7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Кадастрлық қызметтің басқару және техникалық құрылымын ақпаратты есепке алу, сақтау және өңдеу бойынша қолмен жасалатын жұмыстан 80 пайызға босату, ақпараттың тез арада, сапалық қабылдануын, есепке алуын, сақталуын және өңделуін қамтамасыз ету.
Жердің азаматтық айналымы мен жер нарығындағы жылжымайтын мүлікке байланысты мәмілелерді дамыту және жандандыру және транзакциялық ұстауды 15 пайызға төмендету, барлық деңгейдегі бюджеттерге кіретін салық түріндегі және басқа да кірістерді орташа алғанда 8-10 пайызға көбейту.