2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Жер
ресурстарын басқару агенттігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 430-435-қосымшалар)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Мыналардың:
430, 431, 432, 433, 434, 435-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
430-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 425870 мың теңге (төрт жүз жиырма бес миллион сегіз жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14, 144, 145, 146, 147, 148-баптары; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3 , 21, 22,23-баптары; «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қатынастары, геодезия және картография салаларындағы мемлекеттік функцияларды жоғарғы деңгейдегі тиімділікпен орындауға жету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жер қатынастарының барлық субъектілерімен жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерді, машықтануды және дағдылануды жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін дұрыс жүргізуді бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер балансының деректері негізінде Қазақстан Республикасының жер балансын жасау; топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндірісін лицензиялау; аэротүсіріс, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүргізу; жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру; мемлекеттік жер кадастрын дұрыс жүргізуді ұйымдастыру | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мынадай бес бағыт бойынша мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу: жердің пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың құқықтық негізі; мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық технологиясы; геоақпараттық жүйелер және цифрлық картографиялау; геодезиядағы және жерге орналастырудағы жерсеріктік технологиялар; мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге үйрету. | 2-4 тоқсан | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
5 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету | ақпан, наурыз | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi |
6 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Техникалық, технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жердің ұтымды, нысаналы пайдаланылуын және қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; кәсіби деңгейін арттыру - 50 адам; мемлекеттік тілге үйрету - 150 адам.
Түпкі нәтиже: жер телімдері иелерінің және жер пайдаланушылардың жердің ұтымды, нысаналы пайдаланылуын және қорғалуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттырудың орташа шығындары - 12,4 мың теңге; бір мемлекеттік қызметкерді мемлекеттік тілге үйретуге кететін орташа шығындар - 12,4 мың теңге.
Уақтылығы: орталық аппараттың және аумақтық органдар аппараттарының жұмыс жоспарына және нормативтік актілермен белгіленген мерзімдерге сәйкес.
Сапасы: жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарды толық көлемде орындау.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
431-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1265385 мың теңге (бір миллиард екі жүз алпыс бес миллион үш жүз сексен бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 163-бабы; «Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президенті 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 956 қаулысы; «Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысы; «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 3 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының жерін тиімді пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жер кадастрын, мониторингін жүргізу, сондай-ақ жер нарығының дамуына жағдай жасау; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 101 | Жер-кадастрлық жұмыстар | Жер-кадастрлық жұмыстар: 12100 мың га аэросурет түсіру; 10250 мың га - аэросуреттермен сурет жоспарларының дешифровкасын жасау; 6620,5 мың га - дайындау және соңғы картографиялық-жоспарлы өнімін тапсыру; 968 мың га - топырақты зерттеу; 850 мың га - геоботаникалық зерттеу; 2355 мың га - ауылшаруашылық алқаптар топырағының және геоботаникалық табиғатын есепке алу; 50 есептік кварталдардың, ауданның және әкімшілік аудандардың электрондық жер-кадастры картасын жасау; 8100 мың га алқаптағы жер иелері мен жер пайдаланушылар туралы жер кадастры деректерінің электрондық қорын жасау; республиканың барлық аумағындағы жерді мемлекеттік есепке алу; 1241 мың га жердегі ауылдық елді мекендердің жер-кадастрлық карталарын дайындау және басып шығару; 1150 мың га ауыл шаруашылық мақсаттағы жер топырағының сапасын айыру; шаруа қожалықтарын паспорттау - 21,7 мың паспортын; 743 мың га жерді паспортизациялау үшін топырақ туралы материалдарды жаңарту; 1128 мың га жерді паспортизациялау үшін топырақ сапасын анықтау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
3 | | 102 | Жер мониторингін жүргізу | 12,9 млн. га аумақтағы жер мониторингін жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 12100 мың га жер аумағында аэрофото түсіру, 10250 мың га жер аумағында аэрофотосуреттер мен фотожоспарлардың дешифровкасын жасау, 6620,5 мың га жер аумағында жоспарлы-картографиялық өнімді дайындау, 1241 ауылды елді мекендерде жер-кадастрлық карталарды дайындау және шығару, шаруа қожалықтарының жер учаскесіне 21,7 мың паспортын дайындау, 12,9 млн. га аумағында жер мониторингін жүргізу.
Түпкі нәтиже: 48,6 пайыз ауылды елді мекендерді жер-кадастрлық карталармен қамтамасыз ету, Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу барысында МЖК ААЖ мәліметтер базасына 77,8 пайыз жер учаскелері енгізілетін болады. Жер учаскелеріне паспортты 55,9 пайыз шаруа қожалықтары алады. Жер мониторингі бойынша жүргізілген жұмыстар 40 пайызды құрайтын болады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жер-кадастрлық жұмыстар көлемінің орташа құны 1000 га - 9918 теңге, жер мониторингін жүргізу бойынша 1000 га жерге - 4580 теңге.
Уақтылығы: осы бағдарлама бойынша жоспарланған іс-шараларды 100 пайызға мерзімінде орындау.
Сапасы: ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің пайдаланылуы мен сапасы туралы дұрыс ақпарат алу, жер сапасына әсер ететін жағымсыз процестерді жою, сондай-ақ жерді пайдаланумен қорғауды мемлекеттік бақылау органдарын уақтылы хабардар ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
432-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Топография-геодезиялық және картографиялық өнімдерді және
олардың сақталуын қамтамасыз ету»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 847615 мың теңге (сегіз жүз қырық жеті миллион алты жүз он бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 4-бабы; «Ұлттық архивтер қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 4-бабы; «Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1273 қаулысы; «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында геодезия және картографияны дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1455 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мөлшерде бәсекеге қабілетті геодезиялық және картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: геодезиялық және картографиялық өнімдерді нормативтік-техникалық актілерге сәйкес жасау және жаңарту, топографиялық-геодезиялық және картографиялық өндірістің материалдары мен құжаттарын мемлекеттік есепке алу, сақтау, қолдану және олардың сақталуын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Топография-геодезиялық және картографиялық өнімдерді және олардың сақталуын қамтамасыз ету | Топографиялық карталардың Мемлекеттік масштабтық қатарын жаңарту үшін аэро суретке түсіріс орындау - 40000 шар. км. - Арал теңізінің аумағы - 40000 шар.км - Топографиялық-геодезиялық жұмыстар: Қарағанды базисін қалпына келтіру - (12 пункт) геодезиялық құралдарды сертификатттау үшін (базис): 617 текше.км нивелирлеу, зерттеу, қайта жөндеу, орналастыру; топографиялық карталардың мемлекеттік масштабын жаңарту - 1197 парақ Жинақ каталогтарын құру - 6 каталог; Мемлекеттік геодезиялық жүйенің 1263 пунктерін зерттеу, қалпына келтіру, орналастыру; (Алматы, Шелек, Жамбыл, Зайсан) полигондарында геодинамикалық зерттеулер жасау, оның ішінде: 1) бұрыштық және сызықтық өлшеулер (пункт/жақ) - 88/146 2) биіктік өлшеулер - 1508 текше км Картографиялық жұмыстар: 1) топографиялық карталарды баспаға даярлау - 114 парақ 2) топокарттарды цифрлеу - 999 парақ; 3) географиялық, оқу және тақырыптық карталар, атластар құру - 32 парақ. Географиялық объектілер атауларының каталогын құру және басып шығару, соның ішінде - 1 том. Географиялық атаулар каталогын шығару - 5 дана. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндірісі нәтижесінде құрастырылған материалдар мен құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есепке алу, сақтау - 13500 мың дана құжат. Геодезия және картография саласында нормативті-техникалық құжаттардың 5 данасын жасап шығару. Мемлекеттік тілде топографиялық карталарды дайындау және оларды 1636 данада жасап шығару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 40000 шаршы км. аумақта Арал теңізінің аэросурет материалдарын шығару, нивелирлік сызықтарының нүктелерін анықтау, 1197 парақта топографиялық карталарды жаңарту, топографиялық карталардың 114 парағын басып шығару, цифрлік карталардың 999 парағын, тематикалық карталардың 32 парағын басып шығару, Географиялық атаулар каталогын 1 құру және 5 басып шығару, нормативті-техникалық құжаттардың 5 данасын жасап шығару, сондай-ақ мемлекеттік тілде топографиялық карталарды дайындау және оларды 1636 данада жасап шығару.
Түпкі нәтиже: республикамыздың жалпы 2,7 млн. шаршы км территориясының 8% аумағын аэротүсіру, І және II классты нивелирлеу сызығының 21% ұзындығын нивелирлеу, республиканың жалпы территориясының 5% аумағының топографиялық карталарын жаңарту, карталардың қажетті парақ санының (4342 парақ) 6% құрылған және басып шығарылған.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Топографиялық-геодезиялық жұмыстар өндірісінің ерекшеліктері үздіксіз циклді қажетсінеді. Объектідегі жұмыстардың орташа ұзақтығы 3 жыл.
1) бір шаршы км аэроғарыштық түсіріс бағасы күрделілік категориясына және масштабқа байланысты - 1924,0 теңге;
2) нивелирлеу класына байланысты нивелирлеудің бір текше км бағасы - 21500 теңге;
3) масштабқа байланысты топографиялық картаның бір шаршы км жаңартудың орташа бағасы далалық жұмыстар - 66400 теңге; камералдық жұмыстар - 30200 теңге;
4) масштабына байланысты картаның бір парағының орташа бағасы - 57300 теңге, сандалған - 221800 теңге, басып шығару - 900 теңге.
Уақтылығы: Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар 2007 жылдың 25 желтоқсанында толық көлемде орындалады.
Сапасы: жергілікті жердің нақты жағдайына сәйкес келетін топографиялық карталардың 4% басып шығару.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
433-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 43071 мың теңге (қырық үш миллион жетпіс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексі, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы, заңдық күші бар № 2727 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген 2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасы; «Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 1449 қаулысы; «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысы; «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 956 қаулысы; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер ресурстарын ұтымды пайдалану және әлеуетін сақтауды қамтамасыз етуде қолданбалы ғылыми зерттеудің инновациялық нәтижелеpiн қолдану.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Көрсетілген мақсаттарға сәйкес Бағдарламаның келесі міндеттерін шешу қарастырылған: ғылыми-әдістемелік, бағдарламалы-технологиялық әзірлемелерді ГАЖ және ғарыштық технологиялар негізінде дамыту мемлекеттік жер кадастрының және оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (МЖК ААЖ), жерді картографиялау және зерттеу, мониторингі, ландшафтық-экологиялық тәсіл негізінде аумақты ұйымдастыру, жерді ақылы пайдалану механизмін экономикалық жетілдіру, нормативтер мен стандарттар.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндeгі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | "Қазақстан Республикасы жер ресурстарының әлеуетін қорғау және ұтымды пайдалануды ғылыми әдістемемен қамтамасыз етуге" бағытталған, жер ресурстарын басқару саласында қолданбалы ғылыми-зерттеулер жүргізу, 5 тақырыпты қосады: 1. Мемлекеттік жер кадастрын ғылыми-әдістемемен, бағдарламамен және технологиямен қамтамасыз ету; 2. Жаңа жер құрылымы жағдайында жер мониторингі жүйесін қалыптастыру принциптері; 3. Ландшафтық-экологиялық тәсіл негізінде аумақты ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі; 4. Жерді ақылы пайдалану жүйесінің ғылыми-әдістемелік негіздемесі және жер ресурстарын қорғау мен тиімді пайдалануды экономикалық қалыптастыру. 5. Әдістемелік негіздемелер және нормативтерді дайындау. Мемлекеттік ғылыми-техникалық экспертиза жүргізу қызметіне ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 5 тақырыпты қосатын 1 бағыт бойынша жер ресурстарының әлеуетін қорғау және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі қолданбалы зерттеудің инновациялық нәтижелерін пайдалану.
Түпкі нәтиже: инновациялық технологияларды қолдану топырақты-өсімдік жамылғыларын картографиялау және мониторингілеу, жер кадастры мен жерге орналастыру жылдамдығын арттырады, сондай-ақ жердің сапасы мен саны туралы деpектердің дұрыстығы 10-15 пайызға; жерді ақылы пайдаланудың ғылыми-әдістемелік базасы жер нарығының трансакциялық шығынын 3-4 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық нәтиже: қолданбалы ғылыми-зерттеу жүргізудің орташа құны 8614 мың теңге.
Уақтылығы: шартқа сәйкес бір жыл ішінде.
Сапасы: қолданбалы ғылыми-зерттеу жүргізу еңбек шығынын және жер туралы ақпараттық ресурс қалыптастыру жөніндегі қаржыны 15-20 пайызға төмендетуге (арзандатуға) жағдай жасайды, ол жердің нарықтық айналымын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
434-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің
аражігін ажырату шеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға ағымдағы
нысаналы трансферттер»
деген 111 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 445316 мың теңге (төрт жүз қырық бес миллион үш жүз он алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы № 116 Заңы; «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілі құрылымының және жергілікті атқарушы органдарының штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 1294 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті органдардың жүктелген функцияларды толық және тиімді атқару үшін қызметпен қамтамасыздандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жергілікті аппараты ұстап тұру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 111 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға ағымдағы нысаналы трансферттер | Бекітілген штаттық шектеу шеңберінде 529 бірлік штат саны ұстау үшін облыстардың бюджеттеріне, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқару өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде әкімшілік функцияларға берілетін нысаналы трансферттер | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: жергілікті органдар аппараттарына жүктелген функциялар мен міндеттерді сапалы және уақтылы орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
435-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 796800 мың теңге (жеті жүз тоқсан алты миллион сегіз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексі; Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 152, 153, 157, 158-баптары; «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» құру мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 қаулысы; «Цифрлы геоақпараттық жүйе негізінде Қазақстан Республикасының табиғи объектілерінің Бірыңғай мемлекеттік кадастр жүйесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 1449 қаулысы; «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 3 қаулысы; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттық технологияларды пайдалану жолымен жер ресурстарын басқарудың тәсілдері мен жүйесін жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің жаңа әдістерін қалыптастыру; кадастрлық есеп объектілері бойынша автоматтандырылған ақпараттар базасын құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | Электрондық үкімет құру | | | |
2 | | 100 | Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру | Мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің қызметін кеңейту: Мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің кіші жүйелерін әзірлеу: "Мәліметтерді сақтау орны", "Мұрағат", "Жержобасы"; тематикалық цифрлық карталарды жасау; цифрлық кадастрлық карталарды жасау. Мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің кіші жүйелерін біріктіру. Есеп техникасының құралдарын сатып алу (сканер; электронды тахеометрлер; GPS кешені; санаткерлік мәліметтер сақтау орны). | ақпан-наурыз сәуір-мамыр маусым-шілде ақпан, сәуір ақпан, мамыр желтоқсан ақпан мамыр | Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |