Егер бюджетті әзірлеу немесе нақтылау кезінде орта мерзімді фискалдық саясаттың негізгі бағыттары түзетілетін болса, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Yкiмeтi ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейiн бекiтедi және ол мiндеттi түрде жариялануға жатады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары ағымдағы жылдың 1 қазанына дейiн бекiтедi және ол мiндеттi түрде жариялануға жатады.
4. Орта мерзiмдi фискалдық саясатты әзiрлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
71-бап. Заттай нормалар
1. Заттай нормалар - қажеттi материалдық немесе материалдық емес игiлiктердi тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткiштерi. Заттай нормаларды қолдану бюджеттi жоспарлау мен атқару кезiнде мiндеттi болып табылады.
2. Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. Орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджеттiң және республиканың, әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
12-тарау. Бюджеттер жобаларын әзірлеу
72-бап. Бюджет түсiмдерiн болжау
1. Бюджет түсiмдерiн болжауды республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары және алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясат негiзiнде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құны түріндегі бюджетке түсiмдердi көрсетуге өтеусiз техникалық көмек түріндегі байланысты гранттар алған кезде ғана, сондай-ақ тек Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделген жағдайларда жол берiледi.
Бұл ретте шығыстарда бюджеттік бағдарлама алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құнына тең көлемде көзделуге тиiс.
3. Бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
4. Бюджет түсiмдерiнiң алдағы қаржы жылына арналған болжамды көрсеткiштерiн бюджет комиссиясы қарап, мақұлдайды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 73-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара)
73-бап. Шығыстар лимиттерін және басым бюджеттік бағдарламалар
(ішкі бағдарламалар) тізбесін айқындау
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар орта мерзімді фискалдық саясат негізінде:
1) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін;
2) басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесін қалыптастырады.
Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысанда өткен жылғы есептік деректер мен ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер көрсетілетін бюджеттік бағдарламалардан қалыптастырылады.
Жоспарланатын кезеңнің бірінші жылында іске асырылуы басталатын, басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесіне енгізілетін бюджеттік бағдарламалар сонымен қатар мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
1) мемлекеттік функцияларға сәйкес келу;
2) мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға сәйкес келу;
3) орта мерзімді фискалдық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келу;
4) бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) үшін техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының оң қорытындысы болуы.
2. Бюджет шығыстарының лимиттерін бюджет комиссиясы қарайды және мақұлдайды.
3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі мен республикалық және жергілікті бюджеттер шығыстарының лимиттерін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізеді.
74-бап. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік өтiнiмдер жасауы
1. Бюджеттік өтiнiм бюджетті әзiрлеу кезiнде бюджеттік бағдарламалардың қажеттiгiн негiздеу және оларды қаржыландыру сомаларын айқындау үшiн алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арнап бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi жыл сайын жасап, табыс ететiн құжаттар жиынтығы болып табылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара)
2. Бюджеттік өтiнiм:
бiрыңғай бюджет сыныптамасы;
бюджет шығыстарының лимиттерi;
өткен қаржы жылы бюджеттік комиссия мақұлдаған үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтiнiм;
республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары және орта мерзiмдi фискалдық саясат;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және уәкілетті органдар жеткізген басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесі;
бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасы;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жүргізген, жоспарланатын қаржы жылына ауысатын бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау нәтижелері негізінде жасалады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара)
3. Осы Кодексте көзделген бюджетті нақтылау жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жыл сайын тек қана бір бюджеттік өтінім жасайды.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі:
1) бюджет шығыстарының жеткізілген лимиттері шеңберінде бюджеттік бағдарлама паспорты жобасының мақсаттарын, міндеттерін, іс-шараларын, күтілетін нәтижелерін, индикаторларын нақтылайды;
2) бюджет шығыстарының жеткізілген лимиттері шеңберінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткіштерді көрсете отырып, олар бойынша шығыстар сомасын айқындайды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара)
4. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттік өтiнiмi:
1) басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) тізбесін;
2) бюджеттік бағдарламаға түсiндiрме жазбаны;
3) бюджеттік бағдарламаны іске асыру кезеңіне қарай, үш жылдық кезеңге арналған нақтыланған мақсаттары, міндеттері, іс-шаралары, орындалу мерзімі, күтілетін нәтижелері, индикаторлары бар бюджеттік бағдарлама паспортының жобасын;
4) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүргізген, жоспарланатын қаржы жылына ауыстырылатын бюджеттік бағдарламаның тиімділігін бағалау нәтижелерін;
5) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
6) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпаратты;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
6-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпаратты;";
7) бюджеттік өтiнiмге енгiзiлген бюджеттік бағдарлама (iшкi бағдарлама) бойынша шығыстар есептерiн;
8) басқа да ақпаратты қамтиды.
Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатудан түскен өздерiнiң иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен шығыстарының тиiстi қаржы жылына арналған болжамы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жасалып, бюджеттік өтiнiммен бiрге табыс етiледi.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі алдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 1 маусымына дейін табыс етеді.
5. 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаға түсiндiрме жазба жоспарланып отырған бюджеттік бағдарламаның қысқаша сипаттамасын айқындайды, оның мәнiн, республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қажеттiгi мен рөлiн ашып көрсетедi, өткен жылғы бюджеттік өтiнiмнен ауытқу себептерiн көрсетедi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7 тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарлама паспортының жобасы бюджеттік бағдарламаның мақсаттарын, нормативтік-құқықтық негізін, міндеттерін, іс-шараларын, жауапты орындаушыларын, орындалу мерзімдерін, ұлттық валютамен көрсетілген құнын, қаржыландыру көздерін, күтілетін нәтижелерді, индикаторларды айқындайтын құжат болып табылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8. Субсидиялауға жіберілетін шығындарды қоспағанда, бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) бойынша шығыстардың есебі бюджеттік бағдарламалардың нормативтік, сандық, құндық көрсеткіштері және бекітілген заттай нормалар негізінде жүзеге асырылады.
Бюджеттік субсидиялардың мөлшері жеке, заңды тұлғалар және шаруа (фермер) қожалықтары өз қаражаты есебінен жабатын құнды алып тастағанда, жеке, заңды тұлғалардың және шаруа (фермер) қожалықтары қызметінің құнын жабуға бағытталатын сома ретінде айқындалды.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімнің есептеулер негізінде жасалуына және олардың дұрыстығына жауапты болады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
8-1. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік өтінімді шығыстар лимиті шегінде енгізуге міндетті.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының (ішкі бағдарламаларының) жалпы құны шығыстар лимиттерінен асып түскен жағдайда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімнің құрамында:
бекітілген мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларды, соның ішінде олардың іс-шаралар жоспарларын;
заттай нормаларды;
бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) сандық және құндық көрсеткіштерін өзгерту жөнінде негізделген ұсыныстарды табыс етеді.
9. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік кредит беру арқылы iске асыруды ұсынған жағдайда, осы бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтiнiм мынадай құжаттарды, соның iшiнде инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындау мен iрiктеу кезiнде қалыптастырылған құжаттарды:
1) бюджеттік кредит берудiң мақсатына, принциптерiне, өлшемдерiне, бағыттарына бюджеттік бағдарламаның сәйкестiгi негiздемесiн қоса алғанда, бюджеттік бағдарламаны бюджеттік кредит беру арқылы iске асырудың мақсатқа сай екендiгiнiң негiздемесiн;
2) бюджеттік кредит беру объектiлерiне және (немесе) бағыттарына қажеттiлiк негiздемесiн;
3) бюджеттік кредиттер шарттарының негiздемесiн;
4) бюджеттік кредит беру өтелiмдiлiгiнiң есебiн;
5) жұмысқа тартылған жағдайда, сенім бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттердiң) көрсеткен қызметiне ақы төлеу мөлшерiнiң негiздемесiн қосымша қамтуға тиiс.
10. Бюджеттік өтiнiмдi жасау мен ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
75-бап. Бюджеттік өтiнiмдердi қарау
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік өтінімдерді қарап, оларға осы Кодекстің 35-бабының 3-тармағына сәйкес бағалау жүргізеді және солар бойынша тиісті қорытынды дайындайды.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік өтінімді қағазға түсіріп және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы электрондық құжат түрінде енгізуге міндетті.
Бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының оны жасау және табыс ету жөніндегі талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік өтінімді бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады.
Бюджеттік өтінім бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде болмаған және қағазға түсіріп берілген бюджеттік өтініммен сәйкес келмеген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оны қарамастан бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады.
2. Бюджеттік комиссия бюджеттік өтiнiмдер мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның қорытындысын қарап, олар бойынша шешiм қабылдайды.
3. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның арасындағы келiспеушiлiктердi бюджеттік комиссия қарайды.
4. Бюджеттік комиссия бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдағаннан кейiн бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi қосымша өтiнiмдердi ұсынуға құқылы емес.
76-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттік комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгiзедi.
2. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
3. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтiнiнде:
1) алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруiнiң, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемдерi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері;
3) жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемi;
4) республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн бюджеттік субвенциялар көлемi;
5) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң резервi мөлшерi;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердi орындау сомасы;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктер беру лимитi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;
8) үкiметтiк борыш лимитi;
9) басқа да ережелер болуға тиiс.
4. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасына:
1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасы қоса тiркеледi. Бұл ретте түсiмдер - санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерінің көлемі;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) тікелей салықтары (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын салықтарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының есебіне жатқызылатын шикі мұнай және газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын мұнай секторы кәсіпорындарының тізбесі;
4) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
5) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлiнген, республикалық бюджеттiң бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi;
6) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар тiзбесi;
7) басқа да деректер қоса тiркеледi.
5. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң бекітілетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi жалпы iшкi өнiмге ақшалай түрде және процентпен көрсетiледi.
6. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға табыс етедi.
7. Орталық мемлекеттік органдар жаңа қаржы жылы басталғанға дейiн алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, орындалуы бюджет қаражатының қосымша жұмсалуына әкеп соғатын қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерге талдау жүргiзедi және олардың күшiн жою, тоқтата тұру немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзiрлейдi.
77-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы қабылдаған шешiмдерi негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына енгiзедi.
2. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегiнен кешiктiрiлмей аяқталады.
3. Шешiм жобасының мәтiнiнде:
1) алдағы қаржы жылына арналған бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруiнiң, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемдерi;
2) облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiне берiлетiн бюджет субвенцияларының көлемдерi және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемдерi;
3) жергiлiктi атқарушы органның резервi мөлшерi;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының тиiстi қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша борыш лимитi;
5) басқа да ережелер болуға тиiс.
4. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi туралы шешiмнiң жобасына:
1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасы қоса тiркеледi. Бұл ретте түсiмдер санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлiнген, облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi;
3) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын, соның iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар тiзбесi;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiне түсетiн түсiмдер көлемi;
5) қаладағы әрбiр ауданның бюджеттік бағдарламалары;
6) басқа да деректер қоса тiркеледi.
5. Тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң бекітілетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi ақшалай түрде көрсетiледi.
6. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына қарауға табыс етедi.
78-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қабылдаған шешiмдер негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
2. Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрiлмей аяқталады.
3. Шешiм жобасының мәтiнiнде:
1) алдағы қаржы жылына арналған бюджет кiрiстерiнiң, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруiнiң, қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялары бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi пайдаланудың) көлемдерi;
2) жергiлiктi атқарушы органның резервi мөлшерi;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлары көлемi;
4) басқа да ережелер болуға тиiс.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы шешiмнiң жобасына:
1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасы қоса тiркеледi. Бұл ретте түсiмдер санаттар, сыныптар және iшкi сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомамен ұсынылады;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлiнген, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi;
3) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын, соның iшiнде тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң бекітілгенi туралы облыстық мәслихаттың шешiмiмен белгiленген бюджеттік бағдарламалар тiзбесi;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер көлемi;
5) әрбiр қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттік бағдарламалары;
6) басқа да деректер қоса тiркеледi.
5. Тиiстi қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң бекітілетiн тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi ақшалай түрде көрсетiледi.
6. Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган ағымдағы жылдың 15 қазанынан кешiктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына қарауға табыс етедi.
13-тарау. Бюджет жобасын қарау мен бекіту процесінің
негізгі ережелері
79-бап. Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер
1. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзедi.