4-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) банктің қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандыру жоспарын;
3-2) растайтын құжаттар көшірмелері қоса тіркелген мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
3-3) жеке тұлға тұратын елдің салық органдары немесе өзге де уәкілетті тұлғалары растаған кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді;
4) тармақшадағы «, сотталғандығының бар-жоғы туралы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақта:
2) тармақшадағы «1)-3)» деген цифрлар «1), 2), 3) және 3-1)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) өзінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;»;
4) тармақшадағы «, сотталғандығының бар-жоғы туралы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақта:
1) тармақшада:
«1)-3)» деген цифрлар «1), 2), 3) және 3-1)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«3)-6)» деген цифрлар «2-1), 3), 4), 5) және 6)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «тізбесін» деген сөздің алдынан, осы баптың 1-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақта:
оныншы абзац «тұлғада» деген сөзден кейін «, осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы абзацтағы «болмауы негіз болып табылады.» деген сөздер «болмауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
«банктің қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі;
өтініш берушіде - жеке тұлғада, өтініш берушінің басшы қызметкерінде - заңды тұлғада мінсіз іскерлік беделдің болмауы негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Мынадай:
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
4) өз есебінен қоғамға аудиторлық ұйымның аудит өткізуі мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін банктің дауыс беруші акцияларының жиынтығы он және одан да көп проценті өздеріне тиесілі акционерлер банктің ірі қатысушылары болып табылмайды.»;
18-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі банк акциялары санының банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасы ұлғаю жағына қарай өзгерген жағдайда банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс.»;
8) 20-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;»;
4-тармақта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасындағы «тәуелсіз директоры,» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «Тәуелсіз директорды қоспағанда, директорлар» деген сөздер «Директорлар» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «қолдану негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.» деген сөздер «қолдану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) уәкілетті органның осы бапта аталған адамдарды банктің аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде қызметтік міндеттерді орындаудан шеттету негіздері бойынша кері шақыртып алуға құқылы.»;
9) 29-бапта:
2, 8, 11, 13 және 14-тармақтардағы «он төрт» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақта:
2) тармақшада «тіркелген күннің» деген сөздерден кейін «және филиал туралы ережеде банктің жұмыс істеп тұрған филиалының, оның ішінде бірнеше мекен-жайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлігіндегі қосымшалардың әділет органдарында тіркелген күнінің» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті органның филиал әділет органдарында есептік тіркелген күннің және филиал туралы ережеде банктің жұмыс істеп тұрған филиалының, оның ішінде бірнеше мекен-жайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлігіндегі қосымшалардың әділет органдарында тіркелген күнінің алдындағы үш ай ішінде банкке осы Заңның 47-бабы 2-тармағының б)-з) тармақшаларында көзделген санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 168-2-бабының 2, 3, 5, 7 және 8 бөліктерінде және 356-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза түріндегі санкцияларды қолданбауы;»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Банк - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының ақпарат алмасу туралы келісімі болған жағдайда ғана филиал ашуға құқылы.»;
10) 31-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Банктердің кредит беру жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібі және қажетті құжаттар тізілімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.»;
11) 32-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
12) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Ставкалар мен тарифтер
1. Сыйақылар мен комиссиялардың ставкаларын, сондай-ақ банк қызметі көрсетілгені үшін тарифтерді банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар дербес белгілейді.
2. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тәртібін уәкілетті орган белгілейтін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелетін сыйақы ставкаларын клиенттермен жасалған шарттарда, сондай-ақ қаржылық қызмет бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде көрсетуге міндетті.
Аталған талаптар сақталмаған жағдайда уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.»;
13) 42-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Банк немесе банк конгломератының қатысушысы уәкілетті органның қаржы және (немесе) өзге де есептілік деректерін түзету жөнінде жазбаша нұсқамада көрсетілген талаптарын орындамаған жағдайда, пруденциалдық нормативтердің және басқа міндетті нормалар мен лимиттердің есебін уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.»;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «холдингі» деген сөзден кейін «, банктің ірі қатысушысы - банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған (банктің артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес проценттен астамын тікелей немесе жанама иеленуші жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 46-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы бапта келтірілген шаралар, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына қатысты, олар осы Заң талаптарын бұзған жағдайларда, сондай-ақ егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі банктің қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаған жағдайда қолданылуы мүмкін.»;
15) 47-бапта:
2-тармақта:
д) тармақшасындағы «және осы Заңның 48-бабы 1-тармағының г) тармақшасында көзделген негіздемелер бар болса,» деген сөздер алып тасталсын;
е) тармақшасында:
«осы мәселені банктің тиісті органы қарағанға дейін,» деген сөздер алып тасталсын;
«осы» деген сөздің алдынан «банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін бір мезгілде кері қайтарып ала отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 47-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «банк холдингтеріне» деген сөздерден кейін «және банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін банктің ірі қатысушыларына - жеке тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 48-бапта:
1-тармақтың м-1) тармақшасында «банк холдингінің» деген сөздерден кейін «банктің дауыс беретін және (немесе) орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес процентінен астамын тікелей және жанама иеленетін, банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық Банктің немесе уәкілетті органның барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімдеріне шағым жасауы аталған шешімдерді орындауды тоқтата тұрмайды.»;
18) 50-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Банк құпиясы бар ақпараттар ақпараттарды алмасу көзделетін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде беріледі.»;
19) 54-1-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Есептілікті ұсынудың тәртібі және нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі растайтын құжаттарды тіркей отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді ұсынады.»;
20) 65-баптың 1-тармағының а) және в) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«а) осы банк эмитенті болып табылатын банк акционерлерінің акцияларды пайдалану мен билік ету жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;»;
«в) банкті басқару жөніндегі барлық өкілеттік, сондай-ақ осы банк эмитенті болып табылатын банк акционерлерінің акцияларды пайдалану жөніндегі құқықтары уақытша әкімшілікке (уақытша басқарушыға) көшеді;»;
21) 10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер»;
22) мынадай мазмұндағы 76-1-баппен толықтырылсын:
«76-1-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заңның 57-бабы 1-1-тармағы үшінші бөлігінің талаптары 2005 және 2006 жылдардың қорытындылары бойынша банк конгломераты қатысушыларына аудитті жүзеге асыруда қолданылмайды.».
8. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат):
5-3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Ипотекалық ұйымдар уәкілетті органның қаржылық және (немесе) өзге де есептілігіндегі деректерді түзету бойынша жазбаша нұсқамасында көрсетілген талаптарын орындамаған жағдайда уәкілетті орган пруденциалдық нормативтерді есептеуді олардың түзетілген есептілігі негізінде жүзеге асырады.».
9. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мінсіз іскерлік бедел - кәсібилікті, адалдықты, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар немесе ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың жоқ екендігін растайтын фактілердің болуы;»;
15-4) тармақшада:
бірінші абзацтағы «(мемлекет осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды» деген сөздермен толықтырылсын;
«процентімен» деген сөздің алдынан «дауыс беретін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-5) тармақшамен толықтырылсын:
«15-5) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін иелену (олармен дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;»;
2) 35-баптың 2, 8 және 9-тармақтарындағы «он төрт» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 36-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан да көп процентін тікелей иеленетін немесе ең аз талап етілетін рейтингі бар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан да көп процентпен дауыс беру мүмкіндігі бар ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін жанама иеленуді немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентімен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын өздеріне меншік құқығымен тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде төлейді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан да көп проценті жиынтығымен тиесілі және мынадай:
1) акционерлердің жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізу;
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
4) өз есебінен қоғамның аудитін аудиторлық ұйымның жүргізуі мәселелері бойынша олардың шешім қабылдауын көздейтін өздерінің арасында жасалған келісімнің негізінде әрекет ететін акционерлер жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы болып табылмайды.»;
4-тармақ:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы нашарлауы ықтимал жағдайларында осы қордың қайта капиталдандыру жоспарын;
3-2) растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
3-3) жеке тұлға тұратын елдің салық органдары немесе өзге де уәкілетті тұлғалары куәландырған кірістері мен мүліктері туралы мәліметтерді;»;
4) тармақшадағы «сондай-ақ сотталғандығы бар-жоғы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғандығы туралы» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақта:
2) тармақшадағы «1)-3)» деген цифрлар «1), 2), 3) және 3-1)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;»;
4) тармақшада «сондай-ақ сотталғандығы бар-жоғы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қаржы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғандығы туралы» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақта:
1) тармақшадағы «1)-3)» деген цифрлар «1), 2), 3) және 3-1)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«3)-6)» деген цифрлар «2-1), 3), 4), 5) және 6)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «тізбесін» деген сөздің алдынан «осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысына тиесілі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының санына проценттік қатынасының ұлғаю жағына өзгеруі жағдайында, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері туралы ақпарат ұсынуға тиіс.»;
4) 36-2-бапта:
1-тармақта:
10) тармақша «тізбесін» деген сөздің алдынан «осы Заңның 36-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшадағы «болмауы негіз болып табылады.» деген сөздер «болмауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ұсынылған қайта капиталдандыру жоспарының тиімсіздігі;
12) өтініш беруші - жеке тұлғада, өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы негіз болып табылады.»;
5) 40-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«1. Жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті түрде мынадай алқалы органдарды қалыптастырады:
1) директорлар кеңесі - басқару органы;
2) басқарма - атқарушы орган;
3) ішкі аудит қызметі - бақылаушы орган.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;»;
4-тармақта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасындағы «тәуелсіз директоры,» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «Тәуелсіз директорды қоспағанда, директорлар» деген сөздер «Директорлар» деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақша «басшы қызметкерге» деген сөздерден кейін «және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорына» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «қолдану негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.» деген сөздер «қолдану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.»;
6) 41-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарды орындамаған кезде, пруденциалдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өздері түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.»;
7) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. Уәкілетті орган қолданатын ықпал етудің шектеулі
шаралары және санкциялар
1. Уәкілетті орган пруденциалдық нормативтердің және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттердің бұзылғандығын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғандығын тапқан, жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздіктері анықталған жағдайларда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына ықпал жасаудың мынадай шектеулі шараларының бірін қолдануға:
1) анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою жөнінде орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін қызметінен шеттету туралы акционерлер алдында мәселе қоюға;
3) міндеттеме-хат талап етуге;
4) жинақтаушы зейнетақы қорымен жазбаша келісім жасауға құқылы.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттеме-хатында орын алған кемшіліктерді мойындау фактісі және жинақтаушы зейнетақы қоры басшыларының оларды қатаң белгіленген мерзімде жою және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмау жөнінде кепілдігі қамтылуға тиіс.
3. Жазбаша келісім - бұл анықталған кемшіліктерді дереу жою қажеттігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту жөнінде жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкілетті орган арасындағы келісім.
4. Жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттеме-хаттың немесе жазбаша келісімнің осы құжатта көрсетілген мерзімде орындалғандығы жөнінде уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
5. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
6. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорына оған бұрын қолданған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы.
7. Уәкілетті орган санкция ретінде мынадай шаралар қолдануға:
1) Осы Заңның 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5 және 42-6-баптарында белгіленген негіздемелер бойынша және тәртіппен консервациялау енгізуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұл салуға және өндіртіп алуға;
3) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға не одан айыруға;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіндігін тану үшін жеткілікті деректердің негізінде, сонымен бір мезгілде жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 40-бабында көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
8. Уәкілетті орган мынадай негіздемелердің кез-келгені бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы:
1) негіздемесі бойынша лицензия берілген ақпараттың дәйексіздігі;
2) лицензия берілген сәттен бастап жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің басталуын бір жылдан астам уақытқа кешіктіруі;
3) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша міндеттемелерін жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы;
4) уәкілетті орган белгілеген нормативтерді және жинақтаушы зейнетақы қоры орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) бұзуы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерін жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) бұзуы не уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы;
6) жүргізілген аудит туралы аудиторлық ұйымдардың есебінде көрсетілген бұзушылықтарды жинақтаушы зейнетақы қорының осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзімде жоймауы;
7) есептілік пен мәліметтер бермеу немесе қасақана дәйексіз
есептілік пен мәліметтер беру.
9. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыру және бұрын тартылған салымшыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру құқығын сақтай отырып, жаңа салымшыларды тартуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметін жүзеге асыруына тыйым салуға әкеп соғады.
10. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметіне берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы уәкілетті орган қабылдаған шешімді жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарлама жариялау арқылы он күн ішінде салымшылар мен алушыларды хабардар етеді.