Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:
1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмді жоспарын;
2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) шоғырландырылған бюджетті;
3) республикалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
4) республикалық бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен болжамдық есептердi;
5) соңғы есептiлiк күнгi жағдай бойынша мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың жайы туралы деректердi;
6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында негiзге алынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi.
2. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекітіледi.
3. Қазақстан Республикасының Парламентi ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президентi алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджеттi Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткенге дейiн қолданылады.
Алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрiлмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бiр бөлiгі көлемiнде бекітіледi.
Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей бекітілуге тиiс. Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескерiле отырып бекітіледi.
5. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
80-бап. Жергiлiктi бюджеттiң жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер
1. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 15 қазанынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгізедi.
Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа енгiзедi.
Жергiлiктi атқарушы орган алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде мынадай құжаттарды және материалдарды:
1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарын;
2) үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты;
3) жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
4) жергiлiктi бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен болжамдық есептердi;
5) алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет жобасында негiзге алынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi.
2. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей бекітіледi.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) алдағы қаржы жылына арналған бюджетi тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттi бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешiмiне қол қойылғаннан кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей бекітіледi.
3. Мәслихат осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмде алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмдi қабылдамаған жағдайда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары туралы шешiм шығаруға құқылы, ол жергiлiктi бюджеттi мәслихат бекiткенге дейiн қолданылады.
Алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрiлмей алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет жобасының төрттен бiр бөлiгi көлемiнде бекітіледi.
Жергiлiктi қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей бекітілуге тиiс.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiн бекіту туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр апта мерзiмде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға бекітілген жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiн, сондай-ақ тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың тiзбесiн табыс етедi.
6. Мәслихаттардың алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы қабылдаған шешiмдерi қосымшаларымен және жергiлiктi атқарушы органдардың алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған жергiлiктi қаржы жоспары туралы шешiмдерi қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
81-бап. Өкiлдi органдардың бюджет жобасын қарауының негізгі принциптерi
1. Өкiлдi органдар бюджет жобасын қараған кезде мынадай принциптердi:
1) негiздiлiк принципiн;
2) бюджеттiң теңдестiрiмдiлігін сақтау принципiн ұстанады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2. Негіздiлiк принципi депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары, тиiстi есептердi оларға қоса тiркей отырып, осы түзетулердi енгізудiң қажеттiгiн, олардың әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестiгiн жазбаша баяндаумен қатар жүруге тиiс екендiгiн бiлдiредi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Бюджеттiң теңдестiрiмдiлiгiн сақтау принципi депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгерiс пен толықтыру енгiзген кезде бюджет тапшылығының мөлшерiн бюджет жобасында белгiленген деңгейден асырмай сақтау үшiн түсiмдердiң қосымша көздерi не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиiс екендiгін бiлдiредi.
14-тарау. Қазақстан Республикасы Парламентінің Республика бюджет
жобасын қарау және бекіту процесі
82-бап. Республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау
1. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісi мен Сенатының жалпы отырыстарында талқылау Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.
2. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары жалпы отырыстарда алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi басшыларының сөздерiн тыңдауға құқылы.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
3. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi оқылымда қаралады.
Талқылау Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.
83-бап. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекіту
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi бекіту Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
15-тарау. Мәслихаттың жергілікті бюджет жобасын
қарау және бекіту процесі
84-бап. Жергiлiктi бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау
1. Жергiлiктi бюджет жобасы тиiстi мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.
2. Тиiстi мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерiнiң арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi тартылуы мүмкiн.
3. Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пiкiрлерiн ескере отырып, тиiстi негiздемелермен және есептермен қоса жергiлiктi бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар жасайды және оларды тиiстi мәслихат белгiлеген бас тұрақты комиссияға жiбередi.
4. Бас тұрақты комиссия тұрақты комиссиялардан түскен ұсыныстардың жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясына шығарады. Бұл ретте жинақтамаға тиiстi негiздемелерi мен есептерi бар ұсыныстар ғана енгiзiледi.
5. Тиiстi мәслихаттың сессиясында жергiлiктi бюджеттiң жобасын талқылау тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкімінiң немесе жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген адамның (адамдардың) тиiстi, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасы бойынша баяндамаларын, сондай-ақ мәслихат уәкiлеттiк берген адамдардың жергiлiктi бюджеттiң жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын қамтиды.
6. Мәслихат сессияда алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет бойынша жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi басшыларының сөздерiн тыңдауға құқылы.
85-бап. Мәслихаттың жергiлiктi бюджеттi бекітуi
Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекіту мәслихаттың шешiмiн қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
5-бөлім. Бюджеттердің атқарылуы мен нақтылануы
16-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер
86-бап. Бюджеттiң атқарылуы туралы жалпы ережелер
1. Бюджетке түсiмдердiң түсуiн, бюджеттік бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) жөніндегі iс-шаралар кешенiн орындау бюджеттiң атқарылуы болып табылады.
2. Бюджеттiң атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Бюджеттің атқарылуы кассалық негiзде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының Yкіметі республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын қамтамасыз етедi. Бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган осы Кодекске сәйкес жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы бойынша рәсімдерді жүзеге асырады.
87-бап. Бюджеттiң атқарылу принциптерi
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану принципi - бюджеттік бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiмен, нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалып, бюджеттік бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын іс-шаралардың өткізілуіне, күтілетін нәтижелер мен индикаторларға қол жеткізуге бюджет қаражатын пайдалану.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Уақтылылық принципі - түсімдерді республикалық және жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызу және бюджет қаражатын жеке қаржыландыру жоспарларына, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес пайдалану және бюджетке түсімдерді, сондай-ақ бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімде және тәртіппен оларды алушылар шоттарының есебіне жатқызу.
3. Бюджеттiң бiрқалыпты атқарылу принципi - қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемiнiң жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы iшiнде бiрқалыпты бөлу.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Кассаның бірыңғайлық принципі - барлық бюджет түсімдерін бірыңғай қазынашылық шот есебіне жатқызу және барлық көзделген шығыстарды бірыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған банк шоттарынан шетелдік валютаның түрлері бойынша бюджетке түсетін түсімдер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қайта айырбастауға өтінім берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта айырбасталуға және бірыңғай қазынашылық шот есебіне жатқызылуға тиіс.
Бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері кассаның бірыңғайлығы принципі негізінде атқарылады.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 88-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
88-бап. Бірыңғай қазынашылық шот
1. Бірыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін кассаның бірыңғайлығы принциптерінде жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылатын шот.
2. Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қаражат қалдықтарын қамтиды.
Қолма-қол ақшаның бақылау шоттары мынадай:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер мен республикалық және жергілікті бюджеттерден жүргізілген төлемдер;
2) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер мен олар бойынша жүргізілген төлемдер;
3) осы Кодекстің 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдері және Қазақстан Республикасы Yкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына жүргізілген аударымдар;
4) мемлекеттік мекемелерге демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер және олардың есебінен жүргізілген төлемдер;
5) жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік мекемеге алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, тікелей жеке немесе заңды тұлға қайтаруға не тиісті республикалық немесе жергілікті бюджеттерге берілуге тиіс болу-болмауына қарамастан, оларды номиналды түрінде қайтару талаптарымен беретін ақша бойынша операцияларын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес есепке алуға арналады.
Сайлауларды қаржыландыруға арналған шоттар - жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақшасының бақылау шотынан ерекшеленетін және Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлаған кезде сайлау іс-шараларын өткізу үшін шығыстар бойынша операцияларды есепке алуға арналған жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшасының бақылау шоты.
Сайлауларды қаржыландыруға арналған шоттарға республикалық бюджеттен қаражат аударуды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Сайлауларды қаржыландыруға арналған шоттардағы қаражатты жұмсауға аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының ғана құқығы бар.
Мемлекеттік мекеменің шоттары бюджеттік шығыстарды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде рұқсат етілген өзге де қаражатты есепке алуға арналған.
3. Шетел валютасымен түсетін түсімдер бойынша бюджеттік операцияларды жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетел валюталарының түрлері бойынша банк шотын ашады.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражатын банк шоттарында орналастыруға жол берілмейді.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 89-бап жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
89-бап. Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды)
іске асыруды қаржыландыру
1. Мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруы республикалық немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылады.
2. Ішкі істер органдарының бюджеттік бағдарламаларын (ішкі бағдарламаларын) қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруды республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.
Ішкі істер органдарының бюджеттік бағдарламаларын (ішкі бағдарламаларын) қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруды жергілікті бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.
Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) іске асыруды екі және одан көп жергілікті бюджеттерден қаржыландыруға жол берілмейді.
90-бап. Мемлекеттік мекемелердiң шоттары
1. Мемлекеттік мекемелердiң мынадай шоттары болуы мүмкiн:
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) бюджеттік шот - бірыңғай бюджеттік сыныптама кодтары мен мемлекеттік мекемелер кодтарын құрамдастыру, олар бойынша бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын шығыстар бойынша операцияларды есепке алу жүзеге асырылады;
2) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
5) бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоты үкiметтiк сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың аванстық төлемдерi арқылы жаңартылатын халықаралық қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде айтылған шетел валютасындағы шот. Арнайы шотты бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi үкiметтiк сыртқы қарыздың немесе байланысты гранттың есебiнен халықаралық қарыз шартына не байланысты грант туралы келісімге сәйкес тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) сатып алуға және бюджеттік инвестициялық жобаға немесе бағдарламаға әкiмшiлiк етуге шығарылған шығыстар үлесiнiң орнын толтыру үшiн ашады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына ұлттық валютамен төлемдердi жүзеге асыру үшiн екінші деңгейдегі банктерде ашылған шот;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты үкiметтiк сыртқы қарыздар есебiнен берiлген кредит бойынша негiзгi борышты өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшiн бюджеттік инвестициялық жобаны iске асыру кезеңiнде екінші деңгейдегі банктерде ашылатын шот;
8) шетел валютасымен операциялар жүргiзуге арналған шетел валютасындағы шот;
9) нысаналы қаржыландыру шоты - ерекше шығыстар жасауға ақшаны есепке алу және жұмсау үшiн республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемеге ашылатын шот.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2. Мемлекеттік мекемелердiң шоттары бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органда ғана ашылады. Осы Кодексте, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Үкiмет белгiлеген және Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген тәртiппен шоттар екiншi деңгейдегi банктерде ашылуы мүмкiн.
91-бап. Бюджет қаражатының қалдықтары
1. Бюджет қаражатының қалдықтары - есептiлiк кезеңiнiң аяғындағы жағдай бойынша пайдаланылмай қалған бюджет қаражаттары.
2. Уақытша бос бюджет ақшасы - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде пайдаланылмаған, бiрыңғай қазынашылық шотта жатқан бюджет қаражаттары.
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң уақытша бос бюджеттік ақшасын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттерге орналастыра алады. Уақытша бос бюджет ақшасын депозиттерге орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
4. Бюджет қаражатының бос қалдықтары - өткен қаржы жылынан кейiнгi 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен қаржы жылындағы бюджеттiң атқарылу қорытындылары бойынша пайдаланылмай қалған бюджеттік қаражаттар.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілiктi бюджеттердiң бюджет қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алуға болмайды.
6. Бюджет қаражатының бос қалдықтары ағымдағы жылдың шығыстары бойынша жоспарлы жұмсалымдарды ұлғайтуға мынадай ретпен:
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) бюджеттік кредиттерді және пайдаланылмаған нысаналы трансферттердің сомаларын оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ағымдағы жылдың бюджетін түзету арқылы міндетті түрде қайтаруға;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) өткен жылғы бюджетте бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаны оның бекітілген жылдық көлемінің он процентінен аспайтын сомаға ағымдағы жылдың бюджетін Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыламай-ақ, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджетті түзету арқылы қаржыландыруды аяқтауға жұмсалуы мүмкін. Мұндай шығыстар ағымдағы жылдың шығыстары болып табылады;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыламай-ақ, республикалық немесе жергілікті бюджетті түзету арқылы алынған қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге;
3) ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтылай отырып, мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеуге;
4) ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтылай отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге;
5) ағымдағы жылдың бюджетiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтылай отырып, басқа да шығыстарға жұмсалуы мүмкін.
7. Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - бюджет қаражатының бос қалдықтары мен есептiлiк кезеңiнiң аяғындағы жағдай бойынша бюджет қаражаты қалдықтарының арасындағы айырма.
17-тарау. Бюджеттің атқарылу негізі
92-бап. Бюджеттiң атқарылу негiзi болып табылатын құжаттар
Мыналар:
1) осы Кодекс;
2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерi;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру жөніндегі қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердi атқару барысында ағымдағы жылы қабылдайтын шешiмдерi;
5) бюджеттік бағдарламалардың паспорттары;
6) жылдық қаржыландыру жоспары;
7) түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары;
2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) жеке қаржыландыру жоспарлары;
8) осы Кодекске сәйкес бюджеттi атқару тәртібін айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер бюджеттiң атқарылу негiзi болып табылады.
93-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру туралы қаулылары