қабілетсіз және іс-әрекетке қабілеті шектеулі тұлғалар аффилиирленген тұлғалар болып табылмайды.»;
29) 79-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жария компания осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты корпоративтік веб-сайтқа орналастыруға міндетті.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қоғам қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие қоғам қызметкерлерінің тізімін міндетті түрде жүргізуді қамтамасыз етеді.»;
30) 80-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінің 14) тармақшасындағы «хаттамалары сақталуға тиіс.» деген сөздер «хаттамалары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) бар болған жағдайда, корпоративтік басқару кодексі сақталуға тиіс.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қоғамның қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпарат қамтылған бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және айырбастаудың жекелеген мәселелерін регламенттейтін құжаттар оның талабы бойынша танысу үшін акционерге берілуге тиіс.»;
31) 86-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Акциялар шығарылымының күші жойылған күні қоғамның тіркеушісі жасаған акционерлер тізіміне енгізілген тұлғалар акционерлік қоғамнан қайта құрылған жаңа заңды тұлғаның қатысушылары болады.».
16. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мінсіз іскерлік бедел - кәсіби білікті, адалдығын растайтын факторлардың болуы, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін немесе ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы;»;
23), 25) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26-2) және 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-2) инсайдер - эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының басқару органдарына мүше болуына, эмитентпен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық шартын жасауына, оған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға;
26-3) инсайдерлік ақпарат - эмиссиялық бағалы қағаздар және олармен жасалған мәмілелер туралы, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың эмитенті және ол жүзеге асыратын қызмет туралы үшінші тұлғаларға белгісіз, жария етілуі негізгі активтері осы бағалы қағаздар болып табылатын осы бағалы қағаздардың немесе туынды бағалы қағаздардың рыноктағы бағасына елеулі түрде әсер етуі мүмкін кез келген ақпарат;»;
31) тармақша алып тасталсын;
81) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жіберілген» деген сөздер «халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен айқындалған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағында:
18) және 20) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қалпына келтірудің шарттары мен тәртібін айқындайды;»;
3) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Уәкілетті орган қолданатын ықпал етудің шектеулі
шаралары және санкциялар
1. Уәкілетті орган пруденциалдық нормативтердің және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің бұзылғандығын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғандығын тапқан, бағалы қағаздар рыногының субъектілері лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногының субъектілеріне ықпал етудің мынадай шектеулі шараларының бірін қолдануға:
1) анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою жөнінде орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;
2) акционерлер алдына бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің басшы қызметкерлерін қызметінен шеттету туралы мәселе қоюға;
3) міндеттеме-хат талап етуге;
4) бағалы қағаздар рыногының субъектісімен жазбаша келісім жасауға құқылы.
2. Бағалы қағаздар рыногы субъектісінің міндеттеме-хатында орын алған кемшіліктерді мойындау фактісі және бағалы қағаздар рыногы субъектісі басшылығының оларды қатаң айқындалған мерзімдерде жою және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмау жөніндегі кепілдігі болуға тиіс.
3. Жазбаша келісім - бұл бағалы қағаздар рыногының субъектісі мен уәкілетті органның арасындағы анықталған кемшіліктерді шұғыл жою қажеттігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту жөніндегі келісім.
4. Жазбаша нұсқама - бағалы қағаздар рыногының субъектісіне белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған, орындалуға міндетті түзету шараларын қабылдау туралы нұсқау.
Сотта уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану оның орындалуын тоқтатпайды.
5. Бағалы қағаздар рыногының субъектісі міндеттеме-хаттың, жазбаша нұсқаманың немесе жазбаша келісімнің осы құжатта көрсетілген мерзімде орындалғандығы туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
6. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
7. Уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногының субъектісіне оған бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы.
8. Уәкілетті орган санкция ретінде мынадай шаралар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұл салуға және оны өндіртіп алуға;
2) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;
3) лицензиядан айыруға;
4) бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің басқарушы қызметкерлерін тағайындауға уәкілетті органның келісімін қайтарып алуға құқылы.»;
4) 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
5) 9-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) эмитенттің жарғылық капиталындағы үлестің он және одан да көп процентіне иелік ететін ірі акционерлері және (немесе) қатысушылары туралы;»;
2-тармақта:
бірінші бөлікте «(Эмитенттің)» деген сөз «Қоғам оларды сатып алу кезіндегі акциялардың құнын айқындау әдістемесі, сондай-ақ эмитенттің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі болмаған жағдайда ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымына дейінгі кезеңде қоғам уәкілетті органға аяқталған соңғы жылдың алдындағы екі жылдың қаржылық есептілігін және аталған кезеңдегі қаржылық есептілігінің аудиторлық есебін ұсынады (аяқталған қаржылық жылдың аудиттік есебін және қаржылық есептілігін қоғам жылдық қаржылық есептілікті акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады).»;
6) 11-баптың 7-тармағында «барлық жарияланған акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті (есептерді)» деген сөздер «қоғам құрылтайшыларының акцияларды төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалғанын растайтын жарияланған акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 14-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмитент мынадай талаптарды сақтаған жағдайда ғана:»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған күні міндеттемелерді орындамау фактілері болмаған;»;
8) 22-баптың 3-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аукциондар немесе жазылуды өткізу шарттары мен тәртібі эмитенттің ішкі құжаттарымен белгіленеді және ол орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға ниеті бар инвесторларға қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.»;
9) 22-1-бапта:
1-тармақта:
4) тармақшасының бірінші абзацындағы «акцияларды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен шығарылатын және базалық активтері осы акционерлік қоғамның акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан өзге де заңды тұлғалар осы Заңның мақсатында Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары болып танылады.
Заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін негізгі басқару және қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау жүзеге асырылатын орын тиімді басқару орны (нақты басқару органы) болып танылады.»;
10) 23-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын;
11) 25-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «бұзылған жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға» деген сөздер «бұзылған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілері болған жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
12) 30-бапта:
1-тармақтағы «таратылуына байланысты, не» деген сөздерден кейін «осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Уәкілетті орган акциялар шығарылымын жою туралы шешімді эмитентке, тіркеушіге және орталық депозитарийге жібереді. Жарияланған акциялар шығарылымының жойылуына байланысты эмитенттің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерін тіркеуді тоқтату тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.»;
13) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:
«30-1-бап. Облигациялар шығарылымын жою
1. Облигациялар шығарылымын жою туралы шешімді уәкілетті орган облигациялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдаған эмитент органының шешімі негізінде осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған жағдайда қабылдайды.