1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы қаулысы жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейiн қабылданады.
Жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру жөніндегі қаулысы мәслихат жергiлiктi бюджеттi бекiткеннен кейiн екi апта мерзiмде қабылданады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру жөніндегі және жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру жөніндегі қаулылары бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды көздейдi.
Қаулыға мыналар қоса тiркеледi:
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) осы Кодексте белгiленген құрылым бойынша бекітілген республикалық немесе жергiлiктi бюджет. Бұл ретте түсiмдер ерекшелiктер деңгейiне дейiн ұсынылады, ал бюджеттік бағдарламалар ішкi бағдарламаларға бөлiнiп ұсынылады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану)" бөлiмi жалпы сомада берiледi;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;
2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыруға қажеттi басқа да деректер немесе көрсеткiштер, оларды анықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергiлiктi атқарушы органға жүктеледi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Республикалық бюджет нақтыланған жағдайда Қазақстан Республикасы Yкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру жөніндегі қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған күннен бастап он күн ішінде бекітіледі.
Жергілікті бюджет нақтыланған жағдайда мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде бекітіледі.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру жөніндегі қаулысын әзiрлеудi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бюджеттi атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдармен келiсе отырып, бюджеттi жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
94-бап. Бюджеттік бағдарламалар паспорттары
1. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын тиiстi қаржы жылына Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешiктiрмей бекiтедi.
Жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын тиiстi қаржы жылына жергiлiктi атқарушы орган мәслихат жергiлiктi бюджеттi бекiткеннен кейiн екi апта мерзiмде бекiтедi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың паспорттары бюджеттік өтiнiмнiң құрамында ұсынылған және бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік бағдарлама паспортының жобасы негізiнде, бюджеттi бекiткен (нақтылаған, түзеткен) кезде қабылданған шешiмдердi ескере отырып жасалады және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау үшін негіз болып табылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік бағдарлама паспортын жасаудың дұрыстығы үшін жауапты болады.
3. Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар:
1) бюджет нақтыланған;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) мемлекеттік функциялар мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне, бір мемлекеттік органнан екіншісіне немесе мемлекеттік емес секторға берілген;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) мақсаттар, міндеттер, іс-шаралар, жауапты орындаушылар, іске асыру мерзімдері, күтілетін нәтижелер мен индикаторлар өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру жөніндегі қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк тұрақтылығына қауiп төндiретiн жағдайды жою қажет болған;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
4) осы Кодекстің 108-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда енгізіледі.
4. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң паспорттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпиялардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, электрондық және (немесе) өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi түрде жариялануға жатады.
95-бап. Жылдық қаржыландыру жоспары
1. Жылдық қаржыландыру жоспары - бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттік бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) жылдық түсiмдер көлемiмен теңдестiрiлген жылдық қаржыландыру көлемдерiн айқындайтын құжат.
2. Жылдық қаржыландыру жоспарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтедi және ол бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға берiледi, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне жiберiледi.
3. Жылдық қаржыландыру жоспарын әзiрлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
18-тарау. Бюджеттің атқарылу процесі
96-бап. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы
1. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке түсетiн түсiмдердiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергіліктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiнде белгiленгеннен төмен болмайтындай мөлшерде толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шаралар кешенiн жүргiзу болып табылады.
2. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы:
1) түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа төлеудi және есепке алуды;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) осы Кодекске сәйкес түсiмдердi республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлудi;
3) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бюджеттен түсiмдер сомасын қайтаруды не оларды салық берешегiн өтеу есебiне есепке алуды қамтиды.
97-бап. Түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа төлеу және есепке алу
1. Бюджетке түсетiн түсiмдер ақшалай нысанда жүзеге асырылады және бiрыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес толық көлемде бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке алынады.
2. Бюджетке шетел валютасымен түсетiн түсiмдер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен есепке алынады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 98-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
98-бап. Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер мен
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлу
Түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әрбір жұмыс күні осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.
99-бап. Бюджеттен түсiмдер сомасын қайтару
Тиiстi бюджеттен түсiмдер сомасын қайтару не оларды салық берешегiн өтеу есебiне есепке алу Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
100-бап. Бюджеттiң шығыстар бойынша атқарылуы
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Бюджеттiң шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік бағдарламалар мақсатына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде не түзетілген бюджетте бекітілген сомалар шегінде уақтылы қол жеткізуге бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруы болып табылады.
2. Мыналар:
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын, бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасау және бекіту;
2) түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекіту;
3) мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауына рұқсаттар беру;
4) мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру бюджет шығыстарын атқарудың негізгі кезеңдері болып табылады. ;
6) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Бюджеттік қаражат есебiнен тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
101-бап. Бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары
1. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (ішкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауының және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша оларды атқару үшiн төлемдер төлеудi жүзеге асыруының ай сайынғы кестесiн айқындайтын құжаттар (бұдан әрi - бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары).
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi жеке қаржыландыру жоспарларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен әзiрлейдi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Жеке қаржыландыру жоспарларын мемлекеттік мекемелер әзірлейді және оларды бекітіп, бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын әзірлеу үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне береді.
3. Бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергілiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы қаулысына, жылдық қаржыландыру жоспарына, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттік өтiнiмiне, бюджеттік бағдарлама паспортына, бiрыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес әзiрленедi.
4. Бюджеттік бағдарламаны (iшкi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарлары түсiмдер мен қаржыландырудың тиiстi жиынтық жоспарларын қалыптастыру үшiн пайдаланылады.
5. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша төлемдердi жүзеге асырудың ай сайынғы кестесiне бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң келісімi бойынша түсiмдердiң болжамды көлемдерiн ескере отырып өзгерістер енгізуге құқылы.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны (iшкi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларын түсімдердің жиынтық жоспары мен жеке қаржыландыру жоспарлары бекітілгеннен кейiн бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бекiтедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жеке қаржыландыру жоспарларын бекітуді қамтамасыз етеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша, ал бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) тұрғысынан айларға бөлінген төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен бюджеттік бағдарламаны (iшкi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарына бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру туралы қаулыларымен бекітілген жылдық сома шегiнде өзгерістер енгізуге құқығы бар.
Бұл ретте:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері:
бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес келу;
бюджеттік бағдарламаның паспортында көзделген іс-шаралардың уақтылы әрі сапалы орындалуын және бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік мекемелер:
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қабылдайтын міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
жеке қаржыландыру жоспарларының бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына сәйкес келу талаптарын сақтауға тиіс.
102-бап. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары - бюджет түсiмдерiнiң бюджет сыныптамасы бойынша бюджетке түсетiн түсiмдердiң және бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) жоғары тұрған бюджеттен алынған, пайдаланылмаған нысаналы трансферттер шегеріліп тасталған бюджет қаражатының бос қалдықтарын ескере отырып, бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) деңгейіндегі төлемдер бойынша қаржыландырудың ай сайынғы теңдестiрiлген жоспарын айқындайтын құжат.
2. Түсiмдер және бюджеттік бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) бойынша жылдық сомалар түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бастапқы бекітілуi кезiнде жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес келуге тиiс.
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді
3. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы мен бюджетке төлемдер төлеудiң белгiленген мерзiмi, бюджетке өткен жылдары түскен түсiмдер қарқыны, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық қарқынын талдау және бағалы қағаздар рыногындағы сұраныс пен ұсыныс деңгейi, жасасылған кредиттiк шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келісімдердiң талаптары мен бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi әзiрлеген бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарлары негiзге алына отырып жасалады.
4. Мiндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының негiзiнде мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары жасалады.
5. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттi атқару жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жасап, бекiтедi.
6. Жылдық сомаларды қоса алғанда, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізудi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.
7. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті орган түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етедi.
103-бап. Рұқсаттар беру
1. Рұқсат - бюджет қаражатының көлемiн айқындайтын құжат, мемлекеттік мекемелер солардың шегiнде мiндеттемелер қабылдайды.
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалардың (ішкі бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарларына және міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес рұқсаттар береді.
3. Рұқсаттар ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн күшiнде болады.
4. Рұқсаттар беру нысаны мен тәртібін бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлейді.
104-бап. Мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ; 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Мемлекеттік мекемелер тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомаларға сәйкес берілген сомалар, рұқсаттар шегiнде ғана мiндеттемелер қабылдайды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда міндетті тіркелуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге асыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган олардың берілген рұқсаттар сомаларына сәйкестігін тексереді.
Іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламаларына байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында бекітілген сомалар шегінде бүкіл қолданылу мерзімі ішінде тіркелуі мүмкін.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының қолы және елтаңбалы мөрінің таңбасы бар мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерін) тіркеу туралы хабарлама бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда азаматтық-құқықтық мәмілелердің (міндеттемелердің) тіркелгенін растайтын құжат болып табылады.
Хабарламаның нысанын, оны ресімдеу, ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Бюджеттік қаражаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнетiн жағдайларды қоспағанда, ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанынан кейiн мемлекеттік мекемелер жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге жол берiлмейдi.
4. Мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
105-бап. Төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру
1. Алдын ала ақы төлеу нысанындағы төлемдердi қоспағанда, төлемдер растайтын құжаттардың негiзiнде мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша жүзеге асырылады. Бюджеттен төленетiн төлем сомасы мемлекеттік мекемелер мiндеттемелерiнiң сомасынан аспауға тиiс.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Растайтын құжаттар - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысының, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміленің шарттарына немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сай келетін тауарлар беру, жұмыстар орындау немесе қызметтер көрсету жөнінде қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының және бас бухгалтерінің қолы қойылған және олардың мөрімен расталған мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерін) тіркеу туралы хабарламалар және төлеуге берілетін шоттар.
Жеке және заңды тұлғалар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес шығарған тауарларды жеткізуді, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметтерді paстайтын дұрыстығы үшін мемлекеттік мекеме жауапты болады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ; 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Төлеуге берілетін шот - мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат, ол бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган үшін бюджет қаражатын алушының пайдасына төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруға негіз болып табылады.
Бюджеттен төленетін төлемдер мен аударымдар оларды жүргізу кезінде тиісті бюджеттегі қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығы шегінде жүзеге асырылады.
Төлеуге берілетін шоттардың нысанын, оларды ресімдеу, ұсыну, пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Төлем құжаттарын ресімдеу, ұсыну және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы заңнамасында белгіленеді.
4. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган төлемдер жүргiзген кезде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берiлген шоттар мен төлем құжаттарының:
1) бюджеттік бағдарламалар паспорттарына;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) экономикалық сыныптама жөніндегі міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарлары мен жеке қаржыландыру жоспарларына және бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) деңгейіндегі төлемдер және мемлекеттік мекемелердің тіркелген міндеттемелерінің сомалары бойынша қаржыландыру жоспарлары мен жеке қаржыландыру жоспарларына;
3) бiрыңғай бюджеттік сыныптамаға;
4) кредиттiк шарттардың, қарыз шарттарының, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмiлелер жөніндегі шарттардың талаптарына;
5) Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген өзге де ережелерге сәйкестiгiн тексеруден тұрады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ; 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Төлемдердi және аударымдарды жүзеге асырған кезде бюджеттік қаражаттың тиiстi сомасы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның нұсқауы негiзiнде бiрыңғай қазынашылық шоттан шығарылып, қабылданған мiндеттемелермен айқындалатын бюджеттік қаражатты алушының шотына есептеледi.
Бюджет қаражатын алушы тарапынан міндеттемелер толық орындалған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган төлемдер мен аударымдардың жүзеге асырылғанын растау үшін, жүргізілген төлемдер туралы деректер жазылған азаматтық-құқықтық мәмілелердің (міндеттемелердің) тіркелгені туралы хабарлама береді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 6 тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның инкассолық өкімдерді орындауы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Осы Кодекстiң талаптары және қабылдануы осы Кодексте көзделген, бюджеттiң атқарылу тәртібін айқындайтын басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптары бұзылған жағдайда бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган өзi жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердiң төлемдерiн тоқтата тұруға құқылы.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
8. Төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру әдiстерi Қазақстан Республикасының төлемдер және ақша аударымдары туралы, бюджеттiң атқарылуы жөніндегі заңдарымен немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен айқындалады.