2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Экономикалық
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 436-440-қосымшалар)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Мыналардың:
436, 437, 438, 439, 439-1, 440-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1085 Қаулысымен 436-қосымша өзгертілді
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
436-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
437-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
438-ҚОСЫМША
618 - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық
жүйені құру» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 314000 мың теңге (үш жүз он төрт миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1355 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес тиімділігін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану негізінде арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ашу, оның жолын кесу және тергеу бойынша қаржы полициясы органдары жедел-қызмет іс-әрекеттерінің процесін автоматтандыру; қаржы полициясы органдарының Қазақстан Республикасының басқа да органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру; ақпараттық қауіпсіздік жүйесімен бірге қаржы полициясы органдарының бірыңғай ақпараттық деректер банкін құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзімi | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйені құру | Қызмет көрсетулер мен жұмыстарды сатып алу, оның ішінде: 1. қолданбалы бағдарламалық оқытуды әзірлеу және шығару бойынша қызмет көрсету, ҚР ЭСЖҚА БААТЖ оқыту. 2. ҚР ЭСЖҚА БААТЖ мен ҚР БП ЕУСС КПССУ өзара іс қимыл модулін әзірлеу, енгізу, оқыту және шығару бойынша қызмет көрсету. 3. ҚР ЭСЖҚА БААТЖ мен "Заңды тұлғалар", "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорының өзара іс-қимыл модулін әзірлеу, ендіру, оқыту және шығару бойынша қызмет көрсету. 4. ҚР ЭСЖҚА БААТЖ мен ҚР Қаржыминінің СК өзара іс-қимыл модулін әзірлеу, енгізу, оқыту және шығару бойынша қызмет көрсету. 5. ҚР ЭСЖҚА БААТЖ мен ҚР IIМ АМБ өзара іс-қимыл модулін әзірлеу, енгізу, оқыту және шығару бойынша қызмет көрсету. 6. ҚР ЭСЖҚА БААТЖ "Жалған ақшаларды (құнды қағаздарды) есепке алу" модулін әзірлеу, енгізу, оқыту және шығару бойынша қызмет көрсету. 7. ҚР ЭСЖҚА БААТЖ сомаға "Сыбайлас жемқорлық" модулін әзірлеу, енгізу, оқыту және шығару бойынша қызмет көрсету. Негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу, оның ішінде: - серверлер; пайдаланушының жұмыс станциялары; үздіксіз қоректендіру көздері. Материалды емес активтерді сатып алу, оның ішінде: Дерекқорларды жалпы жүйелік базалық бағдарламалық қамтамасыз ету үшін СУБД ORACLE лицензиясын алу, Lotus Domino бағдарламалық қамтамасыз ету, Lotus Notes лицензиясын алу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Экономикалық және қаржылық қылмыстардың ашылуының артуы жылына 50%, ҚР ЭСЖҚА қызметкерлері жұмысының өнімділігін 30% арттыру. Экономикалық тиімділік коэффициенті 1.23; экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ашылуын арттыру; криминалды экономиканың деңгейін түсіру; мемлекет бюджетіне салық салудан жасырылған немесе криминалды айналымға тартылған қаражаттардың қайтарылуын арттыру; экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстардың деңгейін төмендету.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
439-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 439-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
439-1-ҚОСЫМША
618 - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
007 «Білім беру объектілерін дамыту»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 162800 мың теңге (жүз алпыс екі миллион сегіз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 43-бабы; «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5 және 23-баптары; «Салық полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 мамырдағы № 643 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіби кадрлар даярлау үшін қаржы полициясы органдары оқу орындарының тиімді іс-қимыл жасауы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тыңдаушыларды даярлаудың жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету мақсатында қаржы полициясы органдарының оқу орнының оқу процесіне тиісті жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалар-дың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Білім беру объекті-лерін дамыту | Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және мемлекеттік сараптаманы өткізуге арналған шығындарды қоса алғанда, Қаржы полициясы академиясының оқу корпусын және оның жанындағы үй-жайларды қайта құру және күрделі жөндеу жүргізу. | 2007 жыл шілде- желтоқ-сан | Қазақстан Республи- касы Экономика- лық қылмысқа және сыбайлас жемқорлық-қа қарсы күрес агенттігі-нің (қаржы полициясы-ның) Қаржы полициясы академиясы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қаржы полициясы академиясының оқу корпусын қайта құру және күрделі жөндеу жүргізу (қажетті жұмыстардың жалпы көлемінен 100%).
Түпкілікті нәтиже: Қаржы полициясы академиясы тыңдаушыларының оқу жағдайларын жақсарту.
Уақтылығы: жұмысты жүргізу кестесіне және бекітілген шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерге сәйкес.
Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
440-ҚОСЫМША
Қосымша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.